- •Конспекты лекций
- •Тасымалдау және көтеру-түсіру жұмыстары
- •2.1. Құрылыстағы жүктердің жіктелуі
- •2.2. Тасымал түрлері
- •2.3. Сыртқы тасымал
- •2.3.1. Автомобиль тасымалы
- •2.3.2. Трактормен тасымалдау
- •2.4. Тасымалдау және тиеу-түсіру механизмдерін таңдау
- •2.5. Ішкі транспорт
- •2.5.1. Құрылыс крандары
- •2.5.1.1. Өздігінен жүретін жебелі крандар
- •2.5.1.2. Мұнаралы крандар
- •А) жылжымалы; б) тұрақты
- •2.5.1.3. «Нөлдік» крандар
- •2.5.1.4. Жеңіл тасымалданатын крандар
- •2.5.1.5. Тұрақты крандар
- •2.5.1.6. Желі (кабель) крандар
- •2.5.1.7. Төрттағанды (козловые) крандар
- •2.11. Төрттағанды кран:
- •2.5.2. Құрылыс көтергіш жабдықтары
- •2.5.2.1. Діңгекті көтергіштер
- •2.5.2.2. Жебелі көтергіш жабдықтар
- •2.5.2.4. Скипті көтергіштер
- •2.5.2.5. Автогидрокөтергіштер (автомұнаралар)
- •2.5.3. Транспортерлер
- •2.5.4. Тиеу жабдықтары
- •Ыдыстар мен жүк ұстағыш құралдар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
2.3.2. Трактормен тасымалдау
Трактормен тасымалдау, көбінесе, жолы жоқ жерлерде, орман арасында сүйреу құралдары ретінде және топырақ тасымалдағыштарды, трайлерлерді, әртүрлі арбаларды тарту үшін пайдаланылады. Тракторлар шынжыр табанды және дөңгелекті болып келеді. Топырақпен үлкен тістесуінің арқасында автомобильдерге қарағанда трактордың тарту күші жоғары болады. Тракторлардың тасымал жылдамдығы да едәуір үлкен. Әсіресе дөңгелекті тракторларда сағатына 40 шақырымға дейін жетеді. Мұндай тракторлар қатты жамылтқысы бар жолдарда тиімді болып табылады. Жасалмаған, уақытша жолдарда жыланбауыр табанды тракторлармен тасмымалдаған жөн. Олардың жылдамдығы сағатына 12 шақырымнан аспайды. Жыланбауыр табанды тракторлардың топыраққа түсіретін қысымы 1 кгс/см2, ал дөгелекті тракторларда шамамен 2,5-3,5 кгс/см2. Жыланбауыр табанды тракторлардың тарту күші өзінің салмағымен бірдей болады, ал дөңгелекті тракторларда салмағының жартысына тең.
Тракторлар жалпы мақсатты, мелиоративті, карьерлі, аз өлшемді және арнайы болып бөлінеді.
Трактор негізінен тартқыш ретінде қолданылатын болғандықтан, оның ең негізгі техникалық сипаттамасы номиналды тарту күші болып табылады.
2.2 - сурет. Жыланбауыр табанды трактор:
1 – күштік қондырғы, 2 – трансмиссия, 3 – жүріс бөлігі,
4 – машинист кабинасы, 5 – тістесу қондырғысы, 6 – рама.
Кез-келген басқа машина секілді, тракторда күштік қондырғы (1) (ауаны тазалау, салқындату, жылыту жүйелері бар дизель), трансмиссия (2) (ұстасу, беріліс коробкасы және т.б.), жүріс бөлігі (3) (қозғалтқыш – жыланбауыр және аспа), басқару рычагы бар машинист кабинасы (4), жұмыс қобөлшегін ұстасуға арналған ұстасу қондырғысы (5), және осы бөлшектердің барлығы жинақталатын рама болады (6).
Тракторлардың трансмиссиясы әртүрлі болады – механикалық, электрмеханикалық және гидромеханикалық, аспа конструкциясы да әртүрлі болады – кареткасы бар балансирлі, жартылай қатты, майысқақ және басқалары. Барлық қарастырылған тасымал машиналарында кабиналар әртүрлі орналасады – артында, алдында немесе ортасында. Басқа да құрылымдық өзгешеліктер болуы мүмкін.
2.4. Тасымалдау және тиеу-түсіру механизмдерін таңдау
Автомашиналарды таңдаған кезде алдымен мынадай міндеттерді шешіп алған жөн: жүк түріне қарай автомобильдің түрі (шанақты, тіркемемен және тіркемесіз, тартқыш-контейнерлер, самосвалдар және т.б.), жолдардың жағдайы (кәдімгі немесе өту жолы жоғары автомобильдер). Содан соң сандық есептеулер жүргізіледі: берілген қашықтықта және берілген уақытта қажетті жүк мөлшерін тасымалдау үшін таңдалған автомобиль түрінің нешеуі қажет.
Машиналар саны (n) былайша анықталады:
(2.1)
мұндағы Qсм – бір ауысымда тасымалдануы қажет жүк саны;
П – ауысымдағы автомобильдің өнімділігі.
П = Q N Кг , (2.2)
мұндағы Q – автомобильдің және автопоездің жүк көтергіштігі, т;
N – ауысымдағы рейс саны;
Кг – жүк сыйымдылық коэффициенті.
;
(2.3)
мұндағы Т – ауысым ұзақтығы, мин;
Кв. – автомобильдің гараждан жұмыс орнына дейін және кері жүрісіне кететін уақытты ескере отырып, пайдалану коэффициенті. Кв. шамамен 0,8-0,9 тең;
t – бір рейстің ұзақтығы:
t = tпогр. + tпр. + tразгр. + tман., (2.4)
мұндағы tпогр. – жүкті тиеуге кететін уақыт, мин.:
;
(2.5)
мұндағы Q – автомобильдің немесе автопоездің жүк көтергіштігі, т;
H – уақыт нормасы, сағат, материалдың түрі және тиеу әдісіне қарай норомативті құжаттар бойынша қабылданады;
И – уақыт нормасына берілген өлшегіштер саны.
;
(2.5)
мұндағы 2l – жолдың ұзындығы, шақырым;
v – автомобиль қозғалысының есепті жылдамдығы, шақырым/сағат, автомобильдің жүк көтергіштігі және жолдың түріне қарай анықтамалар бойынша қабылданады.
tразгр. – түсіруге кететін уақыт, tпогр сияқты анықталады.
Топырақ, бетон және ерітінді тасымалдауға арналған самосвалдан түсіру уақыты – 3 мин;
tман., – тиеу және түсіру жұмыстары кезінде манервға кететін уақыт, автомобильдер үшін 2-4 мин, автопоезға – 4-6 мин;
Кг – жүк түріне қарай қабылданатын жүк сыйымдылық коэффициенті.
Осылайша, тиелетін (тасымалданатын) жүк мөлшерін тиейтін (тасымалдайтын) механизмнің өнімділгімен қатар қою арқылы тиейтін және тасымалдайтын механизмдердің саны мен мөлшері анықталады.
