Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мәйітті табылған орнында тексеру».DOC
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57.6 Mб
Скачать

1. Табылған адам тірі ме, әлде өлі ме?

Егер өмір сүру мүмкіндіктері күрт төмендесе жүрек соғысы, тыныс және пульс анықталмайды. Сонымен бірге субъективті белгілер де: дененің пассивті қалпы, терінің бозаруы, сезімталдықтың жойылуы, көз қарашығының рефлексінің болмауы - өлім дамығанын көрсете алмайды.

Өлімнің нақты белгілері болмай денені мәйітханаға жіберуге болмайды.

Өлімнің нақты белгілерінің алғашқылары - өлім дағы және сіресу белгілері.

2. Өлім қай кезде дамыған?

Өлім дамығаннан кейін дене неғүрлым ерте табылса, онда өлім уақытын анықтау мүмкіндігі де көбірек Өлімнің уақыты мәйіттік құбылыстардың көрінуімен (дененің сууы, мәйіт дақтары, сіресу, шіру белгілері және т. б.) және олардың даму дәрежесімен анықталады. Бұл кезде мәйіттік қүбылыстардың дамуын тежейтін немесе жылдамдататын қоршаған орта факторларын ескеру керек.

3. Мәйіттегі жарақаттар сипаты?

Табылған жарақаттар толық сипатталып жазылады.

4. Өлім дамығаннан кейін мәйітті қоғаған белгілер жоқ па?

Теріден, киімнен денені сүйреген белгілерді қарау, мәйіт дақтарының орнласуына көңіл аудару керек. Егер мәйітті туыстары дәрігер келгенше қозғаса, бұл мәлімет хаттамада көрсетіледі.

5. Мәйітте, айналасында тартыс, қозғалыс болғандығын көрсететін белгілер жоқ па?

Киімді мүқият қарау керек: жыртылуы мүмкін, түймесі жұлынуы мүмкін. Жарақаттар сипаты, қан дақтары, іздері тексеріледі.

6. Қылмысты айғақтайтын заттарды іздеу, табу, тексеруге алу.

Сот медицина сарапшысы мәйітті табылған жерінде қарау кезінде төмендегідей мәліметтерді хаттамаға енгізу үшін тергеушіге хабарлауы керек:

- мәйіттің қай жерде жатқандығы, айналасындағы қозғалмайтын заттарға байланысты ара қашықтығы сипатталуы керек, яғни ол заттардан неше метр (сантиметр) қашықтықта екендігі көрсетіледі. Егер мәйіт бөлме ішінен табылса, (бұндай қозғалмайтын заттарға қабырға, есік, терезе, ошақ және т. б. жатады) сипаттау былай болуы мүмкін; есіктен сол жақтағы қабырғадан мәйіттің сол қолына дейінгі аралық метр және т. б. Егер дене даладан табылса, қозғалмайтын заттар ағаш, көпір, жолдың шеті және т. б. болуы мүмкін.

- мәйіттің қалай жатқандығы сипатталады: еденде шалқасынан жатыр. аяқ қолдары денесіне келтіріліп созылған қалпында және т. б.

- қайтыс болған адамның киімі: киімнің размері, саласы, түсі; киімде зақымданулар мен былғаныштар бар ма. Егер мәйіттен алшақ жатқан киім бөлшектері болса, хаттамада көрсстілуі қажет. Оқиға болған жердс мәйіттің киімін шешу қажеттігі жоқ, тек оны көтеріп, түймесін ағытып тексеру жүргізуге болады.

- міндетті түрде мәйіттің айналасындағы заттар сипаттааады. Мысалы тас, таяқ, қару, пышақ және т. б. табылуы мүмкін.

- мәйіттік құбылыстар және сыртқы жарақаттар мұқият сипатталады.

Мәйітті тек сыртқы тексеру кезінде, өлім себебі туралы қорытынды-жасауға болмайды.

Мәйітті және айналасындағы заттарды тексеру барысында, қылмысгық іздерді бұзбауға тырысу керек; егер жарақат оқпен алынған болса, Оқиға болған жерден гильзаны, тығынды, қаруды іздеу керек.

Егер улануға күмән туса, оқиға болған жердегі ыдыс-аяқ, бөтелке, шүмектер мұқият тексеріліп, қажеттік туған жағдайда лабораториялық тексеруге жіберілуі керек.