Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мәйітті табылған орнында тексеру».DOC
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57.6 Mб
Скачать

Есеп №15.

2003 жылдың 11 ақпанында сағат жергілікті уақыт 1100-де Шымкент қаласының ЛОМ станециясының кезекші бөліміне 30 жастағы азамат И.Ш.Сариев келіп бүгін сағат 1000-да манкент станциясының аймағында темір жолға жақын жерде нәрестенің мәйітін көргенін хабарлады.

Оқу мәліметтер.

Бала өлтіру. Мойнының оң жағында сұғып кесілген жарақат бар. Нәресте – ұл бала, жаңа туылған, айы-күні толып, жетіліп туылған, 9 айлық. өлген уақыты 11 ақпан, 04 сағат. Ауа температурасы 11 ақпан түні -8-100С.

Тапсырмалар.

1. Оқиға болған жердің және мәйітті тексеру хаттамасын толтыру. Онда:

а) жаңадан туылған, айы-күні толып, жетіліп туылғанын және 9 айлылығын

дәлелдейтін белгілерді сипаттау;

б) өлген уақыты мен ауа температурасын есепке ала отырып мәйіттік белгілерді

сипаттау;

в) мәйіт мойнындағы жарақатты мұқият, толық сипаттау.

2. Жаңа туылған нәрестенің мәйітін сот-медициналық сараптауда анықталуы тиіс сұрақтар тізімін жасау.

Тесттік бақылау сұрақтары:

1. Қр қпк қай бабында мәйітті табылған орнында тексеру қарастырылған?

1) 196 бап;

2) 204 бап;

3) 178 бап;

4) 195 бап;

5) 197 бап.

2. Оқиға болған жерді және мәйітті табылған орнында тексеру жатқызылады:

1) сараптамаға;

2) біріншілік тергеулік іске;

3) куәландыруға;

4) қорытынды тергеулік іске;

5) дұрыс жауап жоқ.

3. Оқи болған жерді тексеретін маман?

1) тергеуші;

2) МАИ инспекторы;

3) сарапшы-криминалист;

4) сот-медициналық сарапшы;

5) патологанатом.

4. Сот-медицина саласындағы дәрігер-маман оқиға болған жерді тексергенде міндетті:

1) өлім жағдайын тіркеу;

2) тергеушіге мәйітті көруге көмектесіп, тексеру нәтижелерін хаттамаға

енгізу;

3) тергеушіге затты айғақтарды анықтауға, тіркеуге және алуға

жәрдемдесу;

4) оқиға болған жерді тексерудің хаттамасын толтыру;

5) затты айғақтарды лабораториялық зерттеулерге жіберу.

5. Оқиға болған жерде мәйітті тапқанда тергеуші толтыратын құжат:

1) акт;

2) хаттама;

3) қорытынды;

4) қызмет хат;

5) хабарлама.

6. Оқиға болған жерді тексерудің және мәйітті оқиға болған жерде тексерудің хаттамасына енгізілуге міндетті мәліметтер:

1) дене температурасының көрсеткіштері;

2) мәйіттік дақтарының күйі;

3) мәйіттік сіресудің күйі;

4) өлім басталу уақыты жөнінде;

5) дұрыс жауап жоқ.

7. Мәйітті табылған орнында тексерген соң дәрігер келесі сұрақ-тардың барлығына жауап береалады, біреуінен басқасынан:

1) өлімнің мүмкін болар себебі;

2) өлімнің мүмкін болар басталу уақытын;

3) мәйітте қандай зақымданулар бар;

4) мәйіт қанының тобын;

5) мәйіт айналасында биологиялық табиғаты бар бүлінділер барма.

8. Мәйітті және мәйіт киімін прозектураға, ал затты айғақтарды лабораторияға жеткізу кімнің міндеті:

1) мархұмның туыстарының;

2) сот-медициналық сарапшының;

3) тергеушінің;

4) МАИ қызметкерлерінің;

5) куәгерлердің.

9. Мәйітті оқиға болған жерде тексерудің кезеңдері:

1) статтикалық;

2) аралық;

3) динамикалық;

4) ақырғы;

5) беткей.

10. Мәйітті тексерудің статикалық кезеңіне қандай іс-әрекеттер жатады:

1) фотобейнелеу;

2) мәйіттің жатыс-тұрысын фиксациялау;

3) мәйіттің жатқан орнын қаорау;

4) мәйіттік өзгерістерді зерттеу;

5) куәгерлерді тергеу.

11. Мәйітті тексерудің динамикалық кезеңіне қандай іс-әрекеттер жатады:

1) зақымдануларды анықтау мақсатымен қан іздерін жуу;

2) мәйітті аударады;

3) жара өзектеріне зонд салу;

4) мәйттік өзгерістерді (мәйіт дақтарын, сіресуін және т.б.) анықтау.

5) куәгерлерді тергеу.

12. Мәйітті сырттай қарау қандай кезекпен өтеді? Ретімен қойып шық:

1) денесіндегі зақымдануларды сипаттау;

2) киімін сипаттау;

3) мәйіттік өзгерістерді сипаттау.

13. Сот-медицина саласының дәрігер-маманы мәйітте өлімнің нақты белгілерін анықтайалмаса қандай іс-шаралар жасау тиіс:

1) жедел жәрдем шақыру;

2) алғашқы дәрігерлік көмек көрсету;

3) оқиға болған жерді тексерумен шектелу.

4) өлім белгілерінің айқын көрінуін күту;

5) тергеушінің бүйрықтарын күту.

14. Мәйітті тексеру барысында қандай суправитальды реакциялар кездесуі мүмкін:

1) бұлшықеттердің механикалық қозғыштығы;

2) бұлшықеттердің электрлі қозғыштығы;

3) қарашықтардың химиялық әсерлерге реакциясы;

4) мәйіттің кебуі;

5) аутолиз.

15. Қанайналымның тоқтағанын қандай белгілерге сүйеніп айтуға болады:

1) аускультацияда жүрек соғысының 1-2 минут бойы естілмеуі;

2) «үнсіз» электрокардиограммадан;

3) есінен талуынан;

4) ұйқы артерияларында пульстың (соғысының) болмауынан;

5) теріасты қанқұйылулардан.

