Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемлекеттік реттеу шетел тәжірибесі.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.33 Mб
Скачать

Сурет 1. Австралиядағы реттеу формалары

Өзін-өзі реттеу – тәртіп стандарттарын орнату және олардың қолданылуы және ешбір мемлекеттік қол сұғусыз қорғау.

Квази-реттеу (со-реттеу) – белгілі бір формада мемлекеттің бизнеспен құрастырылған кодекстерді және ережелерді ұстануды қамтамасыз етуде қатысуы.

Мемлекеттік реттеу – орындалуын мемлекеттік мекеме жүргізетін орындалуы үшін міндетті нормативті акттің қабылдануы.

Әрбір жағдайда нарықтың еркін қызмет етуіне қол сұғу қажеттілігі дәлелденген болса, алдымен анағұрлым қарапайым нұсқасының - өзін-өзі реттеуінің жүзеге асырылу мүмкіндігі, содан кейін квази-реттеу, және тек қысылған жағдайда тура мемлекеттік реттеу мүмкіндігі қарастырылады. Әрбір реттеу формасының ішінде альтернативті құралдардың қолдану мүмкіндігі қарастырылады, соның ішінде:

  • Ешбір арнайы әрекеттерсіз (жауапкершілік туралы жалпы заңдылықтың қолданылуы);

  • Ақпараттық және жарықтандыру компаниясы (тауарлардың маркіленуін немесе СМИ компаниясын қоса алғанда);

  • Нарықтық құралдар (салықты, субсидиялар, жіберілетін рұқсатнамалар және т.с.с. қоса алғанда);

  • Меншіктің берілетін құқықтары;

  • Міндетті бақылаудың сызбалары (сертификаттау, лицензиялау және т.с.с.);

  • Нарықтан шектеу шаралары (тауарларды шақырту, «негативті» лицензиялау және т.с.с. );

  • Стандарттар (міндеттілерді және өз қалаулары бойыншаларды қоса алғанда);

  • Басқа механизмдер, міндетті аудитті, жарияланбалы ақпараттық регистрлерді және т.с.с. қоса алғанда.

Мемлекеттік реттеуді ендірудегі сияқты квази-реттеуді ендіру де регулятивті әсер етудің талдау процедураларын өткізуді талап етеді (Regulation Impact Statement, RIS)2) (АРВ).

Регулятивті әсер етудің талдау процедуралары (АРВ).

Экономикаға қол сұғу әдісін таңдау реттеуге жалпы ыңғайланудан шығатын аса қатал процедура бойынша жүргізіледі: реттеу жай ғана нәтижелі болмай, сондай-ақ нақты саяси мақсатқа жетудің нәтижелі құралы болу керек. АРВ процедурасы бар реттеуді қайта қарап шығу үшін және бизнеске тура әсер ететін, бизнеске жанама мәнді әсер ететін немесе бәсекелестікті шектейтін үкіметтік келісім шарттарды тұйықтауды қайта қарап шығу үшін Одақ Үкіметімен және австралиялық үкіметтердің Кеңесімен (штаттар мен территориялардың үкіметтері) міндетті болып қабылданды. (Guide to Regulation, 1998, pp.A2-A3).

«Реттеу» деп заңдылықтарды, Парламентпен, Үкіметпен, мемлекеттік министірліктермен, агенттіктермен және департаменттермен, штаттардың және территориялардың үкіметтерімен қабылданатын басқа да нормативті актілерін, квази-реттеудің сызбаларын түсінеміз (Guide to Regulation, 1998, p.A3). АРВ-нің толық процедурасы салықтық сипаттамадағы шаралар үшін қолданылмайды, өйткені алдын-ала жүргізілген ашық кеңесулер салықтан бас тартуға еліктіруі мүмкін. Бірақта салықтық құралдар үшін АРВ-нің ерекше процедурасы қолданылады. АРВ-ні қолданудың ұлттық қауіпсіздігінің ойларымен, халықаралық келісім шарттардың міндеттеріне байланысты бірқатар шектеулері бар.

АРВ үкіметпен немесе реттейтін мекемемен оның реттеуін ендіру туралы шешім қабылдағанша дейін дайындалады.

АРВ-нің ішінде міндетті түрде келесілер болады:

  • белгілі бір әрекеттерді талап ететін мәселенің сипатталуы;

  • мақсаттың сипатталуы;

  • қойылған мақсатқа жету үшін қолданылуы мүмкін қызметтер (регуляторлы және регуляторлы емес);

  • тұтынушылар, бизнес және қоғам үшін жалпы алғандағы әр қызметтің бағалануы және пайдалары;

  • кеңесулер туралы бекітулер (АРВ авторлары дайындау кезінде кіммен кеңесті );

  • ұсынылатын қызмет;

  • қолдану және ұсынылатын қызметінің нәтижелілігін келесі бағалаулар стратегиясы .

АРВ-ні дайындау кезінде үкімет қатты қажет емес реттеулерді немесе кез келген аса қатал кеткен бизнеске, әсіресе кішігірім бизнеске қойылатын талаптар енгізбеуге міндетсінуден шығады. Сондықтан да, заңды реттеу ендіру туралы сұрақ қарастырылғанша дейін Үкімет қарапайым құралдармен қанағаттандырлық нәтижелерге жетуге бола ма екенін зерттейді (Ministry for Custom and Consumer Affairs, 1998, p. 13).

Мәселе бағалануы

Мәселе бағалануы аса маңызды орын алады. Мәселені нақты түсінбеу теріс шешім қабылдауға алып келуі мүмкін дегені әбден дұрыс. (Ministry for Custom and Consumer Affairs, 1998, p. 8).

Мәселе бағалануы келесі факторлардың идентификациясын жобалайды:

  • мәселенің негізгі ойы;

  • мәселенің пайда болуының себептері;

  • кімге әсер етеді;

  • мәселенің бар болуының қатысты адамдарға тигізетін зардаптары;

  • мәселенің жалпы қоғам үшін тигізетін зардаптары;

  • пайда болған жағдайдан кім ұтады және қандай дәрежеде;

  • мәселе ауқымы;

  • мәселе локальді ма, штат мәселесі ме, жалпы ұлттық немесе халықаралық мәселе болып келе ме екенін анықтау.

Нарықтың еркін қызмет етуіне қол сұғу қажеттілігі келесі екі жағдайға көнеді: нарықтың құлдырауының бар болуы және нақты әлеуметтік мақсаттың бар болуы.