- •Соөж №1. Мемлекеттік аймақтық электр стансалары (маэс)
- •Жылу электр орталықтары /жэо/
- •Атом электр стансалары /аэс/
- •Су электр станциялары /сэс/
- •Теңіз тасқыны мен қайтуының энергиясын және толқын энергиясын пайдаланатын электр станциялары /тэс/
- •Су аккумуляциялық электр станциялары /саэс/
- •1. Жоғарғы бассейін. 2. Су торабы. 3. Станция үйі. 4. Төменгі бассейін. Т- турбина; г- генератор; н- насос; д- двигатель.
- •Жер астындағы энергия көздерін пайдаланатын электр станциялары /жаээс/
- •Күн сәулесі энергиясын пайдаланатын электр станциялары /ксэс/
- •Жел электр станциялары /жэс/
- •Дизель электр станциялары /дэс/
- •Газ турбиналы электр станциясы /гтэс/
- •Жылу электр станциялары- конденсациялық электр станциялар /кэс/ және жылу электр орталықтары /жэо/
- •1.8 Суретте қазіргі қуатты жылу электр станциясының бас корпусының көлденең қимасы көрсетілген.
- •Атом электр станциялары. Жалпы мәліметтер. Технологиялық процессі
- •Су электр станциялары. Электр энергияны өндірудің технологиялық процессі
Соөж №1. Мемлекеттік аймақтық электр стансалары (маэс)
Мемлекеттік аймақтық электр стансалары /МАЭС/ біраз территорияны электрмен қамтамасыз ету жолында пайдаланатындықты көрсетеді. МАЭС-да электр энергиясы басымды өндіріледі де, оның айтарлықтай көпшілік кернеуі 110-1150 кВ электр желісімен энергетикалық жүйеге немесе тұтынушыларға жеткізіледі. 1.2.2-суретте конденсациялық электр стансалардың жалпы құрылым схемасы көрсетілген.
МАЭС бастапқы энергетика қорлары бар жерге, әсіресе көмірлі жерлерде салынады. МАЭС - дан, жеке қуаттары өте жоғары. Мысалы, Екібастұздағы №I МАЭС қуаты 4000 МВт. Үкімет жоспары бойынша Екібастұздағы электр станциялардан /барлығы 4/ жалпы қуаты 16000000 кВт. болуы керек.
Міне, бұл электр стансалары /МАЭС-КЭС/ электр өнімінің нағыз қайнар көздері болып есептеледі. МАЭС пайдалы әсер коэффициенті 40% шамасында, себебі турбиналарды айналдырған бу тікелей салқындатқышқа /конденсаторға/ бағытталады да, жылу энергиясының шығыны жылу электр орталықтарымен салыстырғанда едәуір көбірек түседі.
Конденсациялық электр стансалардың ерекшеліктері:
1. Мүмкіндігінше, отын кен орны бар жерге салынады.
2. Өндірілген электр энергиясының басым көпшілік бөлігі кернеуі 110-1150 кВ электр желісіне беріледі.
3. Электр энергиясын өндіру графигімен жұмыс істейді.
4. Төменгі маневрлі станция. Себебі турбинаны салқын күйінен жұмысқа қосу үшін және тиісті электрлі жүкті алу 3-10 сағатқа созылады.
5. Пайдалы әсер коэффициенті шартты түрде төмен /η=0.30/0.40/.
Сурет 1.2..2. Конденсациялық электр стансалардың жалпы құрылым схемасы.
1. Бу генераторы. 2. Бу турбинасы. 3. Электр генераторы. 4. Салқындатқыш /конденсатор/. 5. Насос.
~ ~ ~ – бу;
· · · – су немесе салқындатылған бу;
٧ ٧ ٧ – салқындатқыш су.
Жылу электр орталықтары /жэо/
Тұтынушыларға жылу мен электр энергиясын беретін жылу электр стансалары - жылу электр орталықтары деп аталады /ЖЭО/. Жылу энергиясы су түрінде жылыту процесстерінде пайдаланылса, төменгі потенциалды бу түрінде өнеркәсіпте және де басқа салаларда қолданылады. Энергияның екі түрін бірден шығаратын осындай орталықтар отын үнеміне жол ашып басқа жылу электр стансаларынан әлде қайда ұтымды.
Құбырлар арқылы жылуда 30-50 км қашықтықтардағы тұтынушыларға жеткізуге болады.
ЖЭО - да электр энергия кернеуі 6-24 кВ линиясымен жергілікті тұтынушыларға беріледі де, ал қалған электр энергия кернеуі 35- 220 кВ желімен энергетикалық жүйеге немесе қашықтықтағы тұтынушыларға жеткізіледі.
1.2.3 - суретте жылу электр орталықтарының жалпы құрылым схемасы берілген.
Сурет 1.2.3. Жылу электр орталықтарының жалпы құрылым схемасы
1. Бу генераторы. 2. Бу турбинасы. 3. Электр генераторы. 4. Салқындатқыш /конденсатор/. 5. Насос. 6. Жылу жүйесіне жіберілетін бу. 7. Жылу желісінің бойлары. 8. Жылу желісінің насосы. 9. Өндіріс қажетіне жіберілетін бу.
Жылу энергиясын толық пайдалану арқасында ЖЭО- ның пайдалы әсер коэффициенті 60-65%-ке жақын, яғни қазіргі техника дәрежесіндегі ең жоғары көрсеткішке таяу.
Жылу электр орталықтарының ерекшеліктері:
1. Жылу энергиясын тұтынушыларға жақын салада.
2. Әдетте әкелінген отынмен жұмыс істейді.
3. Өндірілген электр энергиясының айтарлықтай бөлігін жергілікті тұтынушыларға таратады.
4. Негізгі жылу энергиясын өндіру графигімен жұмыс істейді.
5. Төменгі маневрлі стасасы /КЭС сияқты/.
6. Басқа электр стансалармен салыстырғанда пайдалы әсер коэффициенті шартты түрде жоғары /η=0,6 - 0,65/.
