- •Тақырыпты талдаудың мақсаттары:
- •Жалпы мәліметтер.
- •Сабақты өткізу кезеңдері.
- •Дәрігер-маманның атқаратын рөлі
- •1. Табылған адам тірі ме, әлде өлі ме?
- •Мәйіттің жатқан ортасын тексеру.
- •Өлім құбылысы мен мәйіттік құбылыстар
- •1. Ерте көрінетін мәйіттік құбылыстар
- •2. Тері жабындысының, шырышшы қабықтардың тобарсуы, кебуі.
- •4. Мәйіт бұлшық еттерініц құрысып-сіресуі.
- •5. Аутолиз құбылысы
- •Анықтамалық материал.
- •А. Оқиға болған жерді тексеру методикасы.
- •Мәйіт табылған жерде мәйітті сыртқы тексеру әдісі
- •Статистикалық тексеру
- •Динамикалық тексеру
- •Мәйіт табылған жерді тексеру:
- •Қылмыскердің дағдыларын анықтау.
- •Өлім жағдайы болғанын анықтау.
- •Өлім уақытын анықтау.
- •Мәйіттік өзгерістердің бағдарлық пайда болу және даму мерзімдерді (н.В.Попов бойынша).
- •Механикалық әсерлер:
- •Мәйітті табылған жерде тексерудің бірізділігі.
- •Өлімнің әр түрінде оқиға болған жерді тексерудің және мәйтті табылған жерде тексерудің кейбір ерекшеліктері.
- •Медициналық-криминалистикалық сараптама
- •Сарапшының ұйғарымы
- •Заключение эксперта
- •Медико-криминалистической экспертизы
- •Қаулы негізінде На основании (направления) смэ ___________________________________
- •____________ Ж Хаттама №.
- •Медико-криминалстикалық актке қосымша сараптама
- •Оқиға болған жерді тексеру хаттамалары
- •Сызбасхема
- •Оқиға болған жерді тексеру.
- •Есеп № 1.
- •Есеп № 2.
- •Есеп №3.
- •Есеп № 4.
- •Есеп №5.
- •Есеп № 6.
- •Есеп № 7.
- •Есеп № 8.
- •Есеп №9.
- •Есеп №10.
- •Есеп № 11.
- •Есеп № 12.
- •Есеп № 13.
- •Есеп № 14.
- •Есеп №15.
- •Тесттік бақылау сұрақтары:
- •1. Қр қпк қай бабында мәйітті табылған орнында тексеру қарастырылған?
- •2. Оқиға болған жерді және мәйітті табылған орнында тексеру жатқызылады:
- •3. Оқи болған жерді тексеретін маман?
- •139. Қанға әсер ететін улармен уланғанда байқалады:
- •140. Сот химиялық зерттеуге нысандарды жіберетін ыдыстар ... Болу керек.
- •141. Пупырев белгісі:
- •Жауаптар эталондары:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Мазмұны:
- •Дәрігер маманның атқаратын рөлі.............................................................................5
Оқиға болған жерді тексеру.
(Үлгі)
11 қантар 2014ж. Қайтпас мөлтек ауданы
Шымкент қаласы.
Абай ауданы прокуратурасының тергеушісі С.В.Асанов Абай АІІБ 1ҚБП кезекшісінің хабарлауы негізінде ҚР ҚПК 121-122 бп.бп. сақтай отырып Ақсу ауылының Нартай көшесінің №8 үйінің тұрғыны В.К.Иванова мен Нартай көшесінің №3 үй 36 пәтерінде тұратын Т.К.Қадырованың қатысуымен және мамандардың қатысуымен: сот-медициналық сарапшы Ш.Т.Поповтың және ОҚО ІІБ СКБ сарапшысы милиция капитаны Т.Б. Базарбаевтың қатысуымен оқиға болған жерді және Т.Б.Ивановтың (1953ж. туылған) мәйіті қаралды.
Жоғарыда аты аталған қатысушыларға олардың тергеушісінің барлық іс-әрекеті кезінде қатысуы міндетін және хаттамаға өтініштері мен ескертпелерін түсіруге құқылы екендіктері түсіндірілді.
