Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_bu_kaz_sillabus_2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
425.98 Кб
Скачать

Лекция 3. Ұйымның құралдарын түрлері және орналасуы бойынша топтастыру

Бухгалтерлік есеп пәні – бұл шаруашылық өмірдің нақтылығы, оның жиынтығы ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін сипаттайды.

Бухгалтерлік есептің объектілері:

  1. шаруашылық процестері (сатып алу, өндіру, сату процестері);

  2. құралдардың айналымы (А-Т-А,);

  3. еңбек шығындары мен еңбекақы төлемдері;

  4. есеп айырысу қатынастары (жабдықтаушылармен, банктермен, бюджетпен, жұмысшылармен);

  5. ұйымның мүлкі (айналымнан тыс активтер және айналымды активтер);

  6. мүліктердің қалыптасу көдері (меншікті, заемдық, тартылған).

Бухгалтерлік есептің және қаржылық есеп берудің мақсаты қызығушылық танытқан тұлғаларға ұйымның қаржылық жағдайы, нәтижесі және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы толық және дәл ақпараттар беру болып табылады.

Бухгалтерлік есептің негізгі міндеттері:

  • ҚР заңдарын сақталғанын бақылау үшін қаржылық есеп берудің ішкі және сыртқы тұтынушыларына қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету;

  • Мүліктердің бары мен жылжуын бақылауды қамтамасыз ету;

  • Ұйымның теріс нәтижелі шаруашылық қызметін болдырмау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін ішкі шаруашылық резервтерді анықтау;

  • Ішкі шаруашылық резервтерді анықтау және олардың тиімді пайдалануы;

  • Ішкі ресурстарды нақты қолданылуын бағалау.

Бухгалтерлік есеп ұйымның қызметін көрсетеді. Бухгалтерлік есеп пәні субъектінің меншігі және өндіріс процессіндегі шаруашылық құралдардың қозғалысы болып табылады.

Ұйымның меншігіндегі құралдарды дұрыс бақылауды ұйымдастыру үшін құралдарды топтастыру туындайды.

Ұйымның шаруашылық құралдары келесідей топтастырылады: құрамы бойынша, мақсаты бойынша, қалыптасу көзі бойынша.

Ұйымдағы құралдардың құрамы бойынша топтастырылуы 1-суретте көрсетілген.

Сурет 1. Ұйымдағы құралдардың құрамы бойынша топтастырылуы

Ұйымдағы құралдардың мақсаты бойынша топтастырылуы 2-суретте көрсетілген.

Сурет 2. Ұйымдағы құралдардың мақсаты бойынша топтастырылуы

Ұйымдағы құралдардың қалыптасу көзі бойынша топтастырылуы 3-суретте көрсетілген.

Сурет 3. Ұйымдағы құралдардың қалыптасу көзі бойынша топтастырылуы

Лекция 4. Ұйымның қайнар көзін қалыптастыру және мақсаттық тағайындалуы бойынша топтастыру

Ұйымның құралдары қалыптасу көзі бойынша меншікті және қатыстырылған болып жіктелінеді.

Қатыстырылған құралдар дегеніміз ұйымның қажеттілігі негізінде алынған құралдар.

Сурет 4. Ұйымдағы құралдардың қалыптасу көзі бойынша топтастырылуы

Меншікті құралдар дегеніміз ұйымның меншігіндегі құралдар. Оларға жататындар:

Жарғылық капитал – бұл ұйымды қалыптастыру үшін оның құрылтайшыларымен бөлінген сомасы. Ол ұйымның жарғысында көрсетіледі. Оның көлемі ҚР заңдарына сәйкес ұйымның нысанына қарай тағайындалады. Жарғылық капиталдың көлемі тұрақты және өзгеріссіз болады. Жарғылық капиталдың артуы мен кемуі ұйымның құрылтайшыларының шешімімен жүргізіледі. Оның өзгерісі сәйкесінше құрылтай құжаттарда көрсетіледі.

Төленбеген капитал – бұл қайта бағалаудың нәтижесінде негізгі құралдардың құнының артуы.

Резервтік капитал – бұл пайданың есебінен құрылған меншікті капиталдың бір бөлігі. Ол шаруашылық қызметтерден болған шығындарды жабу, жарғылық капиталды толықтыру, дивиденттерді төлеу үшін қолданылады.

Сатып алынған меншікті үлестік құралдар – бұл жою немесе қайта сату мақсатында айналыстан алынған бағалы қағаздар.

Эмиссиялық пайда – бұл акциялардың номиналды және сатылу құндарының айырмашылықтары. Егер акциялардың сатылу құны номиналды құннан жоғары болса, эмиссиялық пайда туындайды.

Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) – бұл барлық шығындарды алып тастағаннан кейінгі ұйымның пайдалануында қалған сомма.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]