- •Курсы: 5 Оқу семестрі: іх-х
- •Оқытушылар туралы мәлімет: Жұманазаров Назарбек Абдуназарұлы - м.Ғ.К., доцент
- •2. Пәннің мақсаты:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Пәнді оқудың соңғы нәтижесі
- •2.5. Пәндің алғы және кейінгі реквизиттері
- •2.6. Пәннің мазмұны
- •2.7. Дәрістердің, тәжірибелік сабақтардың, студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспарлары
- •2.7.1. Дәрістердің тақырыптық жоспарлары
- •2.7.2. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •2.7.3. Студенттердің өзіндік жұмысы тақырыптарының жоспары (сөж)
- •Суммативті бағалау әдісінің дизайны Оқытудың соңғы нәтижелері және тақырыптық блоктар бойынша бағалау әдістерінің үйлестірілуі
- •2.8.Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •2.8.1 Негізгі әдебиеттер /оқулықтар/.
- •2.8.2 Қосымша әдебиеттер /оқулықтар/.
- •Әдебиет тізімі.
- •2.9. Оқыту әдістері:
- •2.10. Білімдерін және тәжірибелік дағдыларын бағалау әдісі:
- •Білімдерін бағалау белгілері және ережелері
- •Ескертулер
2.5. Пәндің алғы және кейінгі реквизиттері
Алғы реквизиттері: биологиялық химия, анатомия, клиникалық анатомия, гистология, қалыпты физиология мен патологиялық анатомия және клиникаға кіріспе.
Кейінгі реквизиттері: Рентгенология, неврология, жарақаттану, хирургия, травматология, акушерлік-гинекология, анестезиология-реаниматология, терапия, педиатрия.
2.6. Пәннің мазмұны
Біздің республикамызда халыққа емдеу жұмысын жүргізу кезінде сот медицинасының және сот медициналық экспертизаның қосатын үлесі.
Жоғары медициналық білім беру жүйесінде сот медицинасының алатын орны. Сот медицинасының қысқаша даму тарихы. Сот медицинасының пайда болуы. Сот медициналық экспертизаның ҚР дамуы.
ҚР сот медициналық экспертиза құрылысы, оның заңдық негіздері.
Мемлекеттік заңдары туралы түсінік. Қылмыстық істерді ашу, азаматтық істер туралы заңдар жиынтығы. Қылмыс және қателіктер.
Экспертиза туралы түсінік. Қылмысты әшкерелеу барысында экспертизаның маңызы. Экспертиза түрлері. Экспертизаны тағайындау және міндетті түрде өткізу ережелері. Сот медициналық экспертиза, оның объектілері және орындалу әдістері. Біріншілік, қосымша, қайталама, комиссиялық комплексті сот медициналық экспертиза. Дәрігер мамандарының тергеу істерімен қатысуы (оқиға болған жерді, мәйітті тексеру, тергеу экспериментіне қатысу).
Сот медициналық эксперті және дәрігер – эксперт. Эксперттің міндеттері, құқықтары және жауапкершілігі. Сот медициналық экспертінің іс-әрекет мүмкіншілігі. Эксперттің экспертизадан бас тарту, тергеу кезіндегі және сот кезіндегі сараптама. Сот медици- налық сараптаманың құжаттары: жазылу ережелері, сот орындарына өткізілуі.
