- •Тақырыпты талдаудың мақсаттары:
- •Жалпы мәліметтер.
- •Сабақты өткізу кезеңдері.
- •Дәрігер-маманның атқаратын рөлі
- •1. Табылған адам тірі ме, әлде өлі ме?
- •Мәйіттің жатқан ортасын тексеру.
- •Өлім құбылысы мен мәйіттік құбылыстар
- •1. Ерте көрінетін мәйіттік құбылыстар
- •2. Тері жабындысының, шырышшы қабықтардың тобарсуы, кебуі.
- •4. Мәйіт бұлшық еттерініц құрысып-сіресуі.
- •5. Аутолиз құбылысы
- •Анықтамалық материал.
- •А. Оқиға болған жерді тексеру методикасы.
- •Мәйіт табылған жерде мәйітті сыртқы тексеру әдісі
- •Статистикалық тексеру
- •Динамикалық тексеру
- •Мәйіт табылған жерді тексеру:
- •Қылмыскердің дағдыларын анықтау.
- •Өлім жағдайы болғанын анықтау.
- •Өлім уақытын анықтау.
- •Мәйіттік өзгерістердің бағдарлық пайда болу және даму мерзімдерді (н.В.Попов бойынша).
- •Механикалық әсерлер:
- •Мәйітті табылған жерде тексерудің бірізділігі.
- •Өлімнің әр түрінде оқиға болған жерді тексерудің және мәйтті табылған жерде тексерудің кейбір ерекшеліктері.
- •Медициналық-криминалистикалық сараптама
- •Сарапшының ұйғарымы
- •Заключение эксперта
- •Медико-криминалистической экспертизы
- •Қаулы негізінде На основании (направления) смэ ___________________________________
- •____________ Ж Хаттама №.
- •Медико-криминалстикалық актке қосымша сараптама
- •Оқиға болған жерді тексеру хаттамалары
- •Сызбасхема
- •Оқиға болған жерді тексеру.
- •Есеп № 1.
- •Есеп № 2.
- •Есеп №3.
- •Есеп № 4.
- •Есеп №5.
- •Есеп № 6.
- •Есеп № 7.
- •Есеп № 8.
- •Есеп №9.
- •Есеп №10.
- •Есеп № 11.
- •Есеп № 12.
- •Есеп № 13.
- •Есеп № 14.
- •Есеп №15.
- •Тесттік бақылау сұрақтары:
- •1. Қр қпк қай бабында мәйітті табылған орнында тексеру қарастырылған?
- •2. Оқиға болған жерді және мәйітті табылған орнында тексеру жатқызылады:
- •3. Оқи болған жерді тексеретін маман?
- •139. Қанға әсер ететін улармен уланғанда байқалады:
- •140. Сот химиялық зерттеуге нысандарды жіберетін ыдыстар ... Болу керек.
- •141. Пупырев белгісі:
- •Жауаптар эталондары:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Мазмұны:
- •Дәрігер маманның атқаратын рөлі.............................................................................5
____________ Ж Хаттама №.
Қала________ көше______________№____ «_____»_______2014 ж.
(құрастыру орны)________________
Қарау басталды сағ_____ мин _____ Қарау аяқталды сағ_____ мин ______
Оқиға болған жерді қарауды тергеуші ____________,сот медициналық сарапшы___________ қатысуымен,креминалист маман____________ және куәгерлер ___________. _____________ көшесі ______үй №_____пәтерде немесе жатақханада тұрады және ___________________, ___________ көшесі ____ үй ______ квартирада тұрады.
Мәйітті тексеруден алдын қатысушыға құқығы мен жауапкершілігі және де оқиға болған жерді тексеру тәртібі түсіндірілді.
Куәгерлерге мәйітті тексеруден алдын олардың құқығы мен жауапкершілігі,міндеттері ескертілді.ҚР ҚПК-ң 60 бабына сәйкес.
1.Куәгер ____________.________________________________________ (куәгер қолы)_________________
2.Куәгер ____________._____________________________________________ (куәгер қолы)________________
Қатысушы тұлғаларға техникалық құралдарды қолдану жайлы түсіндірілді «ZENIT»маркалы бейнеқұралы «KONICA» бейнетаспасы жарық сезімталдығы 200 бірлікпен бірге.
Қарау тәуліктің жарық уақытында табиғи және жасанды жарықпен жүргізілді.
