- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
- •Мамандығы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасын
- •1. Пәннің сипаттамасы.
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3. Пререквизиттер және постреквизиттер:
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар (жұмыс оқу жоспарында қарастырылмаған)
- •4.4. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •5.2. Қосымша әдебиет:
- •Шағын жинақталған мектеп жағдайындағы кіріктірілген оқыту технологиясы
- •Оқу бағдарламасы
- •Білім беру бағдарламасы: бакалавриат
- •1.Оқытылатын пәннің сипаттамасы.
- •3. Курсқа қысқаша сипаттама:
- •4. Тақырыптар және меңгерту
- •4.1. Дәріс тақырыптары.
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.2. Тәжірибелік сабақтар
- •5. Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •6. Консультациялар мерзімі
- •7. Студенттің білімін тексеру кестесі
- •8. Студент білімін бағалау критериялары, оқытушының талаптары
- •9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •9.1. Негізгі әдебиет:
- •9.2. Қосымша әдебиет:
- •5 Пәннің оқу-әдістемелік картасы
- •1. Пәннің үлгілік бағдарламасы
- •2. Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
- •4. Негізгі әдебиет
- •5. Қосымша әдебиет
- •7. Әдістемелік нұсқаулар
- •9. Эумкд
- •10. Дәрістік кешен
- •11. Сөж материалдары
- •V.Жеке пәндік педагогикалық технологиялар.
- •5.Оқу жұмыс жоспарында курстық, зертханалық жұмыс қарастырылмаған.
- •6. Студенттердің өзіндік жұмыстарының тапсырмалары
V.Жеке пәндік педагогикалық технологиялар.
Сауаттылыққа ерте және дамыта оқыту технологисы.(Зайцев)
Сатылай талдап оқыту технологиясы.(Оразақынова)
Бастауыш мектептің жалпы оқу білігін жетілдіру технологиясы.(Зайцев)
Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы
Математикалық есептер шешу негізіндегі педагогикалық технология.(Касаткин)
Сабақтың тиімді жүйелік негізіндегі педагогикалық технология.(Окунив)
Жанпейісованың модульдық оқыту технологисы.
С.Т.О. технологиясы.
VІ.Альтернативті педагогикалық технология
Вольдорф педагогикасы.(Штэйнер)
Еркін еңбек технологиясы. (Ферт)
Ықтималдық білім технологиясы.(Лобок)
VІІ.Табиғи байқағыштық технологиялар.
Табиғи байқағыштық арқылы сауаттылыққа тәрбиелеу.
Өзіндік дамыту технологиясы.(Монтессори)
VІІІ. Дамыта оқыту технологиялары.
Дамыта оқыту жүйесі.
Жеке тұлға бағытындағы дамыта оқыту жүйесі.(Якиманская)
Дамыта оқыту технологиясы.(Давыдов, Эльконин)
Өзіндік дамыта оқыту технологиясы.(Семеко)
ІΧ. Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары.
«Жүректен жүрекке»
Білім беру үрдісінде қолданыс тапқан педагогикалық технологиялар жаңаша сипат алады. Жаңашыл педагог ғалымдар: Ш.А. Аманашвили білім беруді ізгілендіру технологиясында баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру, дамыту, білімін кеңейту, тереңдетуге жағдай жасау мақсатын көздейді. В.Ф. Шаталовтың белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясының ерекшелігі: материалдар ірілендіріліп, блоктық түрде тірек сызбалар арқылы беріледі. С.Н. Лысенкованың тірек сигналдарын пайдалана отырып, қарқынды жеделдете оқыту технологиясында оқу материалдарының мазмұнының жүйелілігін сақтау, саралау, тапсырманың әр оқушыға жеткізілуі талап етіледі. М.М. Жанпейісованың модульдық оқыту технологиясына сүйенсек, оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістерін ғылыми негізделген теорияға сүйене отырып жобалау, сұлбалау тыңдаушыларға, білім алушыларға оқу үрдісінде хабарланады.
№ 8 Дәріс сабақ
Тақырып: Шағын жинақталған мектептің кіріктірілген жағдайында оқыту технологиясын пайдалану.
Дәрістер мазмұны: Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен және білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістерімен өзара байланысын кайта қарауды талап етеді.
Бұл жоғары оқу орныңда мамаңдар даярлаудың сапасын арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану көзделеді.
Технологияны педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тимді пайдалану оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге септігін тигізеді.
Бүгінгі таңда педагогикалық технология мәселесі теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр.
Теориялық тұрғыдан алып қарағанда, педагогикалық технология - педагогиканың категориясы ретінде қарастырылады оның мәні мен құрылымы айқындалады, педагогикалық іс-әрекеттің әртүрлі саласындағы (дидактика, тәрбие, білім беруді басқару) педагогикалық технологияның ғылыми негіздерін оқып-үйренеді, педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы мен теориясы зерттеледі және педагогикалық технология теориясының негіздері ашып көрсетіледі.
Ғылыми-педагогикалық зеріттеулерге жасалынған талдау жаңа педагогикалық технологиялардың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді.
Енді солардың ішінен жоғары оқу орындарының оқу үрдісінде қолдануға ұсынылатын бірқатарына тоқталайық.
Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының "Білім түралы" заңында (1999) білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі - жеке адамды қалыптастыруға бағытталған рөлі және педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, олардың жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі қарастырылған.
Дәстүрлі оқыту технологиясының білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрініс табуда.
Осыған орай оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің қазіргі технологияларын жетілдіріп, мектепте сабақ беруде қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға болатындығына басым бағыт берілуде.
Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес.
Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.
Бастауыш сатыда "Математика" пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретіндеп деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға бо-лады.
Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады.
Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.
Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-әрекеттік - компетенттік тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді.
әртүрлі әдістерді қолдану және оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы есептің дұрыстығына көз жеткізулеріне болады, дамыта оқыту технологиясы (Л.С.Выготеский, Л.В.Занков, Д.Б.Элькокин, В.В.Давыдов) дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сәйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған, оқытудың модульдік технологиясы (В.ММонахов) оқу үрдісін мақсатты жобалап, құруға болады.
Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов) теория және практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген теориялық, материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып - оза оқыту (С.Н.Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын-ала оқыту, деңгейлеп саралап оқыту текнологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру және т.б.
Республикадағы ауыл мектептерінің оқу-тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқыту технологиясы (Ж.Д.Қараев) жүйелік негізде оқыту технологиясы (Г.Г.Ғалиев), шоғырландырып-қарқынды оқыту технологиясы (Қ.А.Әбдіғәлиев., Н.Н.Нурахметов), блоктық-модульдық технологиясы (М.Н.Жанпеисова) қолдау табуда. Ғалымдардың пікірінше шағын комплектілі мектептер жағдайында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда жүйелік негізде оқыту мен шоғырландырып оқыту технологияларының оқыту сапасын арттыруда дидактикалық мүмкіндіктері мол.
№ 9 Дәріс сабақ
Тақырып: Шағын жинақталған мектептерді басқарудың ерекшеліктері
Дәрістер мазмұны: Қашанда мектепішілік атмосфера, ондағы мұғалім мен мұғалім, мұғалім мен оқушы, басшы және мұғалім, оқушы қатынастарындағы психологиялық климат, мектептің білім беруінің сапалық көрсеткіші, оқушылардың тәрбиелік деңгейі, материалдық – техникалық базасының жетілуі т.б. көп жағдайда басқарушының ұйымдастырушылық – парасаттылық қабілетіне байланысты.
Жалпы басқарудың өзі – шешім қабылдауға бейімделген, мақсаттан туындаған мәселені шешуді ұйымдастыру, қадағалау мен реттеу, мәліметтерді талдау мен сараптау негізінде нәтиженің қорытындысының практикалық мәнді іс-әрекеті. Басқару жүйесі биологиялық, техникалық, әлеуметтік құрылымды болуы да мүмкін. Ал әлеуметтік құрылымның бірі – ауыл, аудан, облыс, мемлекеттік деңгейді қамтитын жүйеден тұрады.
Зерттеу мақсатымыз бойынша орта мектептегі сынып – сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысы мен кәсіби бағдар тәрізді тұтас педагогикалық үрдіс қарастырылуы қажет.
Қазіргі кезеңдегі мектеп күрделі құрылым. Ол оқушылардың, мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің оқу-тәрбиелік және қызмет көрсететін субъектілердің іс-әрекет жүйесінен тұрады.
Осы мектептану саласындағы мектеп басқару ісі педагогика тарихында өзекті мәселе ретінде зерттеліп, оған арнайы маңыз беріліп, жан-жақты ғылыми идеяларға тоқталып өтуге болады.