2.7. Дәрістердің, тәжірибелік сабақтардың, студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспарлары
2.7.1. Дәрістердің тақырыптық жоспарлары
(академиялық сағат ұзақтығы - 50 минут)
№ |
Тақырып
|
Өткізу түрі |
Сағ. саны |
1. |
ҚР – да сот медициналық сараптаманы ұйымдастыру және оның процессуалдық негіздері. Мемлекеттік заң және оның мақсаттары туралы түсінік. Қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, азаматтық-про-цессуалдық Кодекс. Қылмыс және тәртіп бұзу. Сараптама туралы түсінік. Сарапшы тұжырымы айғақтанудың басталу кезінде. Сараптама түрлері. Сараптама тағайындау, міндетті түрде өткізілетін сараптамалар. Алғашқы, қосымша, қайтадан тағайындалған, комиссиялық, комплексті сараптамалар, тергеу амалдарына маман-дәрігердің қатысуы. Сот медициналық сарапшалар және дәрігер-сарапшылар. Сарапшылардың міндеті, құқығы, жауапкершілігі. Сот медицина сарапшысының қызмет көрсету шегі. Соттық медициналық сараптаманың құжаттары. |
Жалпы шолу |
2 |
2. |
Жаңа туылған нәрестенің сот медициналық сараптамасы. Механикалық дем жетіспеу (асфиксия). Механикалық дем жетіспеудің түрлері. Мәйіттерді зерттеу барысында анықталатын механикалық ауа жетіспеудің сипаты, ағымы. Буынудан болған ауа жетіспеу. Ауыр затпен қысылғаннан болған дем жетпеу. Суға тұншығу және оның түрлері. Тұншығумен қатысы жоқ суда өлу. Судан шыққан мәйіттердің жарақаттары. Жабық кеңістегі жетіспеушіліктен болған өлім. |
Ауызша баяндау |
2
|
3 |
Механикалық жарақаттардың тегі. Олардың морфологиялық сипаты. Жарақаттарды зерттеудің мақсаты мен әдістері. Әртүрлі биіктіктен жалпақ жерге құлағанда пайда болатын жарақаттар. Аралайтын, шаншылып-кесетін, кескіш заттардың әсерінен болатын жарақаттардың механизмі. Көлік жарақаты және оның түрлері. Автокөлік жарақаты, оның түрлері. Мотоцикл, трактор жарақаты. Теміржол көліктерінің әсерінен болатын жарақаттар, олардың түрлері, сипаты. Су көліктерінің әсерінен болатын жарақаттар. |
ТЖҚ, муляждар |
2 |
4 |
Оқ-қарудан болатын жарақаттар. Атыс қарулары, олардың түрлері. Ату механизмі. Атыс оғының киімге, ағзаға, ұлпаларға әсерінің механизмі. Әртүрлі қашықтықтан атқандағы пайда болатын жарақаттардың белгілері. Қарудың түрлерін анықтау мүмкіндіктері. Сот медициналық токсикология. Улар туралы түсінік. Улану, оның тегі. Улануды сот медициналық тұрғыдан анықтау. Соттық химиялық, биохииялық, ботаникалық және тағы басқа зерттеулерге материалдар алу және олардың қорытындыларына баға беру. Жеке токсикология. Өлімге соқтыратын уланулардың сипаты. Құрамында спирт бар сұйықтар және этил спиртімен улану. Метил спиртімен улану. Тамақтан улану. |
ТЖҚ, муляждар |
2 |
5 |
Жоғарғы және төменгі температураның әсерінен болған жарақаттар. Жоғарғы температураның жалпы және жергілікті әсері. Ыстықтың және күннің әсері (соққысы). Төмен (суық) температураның жалпы, жергілікті әсері. Мәйіттің суыққа қатуы. Басқа да физикалық факторлардың әсерінен болған жарақаттар. Электр жарақаты. Найзағайдың әсері. Қысым жарақаты. Сәуле жарақаты. |
ТЖҚ, муляждар |
2 |
6 |
Жыныстық қылмыстар және жыныс жағдайларына сот медициналық сараптама өткізу, олардың айырмашылығы. Жынысты анықтау. Жыныстық жетілу және ұрықтандыру қабілетін анықтау. Қыздық белгінің бұзылуын және жыныс қатынасының бұрын болғандығын анықтау. Екіқабат-тылықты, бұрын бала туғандықты анықтау. Босыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс. Жыныстық зорлау жөніндегі істер бойынша сараптама және жасөспірімдердің жыныс мүшелеріне тиісу жөніндегі істерге сараптама өткізу. Ерке пен жыныс қатынасы жасалған күтіп туған жағдайда сараптама өткізу. Айғақты заттар туралы түсінік. Айғақты заттарды анықтау, алу, зерттеу жасау. Шаш, сілекей тағы басқа биологиялық заттарды сараптамалаудың мүмкіндіктері және принциптері. Сот медициналық цитологиялық зерттеулер. Медициналық соттық және тергеу істері бойынша сараптамалау. Медицина қызметкерлерінің мамандық және лауазымдық құқық бұзушылығына байланысты істер бойынша сот медициналық сараптамалау. Құқықтық және моральді-құқықтық нормалар. Медицина қызметкерлерінің мамандық міндеттері және құқықтары. Дәрігерлік этика және деонтология. Сөз арқылы пайда болатын сырқаттар. Медициналық тәжірибеде кездесетін кездейсоқ жағдайлар және дәрігерлік қателіктер. Сарапшылар комиссияның мүмкіндігінің шегі. Халыққа емдік-профилактикалық көмек көрсету ісін жақсартудың сараптамаларының қорытынды материалдарын пайдалану. |
Ауызша баяндау, ТЖҚ, муляждар |
2 |
|
Барлығы: |
12 |
|
