Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мәйітті табылған орнында тексеру».DOC
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57.6 Mб
Скачать

А. Ясауи атыңдағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Жуманазаров Н.А. Омаралиев М.И.

«Мәйітті табылған орнында тексеру»

Оқу құралы

Түркістан – 2015

ӘОЖ 343985(0758)

КБЖ 675я73

Ж 78

Оқу құрал Университет Сенатында қаралды.

Хатттама № 4, 27.02. 2015 ж.

Рецензенттер алқасы:

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Адам морфологиясы кафедрасының

профессоры, м.ғ.д. И.А. Ишигов

Д.А.Кунаев атындағы университеттің қылмыстық құқық және криминалистика

кафедрасының профессоры, м.ғ.к. К.Д. Каракөбенов

Құрастырғандар:м.ғ.к.,доцент Н.А. Жұманазаров, м.ғ.к., доцент М.И. Омаралиев

Ж 78 «Мәйітті табылған орнында тексеру» оқу құрал Н.А. Жұманазаров, М.И. Омаралиев-Түркістан: Х.А. Ясауи атыңдағы ХҚТУ, 2015ж.-101 бет.

ISDN 978-601-243-638-9

Сот медицинасы-құқық қорғау, сот орындарында қылмыстық ашу барысында, сот кезінде туындайтын сұрақтарды медициналық және биологиялық әдістерің көмегімен шешетін медициналық ғылым саласы болғандықтан тек болашақ дәрігерлер емес, болашақ заңгерлерде біліуі міндетті. Айтылған мәселелер оқырман қаумының көнілінен шығып, іс жүзінде қолдана білсе, осы алға қойған мақсаттарымыздың орындалғаны деп білеміз. Студенттер мен оқытушылар қаумы өз пікірлерің білдірсе, өз ризашылығымызды білдіреміз. Оқу құрал түрлі оқу орындарындағы білімгерлерге, ғылымдарға, жалпы көпшілікке арналған.

УДК 343985(0758)

ББК 675я73

ISDN 978-601-243-638-9 @Жуманазаров Н.А., Омаралиев М.И., 2015

Алғы сөз

Сот медицинасы – құқық қорғау, сот орындарында қылмысты ашу барысында, сот кезінде туындайтын сұрақтарды медициналық және биологиялық әдістерінің көмегімен шешетін медициналық ғылым саласы болғандықтан тек болашақ дәрігерлер емес,болашақ заңгерлерде білуі міндетті.

Сот медицинасы құқық және сот тәжірибесінде туындайтын медициналық және биологиялык сұрақтарды қарастырып шешеді. Сот медицинасының дербес ғылым саласы ретінде пайда болуы, дамуы әрбір мемлекеттің сот және құқық саласының дамуымен тікелей байланысты, немесе сот медицинасы құкык саласынын кажеттілігінен туындаған медицина тарамы деп атауға да болады.

Қылмысты оқиға болған жерді қарап тексеру - тергеу ісі болып табылады және оны тергеуші жүргізеді. Оқиға болған жерді тексерудің мақсаты, тексеру ережелері, қылмысты дәлелдейтін заттарды тексеру ережелері, тексеру нәтижесін құжаттау Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 221-222-223-224, 227 баптарында айқындалған.

ҚР қылмыстық істерді ашу ісінде медицина қызметкерлері эксперт ретінде бастапқы қылмыс ашу кезінде, яғни адам денсаулығына, өміріне қарсы жасалған қылмыстар бойынша айыпталып отырған, жәбір көрген, қоршаған орта әсерінен қайтыс болған адамдардың денесін тексеріп, сот медициналық құжат жазуға щақыртылуы мүмкін.

Әрбір болашақ дәрігердің сот медициналық сараптаманы қарағанда себептерін, ережелерін сараптың міндеттері мен құқықтарын біліп шығуы сот-медицина пәнін оқытудың негізгі мақсаты болып табылады.

Сондықтан адамның денсаулығын сақтау жағдайындағы көпшіліктің мүқтажын өтей алатын қазақ тілінде оқулықтар жоққа тән, сондықтан оқу-құралы қазақ тілінде жазылып бірінші басылымға ұсынылып отыр. Бұл оқу-құралында оқиға болған жерде табылған мәйітті тексеру мәліметтері толық берілген. Бұл оқу-құралын жазғанда алдымызға мынадай мақсат қойдық. Біріншіден, дәрігерлік мамандық алатын студенттерге ана тілінде оқу-құралын ұсыну. Екіншіден, студенттер қауымына сот медицинасы пәнімен жақын танысып, оны тәжрибе жұзінде қолдана білу. Айтылған мәселелер оқырман қауымының көңлінен шығып, іс жұзінде қолдана білсе, осы алға қойған мақсаттарымыздың орындалғаны деп білеміз. Студенттер мен оқытушылар қауымы өз пікірлерін білдірсе, өз ризашылығымызды білдіреміз.

Оқу-әдістемелік құрал жөнінде айтылған пікірлеріңізді Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы №29, Х.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, медицина факультетінің «Адам патологиясы» кафедрасына жіберулеріңізді сұранамыз.

Тақырыпты талдаудың мақсаттары:

1. Мәйітті табылған орнында тексерудің ережелері және процессуальды талаптармен студенттерді таныстыру;

2. Мәйітті тексеру кезіндегі дәрігер-сарапшы (сот-медициналық сарапшы) шешетін негізгі сұрақтар;

3. Студенттерді негізгі құжат – «Оқиға болған жерді тексерудің хаттамасымен» таныстыру.