Мектеп басқару мәселесіне арналған көптеген зерттеулер бар: оларда мектепті басқарудың (Э.Г.Костяшкин, Ю.А.Конаржевский, В.П.Стрезикозин, П.В.Худоминский, Т.И.Шамова, Н.Д.Хмель, Н.Н.Тригубова т.б.) мәні ашылды. Басқарушылық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың жүйесін енгізу бойынша (И.П.Раченко, Ж.Б.Өмірбекова, Г.Т.Хайруллин т.б.); мұғалімдердің шығармашылық зерттеушілік және эксперименталды қызмет-әрекетін ұйымдастыру бойынша, ғылымды практикаға енгізу бойынша (Ю.К.Бабанский, Л.И.Гусев, В.И.Журавлев, В.И.Загвязинский, Б.А.Қойшыбаев, В.В.Краевский, Г.Л.Лұқпанов, М.Н.Скаткин, Я.С.Турбовский т.б.); мамандықты жетілдіру бойынша (Я.С.Бенцион, Г.И.Горская, Л.С.Коробкова, Ш.Т.Таубаева, В.П.Топоровский т.б.); мамандықты көтерудің психологиялық-педагогикалық және ақпараттық негізін құру бойынша (Г.С.Сухобская, А.С.Пискунов т.б.); Қазақстандағы педагогикалық кадрлардың мамандығын көтеру жүйесін дамыту тарихы бойынша (Б.А.Альмухамбетов т.б.) жұмыстар жүргізіледі. Мектеп басқарудың жаңашылдық аспектілері: М.М.Поташкин, В.С.Лазарев, Л.И.Моисеев, И.И.Цыркун, Н.Р.Юсуфбекова және т.б. еңбектерде талданған.
Бұл зерттеулерде мектеп басқарудың педагогикалық-психологиялық негіздерін, әлеуметтік-мәдени құрылымын талдаудың теориясына да маңыз берілген.
Г.И.Щукиканың пікірінше, басқару – мектепішілік «психологиялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік» сияқты күрделі процестерді реттеу болып табылады. М.М.Поташник бойынша: Басқару – мектептің қалыптасуын, тұрақтануын, тиімді қызмет етуін және дамуын қамтамасыз ететін барлық «субъекілердің мақсатты іс-әрекеті».
К.Я.Визика: «Басқару – нақты бір мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін қалыптасуға жауап беретін жүйенің қызметі»
Мектеп басқарудың экономикалық-өндіріс, ауыл шаруашылығы салаларындағы менеджменттік сападан түбірлі айырмашылығы бар. Бұндағы «субъект-субъектілік» қатынастың өзі күрделі конструкциямен құрылады, әрі рухани – мәдени компоненттердің нақты және белгіленген тәртіппен құрылуын қамтамасыз етуді қажет етеді. Себебі аксиологиялық – мәдени бағдар басқару технологиясының жалпы әмбебап әдіснамасына айналады.
Бірақ кейбір білікті мектеп басқарушылар «субъекті – субъектілік» қатынастарды өз қызметінде толық ұйымдастырумен қатар өзін-өзі қаржыландыру бағытында қосалқы шаруашылықтық сфераны да жарыспалы түрде ұйымдастырып отырады. Мысалы, Махамбет ауданы, Алға орта мектебін педагог-ағартушы Қ.Айтқалиев басқарған кезеңде білім ордасы жанынан нарықтық қатынастар талабына да сәйкес ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыруы.
Басты принциптер: 1) өзін-өзі қаржыландыру
2) оқушыларды еңбекке тәрбиелеу.
Сонымен мектеп басқарудың әлеуметтік, экономикалық жағымен қатар психологиялық негіздері де маңызды буын.
Басқарудың психологиялық негіздерімен психология ғылымының басты саласының бірі – басқару психологиясы айналысып, оның процестік мәнін теориялық түрде ашып береді.
