- •Курсы: 5 Оқу семестрі: іх-х
- •Оқытушылар туралы мәлімет: Жұманазаров Назарбек Абдуназарұлы - м.Ғ.К., доцент
- •2. Пәннің мақсаты:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Пәнді оқудың соңғы нәтижесі
- •2.5. Пәндің алғы және кейінгі реквизиттері
- •2.6. Пәннің мазмұны
- •2.7. Дәрістердің, тәжірибелік сабақтардың, студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспарлары
- •2.7.1. Дәрістердің тақырыптық жоспарлары
- •2.7.2. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •2.7.3. Студенттердің өзіндік жұмысы тақырыптарының жоспары (сөж)
- •Суммативті бағалау әдісінің дизайны Оқытудың соңғы нәтижелері және тақырыптық блоктар бойынша бағалау әдістерінің үйлестірілуі
- •2.8.Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •2.8.1 Негізгі әдебиеттер /оқулықтар/.
- •2.8.2 Қосымша әдебиеттер /оқулықтар/.
- •Әдебиет тізімі.
- •2.9. Оқыту әдістері:
- •2.10. Білімдерін және тәжірибелік дағдыларын бағалау әдісі:
- •Білімдерін бағалау белгілері және ережелері
- •Ескертулер
Ф-МК-003/013
Қ.А. ЯСАУИ атындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
«АДАМ ПАТОЛОГИЯСЫ» КАФЕДРАСЫ
«БЕКІТЕМІН»
Медициналық білім беру
департаментінің директоры, м.ғ.к.
__________У.Б. Татыкаева
«___» __________2014 жыл
«СОТ МЕДИЦИНАСЫ» пәні бойынша
СИЛЛАБУС
Пән коды: SM-501
Мамандық: 5B130100 – «Жалпы медицина»
Оқу сағатының көлемі: 108
Дәріс: 12 сағат
Тәжірибелік сабақ: 60 сағат
СӨЖ: 36 сағат
Курсы: 5 Оқу семестрі: іх-х
Түркістан - 2014
«Сот медицинасы» пәнінің силабусы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінін 2006 жылғы 03 маусымдағы № 475 бұйрығымен бекітілген, 051301 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша, мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартына және жұмыс оқу жоспары негізінде № 6 нұсқау хат талаптарына сәйкес құрастырылған.
Силлабус «Адам патологиясы» кафедрасы мәжілісінде талқыланған.
Хаттама № ____ «____» ______________2014ж.
Кафедра меңгерушісі _____________ м.ғ.к., доцент Н.А.Жуманазаров
Силлабус оқыту және бағалау комитетінде қаралған.
Хаттама №____"____" _____________ 2014 ж.
Комитет төрағайымы___________ магистр оқытушы А.А. Кушкарова
Силлабус білім беру бағдарламалары комитетінде мақұлданған.
Хаттама №____ "____" _____________ 2014 ж.
Комитет төрайымы______________б.ғ.к., аға оқытушы Б.У. Байзақова
Оқытушылар туралы мәлімет: Жұманазаров Назарбек Абдуназарұлы - м.Ғ.К., доцент
жоғарғы санатты сот. мед. сарапшысы
Оңтустік-Қазақстан аумағында медициналық қызмет атқару кемшіліктері мәселесін нормативті-құқықтты реттеу.
Ғылыми және әдістемелік жұмыстары: оның 130-тан аса жарияланған еңбектері бар. Оның ішінде 3 ғылым кандидатына жетекшілік жасаған, 2 оқу-әдістемелік құралы бар.
Байланысу ақпараты: ОҚО. Түркістан қ. Б.Саттарханов к., Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, медицина факультеті, адам патологиясы кафедрасы. тел. 872533 63636 (ішкі 281, 429, 278).тел: +7778 5357258, e-mail: j_nazarbek@mail.ru
Омаралиев Мустафа Исрафилұлы - м.ғ.к., доцент
Оңтустік-Қазақстан аумағында медициналық қызмет атқару кемшіліктері мәселесін нормативті-құқықтты реттеу.
Ғылыми және әдістемелік жұмыстары: оның 40-тан аса жарияланған еңбектері бар. Оның ішінде 3 оқу құрал, 2 оқу-әдістемелік құралы бар.
Байланысу ақпараты: ОҚО. Түркістан қ. Б.Саттарханов к., Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, медицина факультеті, адам патологиясы кафедрасы. тел. 872533 63636 (ішкі 278).тел: +7014520970, e-mail: mustafa_61@mail.ru
Пәннің саясаты: Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-і медицина кластерінің 2014-2015 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау формативті (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.
Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ денсаулық орталығында үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.
Кіріспе. Сот медицинасы пәнінің бағдарламасы «Жалпы медицина» мамандығына арналған. Ол іргелі теориялық білім беруді қамтамасыз ету үшін қажетті медициналық және биологиялық ғылым салаларының міндетті түрде қолданылатын және маңызды орын алатын қазіргі жетістіктері негізінде құрастырылған. Сот медицинасының өркендеуі патологиялық анатомия, гистология, биохимия, қалыпты физиология, адам анатомиясы, физика, криминалистиканың және математика мен информатиканың қазіргі кездегі жетістіктерімен тығыз байланысты. Бұл пән клиникалық пәндердің іргетасы болып табылады. Өйткені жарақаттардың сипатымен пайда болуын дұрыс пайымдау үшін жалпы патологиялық үдерістердің негізін біліп, адам өміріне қауіпті әрекеттердің нәтижесінде туындалатын,тіршілік әрекетіне әсерін тигізетінін жарақат түрлерін терең түсіне білу қажет.
Сот медицинасы жарақат механизмінің негізін зерттейді. Ол теориялық медицина мен дәрігердің күнделікті жұмысына тікелей қатысты клиникалық пән.
Жоғары медициналық білімі бар әрбір қызметкерлердің сараптау жұмысын атқаруы мемлекеттік және азаматтық борышы болып табылады. Сот-медицина пәнін оқып меңгеруге әрбір студент үлкен жауапкершілікпен қарауы керек.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзіреттіліктердің дамуына бағытталған.
Білім алу деңгейі |
Рөлдермен берілген құзіреттіліктер |
Салыстырмалы үлестірілімі |
Б1.1 |
ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ - БІЛІМІН ҚОЛДАНУ (1): медициналық емес, биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибе жүзінде қолданады |
0,2 |
Б2.1
|
ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАР (1): Әртүрлі жағдайда, науқастармен жұмыс жасаған кезде, коммуникациялық дағдыларды меңгергендігін көрсете алады; |
0,2
|
Б2.2 |
НАУҚАСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ: науқастардың шағымын сұрастыру, анамнез сұрастыру, физикальды зерттеу жүргізу, қосымша зерттеу жоспарын тағайындау, зерттеу нәтижелерін талдау, дифференциялық диагностика жасау, диагноз қою, емдеу жоспарын жасап, әр түрлі жағдайлардағы патологияларды ескере отырып, оның тиімділігін анықтау секілді дағдыларды көрсете біледі. |
0,2 |
Б2.3 |
ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ-МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР (1) Бакалавр дәрежесіне сәйкес стандартты медициналық процедураларды жасай алатындығың көрсетеді |
0,2 |
Б3.2 |
КӘСІБИ ТҰЛҒА (1) - ЭТИКА ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАР: мәдениет аралық ерекшеліктерді, өз жауапкершілігін мойындай алады, этикалық қағидаларға, өз қызметінің сапасын және біліктілігін арттыруға деген ынтасын көрсетеді. |
0,2 |