Жалпы мәліметтер.

Оқиға болған жерді тексеру (қарап шығу) және мәйітті табылған орнында тексеру негіздері Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуальдық кодексінде көрсетілген ҚПК (122 бап). Сот медицина саласында мәйітті оқиға болған жерде және табылған орнында тексеру дәрігер-маманның жұмыс ережесінде көрсетілген.

Бұл оқу әдістемелік құрал медицина және заң факультеті студенттеріне «Мәйітті табылған орнында тексеру» тақырыбы бойынша өзіндік жұмыс істеуге арналған.

Әдістемелік нұсқаудың мақсаты студенттерді оқиға болған жерді және мәйітті табылған орнында тексерудің әдіс-тәсілдерімен таныстыру, осыған сәйкес құжаттама «тексеру хаттамасын» толтыруды үйрету.

Әдістемелік материалда өлімнің әр түріне арналған 15 есеп (тапсырма) бар. Онда оқиғаның қысқаша барысы, оқу мәліметтері берілген. Осы мәліметтерге сүйеніп студенттер оқиға болған жердің тексеру хаттамасын,схематикалық сызбасын түзу керек.

Анықтамалық материал оқиға болған жерді және мәйітті тексерудің бірізділік схемасын және де өлімнің кейбір түрінде тексерудің ерекшеліктерін, оқиға болған жерді тексерудің хаттама үлгісін қамтиды.

Сабақты өткізу кезеңдері.

«Мәйітті табылған жерде тексеру» тақырыбындағы сабақ медицина факультеті студенттерімен 6 академиялық сағатқа есеп-телген. Топта 8-10 студент, оның әрқайсысы осы әдістемелікке еңгізілген тапсырмалардың (есептердің) біреуін алады.

Оқытушы сабақтың мақсат-міндеттерін және маңызын түсіндіреді. Осыдан кейін студенттер тапсырмаларын орындауға кіріседі.

Оқиғаның жағдайын, оқу мәліметтерін және оқиға болған жерде хаттамасының үлгісін пайдаланып өлімнің жеке түрлерінде мәйітті тексеру ерекшеліктерін ескере отырып әр студент оқиға болған жердің хаттамасын түзеді. Ол хаттамада болуы тиіс:

1. Өлімнің әр бір түрінде оқиға болған жердің ерекшеліктерін көрсету;

2. Мәйіттік белгілердің даму дәрежесін сипаттау;

3. Оқиға болған жерден табылған заттық айғақтарды және мәйіттегі зақымдануларды сипаттау;

4. Белгілі бір мәйіттің сот медициналық сараптамасында анық-талуы тиіс сұрақтар тізімін жасау.

Тапсырманы орындау барысында студенттер оқу және т.б. әдістемелік оқулықтарды пайдалана алады.

Сабақ соңында әр студенттің орындаған тапсырмасы топта талқыланып оқытушы тарапынан бағаланады.

Дәрігер-маманның атқаратын рөлі

Қылмысты оқиға болған жерді қарап тексеру - тергеу ісі болып табылады және оны тергеуші жүргізеді. Оқиға болған жерді тексерудің мақсаты, тексеру ережелері, қыл мысты дәлелдейтін заттарды тексеру ережелері, тексеру нәтижесін құжаттау Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 221-222-223-224, 227 баптарында айқындалған. Егер қылмыс адамның өміріне немесе денсаулығына қарсы жасалған болса, онда болған жерді тексеру кезінде медициналық сұрақтар туындайды. Осы сұрақтарды жауап алу үшін оқиға болған жерді тексеруге тергеуші сот медицина сарапшысын, ол болмаған жағдайда басқа дәрігерді шақыртады. Сот медицина сарапшысының немесе дәрігер маманның шақыртылуы, олардың міндеттері мен құкықтары Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 83-84 баптарында көрсетілген. 83 бап. Сарапшы.... Іске мүдделі емес, арнаулы ғылыми білімі бар адам - сарапшы ретінде шақыртылуы мүмкін. Сарапшының құқықтары:

  • қылмыстық іс материалдарымен танысуға;

  • қосымша материалдарды беру туралы өтініш білдіруге;

  • қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен тергеу әрекеттерін жүргізуге және басқа да іс-жүргізу әрекеттеріне қатысуға және сараптама жүргізуге қатысты сұрақтар қоюға:

  • өзінің арнаулы білімінен тыс мәселелер бойынша, сондай-ақ, егер өзіне берілген материалдар қорытынды беру үшін жеткіліксіз болған жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға құқықты.

Сарапшының міндеттері:

  • қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуіге және өз алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген және объективті жазбаша қорытынды беруге;

  • жүргізілген зерттеулер мен берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша жауап беруге;

  • сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған істің жағдайы туралы мәліметтерді және өзгеде мәліметтерді жарияламауға;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсанда Х.875/1 бұйрығымен бекітілген «Сот медициналық сараптама жүргізу және ұйымдастыру ережесінің» З-ші бөлімі мәйтті оқиға болған жерде қарау ережелерін береді.

Мәйітті табылған жерінде тексеру кезінде сот-медицина сарапшысы шешетін негізгі сұрақтар: