- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Мамандығы: 5в011700 Қазақ тілі мен әдебиеті
- •Мазмұны:
- •5.Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу картасы
- •6. Дәріс кешені
- •Грек лирикасының түрлерi
- •Элегия мен ямб жанрлары
- •Рим әдебиеті. Республика дәуіріндегі рим әдебиеті
- •Орта ғасырлық Европа әдебиеті
- •Кельттік әпос
- •Скандинавиялық эпос және лирикалық поэзия
- •Француз батырлық эпосы
- •Испан батырлық эпосы Испаниядағы реконкиста әрекеті
- •Германиядағы батырлық эпос
- •7.Тәжірибелік сабақтар:
- •8.Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулығы
- •10. Сөж, соөж тапсырмалары және оны орындау кестесі:
- •11. «Шетел әдебиетінің тарихы» пәні бойынша жұмыс бағдарламасында дипломалды тәжірибе жоспарланбаған.
- •12. Студенттердің оқу нәтижесін бақылау және бағалау материалдары:
- •13. «Шетел әдебиетінің тарихы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен электронды дискіде сақталған.
- •14. Педагогика факультеті корпусындағы с-202-аудитория «Шетел әдебиетінің тарихы» пәні бойынша дәріс, семинар, сөж, соөж сабақтарын өткізуге арналған.
Испан батырлық эпосы Испаниядағы реконкиста әрекеті
VIII ғасырда Испанияны жаулап алған маврлар (арабтар) Пиреней бұғазында құдіретті мемлекет құрды. Испанияның бағындырылмаған солтүстік бөлігінде VIII-IX ғасырларда Астурия және Наварра мемлекеттері нығая бастады. X ғасырдан бастап мұндай кіші мемлекеттер бірігіп, тәуелсіздік үшін араб жаулаушыларына қарсы күреске шықты. Бұл тарихта реконкиста қозғалысы деп аталды. XI-XII ғасырларда пайда болған үш корольдік - Кастилия, Арагон, Португалия азаттық соғысыңда үлкен рөл ойнады.
Феодалдық-христиан мемлекеттерінде, әсіресе Кастилия мен Арагон ортасында өзара жандалдар бола тұрса да, олар ортақ жауға қарсы бірігіп, 1212 жылы Лас-Навас де Толосқа жақын жерде маврларға ойсырата соққы берді Соңынан испандар дұшпан қолындағы жерлердің бірінен соң бірін қайтарып ала бастады. XIII ғасырлардың соңында Испанияның оңтүстігіндегі Гранада әмірлігінен басқа барлық аймақтар жау қолынан азат болды.
Реконкиста әрекетіне түрлі әлеуметтік топтар, әсіресе шаруалар белсенді араласты. Шаруалар, кәсіпшілер және серілер жаудан азат болған жерлердің шекараларын қорғады. Бірақ бұл жерлерден түскен олжалар негізінен, феодалдар мен діндарлардың қолына өтіп отырды.
Кастилия оңтүстіктегі тірек бекеті қызметін атқарды, оның халқы әскери қызметте болды. Қала көшелерінде жиі-жиі әскери шаралар өткізілді. Міне, осы шайқастарда халық заңдары және әдет-ғұрыптары дүниеге келді. Қалалар өздері қабылдаған заң мен құқықтарды қатты қорғады. Кастилиядағы шаруалар тәуелділікте, өте ауыр жағдайда өмір сүрді. Арабтардан қайтарып алынған жерлердегі шаруалардың жағдайы мүлде басқаша еді. Кастилияның бос қалған жерлерін қорғау және оны игеру үшін басқа жерлерден көшіріліп келген шаруаларға көптеген жеңілдіктер, соның ішінде ең бастысы еркіндіктер берілді. Бұл жағдай тәуелді шаруаларға әсер етпей қоймады. Қалаға немесе еркін шаруалар ұжымына қашып барған олар сол жерде, сол жеңілдіктерді пайдалана бастады.
Бірақ маврлар толық жеңілген соң, феодалдар шаруалармен есептесуді мүлде қойды, шаруаларды қайтадан өздеріне тәуелді қылды. Осының нәтижесінде Католонияда шаруалар көтерілісі туды. Билеушілер мұндай көтерілістерді аяусыз басып отырғанмен, халық қозғалыстары толастаған жоқ. Соңында, король мен феодалдар тәуелділік құқықты жоюға мәжбүр болды.
Сонда да, реконкиста қозғалысына қатысып, өз отаны үшін ұзақ күрескен шаруалар азаттыққа қолы жетпей, тағы да феодалдық қанаудың астында қала берді.
Испанияда болған саяси оқиғалар, феодалдар арасындағы өзара қырғын соғыстар, арабтарға қарсы реконкиста әрекеті испан батырлық эпосында өз көрінісін тапты. Сид туралы романстар мен поэма («Менің Сидім туралы жыр») ежелгі испан халық поэзиясының ең ғажайып үлгілері саналады.
Сид тарихи тұлға, оның өз аты Родриго (Руй) Диас, Сид оның лақап аты. Өз қарамағында маврлар бар испан синьорларына осындай ат берілген. Сид 1040 жылы Кастилия ақсүйегінің отбасында туған. Ол Фердинанд I-нің ұлы Санчо II сарайында қызмет атқарған. Сид корольдің сенімді адамы және қосын бастығы ретінде маврларға қарсы соғыстарға қатысқан.
Бүкіл Испанияны дұшпаннан азат ету соғыстарында көп ерлік көрсеткен Сид 1099 жылы қайтыс болған. Сид - реконкиста қозғалысының ірі қайраткері, Испанияның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлттық қаһарман сипатында танымал тұлға.