«Басқару психологиясы» - басқару ісіндегі психологиялық заңдылықтарды зерттейтін психологияның бір саласы. Басқару психологиясының негізгі міндеті – басқару жүйесіндегі жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында басқару қызметінің психологиялық жағдайлары мен ерекшеліктеріне талдау жасайды. Мысалы, басқару жүйесіндегі жағдай мен өзгерістерге диагностика мен болжам жасайды; алға қойған мақсатты орындау барысында бағыныштылардың мінез өзгешелігін бақылайды; шешімнің орындалуын қадағалайды. (Педагогика және психология сөздік б. 50)
Басқарудың өндірістік және әлеуметтік жүйе түрлерін сәйкестендіретін өндірістегі инженерлік психология бойынша зерттеулер оның педагогикалық ерекшеліктеріне де мән береді.
Мәселен, Е.А.Климовтың теориясы бойынша инженерлік іс-әрекет спецификасы: 1) басқару, оқыту, тәрбиелеу іскерлігі
2) тыңдау және қорытынды жасау
3) кең ой-өріс
4) сөйлеу (коммуникативтік) мәдениеті
5) «адам – маман» деген мағынаны ұғыну
6) стандартсыз жайларды шешу
7) бағынышты адамның ішкі дүниесін түсіну
8) инженер – маманның жұмыс барысындағы
мінез – құлқын бақылау
9) өзін-өзі жоғары дәрежеде меңгеру
№ 10 Дәріс сабақ
Тақырып: Мектеп дамуына байланысты инновациялық процестерді басқару
Дәрістер мазмұны: «Инновация» термині жаңашылдық, өзгеріс, қандай да жаңалық ендіру дегенді аңдатады. Педагогикалық процеске байланысты бұл түсінік оқу жəне тəрбие жұмыстарымен мұғалім жəне оқушының бірлікті іс-əрекеттерін ұйымдастыру мақсаттарына, мазмұнына, əдістері мен формаларына енген, енетін жаңалықтардан хабар береді (ғылыми рəміз ретінде бұл терминді аудармасыз, өз күйінде қолданғанды жөн көрдік).
Инновация, сонымен, жаңалық жеткізуші, жаңаланып жатқан жүйеге өзгеріс беретін құрал. Жаңалығы болмаған инновация мəнсіз. Инновациялық маңызға ие болмаған жаңалық іс-əрекет қалпын жақсартудың дерексіз (абстракт), болмысқа жарасымы жоқ құрғақ теория. Басқарудағы жаңалықтар мен инновациялар əрқилы даму, тіршілік сатылары мен қисынды құрылымдарды қамтиды. Өз даму айналымында инновация белгілі кезеңдерден өтеді: идеяның туындауы, мақсат белгілеу, жаңалық идеясын ойластыру жəне əрекет бабына келтіру, жаңалықты іске асыру, тарату жəне тоқырау (жойылу). Инновациялардың іске асып бару кезеңдері жаңалықты қабылдап, игеруші ұжымның даму кезеңдерімен тығыз байланыста.
Жекеленген басқарым инновацияларының жиынтығы мектепті басқарудың жалпы инновациялық процесін құрайды, ал ол өз кезегінде аудан, аймақ, республикалық білім жүйесінде жүріп жатқан кең ауқымды инновациялық кешендердің құрамынан орын алады.
Инновациялық процесс – бұл күнделікті тəжірибеде өз алдына бөлек жаңалық ретінде танылған нақты да соны ауқымды бірлігі. Мектеп басшысының айналысатыны да осы үлкен, кең шеңберлі процесс.
Инновациялық тəртіп пен кейіп өріс алған жағдайларда оқушылардың да, педагогтардың да тұлғалық бой тіктеуге, өз мүмкіндіктерін іске асыруға болған ынта-ықыласы белсенді даму арнасына түседі. Бұл педагогикалық процесс қатысушыларының өзара қатынасында көрініс береді. Инновациялық процесс нəтижесі – қолданымға енген теориялық та, практикалық та жаңа идеялар. Мұғалім бұл орайда жаңалық авторы, дайындаушысы, зерттеушісі, пайдаланушысы жəне насихаттаушысы сипаттарын бірдей алады. Ал бұл қызметтерге қатысты басқару жұмыстары соны тұжырым, теория, идея, технология, əдістеме жəне озат педагогикалық тəжірибелерді қандай да мақсатқа орай бағалауды жəне кəсіби іс-əрекетте пайдалануды қамтамасыз етеді.
