Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК БМК (4 кр.)каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.63 Mб
Скачать
    1. Бұрғылау ілмектері, ілмектіблоктар және айрнайы ілмелер

Бұрғы ілмектері жеке дара немесе тәл блогымен бірге (ілме блок) дайындалады. Олар көтеріп-түсіру процесінде бұрғылау құбырлары мен шегендеу құбырлары тізбегін алқамен бұрғы элеваторы арқылы ілу, бұрғылау кезінде вертлюгі бұрғылау тізбегімен ілу және монтаж, демонтаж жұмыстарына жүктерді түсіру, тарту үшін қолданылады.

Конструкциялық дайындалуы бойынша ілмектер бір, екі, үш ашалы болып келеді. Қазіргі кезде негізінен үш ашалы бұрғы ілмектрі қолданылады. Оның екі бүйірлік ашаларына сырға ілінеді. Дайындалу тәсілдеріне қарай ілмектер соғылған, құйылған және қатпарлы құрылмалы болып келеді.

Үшашалы ілмек

Ілмеблоктарды тізбектерді қолмен орналастыруда қолданады. Ал АКЖ кешенімен жұмыс істегенде ілмек орнына арнайы ілме қойылады. Қазіргі заманғы бұрғылау қондырғыларында үшашалы ілмектер қолданылады. Олар жүккөтергішіті бойынша ажыратылады. Жақтаулы ашалардың жүккөтергіштігі көп жағдайда негізгі ашаның жүккөтергіштігінен жоғары болады.

Ілме блок

Ілмек пен ілмеблоктың негізгі техникалық сипатталмалары

Атауы

УК-225

У5-300

КТБ-4-140 Бр

ТБК4-140*

Негізгі ашаның жүккөтергіштігі, кН

2250

3000

1400

Жақтаулы ашалардың жүккөтергіштігі, Кн

2500

4000

1400

Тәлді блокқа ілмектің ілінуі

блокты

екі айқастырма штроп

блокты

Оқпанның бұрандама түрі

арнайы

трапециялы

бұрандамасыз

Диаметр, мм :

  • Оқпан бұрандамасы

  • осі

  • ілмектің ұршыққа қыстырғышы

  • жақтаулы ашалардың қыстырғышы

180х20

140

220

150

220х20

140

300

150

170

110

Тіреу мойынтірегінің нөмірі

8272

8292

8836

Серіппенің жұмыстық жүрісі, мм

145

150

175

Ілмек серіппесінің жүккөтергіштігі

  • жұмыс жүрісінің басында

  • серіппенің таңдалған жүрісінде

37

100

46

122,5

17

40

Масса

2900

4800

1400

Ілмеблоктар ілмек пен тәлді блоктың жекелеп жасалғандарына қарағанда ұзындық пен салмақты азайтуға мүмкіндік береді, бірақ олар жүккөтергіштігі бойынша шектеледі. Сондықтан олар А-типті бұрғылау мұнараларында қолданылады.

Ілмек жоғарыберіктікті болат құймалардан немесе легірленген, термиялық өңделген жапырақшалы болаттан жасалады.

Әдебиет: нег. [ 1 ]

Бақылау сұрақтары:

  1. Кронблок құрылғысы?

  2. Кронблокты монтаждау орны?

  3. Кронблоктардың құрылымдық сұлбалары?

  4. Тәлді блоктардың құрылымдық сұлбалары?

  5. Ілмектің құрылымдық сұлбалары?

  6. Ілмеблоктардың құрылымдық сұлбалары?