Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KDS_Sillabus_ZhM_doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
267.26 Кб
Скачать

2.2. Пәннің мақсаты:

Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін жаңартуға және қоғамдық денсаулықты жетілдіруге бағытталған, басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті, қоғамдық денсаулық сақтау ісінің болашақ маманын қалыптастыру.

2.3. Оқыту мақсаттары:

  • қоғам денсаулығын басқарудың әдістемелігіне және тәсілдеріне үйрету;

  • қоғам денсаулығын талдаудың жүйелік амалына оқыту;

  • қоғамдық денсаулық сақтаудың мәселелерін шешуге дайындығын қалыптастыру.

2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижелері.

Оқу бағдарламасындағы оқудың соңғы нәтижелерінің жалпы көлемі.

Білім алу деңгейі

Рөлдермен берілген құзіреттіліктер

Оқытудың соңғы нәтижелері

(бағалау әдісі)

Б1.1.

ҒАЛЫМ ЗЕРТТЕУШІ(1)

БІЛІМІН ҚОЛДАНУ:

Білім (когнитивті) домені:

Есте сақтау: Студент статистиканың теориялық және әдістемелік негіздерін есте сақтайды.

Түсіну: Денсаулық сақтаудағы менеджмент негіздерін, медициналық ұйымның жұмысын жүргізудегі менеджер қызметінің маңызын түсінеді.

Қолдану: Cаясаттану, информатика, экология, әлеуметтану негіздері, экономикалық теория негіздері, биостатистика және осы пәннен алған білімдерін қолданады.

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлдік: График, диаграмма және презентация жасауды дәлдікпен орындайды.

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Қабылдау: Берілген тапсырмаларды дұрыс қабылдайды.

Құндылықтарды үлестіру: Болашақ дәрігер ретінде қоғамдық денсаулық сақтау пәнінің қажеттілігіне қарай құндылығын үлестіреді.

Б4.3.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ(1) ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕДИЦИНА

Білім (когнитивті) домені:

Есте сақтау: Халық денсаулығын қорғау және денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын жүргізу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық негіздерін есте сақтайды.

Түсіну: Денсаулық сақтаудағы экономика негіздерін және экономикалық қатынастарды түсінеді.

Қолдану: Халық денсаулығын зерттеу үшін медициналық-статистикалық әдістерді қолданады.

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлдік: Халық денсаулығын нығайтуға және қолайсыз факторлар әсерін жоюға ұсыныстар жасауды дәлдікпен орындайды.

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үлестіру: Денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлік жұмыстың құндылықтарын үлестіреді.

Б4.4.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ(1) ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕНЕДЖМЕНТІ

Білім (когнитивті) домені:

Есте сақтау: Денсаулық сақтау ұйымдары мен органдарындағы тіркеу, есеп беру жүйесін есте сақтайды.

Қолдану: Кәсіби міндеттерді орындау үшін ғылыми, оқулық, бекітілген қалыпты және анықтамалық әдебиетті қолданады.

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлдік: Халыққа санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы көмекті ұйымдастыруды дәлдікпен орындайды.

Оқудың соңғы нәтижесін талдау:

Студент білуі тиіс:

  • динамикалық түрде, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты халық денсаулығының даму бағыттары мен көрсеткіштерін;

  • денсаулық статистикасының теориялық және әдістемелік негіздері: статистиканың демографиялық негізі, сырқаттанушылык, мүгедектік және физикалық даму статистикасын;

  • халықтың сырқаттанушылық, өлім деңгейі мен құрылымын қосқандағы Қазақстан халқының қазіргі денсаулық жағдайын;

  • денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі мен құрылымын, олардың өзара байланысын;

  • денсаулық сақтау саласындағы заңдылықтырды және формулаларды;

  • халық денсаулығын қорғау және денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын жүргізу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық негіздері:

  • алғашқы медициналық-санитарлық, біліктендірілген, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру негізін;

  • халыққа санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы көмекті ұйымдастыру негізін;

  • халықты гигиеналық тәрбиелеу негіздерін және салауатты өмір салтын қалыптастыруды, санитарлық-ағарту жұмысының принциптері тәсілдері мен құралдарын;

  • азаматтардың әлеуметтік сақтандырылуының негіздерін, әлеуметтік кепілдіктер түрлерін, уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздықты дәрігерлік сараптау принциптерін;

  • денсаулық сақтаудағы экономика негіздерін және экономикалық қатынастарды;

  • денсаулық сақтаудағы менеджмент негіздерін, медициналық ұйымның жұмысын жүргізудегі менеджер қызметінің маңызын;

  • денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлік жұмыстың негіздерін, осы жүйедегі іскерлік пен маркетингті;

  • медициналық көмектін сапасын басқаруды: бақылау, талдау және денсаулық сақтауда сапаны бағалауды;

  • денсаулық сақтау ұйымдары мен органдарындағы тіркеу, есеп беру жүйесін;

Студент істей алуы керек:

  • әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты халықтың денсаулық жағдайының көрсеткіштерін бағалауды және есептеуді;

  • себеп-салдарлық байланыс негізін анықтауды халық денсаулығына тигізетін факторлар әсерінің дәрежесі мен бағытын анықтауды;

  • халық денсаулығын зерттеу үшін медициналық-статистикалық әдістерді қолдануды;

  • халық денсаулығын нығайтуға және қолайсыз факторлар әсерін жоюға ұсыныстар жасауды;

  • медициналық ұйымдарда ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысты іске асыруды және қызметкерлер мен ұйымдардың жұмысына шолу жасауды;

  • аурулықтың өлім-жітімнің экономикалық зияның және медициналық қызметтің өзіндік және жалпы бөлімін есептеуді;

  • денсаулық сақтау жүйесінің емдеу-профилактикалық және санитарлық пен індетке қарсы ұйымдарының жұмысын талдау мен бағалауды;

  • медициналық көмек сапасын бақылауды;

  • халық арасында санитарлық ағарту жұмысты жүргізу және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыттауды;

  • денсаулық сақтау ұйымдары мен орган жұмыстарын және денсаулық жағдайын бағалауда және талдауда компьютерлік технологияларды игеруді;

  • кәсіби міндеттерді орындау үшін ғылыми, оқулық, бекітілген қалыпты және анықтамалық әдебиетті қолдануды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]