Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 2 ОСД.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.39 Mб
Скачать

2.5.1.6. Желі (кабель) крандар

Жүкті үлкен қашықтыққа тасымалдау үшін, соның ішінде өткелдер арқылы, мысалы, гидротехникалық құрылыста өзен сағалары арқылы тасымалдау үшін желі крандар пайдаланылады.

Мұндай крандар (2.10 - сурет) екі тіректен (1) тұрады. Әдетте тіректер тербегіштермен (2) бекітілген мұнаралы болып келеді. Тіректердің арасында сым арқан тарттырылады және ол арқылы полиспасты бар жүк арбасы жылжиды. Сым арқан винтпен немесе жүк тартқыш қондырғымен, я бір тіректің еңісімен тарттырылады. Тіректердің екеуі де қозғалмайтын болуы мүмкін, онда олар тербегіштермен ағытылады. Құрылысы мұндай крандар өте тар аймақта жұмыс жасайда. Екі тірек те рельс жолымен қозғала алуы мүмкін, немесе бірі тік осьті айнала, ал екіншісі доға бойымен орналасқан рельсте қозғалуы мүмкін.

Желі (кабель) крандарының жүк көтергіштігі және бойлық ұзындықтары олардың пайдаланылуына қарай анықталады, бойлық ұзындығы 250 м дейін болса 1,5-25 т, ал гидротехникалық құрылыста бойлық ұзындығы 1000 м дейін болса 150 т құрайды.

2.10 - сурет. Желі (кабельный) кран:

1 – тіректер, 2 – тербегіштер, 3 – жүк арбасы

2.5.1.7. Төрттағанды (козловые) крандар

Ауыр құрылғыларды жинақтағанда, созылған құйылмалы құрылымдарды тұрғызғанда, темірбетон өнімдерін өндірген кезде жүк көтергіштігі 1-ден 500 т-ға дейін, бойлығы 10-50 м және иықтары 4-10 м болатын төрттағанды крандар кеңінен қолданылады. Төрттағанды крандардың биіктігі 30 м дейін жетеді. Кран (2.11-сурет) арбаның жүріс рельстерінде (3) орнатылған, екі тірекпен (2) бекітілген тас арқалықтардан (фермалар) (1) тұрады. Тас арқалықтар бойымен жүк арбасы (3) қозғалады. Арқалық иықтармен болуы мүмкін. Төрттағанды крандардың кейбір үлгілерінде тас арқалықтарға қыстырманың енгізу арқылы кран бойлығын ұзартуға болады, алайда бұл жағдайда кранның жүк көтергіштігі төмендейді. Әдетте мұндай крандар кабинадан (5) басқарылады, кейде жерден басқарылатын да түрлері кездеседі.

2.11. Төрттағанды кран:

1 – тас арқалық, 2 – тірек, 3 – рельспен жүретін арба,

4 – жүк арбасы, 5 – кабина

2.5.2. Құрылыс көтергіш жабдықтары

Құрылыстың және жөндеу жұмыстарының белгілі бір жағдайларына қарай әртүрлі типтегі көтергіш жабдықтар қолданылады: діңгекті, жебелі, мұнаралы, консольды-арқалықты, автогидро көтергіштер.

2.5.2.1. Діңгекті көтергіштер

Діңгекті көтергіштер (2.12 – сурет) жүкті аражабындарға және терезелер мен есік ойықтары арқылы имараттың ішіне беруін қамтамасыз етеді. Қазіргі өнеркәсіпте жүк көтергіштігі 300, 800, 1000 кг болатын, адамдар мен жктерді 10, 16, 40, 150 м биіктікке дейін көтеретін жүк және жолаушы-жүк көтергіш жабдықтары шығарылады.

Жүк көтергіш жабдықтар тұрақты және жылжымалы болады. Жылжымалы жабдықтар қабырғаға бекітілмейді және жеңіл қозғалады. Олардың жүк көтергіштігі шектеулі 300 кг-ға дейін, көтеру биіктігі 10 м. Алайда мұндай жабдықтарды жинақтау-құрастыру көп уақыт алмайды - 5-10 мин. Тұрақты көтергіш жабдықтар жұмыс кезінде қабырғаға бекітіледі, бір вертикальда орналасқан ойықтар тобымен реттеледі.

2.12 - сурет. Діңгекті көтергіштер:

1 – шығыр, 2 – рама, 3 – басқару рычагтары, 4 – діңгек, 5 – діңгек басы,

6 – жүк алаңы