Қоғам, мəдениет жəне білімнің бүгінгі даму жағдайында педагогикалық іс-əрекеттегі инновациялық бағыттардың қажеттігі бірнеше шарттардан туындап отыр. Олар:
- əр текті оқу орындарындағы білім беру жүйесінің, əдіснамасының жəне оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру технологияларының жаңалануы;
- білім мазмұнының күшті адамилық (гуманитаризация) сипат алуы;
- оқу пəндері көлемінің үздіксіз өзгеріп баруы;
- оқудың жаңа ұйымдастыру формалары мен технологияларын ұдайы іздестіруді қажет ететін жаңа оқу пəндерінің енгізілуі;
- мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды меңгеруі мен қолдануының өзіне болған қатынастар сипатының өзгеруі;
- жалпы білімдік оқу мекемелерінің нарықтық экономикаға бет бұруы;
- жаңа оқу орындары, олардың арасында мемлекеттік емес білім ордаларының құрылуы;
Күнделікті тəжірибеде инновациялық процестер сипаты күтілген нəтижелер мазмұнымен, енгізілудегі ұсыныстардың күрделілік жəне тыңғылық дəрежесімен, сондай-ақ мектеп мұғалімдерінің инновациялық іс-əрекетке дайындық дəрежесімен анықталады.
Соңғы нəтижеге болжам жасай отырып, мектептегі инновациялық процесті басқаруда осы қызметтің негізгі бөлімі ұжымдық талқыға түседі. Бағдарламалы инновацияға байланысты өте ірі шаралар топтық əдіспен дайындалады.
Нақты бағдарлама түзіліп, онда ұжымдағы əрбір мүше іс-əрекетінің бастау бағыты көрсетіледі, соңғы нəтиже болжамы түзіледі, көзделген мақсаттың іске асу мерзімі айқындалады, бар жағдай- шарттардың жақсылана түсуі қамтамасыз етіледі.
Инновациялық процестерді басқаруда нəтижеге бақылау жасау үлкен маңызға ие. Бақылаудағы міндеттер:
- жеткен нəтижелерді бағамдық талдауға салу, білімдік іс-əрекет процестерін реттеуге байланысты жұмыстар жүргізу үшін қажетті тұжырымдар жасау;
- ұжым кейпі мен іс-əрекеттеріне түзетулер енгізу мақсатында инновациялық процестің барша қатысушыларының қызметтері мен жұмыс нəтижелеріне баға беру; қорытындылар шығару;
- кешенді – мақсатты бағдарламаға сəйкес инновацияларды басқару нəтижелерін бағалау жəне басқару ықпалдарын ретке келтіруге орай ұсыныстар беру;
- инновациялық процесс қатысушыларын ақпараттандыру мен ынталандыру үшін тура жəне кері байланыс өзектерін қалыптастыру.
Мектепті басқару сол мекеменің бұдан былайғы тіршілік нəтижесіне үлкен ықпалын тигізеді.
Мектепішілік басқарудағы тың енгізулер бағдары
Нақты білім мекемесіндегі мектепішілік басқару жүйесінің жаңалану процесі көбіне ондағы жəне сыбайлас оқу орындарындағы инновациялық процестің жеделдігіне, мақсатты бағытына, мазмұнына тəуелді.
Мектепішілік басқарудың дамуында аса үлкен маңызға ие болар келесідей бағдар-бағыттарды атау орынды:
- əлеуметтік орта мен мектептің өзін жаңа сипаттағы басқару қажеттіктерінің объектив күрделенуі;
- мектептегі басқару іс-əрекеттеріне қойылатын талаптардың күшеюі;
- мектепті тиімді басқарудың жаңа жағдайлы мүмкіндіктерінің пайда болуы;
- мектепішілік басқару жүйесінің дамуы;
Жоғарыда аталған бағыт-бағдарлар мектепішілік басқару жүйесіндегі инновациялық процестердің өтуіне мүмкіндік береді. Мұндай жаңалықты іс-əрекеттер түрі төмендегідей:
- тұлғалық бағыттағы оқуға бет бұру;
- оқу-білім мекемелерінің жобаларын жасауда ұлттық жəне діни-рухани құндылықтарды да негізге алу;
- оқушы тұлғасының кемелденуі процесінде білім мен мектептің ролі орнына мəн беру;
- демократиялық жəне гуманистік басқару бағытын ұстану;
- кейбір аса маңызды құндылықтардың мектеп өміріне ену себепшісі ретінде мектепішілік басқару жүйесінің сыр-сипатын тереңдей түсіну;
- нақты əлеуметтік тапсырысты ескеру;
- мектептің даму бағдарламалары мен тұжырымдарын дайындау жəне т.б.