Қарау жүргізілді:
Оқиға болған орын________ аумағында.Оқиға болған орын ____________.
Мекемеде табылған мәйіт:(ер,әйел) адам,_____жас,бойы____ см,шашының түсі ашық _____ қысқа немесе қырқылған,дене бітімі_________ ,мәйіт киімде табылған _________________________, түймелері ілінбеген немесе ілінген .
Мәйітті қарау:
Мәйіт суық сезілді,температурасы тік ішектен электротермометрмен сағат ______мин ________ та, өлшегенде _______C тең.
Мәйіттің басы ______________,аяқтары _____________.Басы артқа шалқайған,екі қолы денесінен алшақ.Денесінде сырылулар,мойын аймағында-___см, 2 іш аймағында (оң жағында)_____ см,сол жағынан_____ см.Сол саусақтарында алақан аймағында терең емес ұзындығы _____см жара бар.Ортаңғы және аты жоқ саусақтарда сол қолдың мизинцесінде сұр түсті зат табылған.
Мәйіттің алдында _____см қашықтықта оң жағында (атылған ______ маркалы қару немесе басқа зат________ )табылған,ұзындығы_____см,ені_____см (№1)
Мәйіттің оң жағында ____ см қашықтықта гильза, __________басқа зат табылды,көлемі цилиндрлік пішінде қоңыр түсті,ұңғыманың диаметрі____см,шляпкасы-_____ см,ұзындығы-____ см,гильзаның маркасы-________.
Мәйіттің сол жағында _____см қашықтықта қызыл түсті жүргізуші куәлігі табылды.Куәлік ______ ж дүниеге келген _____________________ берілген.№__________, ____________ІІД-МАЙ берілген.
Берілген күні:___________ж.Құжаттың енінің өлшемі______см,ұзындығы _______ см,төңкерілген күйінде ені ________см.
Столдың үстінде немесе жерде, мәйіттен ______см қашықтықта бос шыны стакан табылды.Стакан столдың қырынан ______см қашықтықта орналасқан биіктігі _____ см және ұзындығы _____см.Иісі (жоқ,бар)__________
Мәйіттің сол жағында _______ см ұзындықта іздер табылды.Ені _____см,қадам ұзындығы ______ см,ені ______см.Аяқ іздері солтүстіктен қңтүстікке бағытталған. Столдан қашықтық _____ см,қабырғадан ______ см,терезеден №1______ см.
Стакандағы,қарудағы және жүргізуші куәлігіндегі саусақ іздері дактилоскоптық ұнтақтың көмегімен анықталған.
Обьект №1-(_______)полиэтиленді қапта қапталған №1 Обьект №2-(________)полиэтиленді қапта қапталған №2 Обьект №3-(құжат)полиэтиленді қапта қапталған №3 Обьект №4-(_________) полиэтиленді қапта қапталған №4
Стакандағы саусақ іздері №5
Қарау барысында суретке түсіру «ZENIT»маркалы бейнеқұралы «KONICA» бейнетаспасы жарықсезімталдығы 200 бірлікпен түсірілді.
Қарау басталудан алдын,барысында және соңында оқиға болған жердегі қатысушы тұлғалар-______________________. Және куәгерлер ______________________________. Ден өтініш түскен жоқ.
1.Куәгер ___________.________________________________________ (куәгер қолы)
2.Куәгер ___________._____________________________________________ (куәгер қолы
3.Сот-медициналық сарапшы .______________________________________ (қолы) 4.Криминалист маман ._____________________________________ (қолы)
Хаттама жеке оқылды.
Хаттамаға сілтемелер жоқ.
