Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мәйітті табылған орнында тексеру».DOC
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57.6 Mб
Скачать

Механикалық әсерлер:

1. Егер қол ұшының сыртқы жағынан сүйек аралығы аймағына кішкене балғамен соқса саусақтар бір-біріне қарай жылжиды;

2. Егер санның алдыңғы жағына тізе тобығынан бір алақандай жоғары доғал затпен соқса, тізе тобығы жоғары көтеріледі;

3. Егер білектің алақан жақтық бетінен қарбілезік буынынан сәл жоғары соқса, сол кезде үлкен бармақ алақанға жақындайды;

4. Егер арқадан трапеция тәрізді бұлшықеттің үстінен кішкене балғамен соқса жауырын жоғары көтеріледі.

Бұл өзгерістер тек қана өлгеннен соң 2-2,5 сағаттан астам уақыт өтпеген жағдайда, яғни мәйіттік сіресудің пайда болуына дейінгі уақытта ғана анықталады.

Электрлік әсерлер: реакциялардың бірнеше түрін ажыратады:

1. Үшреттік реакция өлгеннен соң 2,5 сағаттан соң байқалады. Егер ауызға электродтарды салса – ауыз, мойын, қабақ, көз бұлшықеттерінің жиырылуы байқалады. Егер электродтарды көздің шеткі бұрышына тигізсе - бүкіл бетте бұлшықеттердің жиырылуы және қабақтардың қатты қысылуы байқа-лады.

2. Екіреттік реакция - өлгеннен соң 5 сағаттан кейін, бір қабақ бұл-шықеттерінің немесе ауыз айналасындағы бұлшықетердің жиырылуымен си-патталады.

3. Бірретік реакция - өлгеннен соң 5-8 сағат ішінде қабақ немесе ауыз бұлшықеттерінің фибриллярлы жиырылуымен көрінеді.

Химиялық әсерлер: «Қарашықтың тарылу және кеңейю феномені». Көз-дің алдыңғы камерасына атропин еңгізген соң қарашық кеңейеді, пилокарпин еңгізген соң - қарашықтың тарылуы. Бұл «екі реттік» реакция өлгеннен соң 4-5 сағаттан кейінгі уақытта көрінеді. Атропин және пилокарпиннің әсерінен қара-шықтың өзгеруі 18-20 сағатай уақытта анықталуы мүмкін.

Мәйітті табылған жерде тексерудің бірізділігі.

1. Мәйіт қалпының (жатысының) айналасындағы қозғалмайтын заттарға қатысын сипаттайды. Бұл заттардан дененің жеке бөліктерінің қашықтығы дәл өлшенуі тиіс.

2. Жатысын көрсетеді – мәйіт қалпын: отырып, тұрып, жатып, арқасымен жатып, асылып және т.б.

3. Дененің жеке бөліктерінің орналасуын анықтайды: бастың (еңкейіп, бұрылып), дененің (арқасымен, ішімен, бүйірімен жату), қолдардың (созылып жату, денеге жақын жату немесе одан алшақтау, буындарда бүгілуі, т.б.), аяқтардың (бүгіліп, жазылып, созылып жатуы, бір-біріне қатысы).

4. Мәйітте және айналасындағы жағдайда болған оқиға жайлы мәлімет беретін іздер анықталады (жарақат салу құралу, тегі биологиялық бөліністер іздері, киім бөлшектері, транспорттық құралдардың іздері т.б.). Мәйітті суретке бірнеше нүктелерден түсіреді.

5. Мәйіт киімін мұқият тексереді (алдымен сыртқы және ішкі киімдерін, кейін бас киімі мен аяқ киімі). Киімнің маусымға сәйкестілігін анықтайды, ол түймеленген бе жоқпа, мата зақымданғанба, протектор ізі, кір, қан, жану, шәует сұйықтығы, т.б. көрсетіледі. Әдетте оқиға болған жерде киімді шешпейді.

6. Биологиялық мінездемесін және сөздек бейнесін сипаттайды (жынысы, жасы, дене ұзындығы, дене бітімі, қоңы, тері жамылғылары, бас, көз, мұрын, ауыз, мойын, кеудесінің т.б. бөлік-терінің жағдайлары).

7. Ерте көріністердің (мәйіт дақтары, сіресіп қалуы, мұздауы, құрғауы) және кеш көріністердің (шіру, мумиялану, сабындану) ерекшеліктерін және кезеңдерін мұқият зерттейді.

8. Зақымданулар мен олардың іздерін табуға ерекше көңіл бөлуі керек. Егер бар болса, олардың анатомиялық орналасуын дәл нақты көрсету, пішінін, түсін, өлшемдерін, беткейін, шектерінің жағдайын, жара ұштарын және басқа заттардың бар-жоғын көрсету керек. Зақымдануды сумен жууға, жара өзектерін зондтауға, зақымдану бетіндегі қаруды немесе заттарды алып тастауға, кепкен қанды алып тастауға қатан тыйым салынады. Егер зақымдану бетінде бос жатқан бөгде денелер болса, оны одан әрі зерттеу үшін тергеушіге береді.

9. Мәйіттің жатқан жері тексеріліп, сипатталады.

8-ші сурет. Шағын көлемді доғат зат әсерінен төбе суйектерінің бас қуысына майысып сынуы.

9-шы сурет. Кабыргалардың сынуы - сокқы тиген жерде

10-шы сурет. Тіл асты сүйегінің сынуы

11- шы сурет. Қабырғаның сынуы

12-ші сурет. Қабырғаның сыну көрінісі

13-ші сурет. Зорлық салдарынан туындалған өлімнің көрінісі