Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мәйітті табылған орнында тексеру».DOC
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57.6 Mб
Скачать

А. Оқиға болған жерді тексеру методикасы.

Оқиға болған жерді тексеру және мәйітті табылған орнында тексеру барысы әдетте екі кезеңге бөлінеді:

1) Статистикалық тексеру (қарау), сатысы – заттар мен барлық жағдай өзгермеген күйінде қаралып есепке алынады. Суретке түсірі-леді немесе схема құрастырылады Бұл кезеңде өз іздерін қалдырмау үшін ешбір заттарға қол тигізуге болмайды;

2) Тексерудің динамикалық сатысы. Табылған әр зат жеке зерттеледі, әр түрлі объектілер мен мәйітті орнынан ауыстыруға (қозғауға) болады. Заттардың бетінде немесе олардың астында тегі биологиялық заттардың болу-болмауы анықталады.

Оқиға болған жерді кезеңді, асығыссыз, еш бір зат қаралмай қалмуын еске алып отыру тиіс.

Оқиға болған жерде, сол жердің жағдайына, оның өзгерістеріне, күрес іздеріне назар аударады. Көңіл аударуды талап ететін барлық заттар мұқият қаралады, олардың орналасуына, бір-бірінен ара-қашықтығына назар аударады. Ең маңызды объектілердің (мәйіт, затты айғақтар, іздер) орналасу орнын оларға алыстығын тікбұрыш координаттар жүйесі бойынша екі орнын өзгертпейтін обектілерден (есік-терезе ойығы, дуалдар, ал ашық жерде – ғимараттар, көпірлер, талдар) өлшеу керек.

Мәйіт табылған жерде мәйітті сыртқы тексеру әдісі

Оқиға болған жерге сот медицина сарапшысы келіп, өлімнің болғанын баяндау қажет.

Мәйіт белгілерінің бар болуына:

Мәйіттің сууы

Мәйіттің кебуі

Мәйіттік дақтар

Мәйіттік сіресу

Мәйіт белгілері жоқ болғанда:

Қарашық және корнеальді рефлекстердін болмауы

Тыныс алмауы

Жүрек соғысымен қан айналымның болмауы

Мәйіт табылған жерде мәйітті қарап тексеру екі кезенде жүреді (статистикалық және динамикалық тексеру) және тексеруді қоршаған айналадан мәйітке қарай керісінше жүргізіледі.

Статистикалық тексеру

●Мәйіт табылған жердің планы құру, суретке түсірумен құжаталады.

●Статистикалық тексерудін мақсаты келесілерді сипаттау

●Мәйіттің орналасқан жерін, жағдайын және қалпын анықтау

●Мәйітте және оның қасында орналасқан заттарды және іздерді сипаттау

●Мәйіттін сыртқы киімін сипаттау

Динамикалық тексеру

  • Динамикалық тексеруде мәйіті қозғалтуға, бұруға, киімін көтеруге, қоршаған заттарды қолға алуға рұқсат етіледі.

  • Динамикалық тексерудің мақсаты:

  • Мәйіт астында жатқан заттар мен іздерді сипаттау;

  • Мәйіт киімдерін (іш киіммен қоса) сипаттау;

  • Мәйіт туралы жалпы мәліметтер мен мәйіттік белгілердің пайда болуымен қоса өлім уақытын анықтау;

  • Мәйіттің жеке бөліктерін сипаттау;

  • Мәйіттен табылған зақымдануларды сипаттау.

Бір қылмысты зерттеу барысында бірнеше оқиға орындары болуы мүмкін:

  • Мәйіт табылған орын;

  • Қылмыс қаруы табылған орын;

  • Қылмыс жасалынған орын.

Мәйіт табылған жерді тексеру:

Бұл тексеру жаралану орны мен өлу орнын анықтауға мүмкіндік береді.

  • Жаралану орны. Мәйіт табылған жерден басталатын «іздер жолы» жаралының немесе өліктің тасымалданғанын білдіреді.іздердің орналасу орны пратаколга тіркеледі, іздердің үлгісі сот биологиялық зерттеуге жіберіледі.

  • Өлім орны. Дененің пішінін қайталайтын қан көрінісі бар бірақ мәйіттен алшақ. Айналада қан іздерінің пайда болмауы, жаралану орнымен өлім орнының сәйкес екендігін ал дененің қозғалмағандығын дәлелдейді.

  • Қылмыс қаруы табылған орынды сараптау,егер қылмыс болған жерде немесе өлімге қатысы бар күдіктіде қару табылатын болса, онда қару табылған орнын сипаттап және суретке түсіріп, мәйітке және басқа заттарға қатынасты орналасыуын детальді түрде тексеріледі.

  • Соққы әсерінен құлаған қарудың жердегі немесе едендегі іздері анықталады. Егерде қылмыс қаруы болмайтын болса онда оны іздеу шаралары жүргізіледі.

  • Қасақана өлтіру орны болған жерді сараптау.жаралану орнымен өлім орны сәйкес болған кезде сол жерді қасақана өлтіру жері деп аталады. Егерде олар сәйкес келмейтін болса онда қасақана өлтіру орнынын іздеу қажет. Себебі ол жердің ерекшелектері қылмыскерді сипаттауға көмектеседі. Бұл жерде арпалысу іздері, шабуылшының жарақаттау кезінде түзілген іздері табылуы мүмкін. Шабуылшының жердегі немесе едендегі аяқ іздерін тіркеу.

  • Мәйіт табылған жерде мәйітті сараптамалық тексеру. Адам мәйітін табу фактсының оқиға ретінде қаралады, сол себептен де мәйітті тексеру оқиға болған жерді сараптауды мөрі ретінде табу, тергеу әрекеттерінің бірі болып табылады.

  • Өлім ұзақтығын анықтау. Қылмыс жасау уақытымен сай келетін болғандықтан тергеу әдісін анықтайды.

  • Жарақаттарды табу. Жәбірленушінің денесімен киімін мұқият тексеру барысында анықталады. Жарақаттар бастың түкті бөлігімен, қолтықасты шұңқырлары мойын және шап қатпарларында, мұрын, құлақ, ауыздың табиғи саңылауларында жасырынуы мүмкін.

  • Жарақат сипатына байланысты қылмыс қаруын анықтау. Жарақаттану сипатына қарай жарақаттаушы қарудың доғал затпен, өткір немесе оқ қарумен салынғандығын анықтау сонымен қатар, зақымдану себебін –автокөлік жарақаты, жоғарыдан құлау және тағыда басқа анықтау.

  • Жарақаттану кезіндегі жәбірленушінің дене қалпын анықтау. зақым келтіру кезінде дене түрлі қалыптарда болуы мүмкін; Аяқ- қолдар қалпының өзгерісі жиі кездеседі. Зақым алу кезінде дене қалпын аныөтау үшін жәбірленушінің денесі мен киіміндегі қан ағыстары жәрдемдеседі.

  • Жарақаттану кезіндегі жәбірленішімен қылмыс қаруының қатысты орналасуын анықтау. Жарақаттану кезінде дене қалпын анықтау қасақана өлтірумен өзін -өзі өлтіру сұрақтары туған кезде шешім қабылдауда маңызды орын алады. Жарақаттану кезіндегі жәбірленушімен қылмыс қаруының қатынасты орналасуын анықтау жарақат ауқымын анықтауда тұспа тұс келеді.

  • Жарақаттың жәбірленушінің өз қолымен салыну мүмкіндігін анықтау. Бұл сұрақ болжамды мына жағдайларда оң түрінде шешіледі. Жәбірленушінің өз қолымен жарақат салуы үшін оның қол жетімдігі. Қолда және қаруда қан мен тін іздерінің табылуы. Зақымдануды басқа біреумен жасалануы туралы дәйектердің болмауы.

  • Қасақана өлтірудің бүркемеліктің белгілері.

Тез дамыған өлім:

  1. Дене керуетте жатады .

  2. киімі жинаулы күйде болады.

  3. Қасында дәрі тұрады

  4. Арпалысу іздерін жояды.

Өзін өзі өлтіру

  1. Өзін өзі өлтіру әдісіне сәйкес дене қалпы таңдалады

  2. Өзін өзі өлтірудің дәл осы түріне сәйкес зақымданулар болады.

  3. “Өлім алды” хат тасталады.

Жазатайым жағдай:

  1. Таңдалған бүркемелі әдіске сәйкес дене қалпын және қоршаған жағдай береді.

  2. Басқа біреудің өлтіруі:

  3. Ғимараттағы жағдай ауыстырылады. Ретсізділік жасалынады.

  4. Жалған заттық айғақтар тасталады.