- •5В071800 - «Электр энергетикасы» мамандығының 2 курс (3 семестр)
- •2015- 2016 Оқу жылына арналған «Электрлік жарықтандыру және сәулелендіру»
- •(Силлабус)
- •3. Пререквизиттер мен постреквизиттер
- •5. Баға туралы ақпараттар:
- •6. Курстың академиялық тәртібі мен этика саясаты.
- •7. Күнтізбелік – тақырыптық жоспар.
- •8. Практикалық сабақтар жоспары
- •8 Сабақ
- •10. Бөж тапсырмалары.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
5В071800 - «Электр энергетикасы» мамандығының 2 курс (3 семестр)
күндізгі және сырттай оқу бөлімінің студенттеріне
2015- 2016 Оқу жылына арналған «Электрлік жарықтандыру және сәулелендіру»
пәні бойынша оқыту бағдарламасы
(Силлабус)
Орал, 2015ж.
«БЕКІТЕМІН» «КЕЛІСІЛДІ»
инженерлік-технологиялық КӘС жетекшісі факультетінің деканы
Н.М.Қадыргалиев Рамазанова К.М.
______________ ________________
«____»______2015ж. «____»______2015ж.
Құрастырушы: магистр аға оқытушы Жумашева Индира Адильгереевна
Көлік, энергетика және құрылыс кафедрасы
«104» кабинет
Кредит саны – 3
Дәріс – 30 сағат
Практикалык жұмыстар – 15 сағат
СОӨЖ – 22 сағат
СӨЖ – 68 сағат
Барлығы – 135 сағат
Бақылау түрі – емтихан
«___» ___________ 20 __ ж. кафедра отырысында талқыланды, № ___ хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ К.Т. Турлыбаев
1. Оқытушы туралы мәліметтер:
Жумашева И.А. – Көлік, энергетика және құрылыс кафедрасының оқытушысы
2. Өткізу орны мен уақыты:
Өткізу уакыты: 3 семестр 2015– 2016 оқу жылы
Өткізу орны: Орал қаласы, Ықсанов көшесі 44/1, 104 кабинет
Уақыты: сабақ кестесі бойынша және БАӨЖ графигімен келісілген.
3. Пререквизиттер мен постреквизиттер
Пререквизиттер: Физика
Постреквизиттер: Электр жабдықтарын құрастыру,пайдалану және реттеу
4. Курстың қысқаша мазмұны:
Электрлік жарықтандыру және сәулелендіру пәні таңдау компонентіне жатады.
Пәннің мақсаты – шаруашылық өндірісің алдында тұрған мәсеселерді шешуді қамтамсыз ететің электрлік жарықтандыру және сәулелендіру процестерінде электр энергиясын пайдаланудың ғылыми-техникалық негізін қалайтын жүйесін қалыптастыру.
Пәннің міндеті – электр энергиясы оптикалық сәулелендіру энергиясына түрлендірудің физикалық негіздері мен сандық заңдылықтарын оқып үйрену және меңгеру; жарықтандыру және сәулелендіру қондырғыларын есептеудің қазіргі инженерлік әдістерін менгеру.
Пәннің мазмұны: білім алушылардың пәнді оқып білуге ықыласын арттыру, сондай-ақ өз бетімен жұмыс істеуге, білімді саналы түрде игеруге және оғаштық әрекетті дамытуға ынтасын ояту. Жарық техникасы құрамына физикалық заңдары, жұмыс істеу негізі және міндетті бойынша әр түрлі жабдықтар кіретін берік техникалық базаға сүйенеді. Осы себептен тәжірибеханалық және практикалық сабақтар мен жеке тапсырмалардың маңызы зор келеді. Өйткені, олар білімді бекітуге, есептеу тәсілдерін игеруге, электр жабдықтарын сынау және оларда қызмет атқару дағдыларын игеруге, біріктірушілерді жекелей оқытуға және есеп техникасының кең пайдалануға негізделуі керек.
Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар:
Білуі қажет: Электрлік жарықтандыру мен сәулеленуге арналған жабдықтардың қызметін, құрылысын және жұмыс істеу принциптерін; электрлік жарықтандырудың жарық шамаларын және өлшем бірліктері мен параметрлерін; қыздыру және люминесцентті шамдардың параметрлері мен қолданылуын; ауылшаруашылық өндірісінде пайдаланылатын инфрақызыл сәулелену көздерін; жүргізу – реттеу аппаратының құрастырылымдық – эксплуатациялық сипаттамаларын білу керек.
Істей алуы қажет: қазіргі жарық көздерінің, жарықтандырғыштардың және сәулелендіргіштердің құрылысы, жұмыс істеу принципі, оларды электр торабына қосу электр тәсімдері және пайдалану бойынша толық білім алу; жарықтандыру және сәулелендіру қондырғыларын басқару мен автоматтандыру негіздерін және оларды эксплуатациялау және қауіпсіз қызмет атқару ережелерін оқып үйрену.
Дағдысы болуы қажет: ауыл шаруашылық өндірісінің технологиялық процестерінде жарықтандыру және сәулелендіру қондырғыларын пайдалану саласында инженерлік мәселелерді алға қою және шешу дағдыларын игеру, оларды техникалық-экономикалық негіздеу, жобалық шешімдерді ойлап табу, қондырғыларды сынау және реттеу әдістемелерін игеру, техникалық - экономикалық есептерін орындауды білу керек.
Құзыретті болуы керек: Электрлік жарықтандыру және сәулелендіру пәнінен алған білімі мен икемділігін электр энергетикасы, электр жетегі, станция және қосалқы станциясы, электр машиналары, электр тораптары мен жүйелері т.с.с. пәндерді игеруде сондай-ақ, курстық және дипломдық жобаларды жасауда базалық негіз ретінде пайдалана білуі.
