- •Мазмұны
- •Қазақстан Республикасында рұқсат етілген жүйені талдау. Рұқсат етілген жүйені жетілдіру бойынша ұсыныстар.
- •Экономикалық қызметтің жеке түрлерін тәртіпке келтіруде мемлекеттің аз ғана қатысына бағытталған, бизнестің сәтті болуына жағдайлар туғызатын факторлар жиынтығы.
- •1. Кесте
- •Рұқсат етілген жүйені құрудағы әлемдік тәжірибе: мақсаты, реформалаудың бағыты мен механизмдары.
- •Австралияда1 реттеудің бірыңғай жүйесін құруда жалпы қарастыру
- •Сурет 1. Австралиядағы реттеу формалары
- •Кәсіпкерлік реттеу туралы ақш заңдылығының көрінісі
- •Реттеуді тәуекелге және шығынға тәуелді жүргізудің жалпы кепілдемелері.
- •Қазақстандағы және әлемдегі дамыған елдердегі әрекеттің жеке түрлерін реттеудің, жүйені енгізудің принциптерінің негізін талдау
- •1.3.4 Азықтық өнімдерін өндіру облысында мемлекеттік реттеудің халықаралық дәрежесі
- •Қазақстан Республикасында сертификаттау және аккредиттеу облысында реттеу талдауы
- •Қазақстан Республикасында лицензиялау жүйесінің құрылуы
- •Әкімшілітік тосқауылдардан, рұқсат ету жүйесін жеңілдету жөнінде ұсыныстар мен кепілдемелер
- •Рұқсат ету жүйесі облысында заңнаманың унификациясы
- •Қазақстан Республикасының Заңының жобасының концепциясы «ґзгертулердіѕ салуы туралы жјне ќосымшалардыѕ Ќазаќстан Республикасыныѕ бірсыпыра заѕ шыєаратын актілері лицензиялау сўраќ»
- •1.5.2. Рұқсат құжаттарының жеңілтілген процедурамен беру
- •1.5.3. Реттеудің балама формаларын енгізу
- •1.5.4. Рұқсат ету құжаттарын қайта қарау және қаттау
- •3. Рұқсат ету құжаттарын қайта қарау
- •Үкімет деңгейінде рұқсат ету құжаттарын инвентаризациялау және қайта қарау процесі
- •Кәсіпкерлік қызмет түрлерін реттеу қызмет түрлеріне жатқызу Методикасы (лицензиялау, сертификаттау, аккредиттеу)
- •Жалпы жағдай
- •Қызмет түрінің сипаттамасы
- •Нарық «сәтсіздіктерінің» талдануы және идентификациясы
- •Идентифициялы тәуекел сферасының қауіпсіздігіне тәуекелді реттеу түрін таңдау (лицензиялау, сертификаттау, аккредиттау)
- •Қауіпсіздік облысының бастапқы кәсіпорынның жұмыс істеу кезеңдеріне сәйкестігі
- •Реттеу түрінің кәсіпорынның тіршілік цикл кезеңдеріне сәйкестігі
- •2.4. Реттеуіштік өлшем деңгей тәуекел сын деңгейімен сәйкестік таңдауы.
- •Кесте 3 Кәсіпорын тіршілік цикл бастапқы фазалары және қауіпсіздік облыстарында тәуекелдердің қиыншылық кезеңнің жөнге салу түрлерінің тәуелділігі.
- •Мемлекеттік реттеудің өлшемін және түрін таңдауда шешім қабылдау
- •Реттеу баламасының орындалуын реттеу
- •Регулятивті өлщем жүргізудің қорытындысы
- •Тәуекел мониторингі. Тәуекелді басқару
- •Қорытынды
- •Қолданылған ақпараттар және әдебиеттер тізімі
- •Работа луга (направление затрат)
Қазақстан Республикасында рұқсат етілген жүйені талдау. Рұқсат етілген жүйені жетілдіру бойынша ұсыныстар.
