- •Модульдік оқу бағдарламасы силлабус бакалавриат
- •Пәннің сипаттамасы
- •Білімді бағалау саясаты мен рәсімдері.
- •Оқып білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері
- •Апелляция рәсімі
- •Оқу сабағының саясаты:
- •Пән бағдарламасы
- •3 Кесте - Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •1 Модуль. Ювеналдық құқықтың дамуы және кәмелетке толмағандардың құқықтық статусының қалыптасуы
- •1 Тақырып. Ювеналдық құқықтың құрылуының алғы шарттары, оның негізгі түсінігі және қайнар көздері Лекция жоспары (1 сағат):
- •Семинар сабақтардың жоспары (1 сағат):
- •2 Тақырып. Шет елдердегі ювеналдық юстиция Лекция жоспары (1 сағат):
- •Семинар сабақтардың жоспары (1 сағат):
- •3 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық мәртебесін қалып-тастырудың тарихи аспектілері Лекция жоспары (1 сағат):
- •Семинар сабақтардың жоспары (1 сағат):
- •4 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық жағдайын халықаралық және конституциялық құқықтық реттеу Лекция жоспары (1 сағат):
- •Семинар сабақтардың жоспары (1 сағат):
- •5 Тақырып. Отбасылық заңнамалар бойынша жан-ұяны және кәмелеттік жасқа толмағандарды қорғау Лекция жоспары (1 сағат):
- •Семинар сабақтардың жоспары (1 сағат):
- •6 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың азаматтық қатынастар саласындағы құқықтық жағдайлары Лекция жоспары (1 сағат):
- •Семинар сабақтардың жоспары (1 сағат):
- •7 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың еңбек қатынастары саласындағы құқықтық жағдайлары Лекция жоспары (1 сағат):
- •Семинар сабақтардың жоспары (1 сағат):
- •8 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың азаматтық-процессуалдық қатынастар саласындағы құқықтық жағдайлары. Лекция жоспары (1 сағат):
- •Семинар сабақтардың жоспары (1 сағат):
- •9 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың әкімшілік-құқықтық қатынастар саласындағы құқықтық жағдайлары. Лекция жоспары (1 сағат):
- •Семинар сабақтардың жоспары (1 сағат):
- •11 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық-атқарушылық қатынастар саласындағы құқықтық жағдайлары Лекция жоспары (1 сағат):
- •Семинар сабақтардың жоспары (1 сағат):
- •12 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қолданылатын тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары Лекция жоспары (1 сағат):
- •Семинар сабақтардың жоспары (1 сағат):
- •13 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық – процестік қатынастар саласындағы құқықтық жағдайлары
- •14 Тақырып. Қылмыстық істер бойынша сотта кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Лекция жоспары (1 сағат):
- •Семинар сабақтардың жоспары (1 сағат):
- •15 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыс жасауына қарсы әрекет етудің криминологиялық және виктимологиялық мәселелері Лекция жоспары (1 сағат):
- •Семинар сабақтардың жоспары (1 сағат):
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер Нормативтік-құқықтық актілер
- •Монографиялар, оқу құралдары, оқулықтар:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •1 Және 2 шептік бақылау жүргізуге арналған бақылау сұрақтары, емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар
- •1 Шептік бақылау өткізуге арналған сұрақтар:
- •2 Шептік бақылау өткізуге арналған сұрақтар:
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БЕКІТЕМІН
Бірінші проректор, оқу-әдістемелік
жұмыс бойынша проректор,
э.ғ.к., профессор Бугубаева Р.О.
______________________
«___»______________2015ж.
Модульдік оқу бағдарламасы силлабус бакалавриат
Пән: «Қазақстан Республикасының ювеналдық құқығы»
Мамандық: 5B030100 – Юриспруденция
Факультет: Бизнес және құқық
Кафедра: жалпықұқықтық және арнайы пәндер
Барлығы 2 кредит (3 ECTS) |
Лекциялар – 15 сағат |
Семинар сабақтары – 15сағат |
ТӨЖ – 45 сағат |
ТОӨЖ – 15 сағат |
ҚАРАҒАНДЫ – 2015-2016
2 үлгі
5B030100 – «Заңтану» мамандығының ҚР МЖМБС 7.09.091-2011 негізінде, 5B030100 – «Заңтану» мамандығының оқу жұмысы жоспары, «ҚР ювеналдық құқық» пәнінің жұмыс бағдарламасы мен ҚҚЭУ-МИ-85-05.01-2012 пәндерінің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымына қойылатын талаптар негізінде:
Силабусты құрастырған х.ғ.к., доцент Сарсембаев Болат Шайменович
Кафедраның оқу-әдістемелік семинарының отырысында қаралды
«__ » _________ 2014 ж. Хаттама № ___
Жалпықұқықтық және арнайы пәндер
кафедрасының меңгерушісі
з.ғ.к., профессор Алимбаева А.А.
Оқытушы туралы мәлімет: Сарсембаев Болат Шайменович, х.ғ.к., жалпықұқықтық және
Т.А.Ә., лауазымы, ғылыми дәрежесі, жарияланымдары, оның ішінде оқулықтар, оқу құралдары, оқитын пәндері
арнайы пәндер кафедрасының доценті.
Ювенология оқулығы. Астана «Фолиант»2010 ж. Авторлық ұжым. 3.13 тарау.
Оқитын пәндері: Криминалистика, Сот экспертологиясы
Офис: «Жалпықұқықтық және арнайы пәндер» кафедрасы, оқытушылар аудиториясы № 209.
