- •Әлеуметтік- мәдени сервис туралы жалпы түсінік. Әлеуметтік- мәдени сервис қызметі.
- •Әлеуметтік және мәдени қызметкерлерді ынталандыру
- •Менеджерлік қызмет
- •Мемлекеттік және жергілікті басқару
- •Туризм түрлері
- •Тұрмыстық қызмет көрсету
- •Қонақ үй бөлмелерінің сипаттамалары
- •Банк туралы не білеміз?
- •1. Банкте
- •. Банкте.
- •Банктің түрлері
Қонақ үй бөлмелерінің сипаттамалары
Қоғамның дамуымен байланысты қонақ үй бизнесі де дамып келеді. Заманауи үрдіс, адамдардың жоғары талабы қонақ үйдің қызмет көрсетуіне жоғары талап қоюда. Сондықтан қонақ үйдің сол талап деңгейінен көрінуі үшін қонақ бөлмелердің қонақтардың демалуына толық мүмкіндік тудыратындай болуы керек. Қонақ үй бөлмелерінің жабдықталуы оның қандай дәрежеде екенінен көрінеді. Қазір қонақ үйлердің жайлылығы жұлдыздармен белгіленетінін алдыңғы мәтіндерде айтып өткенбіз. Жақсы жабдықталған қонақ үй бөлмелеріне тән категория – 1 жұлдыздан 5 жұлдызға дейін.
4 және 5 жұлдызды қонақ үй бөлмелері ерекше жобамен салынады. Ауласы ерекше көріктелген, маңдайшада жұлдыз саны көрсетілген, эмблемасы айшықты, көліктұрағының төбесі жабық, күзеті бар, жоғары сапалы жиһаздармен жабдықталады. Қонақ үй ғимаратының инженерлік-техникалық жабдықталуы дүние жүзілік дәрежеге жету үшін тәулік бойы ыстық су болып, жылу жүйесі, желдеткіш қондырғы мен теле-радиохабармен жабдықталуы тиіс. Тәулік бойы дәрігерлік қызметпен қамтамасыз етіледі. Мәдени ойын-сауық шаралары ұйымдастырылады. Тұрғын бөлме аумағының 1 бөлмесі 12 шаршы метр, ал егер екі бөлмелі болса 14 шаршы метр болады.
Қонақ үй бөлмелерін сәулеттендірілу дәрежесіне байланысты мынадай категорияларға бөлуге болады.
А) ЛЮКС бөлмелері (тұрғын үйлер) бірнеше бөлмеден тұрады. Бөлмеде спутниктік теледидар, үй кинотеатры, шағын бар, электронды сейф, LCD теледидары, халықаралық және қалааралық телефон, гидромассаж ваннасы, сапалы жиһаздар болады.
Б) Екі бөлмелі бөлме – алдыңғы қатарлы құрылым, толық санузелді, ұйықтайтын және қонақ бөлмесі, жұмыс кабинеті, жиһаз болады.
В) «ДУБМ» бөлме – екі орынды бөлме. Бөлмде 1 кереует, 1диван бар. Қонақ қалауымен екі адам тұруға болады.
Г)Бір бөлмелі бір орынды бөлме – алатын көлемі 8 шаршы метр, жиһаздармен жабдықталуы қонақ үй талабына сай болуы керек.
Д) Көп орынды 1 бөлмелі – бұл жетілмеген категорияға жататын бөлме. Қолжуғышы ортақ, көпорынды бөлме, тек ұйықтайтын орны бөлек-бөлек болады.
Қонақ үйде қызмет етушілер барлық жағдайда қонақтарды жылы жүзбен қарсы алып, олардың жағдайын жасауға тырысуы керек.