1.Куәгер _____________.________________________________________ (куәгер қолы)
2.Куәгер _____________.________________________________________ (куәгер қолы
3.Сот-медициналық сарапшы .____________________________ (қолы) 4.Криминалист маман ._____________________________________ (қолы)
Хаттама ҚР ҚПК-ң ______және _______ баптарына сәйкес құрастырылған. Тергеуші _________________________ (қолы)
3. Көлік жарақаттары. Жол-көлік оқиғасы кезінде болған жағдай мен жарақат механизмін анықтауда оқиға болған жердегі табылған әртүрлі объектілер мен іздер (шыны сынықтары, қан іздері, шаш т.б.) көмектеседі. Бір-бірінен алшақ, әр жерде бензин, майдың, көліктің аунау іздерін, жәбірленуші денесі мен көліктің өзара орналасуын, көлік қозғалысының бағытын анықтауға мүмкіндік беретін автокөлік дөңгелектерінің іздерін анықтайды. Сондықтан оқиға болған жерді тексергенде мәйіттің әртүрлі заттардың, және жол мен оның жағасындағы іздердің (немесе рельс, шпал), өзара орналасуларын көрсету керек. Мәйіт пен киімді тексеру кезінде мұқият болу керек. Себебі мұнда сыртқы бояу, автокөлік радиаторының, дөңгелек протекторының, сырдың, терезе сынықтары, шлак, жер т.б. іздері қалып қоюы мүмкін. Аяқкиім табанында сырылу іздері байқалады, олардың бағыты мен пішіні жарақат механизмін анықтауға көмектеседі. Зақым келтірген көліктен шаш, қан, жұмсақ тіндер жыртылған киім бөлшектерін т.б. іздейді. Көліктегі майысқан із, деформация немесе терезе бүтіндігінің бұзылысы дененің көлікке қай жері тигенін анықтағанда маңызды. Оқиға болған жерді тексергенде анықталған барлық заттар мен іздер суретке түсіріліп, әрі қарай зерттеулер үшін алынады.
4. Биіктен құлау. Ең алдымен қай жерден құлағанын анықтап, сол жерді қарап шығады (балкон, шатыр). Бұл жерде қан, аяқ іздері т.б. табылуы мүмкін. Хаттамада міндетті түрде биіктен құлаған жері мен жерге құлаған жерінің арақашықтығы көрсетіледі. Сол екі арада басқа шығыңқы заттардың болуын, оның сипатын анықтайды, себебі соларға соғылудан жәбірленуші денесінде әр түрлі зақымданулар пайда болуы мүмкін. Үлкен биіктіктен құлаған кезде аяқтар жазықтықпен түйіскен уақытта дененің басқа бөліктері инерция-ларымен әлі құлап келе жататынын ескеру керек. Хаттамада міндетті түрде ғимарат негізі мен мәйіт денесінің жеке бөліктерінің ара-сындағы қашықтық өлшенеді және олардың ғимаратқа қатысын анықтайды.
Киімді тексергенде оның бүтіндігіне, ондағы бөтен (бөгде) лас заттарға (жерлеріне) көңіл аударады. Мәйітті тексергенде дененің жазықтыққа қай бөлігімен келіп ұрылғанын анықтау қажет, және де басқа зақымданулар белгілерінің бар-жоғы анықталады (оқ-қару, шабылған, кесілген жаралар т.б.).
24-шы сурет. Автокөлік жарақатындағы көрініс
5. Төмен температуралардың әсері. Ағзаға төмен температура әсер еткенде жергілікті және жалпы реакциялар пайда болады. Бұл өзгерістердің айқындылық дәрежесі сыртқы ортаның көптеген факторларына байланысты (температура, ылғалдылық, ауа қозға-лысы), киім сипаты, ағза жағдайы (жынысы, жасы, қоңы, ауруы, алкогольмен мас болуы, шаршауы т.б.). Сондықтан бұл факторларды оқиға болған жерді тексергенде ерекше мұқияттылықпен сипаттау керек. Төмен температураның тірі кезінде әсер еткенін көрсететін жәбірленушілердің өзіндік ерекше қалпы (жатысы) бар – «жаураған адам қалпы» немесе «эмбрион позасы» (тізесін бауырына алып бүрісіп жату). Бірақ алкогольмен мас болуы жағдайында бұл қалыптар болмауы мүмкін. Төмен температураның тірі кезінде әсерін дәлелдейтін тағы бір жайт – адам денесі жылуының қарды ерітіп, соңынан еріген қардың мұзға айналуы, денеге, киімдерге қайта қатуы болып табылады. Бұл белгінің болмауы мәйітті өлгеннен кейін қозғағанын көрсетеді. Мәйітті тексергенде дененің ашық жерлерінің көкшілденіп, ісіңкірегенін, ауызбен мұрын айналасында мұз қат-қанын және кірпіктеріндегі қырауды байқауға болады. Мәйітті қозғағанда бұл белгілер жойылуы мүмкін, сондықтан оларды суретке түсіріп алады. Тері жамылғыларындағы түкті көтеретін бұлшықеттің жиырылуынан кейде ерекше «қаз терісі» деп аталатын көрініс байқалады. Қанның оттегіге аса қанығуынан мәйіт дақтары мен терінің қызғылт түсін көруге болады.
25-ші сурет. Темір жол апатындағы мәйіттің бейнесі.
26-шы сурет. Биіктен құлау салдарыннан дамыған өлім
Бас және мойын аймағы- 9 %,
Кеуде-9 %,
Іш - 9 %,
Дененің артқы жағы- 18%,
Әр қол жеке есептеледі - 9 %,
Сан - 9 %,
Тізе және сирақ - 9 %,
Сыртқы жыныс ағзаларының күюі- 1 %
Дене беткейі- 1 %
27-ші сурет. Күйік ауданын тоғыз ережесі арқылы анықталу схемасы
28-ші сурет. Көмірленіп күю
29-шы сурет. Күйік дәрежесінің көрсеткіші
6. Техникалық электр тоғының әсері. Оқиға болған жерге келдгенде ең алдымен адамның нақты өлгеніне көз жеткізу керек (констатация). Себебі мұндай жағдайларда әдетте жалған өлім байқалады. Электрсымының зақымдануынан электр тоғының қысқа түйісуі кезінде «электртаңбалар» түзілетінін, ал электр доғасының жарқылынан ауқымды күйіктердің, киім өртенуінің, сүйек пен жұмсақ тіндердің күйіп кететінін ескеру керек.
Мәйітті тексергенде киімінің өртенуіне аяқ киімінің ылғал-дылығына және табанындағы металл бөлшектерінің, шегелердің балқыған іздеріне көңіл аудару керек. Егер тоқ өткізбейтін аяқ киім болса (резиналы етік, кәлош), онда тоқтың шығатын жерін басқа жақтан іздеу керек. Мәйіт денесінен ерекше мұқияттылықпен ток белгілерін, электртаңбаларын іздеу керек. әдетте олардың пішіні домалақ немесе сопақша болып келеді. Кейде сымға сым өрімдеріне жанасқанда электртаңба сол заттардың пішінін қайталайды. Мәйіт пен тоқ көзінің арақашықтығы электр өткізгіштің жағдайын көрсету керек. Міндетті түрде электр тоғымен зақымдануға әкелетін факторларды тіркейді (жаңбырлы күн, ылғалды тері).
7. Странгуляциялық механикалық асфиксия. Странгуляциялық асфиксия-дан болған өлімде оқиға болған жерде асылу немесе басылу кезінде мойынның баумен басылғанын көрсететін мәліметтер (заттар) табылуы мүмкін. Мұндай мәліметтерді анықтау үшін алдымен мәйіттің қалпы мен жатысына көңіл бөлуі керек. Асылу кезінде мәйіт (аяғы жерге, еденге тиіп немесе тимей) әр түрлі қалыптарда болуы мүмкін: отырып, тұрып, жатып. Егер бау соңы адам бойынан биіктеу жерде бекітілген болса, онда оған жету үшін қойылатын аяқ астындағы заттарға (стөл, орындық, баспалдақ т.б.) көңіл бөлу керек. Ол заттың биіктігін анықтайды, ондағы қандай да бір іздердің, мысалы табан іздері және де сол заттың жұмсақ жердегі (орындағы) іздері көрсетіледі. Мәйіт маңындағы заттар мұқият тексеріледі, олардың нақты орналасуларын және мәйіттен ара қашықтықтарын анықтап белгілейді. Мәйітті тексергенде мойынындағы баудың түрі мен сипатын анықтайды (сырғымалы, жабық, қозғалмайтын немесе ашық). Мойынға салу әдісі мен бекітілген орын көрсетіледі. Баудағы түйінді байлау әдісіне ерекше көңіл бөледі, себебі ол кісі өлтірушінің әдетіне, мамандығына, т.б. ерекшеліктеріне байланысты болады. Түйінді сақтап қалу мақсатымен бауды мәйіт мойнынан қарама-қарсы жағынан кесіп алады. Баудың бекітілген орны да мұқият тексеруді талап етеді. Бау алынған соң мәйіт мойнындағы странгуляциялық жүлге тексеріліп сипатталады. Мойнындағы жүлгенің уақыт өте өзгеріске ұшырайтынын ескеру керек. Бұл алдымен баудың сипатына байланысты: қатты немесе қаттылау баулар (сым, жіп) әдетте мойынның күрт қысылуын тудырады, нәтижесінде терінің мүйізді қабаты ысырылады. Сондықтан мұндай жүлге тез кебеді, тығыздалады, қоңыр-қызыл түске енеді және анық байқалады. Жұмсақ баудың (мойын орағыш, ақ жайма) жүлгесі анық болмайды, себебі бауды салғанда мүйізді қабаттың ысырылуы болмайды. Странгуляциялық жүлгені сипатағанда оның орналасуын, бағытын, тұйықталғанын, енін, тереңдігін, жиектері мен түбінің жағдайын көрсету керек. Бұл ерекшеліктердің мұқият сипатталуы баудың жоғарлануының немесе баудың алынып тасталуының дифдиагнозын жүргізуге мүмкіндік береді. Мәйіт денесіндегі басқада зақымдануларды көрсету керек. Мәйіт дақтарының орналасуның және дәрежесін анықтайды, себебі олар арқылы мәйіт қалпын анықтауға болады. Асфиксияның сыртқы белгілерін көрсетеді: беттің көкшіл болуы, тілдің тістелуінуі немесе қысылуы, көз бен қабақтың кілегейінде нүктелік қанталаулар, еріксіз зәр шығару, дефекация, ерлерде шәует сүйығының бөлінуі. Затты айғақтар ретінде бауды және оқиға болған жердегі табылған т.б. іздерді алуға болады.
30-шы сурет. Тұзақтың түрлері мен странгуляциялы жүлге көрінісі
31-ші сурет. Мәйіт денесіндегі странгуляциялық жүлгенің түрі
32-шы сурет. Мәйіт денесіндегі странгуляциялық жүлге мен бас сүйегіндегі жарақат түрі
8. Суға кету. Судағы өлім. Мәйіттің суда болғанын дәлел-дейтін белгілері ең алдымен: су киімі, шашының су болуы, терісінің «құс терісі» тәрізді болуы, денесіне су шылауының немесе құмның жабысуы. Мәйітті сырттан қарағанда суға кеткендігін (тұн-шыққанын) көрсететін белгілерін байқауға болады. Олар: терісінің бозғылттануы, ауызы мен мұрнының айналасында майда, ақшыл-сұр көбіктің болуы. Мәйіттің суда қанша уақыт болғанын анықтауға табаны мен саусақтарындағы мацерацияның болуы не болмауы көмектеседі. Егер мацерация болса, онда оның айқындық дәрежесін нақтылап сипаттайды. Бас шашының түсуіне де көңіл аударады. Мәйіт денесінде өлгенге дейінгі және өлгеннен кейін де жарақаттар болуы мүмкін. Мәйіт денесінен табылған планктон салыстырмалы түрде зерттеу үшін мәйіт табылған су көзінен 0,5 л көлемінде 1 метр тереңдіктен су үлгісін алады.
33-ші сурет. Суға тұншығудың схематикалық көрінісі
34-шы сурет. Суға кеткен адамның көрінісі
35-ші сурет. Тері қабаттарының құс терісі тәрізді болуы
9. Улану. Улану оқиғасы болған жерді тексеру кезінде қыш-қылдармен мен басқа да газды заттардың исі бар не жоғын байқау керек. Уландырғыш заттың іздерін тамақ қалдықтарынан, сусыннан, ыдыстан, шприцте, қағаз орамында т.б. табуға болады. Кейде уды аптечканың ішіне, столға т.б. жерлерге жасыры мүмкін. Сондықтан барлық жерді ұқыпты түрде қарап шығу керек. Улы затты ауыз қуысы арқылы өзгермеген күйде қусықпен бірге шығуы мүмкін. Сондықтан құсықты іздеу керек (раковина, унитаз, шелек, шлапшын т.б.). Құсқан кезде пайдаланған беторамал, шашық т.б. заттар табылуы мүмкін. Егер жәбірленуші уланған деген күдікпен емханаға түссе, онда құсық массасын және асқазанды жуған суды оның құрамындағы улы затты анықтау мақсатында сот-химиялық сарапқа міндетті түрде жіберу керек. Мәйітті қарап тексергенде ауызы, ерні, бұғақ айналасы мұқият сипатталып жазылады. Ол жерлерден у қалдығы, күйік ізі табылуы мүмкін. Мәйіт терісінің түсі мен мәйіт таңбаларына назар аудару керек, өйткені кейбір улануларда олардың түсі жай уланулардан өзгеше болады (көміртегі тотығы мен метгемоглобинайналдырушы улар т.б.). Мәйіт сіресуі дәрежесі кейбір жеке улармен уланғанын білдіруі мүмкін. Мысалы стрихнинмен уланғанда күрт қатып қалу байқалса, сепсистен өлгенде мәйіт сіреспейді. Мәйіт терісінде шаншу іздері әсіресе қол, аяқтарында болуы мүмкін. Ол удың егу жолымен еңгізілгенін білдіреді. Кейде у тік ішек, қынап арқылы жіберілуі мүмкін екендігін де ескеру керек. Ондай жағдайда ол жерлерде улануға тән өзгерістер пайда болады. Қарап тексеру кезінде табылған заттар мен іздер алынып сот-химиялық зерттеуге жіберіледі.
Алкогольдың қандағы концентрациясына байланысты, организмнің функциональды жағдайын көрсететін төмендегідей кесте бар:
Алкогольдың қандағ ы концентрациясы
0,3% - алкоголь әсерінің болмауы
0,3-0,5% - алкогольдың өте аз мөлшерде әсер етуі
0,5-1,5% - жеңіл дәрежелі масандануға әкеледі
1,5-2,5% - орта дәрежелі масандануға әкеледі
2,5-3,0% - ауыр дәрежелі масаңдануға әкеледі
3-5% - өте ауыр дәрежелі масандануға әкеледі, өлім дамуы мүмкін
5-6% - өлімге әкелетін улану
36-шы сурет. Бауырдың гистологиялық кесіндісі. Бауыр паренхимасындағы склероздық өзгеріс.100-есе ұлғайтылған
37-ші сурет. Алкогол суррогатымен уланғанда ұйқы безінде дамыған созылмалы фиброзданушы панкреатит.100-есе ұлғайтылған.
38-ші сурет. Алкогол суррогатымен уланғанда бүйрек құрылымында интерстициальды склероз және өзекшелердегі белокты дистрофия көрінісі.
200-есе ұлғайтылған.
39-ші сурет. Алкогол суррогатымен уланғанда бүйрек құрылымында гемоглобинуринді пигменті нефроз (стрелкамен көрсетілген) және өзекшелердегі белокты дистрофия көрінісі. 200-есе ұлғайтылған.
40-шы сурет. Алкогол суррогатымен уланғанда ми кесіндісінде васкулярлы және целлюлярлы ісіну мен қан тамырлардағы толыққандылық, жүйке жасушаларында некробиотикалық, дистрофиялық өзгерістер анықталған. 100-есе ұлғайтылған
10. Жаңа туған бала мәйіті. Нәрестенің мәйіті табылған жер үнемі анасының босанған жерімен және баланың өлген жерімен сәйкес келе бермейді. Жаңа туылған бала мәйіті көбінесе үй астынан, қоралардан, құрылыс маңынан, орландан, молалардан, қоқыс тастайтын жерлерден, жол бойларынан табылады. Олар жалаңаш болуы мүмкін немесе шүберекке, киімдерге оралған т.б. болуы мүмкін. Мәйіттерді шаруашылық сумкаларында, чемоданға, қорабқада салуы мүмкін. Жаңа туылған бала мәйіті оралған не жатқан заттар, т.б. табылған заттар баланың шешесін табуға пайдасын тигізуі мүмкін. Сондықтан ол заттарды ерекше ыждағаттықпен сипаттап жазу керек. Жобамен босанған жерінде әсіресе төсегінде, киімде қан іздері, қағанақ суы, жалқақ т.б. қалуы мүмкін. Нәресте мәйітін қарағанда киімінің, жайалығының бар-жоғын, егер болса нақты, дәл, толық сипатталып жазылуы керек. Нәрестенің жаңа туылған белгісі өмір сұру мүмкіндігі (өмірге қабілеттілігі), құрсақ ішілік жас мерзімі атап жазылады. Кіндігі мен жолдасын қарау және сипаттау кезінде табылған барлық айғақ заттар ретінде алынады. Оқиға болған жер суретке түсіріледі.
41-ші сурет. Нәресте мәйіті мен бала жолдасы, кіндік бауы
42-ші сурет. Нәресте мәйітінің көрінісі
43-шы сурет. Нәресте мәйітінің бас сүйегін сараптау
44-ші сурет. Нәресте мәйітіндегі жарақаттар көрінісі
