- •Тақырыпты талдаудың мақсаттары:
- •Жалпы мәліметтер.
- •Сабақты өткізу кезеңдері.
- •Дәрігер-маманның атқаратын рөлі
- •1. Табылған адам тірі ме, әлде өлі ме?
- •Мәйіттің жатқан ортасын тексеру.
- •Өлім құбылысы мен мәйіттік құбылыстар
- •1. Ерте көрінетін мәйіттік құбылыстар
- •2. Тері жабындысының, шырышшы қабықтардың тобарсуы, кебуі.
- •4. Мәйіт бұлшық еттерініц құрысып-сіресуі.
- •5. Аутолиз құбылысы
- •Анықтамалық материал.
- •А. Оқиға болған жерді тексеру методикасы.
- •Мәйіт табылған жерде мәйітті сыртқы тексеру әдісі
- •Статистикалық тексеру
- •Динамикалық тексеру
- •Мәйіт табылған жерді тексеру:
- •Қылмыскердің дағдыларын анықтау.
- •Өлім жағдайы болғанын анықтау.
- •Өлім уақытын анықтау.
- •Мәйіттік өзгерістердің бағдарлық пайда болу және даму мерзімдерді (н.В.Попов бойынша).
- •Механикалық әсерлер:
- •Мәйітті табылған жерде тексерудің бірізділігі.
- •Өлімнің әр түрінде оқиға болған жерді тексерудің және мәйтті табылған жерде тексерудің кейбір ерекшеліктері.
- •Медициналық-криминалистикалық сараптама
- •Сарапшының ұйғарымы
- •Заключение эксперта
- •Медико-криминалистической экспертизы
- •Қаулы негізінде На основании (направления) смэ ___________________________________
- •____________ Ж Хаттама №.
- •Медико-криминалстикалық актке қосымша сараптама
- •Оқиға болған жерді тексеру хаттамалары
- •Сызбасхема
- •Оқиға болған жерді тексеру.
- •Есеп № 1.
- •Есеп № 2.
- •Есеп №3.
- •Есеп № 4.
- •Есеп №5.
- •Есеп № 6.
- •Есеп № 7.
- •Есеп № 8.
- •Есеп №9.
- •Есеп №10.
- •Есеп № 11.
- •Есеп № 12.
- •Есеп № 13.
- •Есеп № 14.
- •Есеп №15.
- •Тесттік бақылау сұрақтары:
- •1. Қр қпк қай бабында мәйітті табылған орнында тексеру қарастырылған?
- •2. Оқиға болған жерді және мәйітті табылған орнында тексеру жатқызылады:
- •3. Оқи болған жерді тексеретін маман?
- •139. Қанға әсер ететін улармен уланғанда байқалады:
- •140. Сот химиялық зерттеуге нысандарды жіберетін ыдыстар ... Болу керек.
- •141. Пупырев белгісі:
- •Жауаптар эталондары:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Мазмұны:
- •Дәрігер маманның атқаратын рөлі.............................................................................5
Мәйіттің жатқан ортасын тексеру.
Мәйіт жатқан орта мұқият тексеріліп сипатталады. Бөлме іші болса ондағы жиһаз, үй-тұрмыс құралдары, киім, ыдыс және т. б. сипатталады. Бөгде иіс шықса, оның неден шығатынын анықтау қажет (улануға күдік туса).
Ашық далада мәйіт табылғанда, жақын орналасқан ірі заттар сипатталады, мәйіттің айналасындағы топырақ сипаты, іздердің бар (немесе жоқ) екендігі көрсетіледі.
Оқиға болған жерді қарап тексеруді құжаттау. Оқиға болған жерді, табылған жеріндс мәйітті тексеру құжатқа түсіріледі, яғни, хаттама жазылады. Хаттаманы тергеуші жазады, құжат 2 дана болып жазылады: біреуі тергеушіде болады, екіншісі сот-медицина сарапшысына беріледі.
Өлім құбылысы мен мәйіттік құбылыстар
Өлім құбылысын зерттейтін ғылым саласы танатология (грекше thаnаtos - өлім) деп аталады. Мәйітті сот-медицина тұрғысынан зерттеу - сарап жұмыстарының аса маңыздысы әрі күрделісі болып табылады.
