Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мәйітті табылған орнында тексеру».DOC
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57.6 Mб
Скачать

Қылмыскердің дағдыларын анықтау.

Арпалысу іздерінің болмауымен тек бір ғана өлімге әкелетін зақымдану

Бар болуы, қылмыскердің кәсіп қойлылығын білдіреді. Ауқымды зақымданудың бар болуы “қылмыскердің” көптігін көрсетеді.

Мәйітті оқиға орнында тексеру мәйітханадағы зерттеу тәрізді өтеді, бірақ оның кейбір ерекшеліктері болады:

а) мәйіттің орналасқан жері (еденде, жерде, кереуетте) және оның айналасындағы орналасуы тұрақты заттарға қарағанда орны тіркеледі;

б) мәйіттің дене тұрысы (жатып, шалхасынан немесе екібетімен, бірқырын, отырып, жартылайотырып) және дене бөліктерінің орналасуына назар аударады. Кейбір жағдайларда мәйіттің дене тұрысы өлімнің белгілі бір түріне сипатты болады (асылып өлу, үсіп өлу және т.б.) немесе өлімге әкелген кейбір жағдайларға тән болады, мысалы зорлағанннан соң өлтіру.

в) мәйітте және оның жанында табылған барлық іздер мен затты айғақтарға тоқталып өтеді (мойнындағы ілмек, аузындағы шүберек, жарада немесе мәйіттің жанында жатқан пышақ; шаштар, түймелер және басқада мәйіт қолында қалған заттар; қан іздері, құсық массалары, нәжіс, зәр, шәует және т.б.);

г) мәйіт үстіндегі киімінің күйіне назар аударады. Киімінің ағытылу тұрғаны, жыртылғаны, түсірілгені, көтерілгені, қалталары сыртқа қарап тұрғаны, түймелерінің үзілгені зорлық көрсеткенді, өлім алдындағы күрес болғанын көрсетеді. Әртүрлі іздер: қанның аққан іздері, шәует дақтары және де оден басқада бөлінділер, автокөлік дөңгелегі протекторының іздері, жабысып қалған топырақ бөлшектері және т.б. істің мән-жәйін толығырақ анықтауға көмек береді. Техникалық қолайсыздықтарға байланысты оқиға болған жерде мәйіттің киімі шешілмейді, бірақ кейбір бөліктері көтеріліп-түсіріледі, қажет болса жартылай ағытылады;

д) кейіннен өлім уақытын анықтау қажет болатындығына байланысты барлық өлімнен кейінгі өзгерістер мұқият жазылады (мәйіттік, жіріктік, консервілеуші өзгерістер). Дене жылуының сақталуы анықталады (ашық, жабық жерлерде), мәйітік сіресу үрдісінің орналасу және даму дәрежесін анықтайды, мәйіт дақтарының орналасуы, түсі, айқындығы, теріде және шырышты қабықтарда мәйіттік кебудің айқындығы анықталады. Шіру үрдісінің орналасуы және айқындығы (жасылдану, шіріктік веналық тор, шіріктік эмфизема), консервілеуші өзгерістер (сабындану, мумиялану, торфтық қатайу).

е) өлімнен кейінгі өзгерістердің дамуына байланысты (кебу, шіру) мәйіттегі зақымданулардың сыртқы көрінісі уақыт өте өзгере бастайды. Осыны еске ала отырып оқиға болған жерде зақымдануларды мүмкінше толығырақ сипаттап, жазып алу тиіс. Олардың орналасуы, сипаты (беткей сыдырылу, жара, қан құйылу және т.б.), саны, пішіні, көлемі, түсі, ластануы және т.б., көңіл аударылады. Мәйітте табылған жараларды мәйітханада зерттегенше кебуден сақтау қажет: бұл мақсатпен жара бетіне суланған дәке, мақта қояды.

4-ші сурет. Суық қару

5-ші сурет. Оқиға болған жерден табылған суық қару

Өлім жағдайы болғанын анықтау.

Қазіргі таңда өлім жағдайын анықтамайтын диагностикалық сынамалардың барлығы организмнің ең басты үш жүйенің (орталық нерв жүйесі, жүрек-қантамыр жүйесі және тыныс алу жүйесі) қызметі сақталғанын дәлелдеуінде негізделеді.

Бағдарлаушы (алғашқы, болжамды) өлім белгілеріне жатқызылады: дененің қозғалыссыз жатуы, тері қабаттарының бозаруы, тыныс алудың, пульстің және жүрек соғысының болмауы, сыртқы тітіркендіргіштерге реакцияның жоқтығы, көздің мүйізді қабатымен қарашықтың рефлекстерінің анықталмауы.

Анық (күмәнсіз, абсолютті) өлім белгілеріне (мәйіттік өзгерістердің ерте кезеңінде) жатқызылады: мәйіттің сууы (тік ішекте температураның 230-тен төмен болуы), тері және шырышты қабықтардың кебуі («Лярше дақтары»), мәйіттік дақтар, мәйіттік (бұлшықеттік) сіресу, аутолиз. Маңызды белгілердің бірі – Белоглазов («мысық көзі белгісі») белгісі, және бұл белгі өлімнен кейін 10-15 минут ішінде қалыптасады.