Білім мекемелерінің құқықтық мəртебесіндегі, басқару нысандары жағдайы мен міндеттеріндегі күрделі өзгерістер басқару қызметтерінің жаңа түрлерін пайда етті:
- мектептің жан-жақты іс-шаралар жүргізуге байланысты құқықтық аясы мен оған қатысты басқару нысандары шеңберінің кеңеюі;
- бұл процестің басқарушылық санада орын тебуі;
- басқарылушы нысан мəн-бейнесінің молаюы;
- жаңа біртұтас басқару нысандарының (мектептердің жаңа типтері, түрлері,жобалары) немесе олардағы жаңа элементтер, қырлар, байланыстар мен қатынастардың туындауы не туындау қажеттігі;
- əлеуметтік тапсырыс жəне жаңа табысты қор келтіру көзі – мектеппен байланысты сырттай ортаның көзге түсер сапалық өзгерістерге келуі;
- стратегиялық жəне ұзақ мерзімді жоспарлауға өту;
- нысанда жаңа процестер мен іс-əрекет түрлерінің (зерттеу жəне қолданым түріне келтіру, эксперимент, сын баға беру) пайда болуы,
- басқарудың жаңа түрлерін игеру.
Басқару қызметтерінің арасында инновациялық процестерді басқару жəне оларды бұдан былай дамыту мақсатындағы арнайы қызметтер салаларының (сапа менеджменті, білім маркетингі, мектеп психодиагностикасы жəне т.б.) пайда болуы – бүгінгі оқу-тəрбие орындарындағы жаңа құбылыстар. Мектептер өзін қоршаған ортаны жəне ол ортаның болашақ өзгерістер бағытында талдау жұмыстарын жүргізе бастады. Мектеп өзінің бəсекелестік заман жағдайына дайындығын ойластырып, одан жеңіп шығу жолдарын іздестіретіндей санаға жетуде. Бұл орайда білім ордасы өзінің барша тіршілігінің нəтижесін тек оқу –тəрбие процесін ұйымдастырудағы табыстарымен ғана байланыстыруы тиіс.
Тәжірибелік сабақтарды өткізу жоспары
№ |
Тақырып атауы |
Тапсырманың мазмұны |
Әдебиеттер |
1 |
Шағын жинақталған мектеп жағдайында кіріктірілген оқыту технологиясы пәні.
|
Шағын жинақталған мектеп жағдайында оқытудың ерекшелігі. Технология- педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде. Кіріктірілген технологиялардың маңызы.
|
Негізгі әдебиеттер: 1[18-23], 3[17-35], 8[29-40], 19[23- 31б]; Қосымша әдебиеттер: 2[16-27б, 3[38-48]; |
2 |
Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану, педагогикалық үрдісте жеке тұлғаның бағыты негізінде педагогикалық технология.
|
Мұғалімнің шеберлігіне қарасты белгілі шарттар. Жаңа технологияларды енгізу кезінде оқытушының технологиялық құзырлығының жоғары деңгейі. Мұғалімнің шеберлігін көтерудегі технологиялардың маңызы
|
Негізгі әдебиеттер: 1[15-23], 3[17-35], 8[25-40], 19[23- 31б]; Қосымша әдебиеттер: қ/ә: 2[12-27б, 3[34-48];
|
3 |
Педагогикалық жүйедегі жаңашылдықты дамыту, оқушының іс-әрекетін белсендіру және қарқындату негізіндегі педагогикалық технология.
|
Жаңа технологияны қолдану кезеңдері. Қазіргі технологиялардың авторлары. Л.В. Занковтың, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов еңбектерінің шағын жинақталған мектеп жағдайында оқытуда тиімділігі.
|
Негізгі әдебиеттер:1[28-35], 3[23-40], 8[10-28], 19[51-64]; Қосымша әдебиеттер: 2[19-29], 4 [33-47];
|
4 |
Шағын жинақталған мектеп жағдайында кіріктірілген оқыту технологиясы.
|
Кіріктірілген оқыту технологиясы туралы түсінік. Кіріктірілген оқыту технологиясы пайдалану жолдары.