Мәйітті тексеру кезінде өлім себебі және өлімнің уақыты анықталуы керек. Өлім уақытын анықтау үшін өлімнен кейін дамитын құбылыстарды, олардың даму жағдайын зерттеу керек. Тірі адамға тән функциялар тоқтауына байланысты өлі денеде тіндер мен ағзалар өзгере бастайды. Бұл өзгерістер мәйіттік құбылыстар ден аталады. Мәйіттік құбылыстар өлімнен кейін тез арада көрінуі мүмкін немесе бірнеше тәуліктен кейін байқалуы мүмкін. Көріну жылдамдығъша қарай ерте пайда болатындар және кеш пайда болатындар деп ажыратылады. Ерте көрінетін мәйіттік құбылыстарға өлі дененің сууы, өліктің тобарсуы, мәйіттік дақтар, өлі дененің құрысып-сіресуі және тіндердің аутолизі жатады. Кеш көрінетін мәйіттік құбылыстарға: дененің шіруі, мумификациялану, майлы балауыз түзілуі, терінің иленіп қатаюы жатады.
1. Ерте көрінетін мәйіттік құбылыстар
Өлі дененің сууы. Өлгеннен ксйін тірі кезде жүретін зат, ауа алмасу процестері тоқталады да, өлі дене кез-келген физикалык зат іспетті қоршаған ортаға жылу шығара бастайды, бұл дене температурасының төмендеп қоршаған орта темпетарусына жуықтауына әкеледі. Бірінші дененің ашық жерлері: құлак ұшы, беті, саусақтары суи бастайды. Жылудың тез бөлініп шығуына айналадағы ортаның физикалық жағдайлары (ауаның температурасы, ылғалдығы, қөзғалысы), киімнің сипаты, қайтыс болған адамның жеке ерекшеліктері: адамның толықтығы, өлім себептері, жасы ж.т.б. ықпал етеді. Жаңа туған нәрестелерде жылу бөлу тез жүреді.
Егер мәйіт жатқан орта қалыпты климат болып, қоршаған орта температурасы бөлме температурасына жақын болса, онда мәйіттің денесі орта сееппен сағат сайын 1 градусқа суиды. Мәйіттің температурасы бойынша өлім уақыты туралы тұжырым жасау үшін қоршаған орта факторлары, адамның жеке ерекшеліктері есепке алынуы керек, және бұл құбылыс басқа мәйіттік белгілермен бірге қарастырылуы керек.
2. Тері жабындысының, шырышшы қабықтардың тобарсуы, кебуі.
Тері бетінен, әсіресе адам тірі кезінде үнемі ылғалданып тұратын шырышты қабықтардан (аққабықшалар, еріннің шырышты қабығы) су буланып, сол жерлердің тобарсып кебуіне әкеледі. Тобарсудың тез жүруі сыртқы ортаның жай-күйіне (температура, ылғалдылық, ауа қозғалысы, т. б.), киімнің сипатына байланысты болады. Көз қабығының тобарсуын көрсететін белгі «Лярше дағы» болып табылады. Егер адам қайтыс болатын кезде көзі ашық болса, көз қабағы жаппаған жерлер кеуіп күңгірттенген «Лярше дақтары» байқалады. Сонан соң еріннің шырышты қабығытобарсиды. Бұл әсіресе еріннің жиектерінен айқын аңғарылады. Жаңа туған нәресте мен емшектегі баланың өлігінен бұл ерекшелік айқын көрінеді, өйткені балалардың шырышты қабықтары неғұрлым нәзік келеді, сондықтан тезірек тобарсиды. Эпидермисі өте жұқа болатын ұма терісінің тобарсуы тез жүреді. Тобарсуды адамның тірі кезіндегі алынған сызаттарынан ажырата білу керек. 2-3 сағат бойы жылы сумен шылаған кезде тобарсу белгілері жойылып кетеді, ал адамнын. тірі кезіндегі алған сызаты жойылмайды. Тобарсу сыртқы орта факторларына тікелей байланысты болғандықтан адамның өлген уақытын тобарсу бойынша анықтауға болмайды, тобарсу тек өлімнің айқын белгісі болып қана табылады.
3. Мәйіттік дақтар.
Жүрек қызметі тоқтағаннан кейін қан дененің төменгі бөліктеріне қарай ағып жиналады, дененің жоғарғы бөліктері қансызданып бозарады, ал төменгі бөліктері қызғылт көкшіл түске енеді. 1-ші сурет. Мәйіт дақтары организм тіршілігінің тоқталғанын көрсетеді және өлімнің ең анық белгісі болып табылады.
