Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мәйітті табылған орнында тексеру».DOC
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57.6 Mб
Скачать

Есеп № 1.

2003 ж. 10 мамырда сағат жергілікті уақыт 1300-де Еңбекші АІІБ-не азамат Г.Бахриев Трудовая 83 үйде тұратын 50 жастағы көршісі Ш.Г.Алимовтың мәйітін сағат 1100 көргенін хабарлады. Ол алимовты сағат 1600-де тірі көргенін, ал 9 нан 10 мамырға қараған түні алимовтың үйінен айқай-шу естігенін айтады. Алимовтың жалғыз тұрғаны, ішімдікке әуесті, еш жерде жұмыс істемейтінін, оның үйінде жиі-жиі еркектер мен әйелдер бас қосатыны анықталды.

Оқу мәліметтер.

Қісі өлтіру. Жарақат пышақпен салынған. Оң жақ 4-5 қабырғалар арасы мен сол жақ қолтық асты сызығында 2 жарақат өткір шаншып-кесетін құралмен салынған. Бір жүзі қайрылған. Денесінің алдыңғы жағында көлденең бағытта қан аққан. Өлік астында 80х40 см аймақ қанға бөгіп жатыр. Бөлмеде бөлме заттары шашылып жатыр. Төсек жаймалары да қанға қатты былғанған. Бұлардаң басқа тағы да ол бөлмеден бір жиегі қайралған, жүзінің ұзындғы 14 см, екінші жалпақ жері 2 см. олда қан ізі, ұсталық аспаптар табылған. Мәйіт денесінде шаншып кескен жарақаттан басқа көптеген жырықтар мен қанталаулар бар. Өлген уақыты 9 мамырдың 2300, 9-нан 10 мамырға қараған түні ауа температурасы +120С.

Тапсырма.

1. Оқиға болған жердің және мәйіттің тексеру хаттамасын толтыру. Онда:

а) ауа температурасы мен өлген уақытты есепке ала отырып, мәйіт көріністерін сипаттау;

б) мәйітте табылған жарақаттарға объективті сипаттама беру;

в) болжам жарақаттаушы қаруды сипаттау және оны айғақы зат ретінде алу;

г) өткір заттармен зақымдағандағы мәйіт тексеруінің ерекшелігін сипаттау.

2. Мәйіттің сот-медициналық тексеру кезінде анықталуы тиіс сұрақтардың тізімін құру.

Есеп № 2.

8 ақпан 2003ж. 03 сағат 45 мин. Абай АІІБ-не посттағы милиционер Г.Т.Ширяевтен хабар түсті: «Первомайский көшесінде, «Алтын» дүкенінің жанындағы тротуарда 31 жастағы Х.Т. Васильевтің зорлап өлтіру белгілерімен мәйітін тапқан».

Оқу мәліметтер.

Кісі өлтіру, зақымданулар доғал заттармен салынған (кірпіш қабырғасымен). Мәйіттегі киім алба-жұлба, матаның көптеген зақымданулары бар. Шүйде және оң самай бөлігінде 3 жарақат бар. Мойны, еріндерінде көптеген жаңа жырылулар, көгерулер бар, олар қолмен басу арқылы пайда болған. Аяқ-қолдарында, бетінде көптеген қанталаулар бар. Мәйіттен солтүстік бағытқа қарай 20 см жерден қара-қызыл нәрсемен жағылған жанған кірпіштің сынығы табылған, мәйіт айналасындағы жерде көптеген, қанға ұқсас дақтар бар. Өлім уақыты 22 сағат 45 мин. 7 ақпан 2003ж. ауа температурасы 7-нен 8-ші ақпанға қараған түні – -10 -150С.

Тапсырмалар.

1. Оқиға болған жердің және мәйітті тексеру хаттамасын құру. Онда:

а) мәйітте табылған жарақаттарды объективті сипаттау;

б) ауа температурасын мен өлім уақытын есепке алып мәйіт көрінісін сипаттау;

в) оқиға болған жерде табылған болжам жарақат қаруын сипаттау, оны айғақты

зат ретінде алуын көрсету;

г) қанға күдікті дақтарды алу әдісін көрсету.

2. Бұл өлім түрінде мәйітті және оқиға болған жерді тексеру ерекшелігін көрсету.

3. Мәйітті сот медициналық сараптау кезінде шешілуі тиіс сұрақтар тізімін құру.