- •Педагогика және психология факультеті Жасерекшеліктер педагогикасы мен психология кафедрасы
- •Педагогика және психология факультеті Жас ерекшеліктер педагогикасы мен психологиясы кафедрасы
- •Бағалау саясаты
- •Баға қоюдың критерийлері
- •Дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Дәрістер кешені
- •3 Дәріс. Психодиагностиканың ғылыми - теориялық негіздері.
- •4 Дәріс. Психодиагностиканың әдістемелік негіздері.
- •5 Дәріс. Психодиагностиканың пайда болу тарихы.
- •6 Дәріс. Психодиагностиканың қазіргі жағдайы.
- •7 Дәріс. Психодиагностикалық құралдардың топтастырылуы.
- •8 Дәріс. Психодиагностикалық әдістемелерге қойылатын талаптар.
- •9 Дәріс. Тесттердің сәйкестілігі ( валидтығы) мен сенімділігі.
- •10 Дәріс. Тесттердің бейімделуі мен құрылу технологиясы.
- •11 Дәріс. Жалпы және арнайы қабілеттердің психодиагностикасы.
- •12 Дәріс. Ақыл - ойдың дамуының психологиялық - педагогикалық диагностикасы.
- •13 Дәріс. Ақыл – ой деңгейіне әсер етуші факторлар.
- •14 Дәріс. Тұлғалық психодиагностиканың қасиеттері.
- •2.Тұлғаның өзін-өзі бағалау шкаласы.
- •14 Дәріс. Тумалық қасиеттердің кең тараған әдістемелері .
- •Үлестіріліп берілетін материал өж №1
- •1 Тапсырма Курс-2 Семестр-4
- •Үлестіріліп берілетін материал өж №1
- •1 Тапсырма Курс-2 Семестр-4
- •Үлестіріліп берілетін материал өж №2
- •1 Тапсырма Курс-2 Семестр-4
- •Үлестіріліп берілетін материал өж №2
- •1 Тапсырма Курс-2 Семестр-4
- •Үлестіріліп берілетін материал өж №3
- •1 Тапсырма Курс-2 Семестр-4
- •Үлестіріліп берілетін материал өж №3
- •1 Тапсырма Курс-2 Семестр-4
- •1 Тапсырма
- •Үлестіріліп берілетін материал өж №4
- •1 Тапсырма Курс-2 Семестр-4
- •Үлестіріліп берілетін материал өж №4
- •1 Тапсырма Курс-2 Семестр-4
- •Білімгердің білімін бақылау және бағалау материалдары Дифференциалды сынақ сұрақтары
- •«Тұлғаның психологиялық- педагогикалық диагностикасы» пәнінен тест тапсырмалары
- •«Тұлғаның психологиялық- педагогикалық диагностикасы» пәнінен негізгі әдебиеттер тізімі:
5 Дәріс. Психодиагностиканың пайда болу тарихы.
Жоспары: 1.Психодиагностиканың қысқаша тарихы.
2.Психодиагностиканың ғылым ретіндегі қайнар көздері.
Дәрістің мақсаты: Студенттерді психодиагностиканың пайда болу тарихымен таныстыру. Ежелгі Қытай, Үнді және Вьетнам елдеріндегі психодиагностиканың дамуы туралы түсінік беру.
1. Психодиагностиканың қысқаша тарихы.
Психодиагностиканың тарихы ІІІ- ғасырдан басталады.
Ежелгі Мысыр, Қытайда, кейіннен ежелгі Грецияда, Вьетнамда мемлекеттік қызметке үміткерлерді, дінге қызмет етем деушілерді бірнеше сындардан өткізетін еді. Психодиагностиканың тарихы ғылыми негізделген компакттық әдістердің, нұсқаулардың методологиясы ретінде ХХ ғасырдың басында психологиядан бөлек дами бастады. Ол психологияның бірнеше бағыттарының әсерімен пайда болды. Оның біріншісі – экспериментальдық психология. Өйткені психодиагностикалық әдістемелерінің негізінде эксперименттер болатыны заңды.