5-тапсырма.Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып,оны сипаттаңыздар
Мейманханада көрсетілетін қызмет сапасы жоғары болса, мұндай мейманханалар өз бәсекелестерінің алдыңғы шебінде болады. Сондықтан кез-келген мейманхана келуші туристерге, саяхатшыларға, меймандарға мінсіз қызмет істеуге тырысады. Мінсіз қызмет мейманханаға тән белгілі бір тәртіпке бағынады. Келген қонақтарды мейманханаға орналастыру мәдениеті, ережелері бар. Қонақ үйге орналастыру мен тұтынушыларды тамақтандыру қонақ үй қызметінің ең негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Тұтынушыны орналастыру кезінде оларды тіркеуге алады. Бөлмені үнемі тазалап, келген қонақтардың таза да жайлы бөлмелерде жақсы демалуына , тыныштықта өз шаруаларымен шұғылдануына мүмкіндік жасайды. Қонақ үй қонақтардың демалуына, ұйықтауына арналған, сондықтан бөлмелер көбінесе кешке және түнде қолданылады.
Қонақ іскерлік кездесуге дайындалады десек, мейманханада оған керекті телефон, факс, компьютер т.б. міндетті түрде болуы керек. Бөлмедегі жарық, жайлы орындар – кресло, орындық қонақтың жұмыс істеуіне ыңғайлы болғаны мейманхана қызметінің сапасын көрсетеді. Мейманханада көрсетілетін қызмет сапасы оларды дұрыс тамақтандыру кезінде де байқалады. Тамақтандыру түрлері: өндірістік (ас үйдегі дайындалған тамақ), саудалық (дайын өнімдерді және алькогольсіз сусындар сату) , сервисті (мейрамханаларда, барларда, кафелерде, қонақ үй номерлерінде даяшылардың қызмет көрсетуі). Меймандарға қосымша қызметтер де көрсетіледі. Ондай қызметтер мейманхана бизнесін дамытуда үлкен маңызға ие болуда. Атап айтқанда, жүзу бассейндері, спорт зал, келіссөздерге арналған залдар, автокөліктерді жалға беру, химиялық тазалау, жуу, шаштараз, уқалау кабинеті, аквапарк орталықтары, мәдени орталық, мұражай, театр т.б.
2- тапсырма. Мәтінге байланысты сұрақтарға жауап беріңіз.
-Мейманханалар қайткенде өз бәсекелестерінің алдыңғы шебінде болады?
-Қонақ үй қызметінің ең негізгі міндеттері қандай?
-Мейманханада көрсетілетін қызмет сапасы қай кезде байқалады?
Меймандарға қандай қосымша қызметтер көрсетіледі
СӨЖ: Әлеуметтік мәдени мекемелер қызметі түрлерін сараптау.
1. Тақырып бойынша ақпарат жинаңыз.
2. Жиналған мәліметтерді сұрыптаңыз.
3. Сұрыпталған мәліметтерге жоспар құрастырыңыз.
4.Тұсаукесер жасаңыз.
5-тапсырма.Тақырып бойынша термин өздерді теріп жазып, талдаңыздар.
12-тақырып: Мейрамхана.
Сабақтың мақсаты: Лексикалық, грамматикалық материалдар арқылы термин сөздерді меңгерте отырып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Мәтіндерді оқып, аудару, сөйлесім құрастыру арқылы өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға үйрету, сөздік қорын молайту, кәсіби қатысымдық құзыреттілігін дамыту.
Мейрамхана - қызмет көрсету деңгейі бойынша люкс,симпозиум қатысушыларына, банк және офис қызметкерлеріне арналады. Егер де бизнес-ланч үш тағамнан құралса, түтынушылар төрт курстан тұратын жинақты тандайды: бірінші курс — салқын және ыстық басытқылардың бірнеше варианттары; екінші курс — көжелер; үшінші курс — негізгі ыстық тағамдар және төртінші — десерт. Бизнес-ланч мәзірі әр апта сайын өзгертілуі керек. Жексенбілік бранч мәзірі — мейрамханаларда 12—16 сағ аралығында отбасылық ас беру кезінде қолданылады. Бранч мәзіріне швед үстелі қосылады. Жеке-жеке шай үстелін, жеміс-жидекті және десерт үстелдерін ұйымдастырған жөн. Мәзірге міндетті түрде шарап немесе шампан бокалы кіргізіледі.
Жексенбілік бранч мәзіріндегі тағамдар бағасы алдын ала белгіленеді. Күндізгі рацион мәзірі симпозиум, мәслихат, конференция қатысушыларына құрастырылады. Мәзірді құрастырғанда тамақтанушылар контингенті (жасы, ұлты, жұмыс түрі) ескеріледі. Күндізгі рацион мәзірінің калориялығы 2000— 5000 ккал-ға дейін ауытқиды. Мәзірге басытқылар, бірінші және екінші ыстық тағамдар, тәтті тағамдар, нан-тоқаш өнімдері, ыстық және салқын сусындар кіреді. Күндізгі рацион мәзірін құру үшін әр тағамның калориялығын ескеру керек. Диеталық мәзір — тиімді тамақтанудың есебінен физиологиялық нормалардың негізінде құрылады. Мәзірдегі әрбір тағамға диета нәмірі жазылады. Балалар мәзірі — тез сіңетін және тез қорытылатын тағамдарға жоғарғы және 1-деңгейлі болып бағытталған мейрамханаларды ай
Қазіргі күндерде мейрамханаға келушілер қызметтің жақсы көрсетілуін қалайды.
Мейрамханалар қолданатын қызмет көрсетудің үш түрі бар.
1. Қызмет көрсетудің ағылшынша түрі дербес қызмет көрсету кезінде де, қонақтардың шағын компаниясы болғанда да, ұжымдық шаралар кезінде де қолданылады.
Ағылшын әдісі даяшының қосымша столды міндетті түрде қолдануын қарастырады, ол столда келесі әрекеттер жасалады: қонақтардың ыдысына тамақты салу, салаттарды дайындау, коктейлдерді және басқа аралас сусындарды дайындау. Даяшының қосымша столында қыздыруға арналған электр плитасы болады, ол оған тамақ салынған ыдысты қояды, содан соң қонақтардың ыдыстарына сыбағаны бөліп салады.
Сыбағалау келесі тәртіпте орындалады: ет немесе балық; тұздық; картоп; көкөніс гарнир; көркемдеуші жасыл шөп. Сыбағалау кезінде тағамды ыдысқа рет-ретімен орналастырады: көк шөп, картоп, көкөніс гарнир, негізгі компонент, тұздық. Сыбаға салынған ыдысты даяшы қонаққа оның оң жағынан түрегеп тұрып береді.
Ағылшын әдісі мейрамханалық қызмет көрсетудің ең көрнекті және қымбат тұратын түрі деп есептеледі.
2. Қызмет көрсетудің французша түрі: тамақ тұтастай және толығымен ас үйде дайындалады. Ет сыбағаларға кесіліп гарнирмен бірге табаққа салынады. Қонақтар отырған дастарқанға әкелінеді де үлкен қасық- пен және шанышқы көмегімен әрбір қонақтың жеке ыдысына ет пен гарнир сыбағасы салынады. Қызмет көрсетудің бұл түрі банкеттер мен кештерде ыңғайлы. Даяшылар ақ қолғап киеді.
3. Қызмет көрсетудің орысша түрі: Толығымен алдын-ала дайындалған барлық суық тағамдар, салаттар, сусындар дастарқан басындағы қонақтардың бәрінің қолы жереліктей етіп орналастырылады. Дастарқан басында қонақтар өздері өздеріне қызмет көрсетеді. Қажет болған жағдайда бір-біріне тағамдарды, салаттарды, т.б. алып береді.
Ыстық тағамдар мен десерт берілетін кезде көбінесе қызмет көрсетудің ағылшын немесе француз әдістері қолданылады. Десертті берер кезде дастарқандағы суық тамақтар қалдығы, тұздықтар, барлық пайдаланылған ыдыстар жиналып алынады. Сусындар мен ішімдіктер стол басында кеш аяғына дейін тұрады.
Даяшы столды барлық уақытта тазалықта және тәртіпте ұстауы керек.
Қызмет көрсетудің барлық үш түрі Алматы қаласында қолданылады. Әсіресе қызмет көрсетудің орыс әдісі жиі қолданылады.