Экономикалық қызметтің жеке түрлерін тәртіпке келтіруде мемлекеттің аз ғана қатысына бағытталған, бизнестің сәтті болуына жағдайлар туғызатын факторлар жиынтығы.
Қазақстан Республикасының конституциясы әркімге кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, кез – келген заңды кәсіпкерлік қызметке ерікті түрде өз мүлкін қолдануға құқық береді. (п.4.26 бет Қазақстан Республикасының конституциясы).
Құқықты және бостандықты шектеуге тек конституцялық кепілдіктің ғана құқы бар, ҚР конституциясында п.1. бет 39 адамның және азаматтың құқы мен бостандығы заңды түрде тек мына жағдайларда ғана шектеле алады, егер ол конституциялық қатарды қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғау, адамның құқы мен бостандығын, денсаулық пен адмгершілікті қорғау мақсатында ғана анықталған жағдайда болады. Айтылып отырған адамның және азаматтың құқы мен бостандығы туралы конституциялық белгі халықаралық құқық нормаларына сәйкес келеді, нақтырақ п.2 бет.29 Адам құқы туралы жалпы декларация 1948 ж., п.2 бет.10 және п.2 бет.11 негізгі бостандық пен адамның құқын қорғау туралы Еуропалық конвенция 1950 ж., п.3 бет.12 Азаматтық және саясаттық құқық туралы халықаралық акт 1966 ж.
Осыған байланысты мемлекет, осындай шектеулерді (аккредиттеу, сертификаттау, лицензиялауды қоса алғандағы рұқсат етілген жүйе, т.б), яғни шектеулердің енгізілуіне конституциялық тұрғыда анықталған кепілдікті қояды.
Кәсіпкерлік қызметтен экономикалық эффектті (пайда табу) төмендетуге қабілеті бар, осы мақсаттарға сәйкес келмеу немесе осындай рұқсат етілген үрдістерді орнату жеке кәсіпкерлікке деген әкімшілік тосқауылдардың туындауына әкеп соғады.
Сондықтан мемлекет құқықты шектеудің және бостандықты заңды түрдегі шектеуін бөлуді рұқсат етілген жүйе немесе «әкімшілк тосқауыл» арқылы орнатуы керек. Бұл дегеніміз ішкі заңдық деңгейде рұқсат етілген үрдістерді орнату деп түсінсе болады, олардың дәлелденбегендігі (лицензияланған қызмет түрлерінің көптеген тізімдері, қажетті түрдегі құжаттар пакеті, соның ішінде лицензияланған қызметке тікелей қатысы жоқ құжаттар, лицензиялау мен сертификаттың қызметтеу мерзімі, тіркеудің ұзақ мерзімі және т.б)
Бизнесті енгізуде оңтайлы шарттарды туғызу үшін мемлекетке міндетті түрде рұқсатты жүйені жетілдіру жұмысында, мөлшерлік аспектіде әкімшілік тосқауылды қысқартуда тұрақты және нәтижелі жұмыс жүргізу керек.
Бұл контекстте айта кету керек, қазіргі уақытта Қазақстанда тек мемлекеттік басқаруды – тиімді көтеру және басқару аппараты қызметінің нәтижелілігіне қатысты тақырыпты ғана қозғап қоймайды, сонымен қатар бәсекелестік ортада мемлекетке кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ функцияларды беруге арналған әкімшілік тосқауылдарды алу мақсатында әкімшілік реформалар жүргізіледі.
Айтылған концептуалды шарттар «Қазақстан -2030» стратегиясында орын алды және Президенттің кейінгі халыққа жолдауларындада айтылған болатын, онда жалпы бағыттаулар, әкімшілік тосқауылдарға қарсы күресу жолдаулары да айтылған болатын. Мемлекет басшысының 2008 жылғы халлыққа жолдауында, дамыған кәсіпкерлік сектор – кез‑келген елдің экономикасының негізі екендігі айтылған болатын. Осыған орай, үкімет әкімшілік реформаның маңайында бизнеске деген әкімшілік ауыртпалықты төмендетуі қажет, әрі қарай рұқсат етілген жүйені қиындатпау қажет,соның ішінде лицензиялауды, сертификаттау, аккредиттеуді қарастыруы керек.
Қазіргі заман талабына сай кәсіпкерлік қызметке, соның ішінде орта және шағын бизнеске, әкімшілік ауыртпалықты төмендетуді мемлекет үш жақты бағытта қарастырылуда.
Бірінші бағыты жеке кәсіпкерліктің субъектісін құрумен байланысты – тіркеу, лицензиялау, техникалық жөнге салу.
Екіншісі – Кәсіпорындардың өнімдерін нарыққа шығарумен байланысты (сәйкес келуін мақұлдау, сертификаттау, аккредиттеу).
Үшінші бағыты – Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін және керісінше өнімдерінің нарықта бақылау болып табылады.
Көрсетілген қызмет бағыттары факторлардың жиынтықтарына жағдайлар жасайды, яғни бизнесті жүргізуге шарттар туғызады. Бұл шарттар кәсіпкерлік қызметті жөнге салуда мемлекеттің қатысын, бизнестің қызығушылығын қоғамның қызығушылығымен теңдесуіне жетуін барынша төмендетуі керек.
Кәсіпкерлік қызметтегі ретке келтірудегі мемлекеттің шамадан тыс қатысуына байланысты фактілер еркін кәсіпкерліктегі ішкі эффектілердің бар болуымен және монополистік тенденциоздықтың болуымен, оның өз бетімен қоғамға игілік жасай алмайтындығы және қоғамдық ресурстарды тарата алмайтындығы, сонымен қатар барлығының, яғни барлық шаруашылық субъектілер толығымен мемлекеттің бақылауында болған шақта жоспарланған социалисттік экономикадан шыққандығын ескере кету керек.
Ұсынылып отырған зеттеу өз мақсаты ретінде «мемлекет‑кәсіпкер» арақатынасын немесе байланысын жетілдіру болып табылады, оның нәтижесінде Қазақстанға бизнесті енгізу оңайлау керек, яғни тез және арзан болуы – ол дегеніміз, салық қорын кеңейту, тауар және қызмет көрсету нарығын толықтыру.
«Оңайлату», «жылдам», «арзан» деген түсініктер үрдістердегі процедуралардың (баспа) қысқару мөлшерін, уақыт шығынын қысқарту және осы үрдістердің шығуын туындататын ақшаның мөлшерін қысқарту, яғни ‑ өз еліміздің Президенті айтқандай әкімшілік тосқауылдарды төмендету.
Соңғы кездерде Қазақстанның "Doing Business" рейтингінде алатын орны туралы көп сұрақ туындап жүр. Бизнес – орта мен бизнес – климатты салыстыру үшін әртүрлі елдерде көрсеткіш ретінде "Doing Business" бүкіл әлемдік банкінің рейтингісі саналады. 2007 ж. бүкіл әлемдік банкінің осы зерттеудің жарыққа шыққанынан соң 50000 рет әлемдік прессада айтылған болатын, ол оның іскерлік және саяси әлемде танымал екендігін айтады.
Бүкіл әлемдік банктың әдіснамасында осы зерттеуді жүргізген кезде 178 елде он үрдіс бойынша салыстыру жасалғандығы туралы айтылады. Онда алдыңғы жылмен салыстырғанда 2008 ж. Қазақстанның басқа мемлекеттер ішінде жалпы жағдайының нашарлағандығы көрінеді (бірінші кесте). Бұл индикаторларды міндетті түрде қарастыру керек, біріншіден – бизнес ортаны жақсартудағы жыл сайынғы өткізілетін реформалардың бағалануы ретінде, ал екіншіден – басқа елдермен салыстырғанда реформалау жолындағы мемлекеттің қозғалу жылдамдығының көрсеткіші ретінде қарастыруға болады.