Экспериментальды психология 1878 жылы пайда болған делінеді, өйткені осы жылы В.Вундт Германияда өзінің экспериментальдық психологияның бірінші лабораториясын ашты. Бұл лабораторияда негізінен түйсіктер және олардан пайда болатын іс- қимыл актілер – реакциялар. Сонымен қатар перифериялық және бинокулярлық көру, түстерді ажырату және т.б. зерттелді. В.Вундттың лабораториясы сияқты басқа да елдерде экспериментальдық лабораториялары ашылды. Англияда Ч.Дарвиннің Ф.Гальтон бірінші болып өзі шығарған жаңа комплексттік ғылымы «антропометрикаға» ерекше сындарды кіргізген. Мысалыға көзінің өткірлігін анықтау, есту қабілетін т.б. реакцияларын анықтау және Ф.Гальтон «Тест» терминді енгізді, соның атымен психодиагностика тарихының пайда болуын байланыстырады. Алғашқы да психодиагностика экспериментальдық дифференциялық психологияның әдістемелері туралы ғылым ретінде қалыптасты. Эксперимент арқылы адамдар арасындағы психологиялық айырмашылықтарды зерттейді, бұл зерттеулер медицинамен педогогика содан соң өнер кәсіп өндірістерінің талаптарының ықпалымен пайда бола бастаған. Әр психологиялық мектептерінің негізін қалаушыларымен олардың жолын қуғандар практиканың талаптарына әр түрлі жауап берген. Тесттік әдістемелер Бихебиоризмнің теориялық принциптерімен тығыз байланысты. Бихебиоризмнің методологиялық тұжырымдамасы организммен қоршаған ортаның арасында бірдей себептік қарым – қатынастар негізінде пайда болған. Организм қоршаған ортаның стимулдарына жауап беріп, жағдайларды өзіне пайдалы жағына өзгертіп соған бейімделеді. Бихебиоризм психологияға тәртіпті жетекші категория ретінде енгізді. Алғашқы да диагностиканың мақсаты тәртіпті тіркеуге келіп тірелген. Бірінші психодиагносттар тест әдісін шығарған. Клиникалық бағыт ассоциятивтік психологиямен психоанализге негізделген. Психодиагностиканың келесі кезеңі А.Бине есімімен байланысты. Ол ой дамуының және ой әрекетінің артта қалуының дәрежесінің психодиагностика әдістемелерінің нұсқауларына негіз салды. В.Штерн iQ коефицентін (ой дамуының) ұсынды. Бұл коефицент зерттелетін адамдардың даму деңгейінің интегралдық мінездеме ретінде алынған. Ешқандай қиындықтарға қарамастан интеллектің психодиагностикасы практиканың әр түрлі салаларында кең таралып кәзіргі күнге дейін пайдаланады. Сонымен қатар К.Юнгтің есімімен ассоциация әдісімен Г.Роршахтың (1921) тесттері проекцияның әдістемелік принципіне негізделген жеке тұлғалық құрылымының психодиагностикалық алғашқы проективтік әдістері пайда болады. 30-шы 40-шы жылдары консультациялық нұсқаулар өзекті бола бастады. 40-шы 60-шы жылдары жеке анкеталар кең таралған болатын. Г.И.Россолиммо (1910) еңбектерінен бастап интелектуалдық дамуының әдістерінің адаптациясымен пайда бола бастағандығына байланысты үлкен жұмыс атқарылды. Критикалық емес мамандардың емес бөгде адамдардың тест нәтижелеріне араласып тез арада дұрыс емес шешім қабылдау арқасында СССР-де психодиагностиканың барлық зерттеулер таратылған еді. Психодиагностиканың қайта өрлеуі 60-шы 70-шы жылдарына тура келген.
2. Қазіргі заманғы психодиагностиканың тарихы XIX ғасырдың бірінші жартысынан басталады. Бұл кезеңнің ерекшелігі сонда, адам туралы эмпирикалық псмхологиялық білімдерді талдауда шешуші рольді дәрігерлер атқара бастады. Психиатр -дәрігер Еуропа емханаларында науқастарды жүйелі түрде бақылауға алып, өз бақылауларының нәтижелерін жазып алып, талдап отырды. Осы кезде психодиагностиканың бақылау, сауалнама жүргізу, құжаттарды талдау секілді әдістері пайда болды. Алайда, ол жылдардағы психодиагностика әлсіз, буыны бекімеген сипатта болды. Мұндай жағдайды шектеулі әдістердің көмегімен белгілі бір науқастарды қайта-қайта бақылауға алған, дәрігердің келтірген әртүрлі қорытындылары мен ой-қорытындыларынан байқауға болады.
2. Психодиагностиканың сандық әдістемелерінің пайда болуының бастапқы кезеңі ретінде XIX ғасырдың екінші жартысын айтуға болады. Сол кезде көрнекті неміс психологы В.Вундтың басшылығымен дүние жүзі бойынша алғашқы тәжірибені жасау үшін психологиялық зертхана құрылды. Мұнда психодиагностика мақсатында техникалық құрылғылар мен аспаптар қолданыла бастады.
Адамдағы негізгі психологиялык процесстерге, қасиеттер мен жағдайларға қатысы бар. Қазіргі заманғы психодиагностиканың бастапқы кезеңі ретінде XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басын атауға болады. Бұл кезеңде белсенді түрде, әрине маман психологтардың қатысуынсыз ықтималдық теориясы мен математикалық статистиканың кейінгі уақыттарда сандық психодиагностиканьщ ғылыми әдістері арқа сүйеген салалары дами бастады.
Статистикалық тұрғыдан дәйектелген алғашқы ой-өріс тесттерінің бірін 1905-1907 жылдары француз ғалымы Т.Симонмен бірге ол осы тесттерді жетілдірс түсті. Сондықтан бұл тесттер психодиагностика тарихына Бине - Симон тесті ретінде енді.
Өткен ғасырдың 20-шы жылдарында адамның әртүрлі процестері мен қасиеттеріне психодиагностика жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа психологиялық, соның ішінде интеллектуалдық және жеке адамға арналған тесттер пайда бола бастады.
Алуан түрлі психодиагностикалық әдістемелердің басым көпшілігі XX ғасырдың 50-60-шы жылдарында пайда болды. Бұл ғалым психологтардың психометриялық аса белсенді кезеңі болды.
Қазіргі кездегі психодиагностика ғылымы және практикалық психологиялық білімдердің жеке саласы болып XIX ғасыр мен XX ғасырдың шегінде бөлінді. Көптеген психодиагностикалық әдістемелер құрылды және де олардың саны жылдам қарқынмен көбейіп келеді.
Психодиагностикада барған сайын математика мен физиканың казіргі заманғы әдістері сондай-ақ электронды психодиагностика құралдары мәселен ЭВМ-дер кең түрде қолданысқа енгізілуде.