16. Тыныс алудың тоқтағанын қандай белгілерге сүйеніп айтуға болады:

1) аускультацияда тыныс шуларының естілмеуінен;

2) кеуденің перкуссиясы кезінде тұнық дыбыстан;

3) есінен талуынан;

4) кеуденің қимылсыздығынан.

5) дене температурасының төмендеуінен.

17. Орталық нерв жүйесінің қызметі толық тоқтағаннын қандай белгілерден анықтауға болады:

1) иіс-сезу рефлексінінің болмауынан;

2) көздің мүйізденген қабатынан шақырылатын рефлекстерінің

болмауынан;

3) есінен талуынан;

4) ұйқы артерияларында пульстың (соғысының) болмауынан;

5) дене температурасының төмендеуінен.

18. Өлімнің болжам белгілеріне жатады:

1) тері қабатының бозаруы;

2) иіс сезу және тактильды сезімталдығының болмауынан;

3) есінің, тыныс алудың, пульстың, жүрек соғысының болмауы;

4) қанқа бұлшықеттерінің фибриллярлы жиырылуы;

5) көздің мүйізденген қабатынан шақырылатын рефлекстерінің және

қарашықтардың жарыққа рефлексінің болмауы.

19. Өлімнің сенімді белгілеріне жатады:

1) пульстың жоғы;

2) Белоглазов белгісі («мысық көзі» феномені);

3) мәйіт дақтары және мәйіттік сіресу;

4) дене температурасы 200С төмендеу;

5) кеш дамитын мәйіттік өзгерістер.

20. Оқиға болған жерде өлімнің болған уақытын анықтауға қолданылатын негізгі әдістер:

1) көлденең-жолақ бұлшықеттердің механикалық әсерге реак-циясы;

2) дене термометриясы;

3) мәйіт дақтарын және мәйіттік сіресуді анықтау;

4) ішкі ағзалар ферменттерін зерттеу;

5) көлденең-жолақ бұлшықеттердің қозғыштығын тексеру.

21. Ерте дамитын мәйіттік өзгерістерді атаңыз:

1) мәйіттің сіресуі;

2) мәйіттің сууы;

3) аутолиз;

4) шіру;

5) мәйіт дақтары.

22. Кеш дамитын мәйіттік өзгерістерді атаңыз:

1) мәйіт дақтары;

2) шіру;

3) сабындану;

4) мумиялану;

5) аутолиз.

23. Қанқа бұлшықеттерінің келесі топтарында сіресу үрдісінің даму кезеңдігі:

1) мимикалық және шайнау бұлшықеттері;

2) мойын;

3) аяқтардың;

4) дененің;

5) қолдардың.

24. Мәйіттің сууы қандай факторларға байланысты:

1) ауа температурасына;

2) өлім себептеріне;

3) мәйттің үстіндегі киіміне;

4) дене салмағына;

5) атмосфералық қысымға.

25. Мәйіт дақтарын зерттеу анықтауға көмектеседі:

1) өлім уақытын;

2) мәйітті орнынан қозғағанын;

3) болжамды өлім себебін;

4) мәйіт жатысының өзгеруін;

5) мәйіт жатқан беткейдің рельефтік ерекшеліктерін.

26. Мәйіт сіресуін зерттеу анықтауға көмектеседі:

1) биологиялықөлімнің басталуын;

2) өлім басталу уақытын;

3) өлім себебін анықтауға;

4) кейбір жағдайларда мәйттің орнынан қозғағанын анықтауға;

5) клиникалық өлімнің басталуын.

27. Өлімнің басталу уақытын анықтауға көмектеседі:

1) тік ішек температурасын анықтау;

2) мәйіттік дақтар дамуының кезеңі;

3) мәйіттік сіресудің айқындығы;

4) қанқа бұлшықеттерінің механикалық тітіркендіргіштерге жауабынан;

5) мәйітті жыртқыштармен зақымдау дәрежесінен.

28. Өлімнің басталу уақытын анықтайды:

1) қарашықтың пилокарпин немесе атропин енгізуіне жауабынан;

2) бұлшықеттердің механикалық қозғыштығынан;

3) бұлшықеттердің электрлі қозғыштығынан;

4) мәйіт дақтарының орналасу орнынан;

5) тер бездерінің тері астына адреналин енгізуіне жауабынан.

29. Қан дақтарына күдікті дақтарды анықтаудың қай әдістерін мәйітті табылған жерде тексеру кезінде қолдануға болады:

1) дақтарды жәй және қиғаштан түскен жарықта қарау;

2) спектральды зерттеу;

3) лупамен қарау;

4) химиялық реакциялар;

5) иммунологиялық зертеу.

30. Өлім басталғандықтан кейін мәйіт дақтарының дамуында стаз кезеңі байқалады:

1) 5-8 сағат;

2) 9-12 сағат;

3) 13-24 сағат;

4) 24 сағаттан астам;

5) 3 сағаттан астам.

31. Өлім басталғандықтан кейін мәйіт дақтарының дамуында имбибиция кезеңі байқалады:

1) 5-8 сағат;

2) 9-12 сағат;

3) 13-24 сағат;

4) 24 сағаттан астам;

5) 3 сағаттан астам.

32. Өлім басталғандықтан кейін мәйіт дақтарының дамуында гипостаз кезеңі байқалады:

1) 5-8 сағат;

2) 9-12 сағат;

3) 13-24 сағат;

4) 24 сағаттан астам;

5) 3 сағаттан астам.

33. Мәйттің сабындануына әкелетін себептер:

1) ылғалды қоршаған орта;

2) вентиляцияның болмауы;

3) құрғақ қоршаған орта;

4) жақсы вентиляция;

5) мәйіт температурасының 00С-тен төмен болуы.

34. Мәйттің мумиялануына әкелетін себептер:

1) ылғалды қоршаған орта;

2) вентиляцияның болмауы;

3) құрғақ қоршаған орта;

4) жақсы вентиляция;

5) мәйіт температурасының 00С-тен төмен болуы.

