- •Пәннің мақсаты мен міндеті
- •Лекция 1. Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасу тарихы
- •Лекция 2. Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде
- •Лекция 3. Ұйымның құралдарын түрлері және орналасуы бойынша топтастыру
- •Лекция 4. Ұйымның қайнар көзін қалыптастыру және мақсаттық тағайындалуы бойынша топтастыру
- •Лекция 5. Бухгалтерлік есеп әдістерінің элементтері
- •Лекция 6. Бастапқы бақылау – бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесінің негізі
- •Лекция 7. Ұйымның балансы, оның нысаны мен мазмұны
- •Лекция 8. Шаруашылық операциялардың орындалуы бойынша баланстағы өзгерістер
- •Лекция 9. Шоттардың мазмұны мен құрылымы
- •Лекция 10. Шоттардағы екі жақты жазу
- •Лекция 11. Дайындау және өндіріс процессінің есебі
- •Лекция 12. Сату және қаржылық нәтижені қалыптастыру процесінің есебі
- •Лекция 13. Бухгалтерлік есеп нысандары
- •Лекция 14. Қаржылық есептілік негіздері
- •Лекция 15. Бухгалтердің кәсіби этикасы
Лекция 10. Шоттардағы екі жақты жазу
Екі жақты жазу деп – орындалған шаруашылық операциясының бір мезгілде бірдей сомаға екі шотта көрініс табуын, яғни бір шоттың дебетінде екіншісінің кредитінде жазылуын айтады.
Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік шоттарда екі жақты жазу әдісімен көрсетілуі нәтижесінде шоттардың дебетік айналымдарының жиынтығы олардың кредиттік айналымдарының жиынтық сомасына сәйкес келеді. Бухгалтерлік есепте екі жақты жазу әдісін қолдану баланстық тепе-теңдікті қамтамасыз етеді.
Кәсіпорында орындалған әрбір шаруашылық операциясын екі жақты жазу әдісінің көмегімен шоттарға жазу кезінде сол шоттардың арасында өзара байланыс пайда болады. Шаруашылық операцияларының екі жақты жазу әдісінің көмегімен жазылуы нәтижесінде шоттардың арасында пайда болатын байланысты шоттар корреспонденциясы деп атайды. Екі жақты жазудың көмегімен бір-бір өзара байланысқан шоттарды корреспонденция-ланушы шоттар деп атайды.
Шоттар корреспонденциясы қарапайым және күрделі болады.
Шаруашылық операцияларын бухгалтерлік шоттарға жазудың: хронологиялық, жүйелік және құрамдастырылған деп аталатын үш түрі болады
Бухгалтерлік есеп шоттары синтетикалық (жинақтаушы) және аналитикалық (талдамалы) болып бөлінеді.
Экономикалық мазмұны жағынан біртекті активтердің, олардың құралу көздерінің және шаруашылық процессінің есебін жалпы түрде, ақшалай өлшеммен жүргізу үшін пайдаланылатын шоттарды синтетикалық (жинақ-таушы) шоттар, ал шоттардың көмегімен жүргізілетін есепті синтетикалық есеп деп атайды.
Синтетикалық есепті дамыту мақсатында ашылатын және кәсіпорын активтері мен олардың құралу көздерінің жекелеген түрлерінің құрамдас бөлшектерінің есебін жүргізу үшін пайдаланылатын шоттарды аналитика-лық (талдамалық) шоттар, сол шоттардың көмегімен жүргізілетін есепті аналитикалық (талдамалық) есеп деп атайды.
Синтетикалық есеп шоттары бойынша айналым ведомостары жиынтықтары жұптық тепе-теңдігінің үлкен бақылаушылық маңызы бар. Себебі ондай тепе-теңдіктердің болмауы бухгалтерлік есеп жазуында қателіктердің болғандығын растайды.
Айналым ведомостарындағы шоттардың қалдықтарының мәліметтері бухгалтерлік баланс жасау үшін пайдаланылады.
Ұйымның бухгалтерлік шоттары сол ұйымның бухгалтерлік балансы баптарының негізінде ашылады. Кәсіпорынның бухгалтерлік жүйесіндегі ақпаратты жинақтап, сақтап отыратын негізгі бірлік – шот болып табылады. Олар кәсіпорынның әрбір активтерінің, міндеттемелердің және меншікті капиталының, сондай-ақ кірістері мен шығыстарының түрлеріне қарай ашылады. Осы шоттардың белгілі бір ережеге сәйкес нөмірлері бойынша жасалған тізімін шот жоспары деп атайды.