Тамақтану шаралары әртүрлі себептермен ұйымдастырылады және әртүрлі деңгейде жүргізіледі:
ресми банкеттер, ел басшылары жоғары қонақтар құрметіне береді;
ұлттық мерекелерге арнап берілетін елшілік қабылдаулары мен банкеттері;
әртүрлі конференциялар мен мәжілістердің аяқталуына арнап қоғамдық, партиялық, ғылыми және іскерлік ортада ұйымдастырылатын банкеттер;
бимен және ішіп-жеумен жүретін мейірімділік ойын-сауықтар;
фирма басшысымен өзінің қызметкерлеріне арналып ұйымдастырылған, билі мерекелік түскі астар,тойлар,мерей тойлар.
Көпшіліктің қыдыруы үшін себептер өте көп және осы кездесу себептеріне байланысты банкеттер былай аталады:
банкет-қабылдау, толық қызмет көрсету;
банкет- қабылдау, бөлшекті қызмет көрсету;
банкет-фуршет, банкет-коктейль.
2-тапсырма. Мәтінді оқып, мейрамханадағы қызмет түрлері туралы ой бөлісіңіз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
а) Сіз үйде мейманды қалай қарсы аласыз?
ә) Мейманды қарсы алуда ұлттық ерекшеліктер бола ма?
б) Мейман күтудің қазақы әдістері туралы не білесіз?
в) Мейманды қалай қарсы аласыз?
г
)
Мейманханалардағы ұлттық кештердің
өтілуі мен ондағы қызмет түрлері туралы
не білесіз?
Сіз мейрамханада даяшысыз. Сізге үйлену тойындағы құдалардың дастарқанында қызмет көрсету тапсырылды. Сіз қалай қызмет етесіз? Қызмет көрсетудің қай түрін таңдауға болады? Әлде қызмет көрсету әдісіне өзгеріс енгізесіз бе?
тапсырма. Оқыңыз, қазақшаға аударыңыз, мазмұнын біліп алыңыз. Сіз білесіз бе?
Самым большим отелем в мире по прежнему остается «MGM Cyrand» в Лас-Вегасе (Невада, США) Его номерный фонд состоит из 5005 гостевых номеров. Отель состоит из 4-х тридцатиэтажных башен и занимает 45,3 га. Конференц-зал отеля рассчитан на15,2 тыс. мест. Тематический парк – 13,3 га. Казино занимает площадь 57,93 куб м. И состоит из четырех отдельных залов. Установленных игровых автоматов насчитывается тысячи.
Самым старым отелем Европы считается отель «Drei Konige am Rhein» в городе Базеле. Первая клиентура переступила его порог еще в 1026, как сообщают хроники того времени.
5-тапсырма. Мақалдарды қазақшаға аударыңыз. Мақалдардың мағынасын түсіндіріңіз.
Қонақ туралы мақалдар.
Если пришел уважаемый гость,
И собаке кинь кость.
Если жена хороша, гости в дом идут.
Если жена плоха, даже друзья от дома бегут.
Золота у гостя не бери,
А лучше благодарность проси.
Похож на сарай дом холодный,
дом без гостей – могиле подобный.
Для гостя незваного и чай – раскошное блюдо.
Порог не место для почетного гостя
Мейманханадағы негізгі қызметтер: қонақүйдің иесі, бас директор, бас директордың орынбасары, номерлік қор директоры, қабылдау қызметінің қолбасшысы, қауіпсіздік қызметінің қолбасшысы, тамақтандыру директоры, үй жинаушылар қолбасшысы, кір жуатын орын директоры, бас инженер, шеф-даяшы, банкеттік қызмет көрсету директоры, маркетинг директоры, бас есепші, мейманханалық емес қызмет көрсету қолбасшысы, маслихаттық және банкеттік қызмет қолбасшысы, коммерциялық қолбасшы, қаржы қызметінің директоры, бас есепші, кадрлық қызмет қолбасшысы, қызмет көрсету бойынша директор, шаруашылық қызмет қолбасшысы, спорттық кешен директоры.
Мейрамхана мен мейманхана бизнесіндегі кәсіпкерліктің нысандары –қонақ үйлер, мотельдер, тұруға арналған клубтар, пансионаттар, жиһаздалған бөлмелер, жатақханалар.