35. Ерек адам мәйіті ылғалды, ылайлы топырақта жатқанда денсінің сабын-дануы (сапонификация) дамиды кемінде:

1) 1 айда;

2) жарты жылда;

3) бір жылда;

4) 2-3 жылда;

5) 5 жылда.

36. Ерек адам мәйіті құрғақ, жақсы желденетін жылы ауасы бар бөлмеде жатқанда толық мумиялануы дамиды:

1) 1-2 айда;

2) 3-5 айда;

3) 6-12 айда;

4) 2-3 жылда;

5) 4-5 жылда.

37. Мумияланудың даму дәрежесіне қарап анықтауға болады:

1) өлім уақытын;

2) мәйіттің жатқан жердегі жағдайды;

3) өлім себебін;

4) өлім болған кездегі жыл мезгілін;

5) мәйіттің жынысын.

38. Сабынданудың даму дәрежесіне қарап анықтауға болады:

1) өлім уақытын;

2) мәйіттің жатқан жердегі жағдайды;

3) өлім себебін;

4) өлім болған кездегі жыл мезгілін;

5) мәйіттің жынысын.

39. Мәйітті табылған орнында дәрігер-маман ретінде жұмыс жасауға құқығы жоқ:

1) хирургтың;

2) терапевттің;

3) акушер-гинекологтың;

4) педиатрдың;

5) провизордың.

40. Мәйітті оқиға болған жерде тексеру барысында сот-медицина саласының дәрігер-маманы жасайалады:

1) жара өзегін зондтау;

2) әйел мәйітінің жыныстың ағзаларынан жұғындылар алуға;

3) терідегі жаралардың жиектерін кесіп алып сот-медициналық зертханаға

жіберу;

4) қан дақтарын анықтауға алғашқы сынамаларын өткізу;

5) спектрофотометрия жасау.

41. Өліктің сіресуі әдетте келесі ет топтарынан басталып өрбиді (жоғарыдан төмен қарай):

  1. екі аяқ еттері

  2. екі қолдың бұлшық еттері

  3. мойын еттері

  4. беттің шайналу, жымию бұлшық еттері

  5. Кеуде еттері

42. Мәйіт табылған жерде өлікті сырттай қарайды және осыған жауапкершілікті алады:

  1. Тергеуші

  2. Криминалист-сарапшы

  3. Инспектор

  4. Сот-мед, сарапшы

  5. Учаскелік инспектор

43. Сот- медицинасында жаңа туылған нәресте деп саналады;

  1. Егер нәресте 1-апта өмір сүрсе

  2. Егер нәресте туылғаннан соң 1-2 тәулік өмір сүрсе

  3. Егер нәресте 3-күннен 5-күнге дейін өмір сүрсе

  4. Егер нәресте 2-аптадан артық өмір сүрсе

  5. Егер нәресте 1-айға дейін өмір сүрсе

44. Өкпеге байқау жасаудың дұрыс реттілігін анықтаңыз:

  1. Суға өкпенің кесінділерін тастайды

  2. Суға әрбір өкпені батырады

  3. Су құйылған ыдысқа көкірек қуысы ағзаларын тұтас, сосын екі өкпені бүтіндей, әрбір өкпені жеке-жеке, өкпенің әрбір бөлігін, сегментін, өкпенің қиындыларын

  4. Суға өкпенің әрқайсысын салады

  5. Суға тек қана өкпені батырады

45. Асфиксияның бірінші кезеңіне тән:

  1. Есінен тану

  2. Ретсіз әрекеттермен бірге жүретін тыныс алудың тоқтауы

  3. Тынышталу қалпы

  4. Күшті дірілдеу

  5. Ентігу

46. Тірі кезінде суға түскендігін көрсететін судан шығарылған мәйіттің сыртқы белгілері::

  1. «қаз терісі»

  2. Тері қабатының бозаруы және әжімденуі

  3. Ауыз-мұрнының айналасындағы тұрақты көбік

  4. Шаштарының түсуі

  5. Тері жабындыларының мацерациясы

47. Жұмсақ тіндерінің жарасын соғылған түріне жатқызатын белгілер:

  1. Ұштарының үшкірленуі

  2. Сызықша түрі

  3. Жиектерінің біртегістігі

  4. Белгілердің ешқайсысы емес

  5. Жараның ұштарындағы жұқа ұлпаларының мыжылуы

48. Жарақаттардың тірі кезінде түскендігінің белгілері:

  1. Лейкоцитарлық белдеменің болмауы

  2. Қабыну белгісінің болмауы

  3. Қанталаудың болмауы

  4. Қабыну белгілерінің болуы

  5. Жоғарыда көрсетілгендердің ешқайсысы емес

49. Қарумен атқанда оқ кірген жараның белгісі:

  1. Тіннің кемістігі

  2. Формасы дұрыс емес жыртылған тесіктің болуы

  3. Оқ тиген жараның өзінің қолы жететін аймақта орналасуы

  4. Дөңгелек формалы тесіктің болуы

  5. Жырақ формалы тесіктің болуы

50. Пайда болғаннан кейін екінші күні тері қабаты сырылған жерінің көрінісі:

  1. Беті қызғылт, жылтыр

  2. Тері деңгейінен төмен орналасқан ,беті ылғалды болады

  3. Қара-қошқыл түсті тері деңгейінен биік орналасқан қабық

  4. Жиектерінен бастап түсе бастаған қабықпен жамылған

  5. Тері деңгейінен жоғары көтерілген сұр-қоңыр қабықты

51. Аяқтың сан сүйегі ашық түрде сынғанды денсаулыққа келген зияндықты бағалаушы белгі:

  1. Еңбекке қабілеттілікті 33% тұрақты жоғалту

  2. Өмірге қауіптілігі

  3. Денсаулықты үш аптадан аса мерзімге қалпынан бұзу

  4. Еңбекке қабілеттілікті 10% жоғары, бірақ 33% төмен тұрақты жоғалту

  5. Ағзалардың функциясының бұзылуы

52. Жоғары температураның тірі кезінде әсер еткенін дәлелдейді:

