Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7-сынп. І тоқсан. Алгебра.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.32 Mб
Скачать

7 -сынып.Алгебра.

Сабақ-1.мерзімі-

Сабақтың тақырыбы: Натурал көрсеткішті дәреже.

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: Дәреже, дәреженің негізі және көрсеткіші, дәреженің қасиеттерімен танысу.

ә) Дамытушылық:Дәреженің қасиеттерін есеп шығару барысында пайдалана білу.

б) Тәрбиелік:оқушылардың білімге құштарлығын ояту,төзімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:түсіндірмелі-көрнекілік

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі:сызба,жазба материалдар

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуын,дайындығын тексеру.Оқушылармен амандасу.

ІІ.Өткенді қайталау.Біз санның квадраты, кубы деген сөздерді бұрын естігенбіз.Еске түсіріп көрейік:22 дегеніміз санды өз-өзіне екі рет көбейту ,23 дегеніміз санды өз-өзіне үш рет көбейту. Өздеріңіз мысал келтіріңіздерші.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Олай болса дәрәжеге қандай анықтама беруге болады?

Анықтама.Бірдей көбейткіштерден тұратын көбейтіндіні дәреже деп атайды.

3*3*3*3=34= 81.81 саны 3 санының төртінші дәрежесі. 34= 81 жазуындағы 3 саны (қайталанатын көрсеткіш) дәреженің негізі, 4 саны дәреженің көрсеткіші, ал 81 саны 34 дәрежесінің мәні деп аталады.

Дәрежені оқу кезінде алдымен оның негізі , содан кейін оның көрсеткіші оқылады.

Егер а – кез келген сан, ал п 1-ден үлкен натурал сан болса, онда

а*а*...*а (п рет)

көбейтіндісін а санының п-ші дәрежесі деп атайды да, оны ап арқылы белгілейді. Мұнда а саны дәрежесінің негізі деп, ал п натурал саны дәреже көрсеткіші деп аталады.

  • бірнеше тең көбейткіштердің көбейтіндісін анықтау амалын дәрежеге шығару деп атайды;

  • а-ға тең п көбейткіштің көбейтіндісін а санының п-ші дәрежесі деп атайды;

  • дәрежеге шығарылатын а санын дәреженің негізі деп атайды;

негізді қандай дәрежеге шығарғанымызды көрсететін п натурал санын дәреже көрсеткіші деп атайды.

Мынаны есте сақтау қажет:

  • а1 = а ,кез келген санның бірінші дәрежесі өзіне тең.

  • а 0 = 1, кез келген санның нөлінші дәрежесі 1-ге тең.

  • егер а>0 және п натурал сан болса,онда ап>0. яғни кез келген оң санның натурал дәрежесі оң санға тең.

  • Егер а<0 және п жұп сан болса, онда ап>0 , яғни теріс санның жұп дәрежесі оң сан.

  • Егер а<0 және п тақ сан болса, онда ап<0, яғни теріс санның тақ дәрежесі теріс сан.

IV.Есеп шығару.

№31.Көбейтіндіні дәреже түрінде жазыңдар:

1) а*а*а*а*а = а5 2) 0,3*0,3*0,3*0,3*0,3 = 0,35

3) (-2)(-2)(-2) = (-2)3 4) (1/2)(1/2)(1/2)(1/2) = (1/2)4

5) (-5/3)(-5/3)(-5/3) = (-5/3)3 6) (ах)(ах)(ах)(ах)(ах) =(ах)5

№32. Есептеңдер:

1) (-3)3 = -27 2) (-2)4 = 16 3) (-4)3 = -64 4) (-5)2= 25 5) 44 = 256 6) 25 = 32 7) 73 = 343 8) 82 = 64 9) 2,52 = 6,25 10) (-1/2)3= - 1/8

№33. Дәрежеге шығаруды орындаңдар:

1) (1/2)2 = 1/4 2) (-1/2)5 = -1/32 3) (-2/3)2 = 4/9

4) 0,33 = 0,027 5) 0,13= 0,001 6) (1 ½)4 = (3/2)4 = 81/16

7) (-3/4)3 = -27/64 8) (2 ½)3 = (5/2)3 = 125/8

№34. Көбейтіндіні дәреже түрінде жазыңдар:

1) 5*5*5*5 = 54 2) х*х*х*х*х = х5 3) 5*5*5*а*а =53а2

4) а*а*в*в*в = а2в3 5) х*х + у*у = х2 + у2 6) m*m*m+m*m = m3 + m2

7) u*u*b*b = u2b2 8) m*x*x+n*n*y*y*y = m*x2 + n2y3

9) 2*x*x*z*z + y*y*y = 2*x2z2 + y3

№35. Көбейтіндіні дәреже түрінде жазыңдар:

1) а3 = а*а*а 2) в5 = в*в*в*в*в 3) х3 = х*х*х

4) (сх)3 = сх*сх*сх 5) 2*у5 = 2*у*у*у*у*у

6) (-m)5 = (-m)*(-m)*(-m)*(-m)*(-m)

№36. Есептеңдер:

1) (4/5)2= 16/25 2) (-2/3)2 = 4/9 3) (1 ½)2 = 9/4

4) (-2 ¼)2 = 81/16 5) (2,1)2 = 4,41 6) (-6)3 = -216

7) 93= 729 8) (-1)3 = -1 9) (1 ¾)3 = 343/64 10) (-1,2)3 = 1,728

V.Үйге тапсырма.№34,№35,№36

VI.Бағалау.Оқушылардың білім-біліктілігін анықтап баға қою.

VII. Қорытынды.

Дәреже дегеніміз не ? Дәреженің негізі деп нені айтамыз ?

Дәреже көрсеткіші деп нені айтады ?

Теріс санның жұп дәрежесінің таңбасы қандай ?

Теріс санның тақ дәрежесінің таңбасы қандай ?

7-сынып.Алгебра.

Сабақ-2 мерзімі-

Сабақтың тақырыбы: Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері туралы түсіну.

ә) Дамытушылық: Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттерін пайдаланып есеп шығара білуге дағдылану

б) Тәрбиелік:оқушыларды жылдам ойлауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың әдісі:практикалық

Сабақтың типі: игеру

Сабақтың көрнекілігі:сызба,жазба материалдар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуын,дайындығын тексеру.Оқушылармен амандасу.

ІІ.Өткенді қайталау.

Дәреже дегеніміз не ? Дәреженің негізі деп нені айтамыз ?

Дәреже көрсеткіші деп нені айтады ?

Теріс санның жұп дәрежесінің таңбасы қандай ?

Теріс санның тақ дәрежесінің таңбасы қандай ?

Үй тапсырмасын тексеру

№34. Көбейтіндіні дәреже түрінде жазыңдар:

1) 5*5*5*5 = 54 2) х*х*х*х*х = х5 3) 5*5*5*а*а =53а2

4) а*а*в*в*в = а2в3 5) х*х + у*у = х2 + у2 6) m*m*m+m*m = m3 + m2

7) u*u*b*b = u2b2 8) m*x*x+n*n*y*y*y = m*x2 + n2y3

9) 2*x*x*z*z + y*y*y = 2*x2z2 + y3

№35. Көбейтіндіні дәреже түрінде жазыңдар:

1) а3 = а*а*а 2) в5 = в*в*в*в*в 3) х3 = х*х*х

4) (сх)3 = сх*сх*сх 5) 2*у5 = 2*у*у*у*у*у

6) (-m)5 = (-m)*(-m)*(-m)*(-m)*(-m)

№36. Есептеңдер:

1) (4/5)2= 16/25 2) (-2/3)2 = 4/9 3) (1 ½)2 = 9/4

4) (-2 ¼)2 = 81/16 5) (2,1)2 = 4,41 6) (-6)3 = -216

7) 93= 729 8) (-1)3 = -1 9) (1 ¾)3 = 343/64 10) (-1,2)3 = 1,728

IІІ.Есеп шығару.

Дәреженің қасиеттері:

1)Негіздері бірдей дәрежелерді көбейту үшін негізін өзгеріссіз қалдырып, дәреже көрсеткіштерін қосамыз. аm* ап = аm+п

2) Негіздері бірдей дәрежелерді бөлу үшін негізін өзгеріссіз қалдырып, дәреже көрсеткіштерін азайтамыз. аm/ ап = аm-п

3)Дәрежені дәрежеге шығару үшін негізін өзгеріссіз қалдырып, дәреже көрсеткіштерін көбейтеміз. ( аm )п = аm*п

4)Көбейтіндіні дәрежеге шығару үшін әрбір көбейткішті осы дәрежеге шығарып, нәтижелерін көбейтеміз.(авс)п = ап вп сп

5)Бөлшекті дәрежеге шығару үшін алымын және бөлімін жеке дәрежеге шығарамыз.(а/в)п = апп

Натурал көрсеткішті дәрежелерді салыстыру үшін :

1)бірдей негізге келтіріп,дәреже көрсеткіштерін;

2)бірдей көрсеткішке келтіріп, негіздерін салыстыру керек.

№64. Көбейтіндіні дәреже түріне келтіріңдер:

1) а3 . а4 = а7 2) а . а5 = а6 3) х5 . х3 = х8 4) 0,53 . 0,57= 0,510

5) (1/2) . (1/2)4 = (1/2)5 6) р2 . р3 = р5 7) q4 . q5 = q9

8) у3 . у5 = у8

№65. Көбейтіндіні дәреже түрінде жазыңдар:

1) n12 . n5 = n17; 2) m5 . m17 = m22; 3) с3 . с4 = с7 4)a6 . a7 = a13 5) a16 . a7 = a23; 6) p10 . p11 = p21; 7) b . b . b2 = b4;

8)x2 . x . x3 = х6; 9) r2 . r2 . r2 = r6

№66. Дәреже түріне келтіріңдер:

1) 25 . 64 = 25 . 26 = 211; 2) 0,26 . 0,04 = 0,26 . 0,22 = 0,28

3) 34 . 81= 34 . 34 = 38 4) 612 . 36 = 612 . 62 = 614

5) 0,257 . 1/64 = (1/4)7 . (1/4)3 = (1/4)10; 6) 0,0001 . 0,15 = 0,13 . 0,15 = 0,18

№67. Бөліндіні дәреже түріне келтіріңдер:

1) a5 : a2 = a3; 2) b20 : b12 = b8; 3) –c15 : c5 = -c10

4) 0,517 : 0,510 = 0,57; 5) x11 : x7 = x4; 6) p19 : p9 = p10

7) q12 : q3 = q9; 8) 720 : 712 = 78

V.Үйге тапсырма.№65 және №68 §1-ні оқып келу

VI.Бағалау.Оқушылардың білім-біліктілігін анықтап баға қою.

VII. Қорытынды.Оқушылардың тақырыпты білу нәтижесін сұрақ-жауап арқылы анықтап , нақтылау.

7-сынып.Алгебра

Сабақ-3.мерзімі-

Сабақтың тақырыбы: Негіздері бірдей дәрежелерді қөбейтужәне бөлу