Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мәйітті табылған орнында тексеру».DOC
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57.6 Mб
Скачать

Өлімнің әр түрінде оқиға болған жерді тексерудің және мәйтті табылған жерде тексерудің кейбір ерекшеліктері.

1. Өткір және доғал заттармен зақымдану. Оқиға болған жерді тексергенде затты айғақтарды (майлағыш заттар, жарақат салу құралы, қан іздері) табуға, фиксациялауға, сақтауға және алу үшін шаралар қолдану керек. Егер қан іздері табылса, олардың орналасуын, сипатын, пішінін, т.б. ерекшеліктерін көрсету керек. Киім мұқият тексеріледі, матаның зақымдануының бар жоқтығы сипатталады, қан іздері, әсіресе қан аққан жерлер. Мәйітті тексергенде зақымданудың орналасуын, өлшемдерін, пішінін т.б. ерекшеліктерін анықтап сипаттайды, олардың киімдегі зақымданулармен сәйкестілігін көрсету. Зақымдануларды суретке түсіріп, сипаттағаннан кейін бетін ылғал матамен немесе мақтамен жабады, бұл оны кеуіп кетуден, кірлеуден, қосымша зақымданулардан сақтайды.

2. Оқ-қару жарақаттары. Оқ-қарудан атқанда оқиға болған жерде қару, оқ дәрі, гильзалар т.б. іздер қалуы мүмкін. Сондықтан мұндай затты айғақтарды анықтауға (табуға) күш салу керек.

Қару, оқ, гильзалардың табылған жерлері белгіленіп, мәйіт пен атқан адамның болжамды ату орны арасындағы қашықтықта өлшенеді. Қару дүміндегі және діңгегінде қаңға, шашқа, текстильды талшықтарға, тін бөлшектеріне көңіл бөледі. Мұндай мәліметтер тақап атудың болғанын дәлелдейді. Қарудың идентификациясы үшін табылған оқ дәрілер мен гильзалардың маңызы зор. Бытыралар қарудан атса, бөгеттерде енген бытыралар немесе олардың әсерінен болған іздер және атудың қосымша факторлары табылуы мүмкін. Олардың шашырау аумаңын өлшеу керек. Бытыралар санын және әр бір бытыра арасындағы қашықтықты көрсету. Мәйітті тексергенде оқ қару жарақатының санын, кірген және шыққан тесіктерін, киімдегі зақымданудың мәйіт денесіндегі зақымданулармен сәйкестігін, зақымдану аймағында атудың қосымша факторлардың бар-жоғын анықтау керек. Оқиға болған жерде анықталған барлық заттар мен іздерді тергеуші айғақты заттар ретінде алады. Жарақаттың күйін сақтау мақсатында бетін ылғал дәке немесе мақтамен жабады.

14-ші сурет. Атылатын оқ-қарулардың түрлері

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Министерство здравоохранения

Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі 2005 жылғы

«08» шілдедегі №332 бұйрығымен бекітілген

173е нысанды

Медициналық құжаттама

Сот медициналық орталығының

Онтүстік Казақстан филиалы

Южно-Казахстанский филиал

Центра судебной медицины

Медицинская документация

Форма № 173у

Утверждена приказом Министра здравоохранения

Республики Казахстан « 08 » июля 2005 года № 332

Медициналық-криминалистикалық сараптама

Сарапшының ұйғарымы

Заключение эксперта

Медико-криминалистической экспертизы

56/07