  1. Мәйіттің қанында карбоксигемоглобиннің табылуы

  2. Мәйіттің «боксер» қалпында болуы

  3. Мәйіттің аяқ-қолдарының күйген бұлшықеттерінде карбоксигемогло-биннің табылуы

  4. Күйіктердің орналасуы

  5. Шаштарының ұштарының күюі

53. Сынап тұздарымен ішек-қарын арқылы жедел уланғанда қандай белгілер байқалмайды:

  1. Жаралы колит

  2. Гингивит және стоматит көріністері

  3. Нефрозды-нефрит

  4. Асқазанның тесілуі

  5. Пневмония

54. Қандай нысандар жалпы сот химиялық зерттеуге жіберілмейді:

  1. Бір бүйрек және зәр

  2. Асқазан ішіндегісімен

  3. Бауырдың 1/3 бөлігі және өт қабы

  4. Сүйек кемігі

  5. Жүрек, ішіндегі қанымен

55. Мәйіттің тері қабатының қызғылт түсі, өлік дақтарының, қанының, жұмсақ ұлпалардың ашық-қызыл түсі келесі уланулар кезінде пайда болады:

  1. Көміртегі тотығымен

  2. Метанолмен

  3. Цианидтермен

  4. Қозықұйрықпен

  5. Анашамен (опиум)

56. Денені дөңгелетің басып өткенінде қандай белгі тән емес

  1. Іш қуысы ағзаларының көкірек қуысына ығысуы

  2. Бірнеше анатомиялық сызықтар бойына орналасқан қабырғалардың көптеген сынықтары

  3. Жарақаттан болған тері астының жолақты буллалы эмфиземасы

  4. Терінің «бастапқы шымшылуы»

  5. Бампер сынығы және аяқ киімнің табанында сырылу іздерінің болуы

57. Автомобилдің жаяу адаммен қақтығысуына өте тән белгі:

  1. Аяқ киімнің табанында сырылу іздерінің және дененің соғылғанының белгісінің болуы

  2. Бірнеше анатомиялық сызықтар бойымен қабырғалардың көптеген сынықтары

  3. Жарақаттан болған тері астының жолақты буллалы эмфиземасы

  4. Іш қуысы ағзаларының көкірек қуысына ығысуы

58. Өлім кенеттен болған деп саналады:

  1. Перзентханада босану кезінде өліп қалса

  2. Науқас емханада жүрек талмасы ауруы бойынша есепте тұрса

  3. Қарап отырып бірден өліп қалса

  4. Өлім дәрігердің көзінше болса

  5. Созылмалы ауруы асқынса

59. Айғақты заттардың сот медициналық сараптамасының нысаны болады:

  1. Зәр

  2. Сілекей

  3. Қан

  4. Нәрестенің нәжісі

  5. Шаш

60. Қар бетінде қанға ұқсас дақ табылған, оны зерттеуге қалай жіберу керек:

  1. Дақты қармен қоса таза үлдірікке салып, кептіру қажет, сосын зерттеуге жіберіледі

  2. Қарды біртіндеп таза шиша ыдысқа салады

  3. Қарды отқа ерітіп, суын үлдірікке кептіреді

  4. Дақты қар алынбайды

  5. Қанды жеке, қарды жеке алады

61. Сот-медициналық сарапшылар комиссиясы келесі негізгі мәселелрді шешпейді:

  1. Жіберілген қателіктерге медицина қызметкерлерінің күнәсі барма: болса, кім кінәлі

  2. Науқасты емдеуде қандай кемшіліктер жіберілген

  3. Науқасты тексеру және емдеу дұрыс жүргізілген бе

  4. Өлімнің себебі не

  5. Денесінде қандай жарақаттар барі

62. Терінің қай қабаты зақымданғанда сырылу пайда болады:

  1. Терінің эпидермисі емізікше қабатына дейін

  2. Қаңқаның сүйектері зақымданғанда

  3. Терінің барлық қабаты және астындағы тіні

  4. Тері тамырларының

  5. Тері нервтерінің

63. Жарақаттан кейін қай мерзімде тері қабатының сырылып-жырылған жеріне қабық пайда болады:

  1. 24 сағаттан аса

  2. 14-18 сағаттан соң

  3. 6-8 сағаттан соң

  4. 18-24 сағаттан соң

  5. Алғашқы 1 сағат ішінде

64. Қай мерзімінен кейін сырылған терінің қабығы түседі:

  1. 15-20 күннен соң

  2. 5-6 күннен соң

  3. 7-12 күннен соң

  4. 3-5 күннен соң

  5. 25-30 соң

65. Қолмен қылғындырғанға тән мойнының тері қабатының сырылуының түрі:

  1. Жолақ-жолақ тәрізді

  2. Дөңгелек тәрізді

  3. Тіксызық тәрізді

  4. Жарты ай тәрізді

  5. Сопақша тәрізді

66. Айыпкерлермен жәбірқойларды сот медициналық куәлендіруге негіз болады:

  1. Сот тергеу органдарының қаулысы (жолдамасы)

  2. Аурухана бас дәрігерінің жолдамасы

  3. Куәләндіруші жұмыс істейтін өндіріс әкімшілігінің жолдамасы

  4. Куәләндірушінің арызы

  5. Облыс немесе қала әкімінің жолдамасы

67. Азаматтарды куәләндіру барысында қатысуға құқығы бар:

  1. Тергеуші, іс жүргізуші

  2. Куәләндірушінің туыстары

  3. Куәләндірушінің жұмыс істейтін мекемесінің өкілдері

  4. Оқиға куәлері

  5. Бәрінің де құқығы бар

68. Айыпкерлер мен жәбірленушілерді сот медициналық сараптамадан өткізу барысында қандай құжат құралады:

  1. Сот медициналық куәләндіру актісі

  2. Сот медициналық сараптама актісі

  3. Кеңейтілген сот медициналық анықтамасы

  4. Сот медициналық куәләндіру хаттамасы

  5. Сот медициналық сараптама хаттамасы

69. Куәләнушінің болған оқиға туралы айтқандарын қалай бағалау қажет:

  1. Айтып көрсеткен оқиға барысын сан

  2. Айтушыға толық сену.

  3. Алдын – ала сақтықпен қарау.

  4. Немқұрайлы қарау.

  5. Бәрі дүрыс.

