Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7-сынп. І тоқсан. Алгебра.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.32 Mб
Скачать

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: Бүтін көрсеткішті дәреже туралы түсінік

ә) Дамытушылық: Өрнектерді бүтін көрсеткішті дәреже түрінде жаза білу

б) Тәрбиелік: оқушылардың ойлау қабілетін оятып, жылдам есептей білуге тәрбиелеу

Сабақтың әдісі : түсіндірмелі-көрнекілік

Сабақтың типі:Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі:сызба,жазба материалдар

Сабақтың жоспары: І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Өткенді қайталау.

IІІ.Жаңа сабақ..

ІV. Есеп шығару.

V.Үйге тапсырма.

VІ.Бағалау.

VIІ.Қорытынды

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуын,дайындығын тексеру.Оқушылармен амандасу

ІІ.Өткенді қайталау.

Оқушыларды топқа бөліп , үй тапсырмасын сұрау.

Бір – бірлеріне сұрақ қоя отырып , қадағалау.

1.дәреже дегеніміз не?

2.Өзара кері сан қандай болады?

үйге берілген есептің жауаптары:

№23 4) 67375 5)14625 6)1183

№24 4)28 5)32 6)(1/4)2

№22 4)> 5) > 6) >

III.Жаңа сабақ.

1027 және 10-24 дәрежесін алайық. Бірінші жағдайда 10 санын өз өзіне 27 рет көбейтеміз, ал екінші жағдайда 10 санын өз өзіне -24 рет көбейте алмаймыз. Бұл жағдайда 1 саны 10-ның 24 дәрежесіне бөлнеді. Сонымен мынадай анықтама аламыз:

Анықтама. п бүтін теріс көрсеткішті дәреже деп п натурал көрсеткішті дәреженің кері мәніне тең мәнді айтады. а-п=1/ап мұндағы а нөлге тең емес кез келген сан, п натурал сан.

Анықтама. Нөлге тең емес кез келген санның нөлінші дәрежесі 1-ге тең, яғни а0=1. Демек, көрсеткіші кез келген бүтін сан болғанда, дәреженің мағынасы бар деген қорытынды жасауға болады.

Анықтама. Санның а*10п( мұндағы 1≤ а <10 және п- бүтін сан) көбейтіндісі түрінде жазылуын санның стандарт түрі деп атайды. п- санның ретін көрсетеді.

Алдыңғы тақырыпта айтылған дәреженің қасиеттері бұл жердеде орындалады.Тек мына жағдайды ескеру керек

1) m және n көрсеткіштері натурал сандар

2) m және n бүтін теріс сандар

3)бір көрсеткіші оң , ал екіншісі теріс сан болуы мүмкін

4) бір көрсеткіші нөлге тең , ал екіншісі нөлден өзгеше болуы мүмкін

ІV. Есеп шығару.

№38 1) 24 = 16 2) 17/64 3) 120

№39 1)32 = 9 2) 102 = 100

№40 1) а4-3 2) х7-2

№41 1)5064*10-1 2)328*10-4

ІV.Үйге тапсырма.№38( 4,5,6) , №39(3,4), №40(3,4); №41 (3,4) §2-ні оқып келу

V .Бағалау.Оқушылардың білім-біліктілігін анықтап баға қою.

VI . Қорытынды.Оқушылардан өткен материалды еске түсіру үшін сұрақ-жауап алу.

1.Натурал көрсеткіштік дәреже мен бүтін көрсеткіштік дәреженің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

2.1-ден өзге бүтін санға кері сан бөлшек түрінде беріледі. Осы кері санды бөлшексіз жазуға бола ма ?

7-сынып.Алгебра

Сабақ-6.мерзімі-

Сабақтың тақырыбы: Бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттері.