Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курация Амантай еркежан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
33.51 Кб
Скачать

Vі.Арнайы акушерлік зерттеу

Ішті қарау: іші шар тәрізді, жүкті жатыр есебінен ұлғайған, алдыңғы іш қабырғасының бұлшықеттерінң ажырауынан, жатырының контуралары анық белгіленген.

Пальпациясы: қозғыш емес, пальпация кезінде ауырсынусыз.

Іштің айналымы: 90см, қасаға үстінен жатыр түбінің биіктігі 32см.

Сыртқы акушерлік қарау: Леопольд-Левицкийдің І тәсілімен жатырдың биіктігін, оның түбінде баланың келіп тұрған бөлігін анықтайды. Пальпациялаған кезде жамбас бөлігі ірі, жұмсақ, қозғалмайды. Леопольд-Левицкийдің ІІ тәсілімен баланың позициясын анықтаймыз. Әдісі: екі қолды жатыр түбінен кіндікке қарай  төмен жылжытады, жатыр түбіне қояды. Қолмен апарған кезде жатырдың тегістеу сезілген қабырғасына нәрестенің арқасы, ал бұдырлау болған қабырғасында  ұсақ бөліктерін анықтауға болады. Бала 1 позициямен орналасқан. Леопольд-Левицкийдің ІІІ тәсілімен кіші жамбастың кіреберісіне  қондырылған бөлігі мен оның қатынасы анықталады. Әдісі: жүкті әйелдің оң жағында тұрып, оң қолда шаттың  жоғарғы жағына  қойып, бас бармақты бір жағына, төрт саусақты екінші жағында орналастырып, баяу оңға және солға қимыл жасайды. Бала кіші жамбасқа басымен орныққан. Леопольд-Левицкийдің VІ тәсілі: дәрігер жүкті әйелдің оң жағымнан , аяғына қарай беттеп тұрады. 2 алақанды жатырдың төменгі бөлігіне қойып, қолдың екі ұшын шатқа тірейді. Саусақтар ұшын жамбас қуысына тереңдете отырып, сол жерде орналасқан нәресте бөлігін және оның кіші жамбастың кіреберісіне қатынасын анықтайды. Бала басының кіші жамбасқа қатынасы 5/5.

Қорытынды: ұрық тігінен орналасақан, 1 позиция, алдыңғы түрі, кіші жамбасқа басымен келгенн. Ұрықтың жүрек соғысы кіндіктің сол жағында жақсы есітледі, 1 минуттағы жүрек жиырылу жиілігі 145, ырғақты, анық естіледі.

Сыртқы жамбас өлшемдері:

Жамбас өлшемдері: жүргізілетін зерттеулер сипаты.

 Distantia spinarum- 25см

Distantia cristarum-28 см

Distantia trohanterica- 30см

Conjugata externa - 20см

Сегізкөз  ромбы: пішіні қалыпты, оның диагональдары – 13;11см.

 Соловьев индексі - 15см

Ұрықтың болжам салмағы: 3 әдіспен

  1.  Джордани бойынша: ІА*ЖТБ= 90*32=2880гр

  2.  Джоксон бойынша: (ЖТБ-11)*155= (32-11)*155=3255гр

  3.  Якубова боынша: (ІА+ЖТБ)/4*100=(90+32)/4*100=3050гр

  4.  Ланковец бойынша: (ІА+ЖТБ+ӘС+ӘБ)*10= (90+32+69,2+172)*10=3532гр

Ұрықтың болжам салмағы: 2880гр-3532гр

Айнамен зерттеу:

Сыртқы жыныс мүшелері әйел типтес, патологиялық өзгерістер жоқ. Қынап пен жатыр мойнының шырышты қабаты түсі әдеттегідей, бөлініс шырыш тәріздес, жатыр мойны таза.

Қынаптық зерттеу:

Зерттеу уақыты: 19.12.2014ж. сағат 21.00. Қынабы босанбаған әйелдікі, жатыр мойны 5 см ашылған, жұмсарған. Ұрық қабы анықталалды. Ұрық бас кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Сагитальді тігіс оң жақ  қиғаш бөлігінде, кіші еңбегі оң жақта. Кіші жамбас сүйектерінің деформациясы , экзостоздар жоқ. Мүйіске саусақ жетпейді.

Қорытынды: Босанудың І кезеңі

Vіі. Алдын ала қойылған диагноз

Жүктілік 40 апта, босанудың І кезеңі, активті фаза.Ұрықтың орналасуы- тігінен,І позиция, алдыңғы түрі, баспен келген. Алғаш босану, жүктіліктің асқынуы жоқ, экстрагенитальді ауру: аз мөлшерлі анемия, ремиссия кезеңі.

Жүктіліктің мерзімін анықтау етеккірдің соңғы күні бойынша: 40 апта, ұрықтың алғашқы қозғалысы бойынша есінде болмағандығына байланысты анықталмады, овуляция бойынша 40 апта