70. Сот-медицининалық куәлендірудің хаттамалық бөлімі қандай түрде жазылады.

  1. Жазық қортынды түрде жаз.

  2. Сипаттама жазық диагноз түрінде жазылуы тиіс.

  3. Сипаттау түрінде жазылуы тиіс.

  4. Қысқаша мәліметер түрінде жазылады.

  5. Схемалар түрінде көрсетіледі.

71. Алкоголдік мастықтың дәрежесі қорытынды түрде анықталуы мүмкін:

  1. Катамнез бойынша.(өлімнің пайда болуы тарихына сүиене отырып).

  2. Мәйітті сот-медициналық сараптамалау нәтижесінде.

  3. Мәйіт ағзаларының кескіндерін гистологиялық зерттеу нәтижесінде

  4. Клиникалық мәліметтер бойынша

  5. Сот-химиялық зерттеудің нәтижесінде.

72. Оқиға болған жерде мәйітті қарағанда көз қарашығы өте кішірейген. Бұл қандай умен уланғанда пайда болады деп күдіктенуге болады.

  1. Көміртегі тотығымен

  2. Атропинмен

  3. Фенолмен

  4. Анашамен, морфимен, героинмен

  5. Беленамен

73. Оқиға болған жерде мәйіттің көз қарашықтары өте кеткендігі байқалады. Қандай у мен уланған пайда болуы мүмкін:

  1. Дурманмен, атропинмен

  2. Анашамен

  3. Фенолмен

  4. Көміртегі тотығымен

  5. Ауыр металдар тұзымен

74. Мәйітті ашып тексергенде уланғаннан өлгендігі күдіктелді, жұмсақ ұлпалардың ылғалды некроз болғандығы байқалады. Бұл немен уланғанда болады?

  1. Сілтілермен

  2. Қышқылдармен

  3. Құрамында ыдырататын улармен

  4. Қанға әсер ететін улармен

  5. Функциональды улармен

75. Биіктіктен құлап аяққа түскенге тән емес жарақат:

  1. Балтыр сүйектерінің көптеп сынуы

  2. Сан сүйегінің қазықша қағылып сынуы.

  3. Тілдің түбінің қанталауы

  4. Өкше сүйектерінің сынуы

  5. Сыртқы жарақаттардың ішкі жарақаттармен сәйкес келмеуі

76. Тұзақпен буындырғанға тән странгуляциялық із:

  1. Бірқалыпты емес, әр жерінде үзілісі бар із

  2. Ұзына бойы бірқалыпты түскен, тереңдігі бірдей із

  3. Мойнының бір жағында біртегіс түскен із

  4. Төменнен жоғары қисая түскен із

  5. Түбіне қан құйылған

77. Медицина қызметкерлерінің кәсіби құқық бұзуына байланысты қылмыстық іс қозғалады:

  1. Дәрігерлік қателік

  2. Заңсыз емдеу

  3. Эпидемияға қарсы ережелерді бұзу

  4. Немқұрайлылық

  5. Жәбірленгенге, зардап шеккенге жәрдем көрсету

78. Жақын емес қашықтықтан атқандағы Виноградов феноменіне тән емес:

  1. Оқтың кірген тесігінің сыртқы бетінде ыстың қалуы

  2. Оқ кірген тесіктің жиектері мен ыстану шеңберінің арасында бос аймақтың болуы

  3. Киімнің астыңғы қабатында немесе тері қабатында ыстанудың қалдықтарының болуы

  4. Ыстың сәуле түрінде қалуы

  5. Ыстанудың шеңберінің болар болмас мөлшері, 1-1,5 см-ден аспайтын

79. α және γ стандартты сарысулар қосылған пробиркаларда агглютинация болды. Қанның тобы қандай:

  1. Қан тобы ІІІ

  2. Қан тобы - І

  3. Қан тобы - ІІ

  4. Қан тобы - ІҮ

  5. Қан хайуанатқа тән

80. Тұншыққаннан болған өлімнің қай түрінде «бет әлпетінде эккиматикалық перде» болады:

  1. Көкірек пен іш қуысын басқанда

  2. Қолмен қылғындырғанда

  3. Тұзақпен асылғанды

  4. Суға тұншыққанда

  5. Тыныс жолдарының бөгде заттармен жабылғанында

81. Шәует сұйығына ұқсас дақтың зерттеу барысында теріс нәтиже алғанда сарапшы тұжырым жасауға тиіс:

  1. Дақтарда шәует сұйығы табылмады

  2. Еркек ұрығы табылмады

  3. Дақ басқа затқа жатады

  4. Еркек ұрықтары бұзылған

  5. Еркек ұрығы ыдырай бастаған

82. Мәйітті зерттеу барысында тұлғасын сипаттауда баса қарау қажет:

  1. Киіміне

  2. Адамның сыртқы түріне

  3. Бас пен бетіне

  4. Айрықша белгілеріне

  5. Аяқ киіміне

83. Атудың қосымша факторларына жатқызуға болмайды:

  1. Металдаздану шеңберін

  2. Ату жалынын

  3. Дәрінің (газдарын)

  4. Ату ысын

  5. Металдың майда бөлшектері жанбаған дәрі түйіршіктері

84. Асылып өлген жағдайда ішкі плевраның, эпикардтың астында әдетте кездесетін қан құйылудың сипаты:

  1. Қызғылт-қызыл, нүкте тәрізді

  2. Ақшыл-қызыл жайылған

  3. Қара-қошқыл, үлкен дақтар түрінде

  4. Жолақ-жолақ қызғылт –қызыл

  5. Қарақошқыл қызыл, нүкте тәрізді

85. Доғал заттарға жатады:

  1. Аралайтын

  2. Шабатын

  3. Шаншылатын

  4. Кесетін

  5. Тұйық-қырлы

86. Суға батып өлгенде ішкі плевраның, эпикардтың астында әдетте кездесетін қан құйылудың сипаты:

  1. Тоқ қызыл, үлкен дақтар түрінде

  2. Нүкте тәрізді, тоқ қызыл

  3. Қызыл жайылған

  4. Жолақ-жолақ, қызғылт-қызыл

  5. Қызғылт-қызыл, нүкте тәрізді

87. Шаншылып –кесілген жараларға тән белгілер:

