Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мәйітті табылған орнында тексеру».DOC
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57.6 Mб
Скачать

Анықтамалық материал.

«Мәйітті оқиға болған (табылған) жерде сырттай тексеруді барысында сот-медицина саласында дәрігер-маманның жұмыс жасау ережелері». ҚР қылмыстық-процессуальдық кодексінен үзінділер.

1.1. Мәйіттің сырттай тексеруін тергеуші, сот-медицина саласында маманының, ол болмаса басқа дәрігердің және куәгерлердің қатысуымен жүргізеді (ҚР ҚПК, 178 бап.).

Ерекше жағдайларда, мәйітті табылған орнында тексеруге мүмкіншілік болмаса, оны мүмкінінше қарап, мәйітханаға жібереді, және сонда толығырақ қарайды.

1.2. Мәйітті табылған орнында тексеруге дәрігер-маман ретінде мүмкі-нінше сот-медицина бюросында штаттық қызмет атқаратын сот-медициналық сарапшы шақырылғаны жөн.

Мәйітті оқиға орнында (табылған жерде) тексерген штаттық сот-медициналық сарапшы осы қылмыстық іс бойынша маман ретінде қатысуға құқылы (ҚР ҚПК, 70 бап.) және оған осы мәйіттің сот-медициналық сараптамасын тапсыру жөн.

1.7. Мәйіттің табылған орнында сот-медициналық сарапшы:

● өлім уақытын анықтауға көмектесетін, зақымданулардың сипатын және механизмін анықтайтын және басқада тергеу ісіне қажетті белгілерді анықтайды;

● мәйітті табылған орнында тексерумен мәйіттің кейінгі сот-медициналық зерттеу сүрақтары бойынша тергеушіге кеңестер береді;

● тергеушіге қанға, шәуетке және басқада бөлінділерге ұқсас іздерді, шаштарды, түрлі заттарды, қаруды анықтауға және алуға көмектеседі;

● тергеушінің назарын осы іске қатысты барлық ерекшеліктерге аудару тиіс;

● өзінің жасапжатқан іс-әрекеттеріне түсініктеме беріп отырады.

1.8. Оқиға орнына келген соң сот-медицина саласының дәрігер-маманы бірінші кезекте жәбірленушіде өмір белгілірінің бар-жоғын анықтау тиіс. Өлімнің нақты белгілері анықталмаған жағдайда сот-медициналық сарапшы тергеуші арқылы жедел жәрдем шақырады, ал ол келгенше алғашқы реанима-циялық шараларға (жасанды тыныс беру және т.б.) кіріседі. Егер бұл шаралар нәтижесіз болса тексеру хаттамасында жандандыру мақсатымен қандай шаралар қолданғаны, олардың бастау және аяқтау уақытын көрсету керек.

1.9. Оқиға болған жерді тексерудің нәтижелерін, мәйітті тексерудің басталу және аяқталу уақытын тергеуші толтыратын оқиға болған жердің тексеру хаттамасында көрсетіледі (ҚР ҚПК 166, 178 баптары).

Оқиға болған жерді тексеру және мәйітті оқиға болған жерде тексеру тергеулік іс, және оны басқару тергеушіге жүктелген. Қажет болған жағдайда тексеру жүргізу үшін тергеуші қажет деп тапқан, істің нәтижесінде мүдделі емес маманды шақырады.

ҚПК-ға сай сот дәрігері өзінің қызметтық барысында маман ретінде, және сот-медициналық сарапшы ретінде іске қатысуы мүмкін (бірақ бір мезгілде емес).

Маман – бұл белгілі бір салада – медицина, техника, ғылым – арнайы білімі бар тұлға.

Сот дәрігері тек тергеуші немесе сот белгілі бір қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптаманың қажеттілігі жөнінде шешім қабылданса, және оған бұл сараптаманы жүргізу жүктелсе маман ҚР ҚПК 57, 58 баптарында көрсетілген құқықтарымен мүмкіншіліктерін пайдаланатын сарапшы (яғни процессуалды тұлға) болып есептеледі. Сот-медициналық сараптама жүргізу барысында сарапшы тек өз мамандығының ғылыми жетістіктеріне және жеке тәжірибесіне сүйенеді. Сонымен қоса істі жанжақты зерттеу үшін еркіндігін пайдаланып, сарапшы жеке инициатива білдіре алады, яғни сарапшылық автономияны пайдаланады.

Маман сарапшылық автономияны пайдалана алмайды және ол тергеушінің алдына қойылған сұрақтарды толығырақ шешу үшін шақырылатын көмекшісі.

Сот-медициналық сарапшы (маман ретінде) мәйітті табылған орнында бірнеше сұрақтарды шешуге тиісті. Олардың ең бастылары:

1) өлім жағдайын анықтау немесе жоққа шығару;

2) өлім басталу уақыты жөнінде өз ойын ортаға шығару;

3) тергеушіге мәйітті толығырақ қарауға және зақымдануларды анық-тауға көмектесу;

4) тергеуші толтырып отырған оқиға болған жердің хаттамасында мәйітті және басқада биологиялық объектілірді тексерудің нәтижелерін дұрыс тіркелгенін тексеру;

5) тергеушіге затты айғақтарды анықтауға, алуға және буып-түюге көмектесу;

6) тергеушіге мәйіттің және затты айғақтардың сот-медициналық сараптауды тағайындауда қойылатын сұрақтардың дұрыстығын, қажеттілігін анықтауда көмектесу.