Арнайы бір мақсатты қызметті орындауға арналған нысандар да болады. Олар: санаториялар, профилакториялар, демалыс үйлері, туристік тұрақтар, туристік, спорттық, демалыс базалары, аңшылар үйі, конгресс-орталықтар, кемпингтер, ботельдер, флотельдер, ротельдер.
Жеке орналасу нысандары: үйлер, котедждер, жалға берілетін үйлер.
Енді кейбір атауларға тоқталайық:
Мотель – автотуристерге қызмет көрсетуге арналған қонақ үй түрі.
Ботель – судағы кішігірім қонақ үй.
Флотель – «судағы курорт» деп аталатын ірі қонақ үй.
Ротель – қозғалмалы вагон-қонақ үй.
Кемпинг – қала сыртына орналасқан автотуристерге арналған қонақ үй (жаздық үйлер, палаткалар).
Санаторий – емдік-сауықтыру орталығы.
Пансионат– шектеулі қызмет көрсететін, таңғы, түскі, кешкі ас беретін қонақ үй.
Отель – тек таңғы ас қана ұсынатын қонақ үй.
Мейрамхана мен мейманхана бизнесіндегі кәсіпкерліктің субъектілері |
Мейрамхана мен мейманхана бизнесіндегі кәсіпкерліктің нысандары |
1 |
1 |
2 |
2 |
3 |
3 |
4 |
4 |
5 |
5 |
СӨЖ: Банк ісі және маркетинг.
1. Тақырып бойынша ақпарат жинаңыз.
2. Жиналған мәліметтерді сұрыптаңыз.
3. Сұрыпталған мәліметтерге жоспар құрастырыңыз.
4.Тұсаукесер жасаңыз.
5-тапсырма.Тақырып бойынша термин өздерді теріп жазып, талдаңыздар.
13-тақырып: Қоғамдық тамақтандыру.
Сабақтың мақсаты: Лексикалық, грамматикалық материалдар арқылы термин сөздерді меңгерте отырып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыр у. Мәтіндерді оқып, аудару, сөйлесім құрастыру арқылы өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға үйрету, сөздік қорын молайту, кәсіби қатысымдық құзыреттілігін дамыту.
Қоғамдық тамақтандыру орны қоғам өмірінде маңызды орын алады.
Қоғамдық тамақтандыру – тағамның үлкен ассортиментін ұсынатын бизнес саласының кең тараған түрі. Қоғамдық тамақтандыру орындарының бірнеше түрі бар: мейрамхана, бар, кафе, асхана, дәмхана. Мейрамханада келуші қонақтарды қарсы алуға үлкен білімділік, шеберлік және мәдениеттілік керек.
Мейрамханаға келушілердің сеніміне ие болу өте үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Мейрамхана қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі, қонақтарға көрсетілетін қызметтің сапасы жоғары деңгейде болуы мейрамхананың беделін көтереді, табысқа бастайды. Сондықтан сапалы қызмет мейрамхананың негізгі сипаты болуы керек. Келген қонақты қарсы алу – ең алғашқы қатынас түрі. Қонақты қарсы алу мәдениетінің жоғарылығы оларға жақсы әсер қалыптастырады. Осы алғашқы кездесу кезінде мынадай кеңесті есте сақтаған дұрыс:
а) қонақты көре сала алдынан шығыңыз;
ә) сіз алдымен сәлем беріңіз;
б) мүмкіндігінше, сыпайы, мейіріммен жылы амандасыңыз; Күннің үш мезгіліне орай «Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Қайырлы кеш!»
деген сияқты көңіл көтерерлік сөздер қолдансаңыз болады;
в) қонаққа тура қарап, өзіңізді күтіп тұрғаныңызды білдіріңіз;
г) қонаққа ғана көңіл бөліңіз. Басқа жаққа алаңдамаңыз;
д) қонаққа мұнда өте көңілді болатынын түсіндіре біліңіз;
е) қонақтың киімін шешуіне көмектесіңіз;
ж) қонақтың аты-жөні сізге белгілі болса, оны атымен атауға болады;
з) қонақтың аты-жөнін қатесіз айтуға тырысыңыз;
и) қонақжай қалып танытыңыз.
Қонақ мейрамханаға өткен соң, олардың дастарқан мәзіріне тапсырыс берген- бермегенін сұрау керек. Егер тапсырыс бермеген болса, бірнеше үстелді ұсыныңыз. Мейманның өзіне ыңғайлы орынға отыруына көмектесіңіз. Егер ер адам әйелімен келсе, үстелді өзі таңдайды. Мейрамхана қызметкерлері көп жағдайда жалғыз келген қонақтың таңдауына көмектескені дұрыс.
Ас мезіретін алдымен, әйел адамға, содан кейін ер адамға ұсынады. Мезірет ұсынысымен тапсырыс туралы сөз болады. Алғашқыда, мәзір түрлерін таныстыруға болады немесе жылжымалы үстелмен түрлі тағамдар мен сусындарды көрсету меймандардың тамаққа тәбетін ашып, қосымша тапсырыс алуына мүмкіндік жасайды. Мейрамханада қандай тағам түрлері барын бірден ескерту керек. Тағам түрлерінің өзгерістері туралы ас үйдегі аспазшылармен үнемі байланыс жасап тұру қажет. Егер мейман сусын не шарапқа тапсырыс бергісі келсе, шараптың түрі жазылған мезіретті алдына қойыңыз. Оны өздері таңдасын.
Тамақ ұсынар кезде:
Салатты қашан әкелейін?
Сусынды мұзбен әкелейін бе, әлде...
Минеральды судың газымен бе, әлде газсызын қалайсыз ба?
Етті көбірек қуырылғанын қалайсыз ба, әлде... т.б. деген сұрақтар қоюға болады.
Егер қонақтарға лайықты қызмет етсеңіз, оның тілектері мен тапсырыстарын жақсы орындасаңыз, меймандар ризашылығын білдіреді, ісіңіз өнімді, табысыңыз мол болары сөзсіз.
2-тапсырма
1. Мәтіндегі хабарлы, сұраулы сөйлемдерді тауып жазыңыз.
2. Мейрамхана қызметкерлерінің арналған кеңестерді оқыңыз, есте сақтаңыз.
3- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қоғамдық тамақтандыру дегеніміз не?
2.Қоғамдық тамақтандыру орындарының қандай түрі бар?
3.Мейрамханада келуші қонақтарды қарсы алу үшін қандай болу керек?
4.Алғашқы кездесу кезінде қандай кеңесті есте сақтаған дұрыс?
5.Даяшы келген қонаққа не ұсынады?
6.Мейманға қандай сұрақтар қоюға болады?
4-тапсырма. Сөз тіркестерін мағынасына қарай бір-бірмен байланыстырыңыз.
1. сусындарды а) алдына қойыңыз
2
.
аспазшылармен ә)
көрсету
3. мезіретті б) байланыс жасау
4. сеніміне в) материалдар
5. көңіл көтерерлік г) ие болу
6. табысқа ғ) орын
7. маңызды д) бастайды
5- тапсырма. Сөйлемдерді жалғастырыңыз. Сұраулы сөйлемге айналдырыңыз.
Қоғамдық тамақтандыру орындарының бірнеше түрі бар: ... Мейрамханада келуші қонақтарды қарсы алуға ... .
... өте үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Мейрамхана қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі, ... мейрамхананың беделін көтереді, табысқа бастайды. Сондықтан сапалы қызмет мейрамхананың негізгі сипаты болуы керек. ... – ең алғашқы қатынас түрі. Қонақты қарсы алу мәдениетінің жоғарылығы ...
СӨЖ: Қызмет көрсету кәсіпорындарында персоналды басқару менеджменті.
1. Тақырып бойынша ақпарат жинаңыз.
2. Жиналған мәліметтерді сұрыптаңыз.
3. Сұрыпталған мәліметтерге жоспар құрастырыңыз.
4.Тұсаукесер жасаңыз.
5-тапсырма.Тақырып бойынша термин өздерді теріп жазып, талдаңыздар.
14-тақырып: Сақтандыру компаниясы.Косалтинг.