  1. Ұштары тұйық

  2. Жиектері біртегіс

  3. Жараның ұштарында жұмсақ ұлпаның мыжылуы

  4. Жиектері біртегіс емес

  5. Жараның түбінде ұлпаның мыжылуы

88. Егер тері қабатының сырылуы бар болса, сарапшы келесі сұраққа жауап бермеуге тиіс:

  1. Пайда болу мерзіміне

  2. Сырылудың пайда болу себебіне

  3. Әсер еткен күштің бағытын анықтауға

  4. Әсер еткен доғал заттың сипатын және жарақаттаушы бетінің түрін анықтауға

  5. Күштің әсер еткен жерін анықтауға

89. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы әсерінен кенеттен болған өлімді зерттеу кезінде қандай өзгерістер анықталуы мүмкін:

  1. 5-7 қатардағы бронхиолалардың бөгде заттардың болуы

  2. Өкпе ұлпаларын геморрагиялық инфаркттар, өкпе артериясының негізгі оқпанында және оның тармақтарында ұйыған қан түйіршіктері, оқпанды толық бітейтін болуы

  3. Өкпелер эмфизематозды, орта және кіші бронхтардың саңылаулары қою сілемеймен бітелген

  4. Ұйыған қан түйіршіктерінің, өкпе артериясының негізгі оқпанында болмауы

  5. Өкпелерде геморрагиялық трахеобронхит-майда және ірі ошақты инфаркт тәрізді қан құйылулар

90. Химиялық реакциялар нәтижесінде ұлпалада мен дәрі газының әсерінен әдетте келесі заттар пайда болады:

  1. Карбоксигемоглобин

  2. Метгемоглобин

  3. Гемосидерин

  4. Вердохромоген

  5. Билирубин

91. Төмендегі көрсетілген белгілердің атмосфералық электрдің әсеріне тәндігі жақын:

  1. Электр белгілері

  2. Бас сүйегі күмбезінің шытынап жарылуы

  3. Дене бөліктерінің күйіктен көмірге айналуы

  4. «Найзағай мүсіні (ізі)»

  5. «найзағай мүсіні (ізі)» болмауы

92. Жас балаларды мерзімінен бұрын өлімге жиі соқтыратын аурулар:

  1. Миокард инфаркты

  2. Бронхопневмония

  3. Жедел лейкоздар

  4. Бронх астмасы

  5. Ішек-қарын жолдарының аурулары

93. Фабриканов белгісіне жатады:

  1. Бүйрек түбектеріндегі майда қан құйылу іздері

  2. Ен қабының бүрісуі, онда еннің болмауы

  3. «Қаз терісі»

  4. Қарынның шырышты қабығының астына қан құйылуы

  5. Ашық-қызыл түсті мәйіт дақтары

94. Оқиға болған жерде қанға ұқсас дақтар табылған жағдайда сүртінді алынады:

  1. Жерден

  2. Киімнен

  3. Теріден

  4. Айнадан

  5. Ағаштан

95. Қандай жағдайда әкелікті анықтау туралы сұрақ қойылмайды:

  1. Дене жарақатының ауырлық дәрежесін анықтауды

  2. Некені бұзу барысында

  3. Балаларды ауыстырып алғанда

  4. Медицина қызметкерлерінің құқық бұзуына байланысты сараптамады

  5. Ата-анадан қалған мүлікті бөлгенде

96. Этил алкоголімен уланудан өлім жағдайында диагноз қоюындағы

негізгі белгі:

  1. Қанның түсі мен күйі

  2. Органдар мен дене қуыстарынан алкоголдің иісінің болуы

  3. Өлімнің басқа айқын себептерінің болмауы

  4. Қан мен несептегі алкоголдің концентрациясы

  5. Асқазандағы алкоголдің концентрациясы

97. Шірігенде адам денесі не себептен жасылданып көгеріп кетеді:

  1. Метгемоглобиннің пайда болуынан

  2. Күкіртті темір тотығының пайда болуынан

  3. Карбоксигемоглобиннің пайда болуынан

  4. Дененің тері қабатының зәктеніп көгеруінен

  5. Гемолизденген қанмен сіңбелегенде

98. Адамның шашының көлденең кесіндісінің тіндердің формасы қандай

болады:

  1. Дөңгелек немесе сопақша

  2. Дұрыс емес үшбұрышты

  3. Ұзынша

  4. Бүйрек тәрізді

  5. Төртбұрышты

99. Тұншығудың қандай түрінде өкпелерде Рассказов-Лукомский дақтары

пайда болып қабынып-ісіну байқалады:

  1. Асылып өлгенде

  2. Кеуде және іш қуысы ауыр затпен басылғанда

  3. Тұзақпен қылғындырылғанда

  4. Тыныс жолдары бітеліп қалғанда

  5. Суға тұншығып өлген жағдайда

100. Мәйіт денесінің артқы және алдыңғы жағында өлік дақтары бар, және біркелкі түсті. Өлгеннен кейін қанша уақыттан соң мәйіттің денесі аударылған:

  1. 8-10 сағаттан кейін

  2. 4-6 сағаттан кейін

  3. 12-15 сағаттан кейін

  4. 15-24 сағаттан кейін

  5. 24-36 сағаттан кейін

101. Морфинді ішке қабылдағанда өлімге соқтыратын ең аз дозасы:

  1. 1,00г.

  2. 0,01г.

  3. 0,05г.

  4. 0,2-0,5г.

  5. 0,05-0,1г.