Толық мекен жайы: Академическая көшесі, 9
Тел.: 44-16-34 (ішкі 188,187. 6564)
Е-mail: bolat_s@mail.ru
3 үлгі
Пәннің сипаттамасы
Ювеналдық құқық пәні базалық пәндер циклінің элективтік курстар санатына кіреді.
«ҚР Ювеналдық құқығы» пәні кәмелеттік жасқа толмағандардың құқық бұзушылығы мен қылмыс жасауының алдын алу бойынша құқықтық институттардың теориялық және құқықтық аспектілерін зерттейді.
Ювеналдық құқық – бұл кәмелеттік жасқа толмағандар мен қоғамдық құқықтық қатынастарды реттейтін кешенді құқық жүйесінің бір саласы. Бұл сала құқықтық қатынастардың бір қатысушысы ретінде кәмелетке толмағандардың құқықтық статусын қалыптастыруға, кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау механизмін жасауға сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. Ювеналдық құқық - қазақстандық кешенді құқық саласының бір тармағы ретінде: халықаралық, конституциялық, азаматтық, отбасылық, еңбек, әкімшілік, қылмыстық, қылмыстық-атқару, азаматтық-іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу салаларымен шектеседі.
Бұл пәннің негізгі мазмұны - кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғауда қолданыстағы халықаралық және отандық заңнамалар және оларды қолдану тәжірибесін оқып үйрену болып табылады.
Пәнді оқыту мақсаты. Пәнді оқытудың негізгі мақсаты - өзінің тәжірибелік жұмысында халықаралық және ұлттық заңдардарға сәйкес кәмелеттік жасқа толмағандардың материалдық және іс жүргізушілік қатынастарын реттеуге көмектесе алатын жоғары дәрежелі мамандарды дайындау, сондай-ақ студенттерді Қазақстан Республикасындағы Ювеналдық юстицияның теориялық сұрақтары мен іс тәжірибесімен және оның қазіргі мәселелерімен таныстыру болып табылады.
Пәнді оқу мақсаты:
- кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық статусын анықтайтын халықаралық номативтік-құқықтық актілердің мазмұнымен оқып-танысу;
- ұлтық заңнамалардан құқықтық қатынастар саласындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың жағдайымен танысу;
- ювеналдық құқықтың кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын - құқықтың бір саласы ретінде қалыптастыру мәселелерін талдау,
- студенттерге ювеналдық құқық саласында нақты бір заңдық мәселерді шешуде өзіндік көзқарас қалыптастыру, ғылыми және нормативтік әдебиеттермен өздігімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Оқыту нәтижелері:
А. Білу және түсіну керек:
- ювенология саласында қалыптасқан негізгі теориялық концепцияларды;
- кәмелеттік жасқа толмағандарды құқықтық оқыту және тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық ерекшеліктерін;
- кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты құқықтық реттеудің негізгі нормативтік-құқықтық актілерін, олардың тарапынан болатын құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты әділ сот, (ювеналдық сот), кәмелеттік жасқа толмағандардың заңдық жауапкершілігі;
- кәмелеттік жасқа толмағандардың арасындағы құқық бұзушылыққа профилактика жүргізуші органдардың негізгі бағдарламасын, олардың тарапынан болатын құқықбұзушылықтар – қаңғыбастық пен қайыр сұраудың алдын алу;
- құқық қорғау органдарының кәсіби назарына іліккен кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау механизмдерін, қағидаларын, формаларын, әдістерін.
В. Білу керек:
- әртүрлі деңгейдегі ювеналдық заңдарды және ведомствалық нормативтік – құқықтық актілерді;
- қолданыстағы қазақстандық және халықаралық ювеналдық заңдарға салыстырмалы-құқықтық анализ жасау;
- ювеналдық құқық саласында алған білімді келешекте басқару, педагогикалық, аналитикалық, құқыққорғау саласында - құқыққорғау органдарына, білім беру органдарында қолдана білу,
- құқықтық сипаттағы құжаттарды жасай білу, нормативтік актілерге құқықтық сараптама жасау, кәсіби заңдық қорытындылар және кеңестер беру;
- нақты ситуацияларды шешу үшін, мемлекеттік және жергілікті органдардың ювеналдық қызыметін реттейтін азаматтық, әкімшілік және де басқа да құқықтың аралас салаларының нормаларын дұрыс қолдана білу.
С. Игеру:
- ювеналдық құқықтық қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Д. Тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру:
- кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға байланысты ұйымдастыру-басқарушы қызымет;
- Қазақстанда әртүрлі мемлекеттік қызметтердің арасында 18 жасқа толмағандардың мүдделерін қорғаудағы өзара әрекеттесуін ұйымдастыру.
Е. Әрбір студентке ұдайы біліктілігін артыра отырып, білім дейгейін өз бетінше көтеру қажеттілігін ұғындыру. Кәсіптік біліктілік арттыруға өз бетінше дағдылануға баулу.
Пререквизиттері: Мемлекет және құқық теориясы, ҚР Конституциялық құқығы, Құқыққорғау органдары, Әкімшілік құқық, Қылмыстық құқық, Қылмыстық іс жүргізу құқығы, Қылмыстық атқару құқығы, Азаматтық құқық, Азаматтық іс жүргізу құқығы, Отбасылық құқық.
Постреквизиттері: Тұлғаның құқығы мен бостандығын қорғау, Үкіметтің өкілетті органдары және құқықтың басқа да саласы бойынша курстар.
Пәннің методологиясы оның мақсаты және міндеттерімен анықталады. Бұл жерде шеберлік пен арнайы білімдерді қалыптастыруға бағытталған мынандай оқыту әдістері қолданылу керек: дискуссия, презентация, ситуациялық есептер және жаттығулар, тестілер.
4 үлгі