Сабақтың мақсаты: Лексикалық, грамматикалық материалдар арқылы термин сөздерді меңгерте отырып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Мәтіндерді оқып, аудару, сөйлесім құрастыру арқылы өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға үйрету, сөздік қорын молайту, кәсіби қатысымдық құзыреттілігін дамыту.
Сақтандыру компаниясы - меншік, ұйымдық-құрылымдық нысанына және құрылысына қарамастан сақтандыру операцияларын жүзеге асырумен (сақтандыру қорын қалыптастырып, пайдаланумен) айналысатын ұйымдық құрылымды. сипаттайтын жалпылама ұғым Кейде сақтандырушы деген үғымның баламасы ретінде пайдаланылады. Сақтандыру компаниясы азаматтарға, кәсіпорындарға олардың қызметі мен өмірінде сақтандыру жағдайлары басталғанда зиянның орнын толтыру және көмек көрсету жөніндегі операцияларды жүзеге асырады Сақтандыру компаниясы бірқатар белгілері бойынша: меншік нысанына қарай (мемлекеттік, жекеше, өзара қарыз, бірлескен сақтандыру компаниясы); капиталының көлеміне қарай (ірі, орта, ұсақ сақтандыру компаниясы), аумақтық қызметіне қарай (аймақтық, ұлттық, халықаралық сақтандыру компаниясы); сақтандыру қызметінің бағытына қарай (мамандандырылған, әмбебап сақтандыру компаниясы) сыныпталады. Мамандандырылған сақтандыру компаниясы сақтандыру қызметінің тек бір түрі бойынша операциялар жүргізеді (өмірді сақтандыру, теңіз сақтандыруы, т. б.). Әмбебапсақтандыру компаниясы сақтандыру қызметі түрлерінің тобы бойынша операциялар жүргізеді. Бір немесе бірнеше заңи тұлғалар (әдетте корпорациялар мен қаржы-несие топтары) өздерінің немесе құрамына кіретін шаруашылық жүргізуші бірліктердің мүліктік мүдделерін сақтандыру арқылы қорғау мақсатында құрылатын "кэптивтік" сақтандыру компаниясы ерекше орын алады.
Сақтандыру компаниясы– азаматтарға, кәсіпорындарға олардың қызметі мен өмірінде сақтандыру жағдайлары басталғанда зиянның орнын толтыру және көмек көрсету жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға.
Консалтинг— шаруашылықты басқарушыларға және түрлі ұйымдардың басқарушы қызметкерлерін кәсіби көмек көрсету, кеңес беру, оқыту. Ол коммерциялық негізде ақыл-кеңестер беру, үйренуші, оқушы басшы қызметкерлермен, басқарушылармен бірлесіп шешімдер әзірлеу нысанында, сондай-ақ, белгілі бір ұйымдық, техникалық немесе ақпараттық қызметтерді орындау нысанында жүзеге асырылады.Қазіргі кезенде Қазақстан Республикасында жалпы саны 500-ден астам консалтингтік фирмалар жұмыс істейді. Олар, көбінесе, кәсіптік сипаттағы консалтингтік қызметтер көрсетеді.
- Көрсетілетін консалтинглік қызметтердің тақырыбы (жалпы басқару, әкімшілік ету, қаржылық басқару, кадрларды басқару, маркетинг, өндіріс, ақпараттық технология, мамандандырылған қызметтер көрсету),
-қамту аясы (сыртқы консалтинг, ішкі консалтинг),
-нысаны (кеңес беру, сабағат, жоба),
-әзірлеу әдісі (сараптамалық консалтинг, процестік консалтинг, оқыту консалтингі, сараптамалық-процестік консалтинг, сараптамалық оқыту консалтингі),
-сипаты (проблемалық оқыту консалтингтік қызметтерін көрсету, проблемалық-кәсіптік консалтингтік қызметтер көрсету) бар.
Сыртқы консалтинг — клиенттерге тиісті шарт негізінде қызметтер көрсетуші тәуелсіз консалтингтік фирмалар түріндегі немесе жеке кеңес берушілерден құралған консалтинг ішкі консалтинг - белгілі бір ұйымның құрамында істейтін, ұйымның талдамалы, "штабтық" ішкі жүйесін құрайтын экономика мен басқару жөніндегі мамандар жүргізген консалтинг.