102. Бірдей температурада қандай жағдайда мәйіт тез суынады:

  1. Суда

  2. Бөлмеде

  3. Ашық ауада (далада)

  4. Табытта

  5. Жерде

103. Мысалдардың қай түрінде күйік өмірге ең қауіпті болып саналады:

  1. Дененің 70% -і І-дәрежеде күйген жағдайда

  2. Дененің 10% -і ІІ-дәрежеде күйген жағдайда

  3. Дененің 5% -і ІІІ-дәрежеде күйген жағдайда

  4. Дененің 10% -і ІҮ-дәрежеде күйген жағдайда

  5. Дененің 20% -і І-ІІ-дәрежеде күйген жағдайда

104. Жаңа туылған нәрестенің денесінің ұзындығы-40см. Жатыр ішіндегі нәрестенің даму мерзімі қандай:

  1. 6 апта

  2. 9 апта

  3. 7 апта

  4. 10 апта

  5. 8 апта

105. Кенеттен көп қан аққан кезде жүректің эндокардының астындағы қан құйылулар сипаты:

  1. Қарақошқыл-қызыл, үлкен дақтар тәрізді

  2. Нүктелер тәрізді, қарақошқыл-қызыл

  3. Жайылған ақшыл-қызыл

  4. Ақшыл-қызғылт, жолақ-жолақ

  5. Қызғылт-қызыл, нүктелер тәрізді

106. Қандағы алкоголь концентрациясы 2,5-3,0 промилли. Бұл мастықтың қандай дәрежесіне сәйкес:

  1. Күшті

  2. Жеңіл

  3. Орташа

  4. Өлімге соқтыратын улану дәрежесіне сәйкес

  5. Әсері жоқ

107. Құрылымын ыдырататын улы заттарға жатады:

  1. Қанның биохимиялық қасиеттеріне өзгеріс енгізетін

  2. Әсер еткенде ішкі ағзаларда морфологиялық өзгерістер пайда болатын

  3. Ағзалардың функциясын (қызметін) өзгертетін, бірақ морфологиялық дарақы өзгерістерге соқтырмайтын

  4. Ағзалар мен ұлпаларда жиналатын

  5. Тері қабатымен немесе шырышты қабықтармен тиіскенде жергілікті әсер ететін улар

108. Қылмысты түсік тастаудан өлімге соқтырудың себептері (жиі кездесетін):

  1. Сепсис (қан арқылы микробтардың денеге тарауы)

  2. Ауа эмболиясы

  3. Май эмболиясы

  4. Өте жедел қан азаюы

  5. Тромбоэмболиясы

109. Паренхиматозды ағзаларға оқ тигенде, кіреберісіндегі тесіктің формасы:

  1. Дөңгелек

  2. Сопақша

  3. Жұлдыз тәрізді

  4. Саңылау тәрізді

  5. Жолақ тәрізді

110. Герметикалық тақап ату дегеніміз:

  1. Оқпан ұшын денеге тақап ату

  2. Жартылай тақап ату

  3. Жақын қашықтықтан ату

  4. Алыстан ату

  5. Екі араға бөгде зат қойып ату

111. Өлгеннен кеиін алғашқы сағаттарда өлімнің пайда болу мерзімі дәлірек анықталады;

  1. Өлік сіресуі бойынша.

  2. Өлік дақтары бойынша

  3. Барлық көрстілген деректердің жиынтығы боиынша.

  4. Көз қарашықтарының пилокарпинге және атропинге реакциясы бойынша

  5. Дененің суынуы бойынша

112. Қоршаған ортаның температурасы 18-20 градус С-болғанда мәйіттің орташа суыну жылдамдығы төмендегіге сәйкес;

  1. 1ْ С әр сағат саиын

  2. 0,5ْ С-әр сағат сайын

  3. 2ْ С-әр сағат сайын

  4. 2,5ْ С-әр сағат сайын

  5. 3,0ْ С-әр сағат сайын

113. Оқиға болған жерде мәйітті қарау барысында дәрігер келесі сұраққа жауап бере алмайды.

  1. Мәйіттің денесінде қандай жарақаттар бар.

  2. Шамамен өлімнің неден болған себебі.

  3. Шамамен қай мерзімде өлім пайда болған.

  4. Алкогольдік мастықтың дәрежесі.

  5. Мәйіттің айналасында биологиялық былғанулар бар ма?

114. Әдетте мәйіттің сіресуі төменнен жоғары қарай келесі бұлшықет топтарынан бастап өрбиді:

  1. Екі қол еттерінен

  2. Екі аяқ еттерінен

  3. Мойын еттерінен

  4. Беттің шайнау және жымию еттерінен

  5. Кеуде еттерінен

115. Өлік дақтары бойынша анықтауға болмайды:

  1. Мәйіттің жасын

  2. Өлімнің пайда болу мерзімін

  3. Өлімнің пайда болу себебін

  4. Мәйіттің алғашқы жатқан қалпының өзгергенін

  5. Мәйіттің ненің үстінде жатқандығын

116. Айғақты заттарды сараптамалау кезінде жасалатын құжат қалай аталады:

  1. Акт

  2. Айғақты заттарды қарау хаттамасы

  3. Сарапшы тұжырымы

  4. Сараптама акті

  5. Айғақты заттарды алу хаттамасы

117. Мәйіттің мойнында тұзақ орналасуы әдеттегідей деп аталады, егер ... болса.

  1. Тұзақтың түйіні мойнының оң жағында

  2. Тұзақтың түйіні иек астында

  3. Тұзақтың түйіні мойнының сол жағында

  4. Тұзақтың түйіні желке тұсында

  5. Кез-келген жағдайда орналасқанда

118. Рассказов-Лукомский дақтары суға тұншығып өлген жағдайда мәйіттің ... орналасады:

  1. Өкпе сірі қауызының астында

  2. Эпикард астында

  3. Эндокард астында

  4. Эпикард және сірі қауыз астында

  5. Көздің шырышты қабығы астында

119. Атылған оқ рикошетпен бағытын өзгертуі үшін қажет негізгі жағдай:

  1. Оқтың тосқауылмен 35-45ْ-градус бұрышпен соқтығысуы

  2. Оқтың тосқауылмен 25-31ْ-градус бұрышпен соқтығысуы

  3. Оқтың тосқауылмен 15-25ْ-градус бұрышпен соқтығысуы

  4. Оқтың тосқауылмен 15ْ-градус бұрышпен соқтығысуы

  5. Оқтың тосқауылмен 45ْ-градустен жоғары бұрышпен соқтығысуы

120. Оқсыз патронмен атқанда дене жарақаты пайда болу себептері:

  1. Дәрі газының әсерінен

  2. Металл бөлшектерінің әсерінен

  3. Капсюль жарылысының өнімдерінің әсерінен

  4. Жалынның әсерінен

  5. Оқ дәрісін ұстап тұратын тығынның әсерінен

121. Мылтықтың оқпанын қысқарту негізінен ... әкеліп соқтырады:

  1. Оқтың ұшу траекториясының өзгеруіне

  2. Оқ дәрісінің жануының төмендеуіне

  3. Оқтың жылдамдығының азаюына

  4. Оқпан ішінде оқтың жарылып кетуіне

  5. Оқтың жәбірленушінің денесінде жарылып кетуіне

122. Айғақты заттарды зерттеу ... жүргізіледі (биологиялық нысандар):

  1. Сот медициналық сараптама филиалының құрамындағы сот-медициналық лабораторияларының биологиялық бөлімшелерінде

  2. Клиникалық ауруханалардың зертханаларында

  3. Ішкі істер министрлігінің криминалистік зертханаларында

  4. Ғылыми зерттеу институтының зертханаларында

  5. Поликлиника зертханаларында

123. Әдетте, айғақты заттарды зерттеу барысында қандай сұрақтар шешілмейді:

  1. Қанның еркекке немесе әйелге сәйкес болуы

  2. Қанның аймақтық тегі

  3. Айғақ заттарда қан бар ма, оның қайсы түрге жататындығы

  4. Дақтың пайда болу мерзімі

  5. Зерттеу нысанындағы қан дағын жоюға әрекет болған ба

124. Суға тұншығып өлгеннен кейін мәйіт суда жатып қалған жағдайда Рассказов Лукомский дақтары ... кетеді.

  1. Бір айдан соң

  2. Бірнеше сағаттан кейін

  3. Бір аптадан кейін

  4. Екі аптадан кейін

  5. Бірнеше күннен кейін

125. Жүктілікті анықтау үшін ... байқауы қолданылады:

  1. Ашгейм-Цондек

  2. Гаден-Шрейдер

  3. Бокариус

  4. Свешников

  5. Сунцов

126. Көрсетілген нысандардың сараптамасы сот-биологиялық түріне жатады:

  1. Бұзуға қолданылған қарулар

  2. Оқиға болған жерден табылған оқ

  3. Шишадағы саусақ іздері

  4. Сыртқы ортадағы заттардағы қан іздері

  5. Жердегі аяқ киімнің табанының ізі

127. Нәрестенің тірі туылғандығын анықтау үшін ... байқауы жүргізіледі.

  1. Гаден-Шрейдер

  2. Ашгейм-Цондек

  3. Бокариус

  4. Свешников

  5. Сунцов

128. Синиль қышқылымен уланғанда өлік дақтарының түсі ... болады.

  1. Қара-қоңыр

  2. Сия-көк

  3. Көкшіл-сұр

  4. Шие-қызыл

  5. Қара-қошқыл қызыл

129. Мәйіт табылған жерде мәйітті қарап тексеруге тергеуші ... қатыстыруға құқығы жоқ.

  1. Фельдшерді

  2. Терапевтді

  3. Учаскелік дәрігерді

  4. Педиаторды

  5. Хирургты

130. Нәресте мәйітінің ішек-қарынында ауа бар. Қанша уақыт өмір сүрген:

  1. Минуттар

  2. Сағаттар

  3. Тәуліктер

  4. Секундтар

  5. Бір апта

131. Нәресте өлтіруші болуы мүмкін:

  1. Әжесі

  2. Жақын туыстары

  3. Әкесі

  4. Бейтаныс адамдар

  5. Шешесі

132. Тұншығудың екінші сатысына:

  1. Ішке аздап дем алудың, сыртқа тез дем шығаруымен алмасуы

  2. Қатты ентіге дем алу

  3. Терминалдық жағдай

  4. Тынышталу қалпы

  5. Тез және терең ішке дем тарту, саяз демшығарумен алмасатын

133. Өкпенің «Кармин ісінуі» тұншығудың келесі механикалық түрінде болады:

  1. Мойын ағзаларын тұзақпен қысқанда

  2. Көкірек пен іш қуысының басылып қалғанында

  3. Асылғанда

  4. Суға тұншыққанда

  5. Қолмен қылғындырғанда

134. Сүйек сынған жерде жұмсақ ұлпалардың қанталауы ... зат әсер еткенде болады.

  1. Қатты доғал

  2. Шабатын

  3. Кескіш

  4. Шаншушы

  5. Шаншушы-кесетін зат

135. Шабылғаннан болған жараға тән белгілер:

  1. Жиектерінің біртегіс болуы

  2. Терінің барлық қабаттарының зақымдануы

  3. Жараның ұзындығының тереңдігінен көп болуы

  4. Сүйектің шлифке ұқсас зақымдануы

  5. Жараның түбіне дейін толық зақымданбауы

136. Денеге оқтың енген жеріндегі тесіктің айналасында тері қабатында порохтың қандай іздері қалады:

  1. Үйкелу белдеу

  2. Сыдырылу белдеуі

  3. Соғылу аймағы

  4. Ыс

  5. Пергаментті дақтар

137. Сандағы қанталап-көгеру 4-5 күннен кейін қандай түсті болады:

  1. Жасылдау

  2. Қызыл

  3. Қарқошқыл – сия көк жасылдау түсті

  4. Сарғыш

  5. Жасылдау-сары

138. Іш қуысына енген, бірақ ішкі ағзаларда зақымдалмаған жарақат денсаулыққа қандай зиян келтірген деп бағаланады:

  1. Өмірге қауіптілік белгісіне сәйкес ауыр зиян келтірген деп

  2. Үш аптадан астам мерзімге денсаулықты қалпынан бұзу белгісіне сәйкес орта дәрежелі зиян қатарына жатады

  3. Денсаулықты қысқа мерзімге қалпынан бұзу белгісіне сәйкес жеңіл зиян қатарына жатады

  4. Еңбекке қабілеттілікті 33% аса тұрақты жоғалту белгісіне сәйкес ауыр зиян қатарына жатады

  5. Еңбекке қабілеттілікті 10%-тен аса тұрақты жоғалту белгісіне сәйкес орта дәрежелі зиян қатарына жатады