Қарау 18 сағат 30 минутта, қыстың суық күнінде, жасанды жарық көмегімен түн ішінде жүргізілді. Оқиға жағдайы жайлы белгілі болғаны: 2003 жылы 11 қантарда, сағат 1820-да абай АІІБ кезекші бөліміне Ақсу ауылының тұрғыны Т.П.Соловьев телефон шалып, бүгін шамамен 18 сағат 10 минутта Нартай көшесінің №8 үйінің №33 пәтерінде өзінің көршісі 1953ж. туылған Т.Б. Ивановтың өліп жатқанын көргенін хабарлады. Өндірістік қарау нәтижесінде анықталды: №33 пәтер Нартай көшесіндегі 4 қабатты №8 үйдің 2 қабатында орналасқан №33 пәтерге бір жақты ашылатын ағаш есік арқылы кіреді. Қарау кезінде есік ашық тұрды, құлпы бұзылмаған. Бір бөлмелі пәтер. Бөлмеге және ас үйге көлемі 2х1,5 м дәліз арқылы өтеді. Көлемі 5х3 бөлме есігінің сол жағында трюмо орналасқан. Оның үстінде 2 гөзеде гүл және 0,5 л арақтан босаған бос шөлмек тұр. Шөлмек сыртын арнайы ұнтақпен тексергенде одан адам саусақтарының ізі табылды. Трюмо қасында бөлменің сол жақ қабырғасында металл керует қойылған. Төсек арқалығындағы никельді бөлігінде қанық қызыл түсті қанға ұқсас зат қатқан. Төсектің бұл бөлігін арнайы ұнтақпен тексергенде адам саусақтарының ізі табылған жоқ. Осы төсекте 1943 ж. туылған Т.Б.Фаттаховтың мәйіті жатыр. Мәйіт шалқасынан жатыр. Басы кішкене сол жағына қисайған, қолдары денесінің бойымен түзу жатыр, аяқтары да созылып түзу жатыр, өкшесі оңға бұрылған. Мәйіттің үстінде: мақта матадан тігілген ескі ақшыл-сары майкасы бар. Оның сол жақ етегі жыртылған. Майканың сол жақ бөлігі қанға бөккен, қою қызыл түсті қанға ұқсас дақтар бар. Іш киімі (лыпа) ауа-көк немесе сұр түсті синтетикалық маталардан үйлестіріле тігілген. Трико мен іш киім маталары зақымдалмаған. Мәйіт түрі жоғарыда көрсетілген жасқа сәйкес келеді, дене бітімі қалыпты, тамақтануы қанағаттанарлық болған. Денесінің ұзындығы 173 см. Терісі өлі-ақшыл, сол жақ мойны мен кеудесіне қан шашыраған. Басының конфигурациясы дұрыс, қара шашты, орташа қалыңдықты, ұзындығы 10 см. беті ерекше емес, көздері жұмылы, қабақтары ақшыл, қан құйылмаған, көгермеген. Көздің мүйізді қабығы түссіз, көз қарашығы дөңгелек, әрқайссының диаметрі 0,4 см. Оң көзінің алдыңғы камерасына 0,3 мл 1% атропин ерітіндісін салғаннан кейін 5 минут өткен соң көз қарашығының диаметрі 0,8 см күрт ұлғайды. Сол көзінің камерасына пилокарпин енгізгенде қарашықтың кішірейгені байқалды. Мұрын қуысы таза. Ауызы сәл ашық, ерні қызғыш көк, сәл тығыздалған. Тісі бүтін, табиғи; тілі ауыз қуысында, тіс артында. Аузынан бөлініс, ағу жоқ. Құлақ қуысы еркін ашық. Мойны орташа ұзындықта және жуандығы да орташа, денесіне сәйкес. Көкірек клеткасы цилиндр пішінді, екі жағыда симметриялы. Қарны төс деңгейінде, сопақша пішінді. Сыртқы жыныс мүшесі дұрыс қалыптасқан. Несеп шығару түтігінің сыртқы бөлігінде бөлініс жоқ. Артқы тесік жабық, айналасындағы терісі былғанбаған. Қол, аяқ сүйектері бүтін. Мәйіттік көрініс: мәйіт ұстап көргенде денесінің барлық бөлігі бірдей суық. Тік ішектегі температура +260С. мәйіттік сіресу шайнау бұлшықетінде, мойын бұлшықетінде және аяқ-қолда байқалады. Мәйіттік дақтар әлсіз байқалады. Ақшыл көк, сиякөк түсті дақтар арқасында, санында бар. Ол дақтарды 2кг-см2 диаметр күшпен басқанда дақ көрінбей кетедіде 20 секундтан соң қайта бастапқы қалпына келеді. Кеш мәйіттік белгілер жоқ. Зақымданулар: оң жақты жақ доғасында қызыл күрең түсті қан ағу ізі байқалады, көлемі 3,5х3 см дөңгеленген сопақша пішінді, жұмсақ тіні аздап ісінген.
Маңдай бөлігінде көлемі 2,5х1,3 см сопақша пішінді жарақат бар. Беті қатынқыраған, қызыл түсті, қабыршақтанбаған. Айналасы қызарған, ісінген. Сол жақты жақтың астыңғы бөлігінен төменнен жоғары қарай оңнан қарай қиғаш түскен, ұзындығы 1,3 см жарақаттан аздап қан ағып тұр. Жарақат айналасындағы теріге қан жағылған. Мәйітті аударғанда жарақаттан сүйық қан ақты (бөлінді). Қарап болған соң және суретке түсіріп алған соң жарақат беті нәс мақтамен жабылды. Мәйіт төсектен түсірілгенде ақ жайма, көрпе, жастық тыстарында көптеген үлкен қан дақтары табылды.
Жуынатын бөлмесін қосымша тексеру кезінде раковина кафелінде көптеген қоңыр-қызыл түсті дақтар табылды. Олардың пішіні мен көлемі әр түрлі, 1,5х1 см ден 3,5х2 см-ге дейін. Раковина астында еденде ақ металл сапты асхана пышағы жатыр. Пышақ жүзінің ұзындығы 12 см, енінің ең үлкен тұсы 2,3 см, бір жақ жүзы қайралған. Пышақ жүзінің екі жағында да қанға ұқсас қоңыр-қызыл түсті кепкен зат байқалады. Оқиға болған жер мен мәйіт суретке түсірілді. Оқиға болған жерден алынды: арақ шөлмегі, асхана пышағы, жуынатын бөлме кафелінен және керует арқалығынан нәм дәкеге дақ үлгісі.
Хаттама дауыстап оқылды, қатысушылар тарапынан толықтырулар мен ескертулер болған жоқ.
Абай ауданы прокуратурасының
тергеушісі С.В.Асанов
Күәгерлер: 1. В.К.Иванова
2. Т.К.Кадырова
Мамандар: 1. Сот-медицина сарапшысы Ш.Т.Попов
2. ОҚО ІІБ СКБ сарапшысы Т.В.Базарбаев