Сараптамалық консалтинг — кеңесші диагностиканы, шешімдер талдамасын және оны енгізу жөніндегі ұсыныстарды дербес жүзеге асыратын консалтинг. Мұнда клиент, негізінен, консалтингнің ақпаратқа қол жеткізіп, нәтижелерді бағалауына мүмкіндік жасайды.
Процестік консалтингте — кеңесші жобаның барлық жасалу кезеңдерінде клиентпен өзара белсенді іс-қимылда болады, оның өз идеяларын, пікірлерін, ұсыныстарын айтуына кеңесшінің көмегімен проблемаларға талдау жүргізіп, шешімдер өзгертуіне ықыласын оятады. Кеңесші, негізінен, осы сыртқы және ішкі идеяларды жинап қорытады, клиентпен бірлесіп жүргізген жұмыс барысында алынған шешімдерді бағалайды, оларды жүйеге келтіріп, ұсыныстар дайындайды, идеяларды жинаумен, шешімдерді талдаумен айналысып қана қоймай, сонымен бірге осы идеялар мен шешімдердің пайда болуы үшін негіз әзірлеп, клиентке лекциялар, семинарлар, оқу құралдары нысанында тиісті теориялық және практикалық ақпарат береді. Проблемалық — оқыту консалтингтік қызметтерін көрсету — коммерциялық, негізінде кеңестер беру, ұсыныстар айту, клиентпен бірлесіп шешімдер әзірлеу нысанында көрсетілетін қызметтер. Проблемалық-кәсіпқойлық консалтингтік қызметтер көрсету белгілі бір ұйымдық-техникалық немесе ақпараттық міндеттерді коммерциялық негізде орындау нысанында көрсетілетін консалтингтік қызметтер болып табылады.
2-тапсырма.Мәтінді оқып, сұраулы сөйлемдер құрастырыңыздар.
3-тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұнын талдаңыздар.
4-тапсырма.Берілен сұрақтарды пайдалана отыра өзара сұхбат құрастырыңыздар.
5-тапсырма.Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып,оны сипаттаңыздар.
СӨЖ: Кадрларды ынталандыру және жұмыспен қамту
1. Тақырып бойынша ақпарат жинаңыз.
2. Жиналған мәліметтерді сұрыптаңыз.
3. Сұрыпталған мәліметтерге жоспар құрастырыңыз.
4.Тұсаукесер жасаңыз.
15-тақырып: Банктер.Зейнеттік. қамтамасыз ету.
Сабақтың мақсаты: Лексикалық, грамматикалық материалдар арқылы термин сөздерді меңгерте отырып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Мәтіндерді оқып, аудару, сөйлесім құрастыру арқылы өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға үйрету, сөздік қорын молайту, кәсіби қатысымдық құзыреттілігін дамыту.
Тірек сөздер: банк, несие, кепіл, қаржы, капитал, акционер, коммерция,
валюта, төлем құралы, бәсекелес, банкир, алтын қор құралы, несие
жүйесi, валюта резервi, материалдық құндылық, экономикалық тұрақтылық, ақша саясаты, бағалы қағаздар ,заңды тұлға, жеке мүлiк.
1-тапсырма
Келесi тiркестер мен сөйлем құрыңыз және «Банк» тақырыбы туралы әңгiмелесiңiз.
Банктiк жүйе, банктiк төлем, банк қызметi, банк саясаты, негiзгi банк, танымал банк, банк түрлерi, банктiк несие, банк бөлiмшеci, банк ғимараты, банк қызметкерi.
2-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
Банктер неғұрлым көп болса, оның пайыз деңгейі ... .
Басқа банктер Ұлттық банктен ... .
Ұлттық банк төрағасы кеше ... .
Қазақстандағы банк ісі ... .
Ақшаны адамдар зейнетақы, шәкіртақы, еңбекақы ... .
Ең негізгі банк – ... .
Несиені банктен ... .
Қазақстанда мынадай банктер бар: ... , ...
Банктен несие алу үшін ... .
Банкте адамдардың ... .
Шетел банктерінен қазақстандық банктер ... .
3-тапсырма
