- •Қазақстанда бизнес ашу кезінде нені білу қажет?
- •Кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесін қандай шамалар анықтайды?
- •Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің айырмашылықтары
- •Бизнесті тіркеу
- •Кәсіпкерлік қызмет нысандарының ерекшеліктері
- •Шағын бизнес үшін салық салу режимі
- •Кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар:
- •Бастаушы кәсіпкерлерге қолдау көрсететін мемлекеттік компаниялар
Қазақстанда бизнес ашу кезінде нені білу қажет?
Қазақстан бизнестің әр алуан бағыттарының дамуы тұрғысынан алып қарағанда, келешегі зор және белсенді дамып келе жатқан ел болып табылады. Республика үкіметі кәсіпкерлерді белсенді түрде қолдап отырады. Бизнесті тіркеудің, лицензиялаудың жеңілдетілген құралдары жасалып, жеңілдікті салық салу нұсқалары мен басқа да қолайлы шарттар ұсынылуда. Қазақстан 2014 жылы Дүниежүзілік Банк нұсқасы бойынша бизнесті ашу мен жүргізудің оңайлығы рейтингінде 183 елдің арасынан 50 орынға ие болды.
Сонымен, сіз бизнес ашпақ болып шештіңіз және өзіңіздің мүмкіндіктеріңіз бен келешегіңізге әділ баға бере білесіз. Жеке кәсіпкерлік субъектілері салық есептілігінің мәліметтеріне сәйкес келуі тиіс өзінің мәртебесі жайлы ақпаратты (анықтаманы) мемлекеттік органдарға өздері ұсынады, әрі ұсынған мағлұматтардың дұрыстығына да солар жауап беруі керек.
Кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесін қандай шамалар анықтайды?
Кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесіне төмендегілер ықпал жасайды:
қызметкерлердің жылдық орташа саны;
активтердің жылдық орташа құны;
кейбір жағдайларда - қызмет түрлері.
Орта есеппен бір жыл ішіндегі қызметкерлердің тізімдік саны, қызметкерлердің орта есеппен есепті жылдың барлық айларындағы орташа санын қосындылау және алынған санды 12-ге бөлу жолымен анықталады (Еңбек жөніндегі статистикалық есептілікті толтыру бойынша Нұсқаманың 20 тармағы).
Активтердің жылдық орташа құнын анықтау үшін бухгалтерлер мынадай формуланы пайдаланады. Активтер құны ағымдағы жылдың әрбір айының алғашқы күніне (1 қаңтар, 1 ақпан және т.с.с. 1 желтоқсанға дейін), сондай-ақ, келесі жылдың 1 қаңтарына (яғни, барлығы 13 айға) қосындыланады. Алынған сома 13-ке бөлінеді. Нәтижесі активтердің бір жылдағы жылдық орташа құнын құрайды.
Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің айырмашылықтары
«Кәсіпкерлік туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүргізудің үш түрлі нысаны бар: шағын, орта және ірі кәсіпкерлік. Өзінің белгілі бір мәртебеге қатыстылығын кәсіпкерлік субъектілері өздері растаулары тиіс. Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері қаржы және салық есептілігін өздерінің жеке кәсіпкерліктің қандай да бір түріне (шағын, орта немесе ірі) сәйкестігінің шамалары қарастырылған салық огандарындағы тіркелу есебінің орны бойынша тапсырады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне:
заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын заңды тұлғалар.
Төмендегілерді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерліктің субъектілері бола алмайды:
есіркті құралдарының, психотропты заттар мен прекурсорлардың айналымына қатысты қызмет;
акцизделетін өнімнің өндірілуі және (немесе) көтерме саудасы;
астық қабылдау орындарында өнім сақтауға байланысты әрекет;
лотерея жүргізу;
құмар ойын және шоу-бизнес саласындағы қызмет;
мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу қуаттарын өндіру, өңдеу және сатуға байланысты қызмет;
радиоактивті материалдар айналымына қатысты қызмет;
банк қызметі (немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызмет (сақтандыру агенті қызметінен басқа);
аудиторлық қызмет;
құнды қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет;
несие бюроларының қызметі.
Орта кәсіпкерлік субъектілеріне:
қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан асатын жеке кәсіпкерлер;
қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50-ден көп, бірақ 250 адамнан аспайтын және бір жылдағы активтерінің жылдық орташа құны 325 000-еселік АЕК-тен аспайтын заңды тұлғалар жатады.
Ірі кәсіпкелрік субъектілеріне:
қызметкерлерінің жылдық орташа саны 250 адамнан асатын немесе бір жылдағы активтерінің жалпы саны 325 000-еселік АЕК-тен асатын заңды тұлғалар жатады.
Жеке кәсіпкерлер ірі кәсіпкерлік субъектілері бола алмайды.