|
Негізгі әдебиеттер : 1[28-35], 3[23-40], 8[10-28], 19[51-64]; Қосымша әдебиеттер: 2[19-29], 4 [33-47];
|
5 |
Шағын жинақталған мектепте жаңа технологияларды пайдалануда әр сыныптағы оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары
|
Алдына ала оқьггу. Интенсивті оқыту. Мәселелік оқыту. Жоғарыдағы технологияларды шағын жинақталған мектептерде қолдану жолдары.
|
Негізгі әдебиеттер: 1[28-35], 3[23-40], 8[10-28], 19[51-64]; Қосымша әдебиеттер: 2[19-29], 3 [33-47];
|
6 |
Шағын жинақталған мектеп жағдайында кіріктірілген оқыту технологиясын пайдалану жолдары.
|
Шағын жинақталған мектеп жағдайында кіріктірілген оқыту технологиясын пайдалану жолдары. Жаңа технологялар кіріктіру арқылы шығармашылыққа баулу. Қазіргі педагогикалық технологиялар - обьективті қажеттілігі. |
Негізгі әдебиеттер: 1[28-35], 3[23-40], 8[10-28], 19[51-64]; Қосымша әдебиеттер: 2[19-29], 3 [33-47]; |
ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.
Лекция білімді оқытудың басты әдісі болып отыр.Кей жағдайда оқулықтар жетіспегенде (курс жаңа болса), керекті материалдар оқулықтар мен оқу құралдарында шашырап берілсе де, оқу материалын өз бетімен меңгеруде қиындықтар болса, яғни лекция ең тиімді әдіс болып саналады. Лекция білімді алудың үнемді тәсілі. Мұнда білім жалпыланған, жүйеленген түрде, яғни студент білімді жылдам және сенімді түрде алады.
Әрбір лекция конспектісінде мынадай шарттар орындалуы қажет:
тақырыбы (дәл,анық,толық);
мақсаты мен міндеті;
әдебиеттер тізімі (міндетті және қосымша);
мәтін мазмұны (негізгісі, жанамасы бөлінген);
өз бетіндік жұмысқа тапсырма.
Лекцияға дайындалу кезеңдері:
бағдарламаны және оқулықтарды оқу;
әдебиеттер тізімін құрастыру;
әдебиеттерді оқу, мазмұнын іріктеу;
көрнекі құралдарды таңдау (кесте, сурет, бейнелу, музыка, өнер шығармалары, көркем әдебиеттерден үзінді, фото, техникалық құралдар, киноаппарат, магнитафон және т.б.).
Тексеру түрлері:
студенттер үшін – бақылау бұл білімді сапалы меңгеруді, қателіктерді түсініп, уақытында түзеуге мүмкіндік беріп, алдағы өтетін оқу материалын жаңа түсінуге, сонымен қатар өзін-өзі бақылау қабілетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
оқытушы үшін – бақылау материалды меңгеру сапасы және жүрісі туралы ақпарат беріп, оқушының қызығушылығын ескеріп, сабақ беру процесі кезіндегі дидактикалық кемшіліктерді түзеуге мүмкіндік береді.
Бақылаудың түрі мен формалары.
Көлемі мен сипатына қарай бақылау 2 түрге бөлінеді:
Нәтижелерді меңгерудің аралық бақылауы.
Қорытыныды бақылау.
Аралық бақылауда белгілі бір шек қойылмайды. Ол оқытушының ойлануы мен шығармашылығына байланысты жүргізіледі. Мұндай бақылау формалары әртүрлі болады. Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).
Бірақ сіздерге сұрақтан тұратын тест жұмыстары берілген Бұл тест жұмыстарын апта тапсыру қажет. Бақылаудың барлық формалары топтық болып табылады.
Қорытынды бақылау – бұл соңғы нәтижені тексеру. Бақылаудың бұл түріне семестрлік немесе емтихандар жатады. Бұлардың әртүрлі дидактикалық функциялары болады. Емтихан тақырып немесе бөлім аяқталғаннан кейін өткізіледі. Оның негізгі функциясы – білім берушілік және тексерушілік. Емтихан тест сұрақтары, яғни студенттер білімнің барлық элементтерін қамтитындай болып құрылды. Емтихан тест түрінде қабылданады.
топтың барлық мүшелері кезек бойынша қатысады.
Емтихан оқытушының топпен, яғни оқытушы жауаптың дұрыстығы мен әрбір студенттің білімді меңгеру сапасын бағалаумен аяқталады. . Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.
Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады
