Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мәйітті табылған орнында тексеру».DOC
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57.6 Mб
Скачать

Есеп №3.

13 маусым 2003ж. 9 сағат 30 мин. еңбекші АІІБ-не азамат З.Я. Бегалиевтен хабар түсті: Долорес көшесінің маңында ол көршісі 43 жастағы И.Г. Бабаевтың мәйітін тапты. Азамат З.П.Белов Шавки-евпен көршілес тұратын айтты: өз үйінде отырып 20 сағат 12 маусымда 2003ж. атуға ұқсас дыбыс естігенін.

Оқу мәліметтер.

Өзіне қолжұмсау. Басты тесіп өткен бытырамен жарақаттану. Кіру тесігі оң самай аймағында, тақаған белгілерімен, ал шығу тесігі сол самай-шүйде бөлігінде. Мәйітің іш деңгейінде, оның астында ішке қиғаш бағытта бір діңгекті жатқан аңдық мылтық, оның діңгегі мәйіт денесімен жартылай жабылған. Оң аяғынан етігі шешілген, ол мылтық жанында тұр. Етік қасында ақ мақта матадан тігілген шылғауға ұқсас мата бөлшегі жатыр. Бастың айналасындағы жерде аумағы 70х60 см құрайтын қанның қара-қызыл шалшығы жатыр. Ол жерде оқталған К-16-53 мылтық оғы жатыр. Мылтықтың оқ тұратын жерінде атылған К-16-54 атты жазуымен гильза табылды. Өлім уақыты 13 сағат 30 мин. ауа температурасы +280С.

Тапсырмалар.

1. Оқиға болған жердің және мәйітті тексеру хаттамасын құру. Онда:

а) оқ қару жарақаты кезінде оқиғаболған жерді тексерудің ерекшелігін көрсету;

б) ауа температурасымен өлім уақытын есепке алып мәйіт көріністерін көрсету;

в) оқ атылған бытыраның кіру және шығу тесігін сипаттау;

г) айғақты зат ретінде алынған объектілерді сипаттау;

2. Мәйіттің сот-медициналық зерттеуде анықтау тиіс сұрақтар тізімін құру.

Есеп № 4.

2003 жылдың 18 тамызында жергілікті уақыт 2300-де Шымкент қаласының Теміржол АІІБ-не Совет көшесінің №23 үйінің 4 пәтерінде 55 жастағы көршісі Т.Б.Швайковтың мәйіті табылғанын азамат Б.В.Бапаев хабарлады.

Оқу мәліметтер.

Кісі өлтірілу. Басынан оқты қарумен атқан. Оқ басты тесіп өткен. Оқтын кірген жері – бастың артқы оңжақ бөлігі, шыққан жері – маңдай-самай бөлігінің сол жағы. Оқ денеден шығып пәтер есігіне қадалған. Макаров жүйесіндегі пистолеттен атылған. Оқиға болған жерде: бөлме еденінен атылған оқтың гильзасы табылды. Сыртқы есік құлпы бұзылған, қарсыласып күрескен белгілері бар. Өлгеніне 8 сағат болған. 18-19 тамызда ауа температурасы +240С жылы болған. Мәйіт денесінде оқ жарақатынан басқа оң жақ самай тұсында жаңа түскен жарақат, бетінде, мойны мен кеудесінде көптеген жырылған жарақаттар бар, және оң қол саусағының сыртқы жағында доғал заттан түскен жарақат бар.

Тапсырмалар.

1. Оқиға болған жерді тексеру және мәйітті тексеру хаттамасын толтыру. Онда:

а) оқиға болған жердег оқтан зақымданған жерлердің ерекшеліктерін көрсету;

б) өлген уақыты мен ауа температурасының есепке ала отырып мәйіттік

белгілердің анықтығын байқау, есепке алу;

в) оқтың кірген және шыққан жерін сипаттау;

г) затты айғақ ретінде алынған заттарды сипаттау.

2. Мәйіттің сот-медициналық зерттеуде анықтау тиіс сұрақтар тізімін құру.

Есеп №5.

2003 жылдың 10 тамызында 6 сағат 18 мин. Шымкент станциясы темір жол милиция бөліміне жергілікті уақыт сағат 500-де Арыс станциясы жанындағы разъезде темір жол жағасынан 5м қашықтықта 40-45 жастағы белгісіз ер адамның мәйіті табылғанын жол қараушы Ш.Б.Алиев хабарлады.

Оқу мәліметтер.

Темір жол көлігі қағып сүйреп кеткен.

Мәйіт үстіндегі киім: жасыл, көк жолақтары бақ ақ түсті мақта матадан тігілген көйлек, көгілдір түсті жасанды талшықтан тігілген трикотаж майка, мақта матадан тігілген қара іш киім (лыпа).

Зақымданулар: Басының сол жақ самайдың шашты бөлігінде көптеген жаңа түскен жырылып, сырылған, ұрылған сол жақ маңдай бөлігінде ұрылған жарақаттар бар. Бел-сегізкөз аймағы қанталаған, көлемі үлкен. Шынтақ және саусақтың сыртқы бөлегінде, тізесінде көптеген жырықтар бар. Өлген уақыты – 2003 жылдың 10 тамызда сағат 0100-де. 2003 жылдың 10 тамызында таңертен ауаның температурасы +230С жылы.

Тапсырмалар.

1. Оқиға болған жердің және мәйітті тексеру хаттамасын толтыру. Онда:

а) Өлген уақыты мен ауа температурасын есепке ала отырып мәйіттік

белгілерді сипаттау;

б) Мәйіт денесіндегі және киіміндегі зақымдарды жоғарыда көрсетілген

жарақат алу механизміне тән объективті сипаттау;

в) Мәйітті тексергенде транспорттық жарақаттың ерекшеліктерін көрсету.

2. Белгісіз адамның мәйіттік зерттеу ерекшелігін көрсету.

3. Мәйіттің сот-медициналық сараптауда анықталуы тиіс сұрақтар тізімін жасау.