Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстанда бизнес ашу кезінде нені білу қажет.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
121.86 Кб
Скачать

Шағын бизнес үшін салық салу режимі

Тіркелген сәтінен бастап кез келген кәсіпорын салық төлеушіге айналады.  Үнсіз келісім бойынша ЖК де, ЖШС де көпшілік мақұлдаған режимге сәйкес жұмыс істейді.  Бұл жағдайда кіріс және шығыс есебін және ілеспе құжаттаманы жүргізу міндетті.

Табысқа кесімді мөлшерлемемен салық салынады: ЖК үшін 10% (жеке) және ЖШС үшін 20% (корпоративті). Тоқсан сайынғы табысы 10 млн. теңгеден асатын, ал қызметкерлерінің саны 25 адамнан асатын субъектілердің барлығы осы режимге жатқызылады; сондай-ақ елдің түрліше елді мекендерінде құрылымдық бөлімшелері бар кәсіпорындар.

Жалпыдан бөлек, салық салудың жеңілдетілген режимінің екі түрі бар. Оларға ЖК немесе заңды тұлға тіркелген сәттен бастап 5 күн ішінде не болмаса келесі салық кезеңі басталғанға дейін Салық басқармасына өтініш беру арқылы ауысуға болады.    

Ең қарапайым режим – патент. Бұл категорияға тек қана жалдамалы жұмысшылары жоқ және жылдық табысы 200 ЕТЖ-дан аспайтын ЖК жатады. Патенттің басты артықшылығы -  патентті рәсімдеу кезінде мәлімделген жылдық табыстың 2% есебінен барлық салықтардың бір мезгілде төленуі. Оған қоса  ЕТЖ-ның 10% мөлшеріндегі зейнетақы жарнасы және ЕТЖ-ның 5% мөлшеріндегі әлеуметтік аударымдар.

Салық салудың екінші арнайы режимі – жеңілдетілген декларация негізінде. Ол ЖК үшін тоқсандық табысы 10 млн. теңгеден аспайтын, ал жалдамалы қызметкерлер саны 25 адамнан аспайтын немесе ЖШС үшін  табыс 25 млн. және штатта 50 адам болған жағдайда мүмкін. Жеңілдетілген декларация бойынша тоқсандық табыс сомасының  3% мөлшерінде салық төленеді. Оған қоса дәстүрлі зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бар, әрі бұл жағдайда ЖК үшін де, жалдамалы жұмысшылар үшін де жүзеге асырылады.

Жоғарыда айтылғандай, Қазақстанда үкімет тарапынан ксіпкерлікті қолдауға үлкен мән беріледі. Бастаушы кәсіпкерлердің, сондай-ақ өз орнын тауып, белгілі бір табыстарға қол жеткізгендердің өмірін жеңілдететін көптеген құралдар бар.

 «Электрондық үкімет» www.egov.kz порталы сіз үшін тамаша кеңесші әрі бизнесті жүргізудегі көмекші бола алады. Мұнда сіз сөреден, яғни бизнесті тіркеуден бастап, тіркелген заңды тұлға, филиал және өкілдік туралы анықтама алу, заңды тұлғаға қатысу туралы анықтама алу секілді мемлекеттік қызметтерге дейінгі өзіңізге қажеттінің бәрін таба аласыз.  Мұнда экономиканың түрлі секторлары, лицензиялау, экспорт және импорт туралы өзекті ақпарат та табылады. Сондай-ақ, нормативті-құқықтық актілердің үнемі жаңартылып отыратын қорына жүгінуіңізге болады.  

www.elicense.kz Электрондық лицензиялау порталы онлайн лицензиялар мен әр алуан қызмет түрлері бойынша рұқсат алуға көмектеседі.  2012 жылдан бастап лицензиялардың берілуі 100%  онлайн режимінде жүзеге асырылады. Электрондық лицензиялау порталы сонымен қатар лицензияны қайта жасауға, оның дубликатын алуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, портал бұрын-соңды Қазақстанда алынған лицензиялардың толық қорын ұсынады.  Лицензиар мемлекеттік органмен қандай да бір өзара әрекеттестік мүмкіндігі жойылады,  сәйкесінше, лицензия алу шарасы мейлінше әділ.   

www.goszakup.gov.kz  Мемлекеттік сатып алулар порталы – бұл мемлекеттік сатып алулар саласындағы тапсырыс беруші, ұйымдастырушы және жабдықтаушы  ретінде мемлекеттік сатып алуларға онлайн қатысуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін  электрондық қызметтерге бірыңғай қолжетімділік нүктесі.    

Мемлекеттік сатып алулардың веб-порталы төмендегілерді қамтамасыз етеді:

  • мемлекеттік сатып алулар үдерісіне қатысушыларды тіркеу;

  • мемлекеттік сатып алуларды жоспарлау;

  • жүргізілген мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат жинау;

  • электрондық мемлекеттік сатып алулар жүргізу, оның ішінде тапсырыс беруші мен ықтимал жабдықтаушы арасындағы электрондық құжаттармен алмасу;  

  • мемлекеттік сатып алулар веб-порталы арқылы жоспарланған, жүргізілген және жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат ұсыну;

  • жүргізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша сатистика мен есептілік қалыптастыру;

  • мемлекеттік сатып алулар саласындағы түсіндірмелер мен нормативті-анықтамалық ақпаратты жариялау;

  • мемлекеттік сатып алулар тізіліміне енгізілетін мәліметтерді ұсыну және жариялау.

www.enis.kz Бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйесі.  www.enis.kz порталында өңірдегі барлық нотариустар туралы ақпаратты, олардың мекенжайларын, байланыс ақпараттарын және лицензиялары туралы мәліметтерді таба аласыздар. Жүйе мәмілелер жүргізу кезіндегі алаяқтық пен құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермей, қауіпсіздікке кепілдік береді. Құжаттардың түпнұсқалылығына көз жеткізе аласыз.  Е-нотариат жүйесінің арқасында мәміле жасау үшін кез келген нотариусқа жүгіне отырып, ешқандай құқыққа қайшы және алаяқтық мәмілелердің жасалмайтынына шек келтірмеуіңізге болады. Мәселен, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату келісімін рәсімдей отырып, нотариус сатушының құжаттарының түпнұсқалылығын және жылжымайтын мүлікке құқығын тексеріп, сонымен қатар, оған ауыртпалық немесе тыйым салынбағанына көз жеткізе алады.