Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 2 ОСД.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.39 Mб
Скачать

Конспекты лекций

  1. Тасымалдау және көтеру-түсіру жұмыстары

Тасымалдау және көтеру-түсіру жұмыстары құрылыс жұмыстарында едәуір орын алады – олар құрылыс жұмыстарының я алдында жүреді немесе қатар жүреді, сондықтан да бұл жұмыстарды басқаларымен бірге қарастырған жөн. Құрылыста көтеру, түсіру және ауыр заттарды тасымалдау жұмыстары қолмен жүргізілетініне қарамастан, негізгі жұмыс көлемі жүк көтеруші және тасымалдаушы машиналарға түседі. Осыған байланысты тасымалдау және көтеру-түсіру машиналары туралы мағұлмат алған жөн.

Тасымал жұмыстарының алатын орны және маңыздылығы құрылыстың сметалық құны бойынша анықталады - 30%, ал еңбек сыйымдылығы –40% дейін. Бұл құрылыстың бір ерекшелігімен - материалдар өндірісі саласымен байланысты болады. Яғни, ғимараттың 1 м3 құрылыс көлемін салу және күрделі жөндеу жұмыстарына 30-дан 50 кг-ға дейін әртүрлі құрылыс материалдары мен бұйымдары жұмсалады. Тасымал құралдары мен көтеру механизмдерін дұрыс таңдау және тиімді пайдалану тасымал жұмыстарының шығынын азайтуды қамтамасыз етеді.

2.1. Құрылыстағы жүктердің жіктелуі

Сипатына және тасымалдану шарттарына қарай құрылыстағы жүктер үш түрге (шартты түрде) бөлінеді:

– сусымалы немесе қаптамасыз тасымалданатын, қорапсыз көтеріп-түсірілетін жүктер;

– әртүрлі қораптарда (ыдыстарда), арнайы құралдармен көтеріп-түсірілетін ұсақ дана жүктер;

– арнайы құралдармен тасымалдауды қажет ететін ірі өлшемді және ұзын құрылыс бөлшектері, құрылымдары және жартылай фабрикаттар.

Аталып өткен жүк түрлерінің ішінде ерекше орын алатыны – ыдыстарда тасымалданатын ұнтақ тәрізді және сұйық материалдар. Бұлар жүктердің екінші тобына жатуы мүмкін немесе арнайы транспорт түрлерімен тасымалданатын үшінші топқа да жатуы мүмкін.

2.2. Тасымал түрлері

Құрылыстағы тасымал түрлері тік және көлденең, сондай-ақ сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Көлденең тасымалмен жүктерді тасыса, тік тасымал түрлерімен жүктерді тиеп-түсіреді, сондай-ақ тік бағытта орын ауыстырады (мысалы, жинақтау үрдісінде). Сыртқы тасымал түрімен жүктерді құрылыс алаңына жеткізеді, ал ішкі тасымалдау объект маңындағы қоймадан материалдар мен жүктерді қолдану орнына тасиды. Сыртқы тасымал ретінде транспорт түрлерінің барлығы да пайдаланылады – теміржол, су арқылы, автомобиль, трактор және әуе тасымалы. Ішкі тасымалда жүктерді тасымалдауға арналған көптеген жүк көтергіш машиналары (крандар, транспортерлер, көтергіш және тиеу механизмдері) қолданылады. Бұл машиналар жүктерді көлденең және тік бағытта, сондай-ақ бір уақытта екі бағытқа да тасымалдай алады.

Тасымалдау құралдарының негізгі сипаттамалары мыналар:

  • Жұмыс бөлшегіне (шанақ, вагон) қарамай тасымалдау құралының жүк көтергіштік мүмкіндігін үлкен көлемдегі жүктерді тасымалдауда толықтай пайдалану;

  • Массасы шағын жүктерді тасымалдаған кездегі жұмыс жабдығының көлемі, яғни мұндай жүктерді тасымалдағанда олардың массасы жүк көтергіштігі аз тасымал құралының шанағын толықтай алып тұруы қажет. Мәжбүрлі түрде толық жүктемеу жүк сыйымдылық коэффициентімен сипатталады және толықтай толтырылған шанақтағы (вагондағы) жүк массасының тасымал құралының максималды жүк көтергіштігіне қатынасымен анықталады. Бұл коэффициенттің бірге жуықтаған мәні тасымал құралын тиімді пайдалануды көрсетеді. Жеңіл жүктерді тасымалдаған кезде шанақтарды ұзарту арқылы қол жеткізуге болады. Сондай-ақ жүк сыйымдылығы коэффициенті бірден артып кетсе, ол тасымал құралын техникалық пайдалану ережесін бұзған болып саналады, сонымен бірге, техникалық қызмет ету, ағымдағы жөндеу, күрделі жөндеу арасындағы мерзімдерді қысқарту шығындарына әкеліп соқтырады.