Лекция 11. Дайындау және өндіріс процессінің есебі
Жабдықтау процессі – бұл ұйымды өнімді өндіру үшін қажетті еңбек заттарымен қамтамасыз ететін операциялардың жиынтығы.
Ұйым жабдықтаушылардан сатып алу құны бойынша материалдар, отын және басқа да заттар алады. Сонымен қатар, ол жабдықтау операциясы болады. Жабдықтау операцияларына жататындар: көлік-дайындама шығындары (алынған құндылықтарды тасымалдау шығындары); жүкті кедендік рәсімдеу шығындары; делдалдық ұйымдарға сыйақылар; материалдарды алумен байланысты бюджеттен өтелмейтін салықтар бойынша шығындар.
Алынған материалдардың нақты құны – бұл материалдарды сатып алу құны мен оларды тасымалдау құнынын қосындысы.
Калькуляция – бұл өндіріс және өнімді (қызмет, жұмыс) өткізумен байланысты шығындарды есептеу әдісі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау өнімді өндіруге жұмсалынған шығындарды анықтауға және талдауға, өнімнің құнын анықтауға мүмкіншілік береді.
Өнімнің өзіндік құны дегеніміз - өнімді өндіруге және тасымалдауға жұмсалынған шығындардың қосындысы. Ол өндірілген өнімнің құнын анықтау үшін база болып табылады. Дұрыс құрастырылған калькуляция әр түрлі өнімді өндіруге жұмсалынған шығындарды нақты анықтап, ең тиімдісін таңдауға мүмкіншілік береді.
Өнімнің өзіндік құнына енгізілуіне байланысты шығындар тікелей және жанама болып бөлінеді.
Тікелей шығындар дегеніміз - өнімнің өзіндік құнының негізін құрайтын шығындар. Оларға материал шығындары және өнімді тікелей өндіруге қатысатын қызметкерлердің есептелінген еңбекақысы жатады.
Жанама шығындар дегеніміз – барлық өндіріске жалпы немесе оның жеке бөлімшелерімен байланысты шығындар. Оларға амортизация, жөндеуге жұмсалынған шығындар, әкімшілік-басқару персоналының еңбекақысы, кеңсе заттарына тағы басқа шығындар жатқызылады. Олар кезең ішінде жеке шоттарда жиналады да, кезең соңында өнімнің түрлері бойынша жіктелінеді.
Өнімдердің түрлері бойынша шығындарды толық және дұрыс бөлу бухгалтердің назарында болуы тиіс, себебі ұйымның бұл қаржы-шаруашылық қызметі салық инсперторының тексеру объектісі болып табылады. Өнімнің өзіндік құнын жасанды жоғарылату ұйымның жиынтық табысын төмендетеді және сәйкесінше бюджтке төленетін салықтың мөлшерін де төмендетеді.
Өндірістік есеп жүйесінде калькуляциялық есептеудің негізгі кезендерін мындай деуге болады: алғашқы шығындарды калькуляциялық баптар және шығынды есепке алу объектілері бойынша топтастыру; көмекші өндіріс шығындарын есептеп, өнімнің өзіндік құнын тауып оларды негізгі өндіріс шығындарына қосу; үстеме шығындарын түрлі өндіріс шығындарын есептеу объектілері арасында бөлу; ақаудын өзіндік құнын табу; қайтарылған қалдықтарды бағалау; аяқталмаған өндірісті бағалау; шығындарды тауарлар өнім және аяқталмаған өндіріс арасында бөлу; әр калькуляциялық объектінің өзіндік құнын табу және калькуля-циялық өлшемін қолдану. Өндірістік кәсіпорынның өнімінің өзіндік құнындағы материал шығындары келесідей баптар бойынша көрсетіледі: икізат және материалдар; сатып алынған құрастырушы бұйымдар; өз өндірісінің жартылай фабрикаттары; көмекші материалдар; технологиялық мақсаттағы отын және әнергия; басқа ұйымдардың орындаған өндірістік тәрізді жұмыстары мен қызметтері; табиғи шикізатты пайдаланғаны үшін төлем; қайтарылған қалдықтар (шегеріледі); басқа да материалдар. Өнімнің өзінік құнына қосылатын материалдық ресурстардың шығындарының қайтарылған қалдықтардың құнын шегереді.