Мәйіт дақтарының дамуы мынадай үш сатыдан тұрады:
Бірінші саты - гипостаз - адам өлгеннен кейін 2-4 сағаттан соң басталып 8-12 сағатқа дейін жүреді. Гипостаз сатысында тамырдағы қан сұйық болғандықтан дақты саусақпен басып қарағанда олар жойылып кетеді де, басуды тоқтатқанда қайтадан көрінеді. Гипостаз сатысында өлікті аударса мәйіт дақтары дененің аударылған жағына ауысады. Егер мәйіт дағы көрінген жерді тіліп қараса қан тамырларынан қан тамшылары шығады, оларды сумен жуса қайта пайда болады.
Екінші сатысы - стаз немесе диффузия деп аталады, әдетте адам өлгеннен кейінгі 8-10 сағатта басталып 24 сағатқа дейін созылады. Бұл кезде лимфалар, ұлпааралық сұйықтық қан тамырларына өтеді; ал қанның сұйық бөлігі қан тамырларынан айналасындағы ұлпаларға көп мелшерде шыға бастайды, яғни, екі жақты диффузия жүреді. Қан тамырларындағы қан ұйиды, қозғалысы азаяды. Бұл кезде мәйіт дақтарын саусақпен басқан кезде аздап бозарады, бірақ мүлдем жоғалып кетпейді, саусақты жібергеннен кейін таңбаның түсі тез арада қалпына келмейді. Егер осы уақыт ішінде өлік аударылған болса, бірінші пайда болған дақтар сақталып қалады және дененің аударылған бетінде де мәйіт дақтар пайда болады.
Өлім дамығаннан кейінгі алғашқы тәуліктің аяғына қарай мәйіт дағының дамуының үшінші сатысы - имбибиция басталады. Бұл сатыда ұлпаларға гемолизацияланған қан сіңіп кетеді. Гемолизацияланып түзілген сарысу қан тамырларының кабырғаларына, тамыр айналасындапғы ұлпаға сіңеді. Имбибиция процесі бірте-бірте шіру процесіне ұласады.
Имбибиция сатысында дақты саусақпен басып тексергенде олар өзгермейді, сондай-ақ өлікті аударған кезде аударылған жағына мәйіт дағы ығыспайды. Теріні тілген кезде кесілген тамырлардан қан тамшылары шықпайды. Мәйіт дақтарының тез пайда болуы өлімнің себептері мсн генезіне байланысты. Көп қан кетіп қаназдылық дамыған жағдайда мәйіт дақтары өлімнен кейін ұзақ уақыг байкалмауы мүмкін. Алайда бұл жағдайда да мәйіт дақтары міндетті түрде пайда болады, өйткені қан өте көп кеткен жағдайдың өзінде де бүкіл қан толық ағып кетпейді. Бұл кезде мәйіт дақтары сирек, көлемі шағын, түсі айқын емес болады.
Қан гемоглобинін байланыстыратын улы заттармен уланудан өлім болғанда, мысалы, кеміртегі тотығымен уланған жағдайда - қанда карбоксигемоглобин түзіліп мәйіт дақтары ашық-қызғылт түсті болады. Метгемоглобин түзетін улармен уланған жағдайда (мысалы, бертолет тұзымен уланғанда) мәйіт дақтарының түсі қоңыр-сұр болады. Мәйіт дақтарының дамуымен қатар ішкі мүшелерде өлік гипостаздары пайда болады. Жұмсақ ұлпаларда гипостаз қанық болып имбибиция құбылысы қан құйылуы ошақтарына ұқсас келеді.
Мәйіт дақтарының сот медициналық маңызы: 1) олар өлімнің анық белгілері; 2) өлім уақытын анықтауға септігін тигізеді; 3) адам қайтыс болған кезде, өлгеннен кейін өліктің қалай жатқанын, дененің қозғалтылғандығын көрсетеді; 4) олар өлу процесінің тез немесе баяу болғанын айтуға мүмкіндік береді; 5) кейбір уланудың, өліктің суықта жатқандығыныц диагностикалық белгісі болып табылады;
1-ші сурет. Мәйіт дақтарының орналасуы.
