- •Дәріс 1 ұңғыманы құрлықта бұрғылау тәсілдері, қолданылатын бұрғылау қондырғылары және ұңғыманың құрылымы жайлы қысқаша мәліметтер
- •1.2 Тау жыныстарын бұзушы аспаптар
- •Бұрғылау және шегендеу құбырлары
- •Дәріс 2 бұрғылау тізбегін және қашауды айналдыруға арналған жабдық (айналдырғыштар)
- •Ұршықтар және жоғарғы күштік жетек (жкж)
- •Бұрғылау роторлары
- •Дәріс 3 түптік қозғалтқыштар
- •3.1 Турбобұрғылар
- •3.2 Түптік бұрандалы қозғалтқыштар
- •3.3 Электробұрғылар
- •Дәріс 4 бұрғылау қондырғыларының көтеру кешені
- •Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесі
- •Дәріс 5 тәл жүйесінің агрегаттары
- •Кронблоктар
- •5.2 Тәлді блоктар
- •Шкивтер; 2- үшблокты секция; 3- желоб; 4- резеңкелі буфер; 5- екіблокты секция; 6- осьтер; 7- траверса; 8- біліктер; 9-ілме;
- •Бұрғылау ілмектері, ілмектіблоктар және айрнайы ілмелер
- •Дәріс 6 бұрғылау шығырлары (бш)
- •6.1 Жалпы мәліметтер
- •Дәріс 7 бұрғылау шығырларының тежеу құрылғылары
- •7.1 Таспалы тежегіш
- •7.2 Гидродинамикалық тежегіштер
- •Электромагнитті тежегіштер
- •Дәріс 8 бұрғылау сораптары
- •Дәріс 9 циркуляциялық жүйе
- •Дәріс 10 бұрғылау ерітіндісін тазалауға және дайындауға арналған жабдықтар
- •10.1 Бұрғылау ерітіндісін дайындауға және ауырлатуға арналған құрылғылар
- •Дәріс 12 күштік берілістер, муфталар
- •Дәріс 13 лақтыруға қарсы жабдықтар
- •Дәріс 14 бұрғылау мұнаралары мен негіздері
- •Дәріс 15 ұңғыманы цементтеуге арналған жабдық
Дәріс 1 ұңғыманы құрлықта бұрғылау тәсілдері, қолданылатын бұрғылау қондырғылары және ұңғыманың құрылымы жайлы қысқаша мәліметтер
1.1. Ұңғыма туралы түсінік
Мұнай мен газды жер қойнауынан өндіру әдетте тек ұңғы арқылы іске асырылады. Ұңғы дегеніміз жер қыртыстарында арнайы бұрғылау аспаптарының көмегімен қазылатын диаметрі тереңдігінен бірнеше есе кіші цилиндр пішінді тау-кен құрылыс орны. Ұңғының басталатын жері сағасы, цилиндрлі беті қабырғасы немесе оқпаны, ал төменгі шеті түбі деп аталады. Сағасынан түбіне дейінгі ара қашықтық ұңғы ұзындығы, ал ұңғы өсі проекциясының тіке аралығы тереңдігі деп аталады.
Ұңғылар тағайындалуына байланысты барлау, іздеу, пайдалану, сейсмикалық, карталық, структуралық, айдау және т.б. бөлінеді.
Ең алдымен ұңғыманың
құрылымын жобалау керек, яғни ұңғымаға
неше шегендеу құбыры, қандай тереңдікке
түсіріледі, олардың диаметрилері,
қашаудың диаметрлері, сақиналы
кеңістіктегі цементтің көтерілу
биіктігін анықтау керек.
Ұңғыманы құрастыру
жоғарыдан төменге қарай жасалады.
Түскен сайын оның диаметрі кішірее
береді.
Бірінші
кезекте ең үлкен диаметрдегі шегендеу
құбырының орнына – бағыттаушы
(І) деп аталатын интервал бұрғыланады.
Кейін келесі кіші диаметрдегі тізбекті
– кондукторды
(ІІ)түсіру үшін интервал таңдаймыз,
одан кейін аралық
(ІІІ) деп аталатын шегендеу тізбегінің
орнын, одан кейін келесі тізбек (соңғы)
– пайдаланудың
(ІV) орнын бұрғылаймыз.
Әрбір интервалды
бұрғылап болған соң шегендеу тізбегі
(1) түсіріліп цементтеледі (2). Пайдалану
тізбегі өнімді қабатқа (3) жеткен кезде
перфорацияланады (4).
Бұрғылау қондырғысының параметрлері мен классификациясы
1959 жылы БҚ-ның негізгі параметрлерін құраушы алғашқы салалық нормаль Н900-59 игерілді. Онда БҚ-ның жүккөтергіштігі бойынша ерекшелінетін 5 классы қарастырылады (50, 75, 125, 200 және 300т). Келесі нормаль 1966 жылы МЕСТ-16293-70 бойынша игерілді.
Стандартқа енгізілген негізгі параметрлер ретінде БҚ-ның жүккөтергіштігі қабылданды. Мысалға, БУ 80 БрД, БУ 125 және т.б.
МЕСТ-16293-70 бойынша ілмекке түсетін жүк және 1м бұрғылау тізбегінің салмағы 30кг болатын бұрғылаудың шартты тереңдігіне байланысты БҚ-ның 9 классы ұсынылған. Кейін бұл МЕСТ өзгертіліп жүккөтергіштіктің орнына шартты бұрғылау тереңдігі енгізілді (мысалға, БУ 2500 ДГУ немесе БУ 3000 БД).
МЕСТ-16293-82 бойынша БҚ-ның 12 классы енгізілген, олардың негізгі параметрлері ілмекке түсетін мүмкін жүтеме мен шартты бұрғылау тереңдігі болып табылады. Сәйкесінше БУ шифрында ілмекке түсетін мүмкін жүтеме мен шартты бұрғылау тереңдігі көрсетіледі (мысалға, БУ 1600/100 ЭУ).
Маңызды ерекшелінетін белгілер қатарына күштік жетегінің типі жатады: Д-дизелді, ДГ-гидравликалық дизель, ДЭР-электрлі-дизель реттегіш, Э- электрлі ауыспалы ток, ЭП-электрлі тұрақты ток. Сонымен бірге монтаждауға қабілеттілігі көрсетіледі – У-(универсаль) әмбебап.
БУ-2500 ДГУ және БУ-2500-ЭУ негізгі және көмкші жабдықтары шынжыр табанды тележкалы ауыр жүк тасмалдағыштарға монтаждалынады. Мұнаралы блокта мұнара, бұрғылау шығыры, ротор, АКБ-3м кілті, көмекші шығыр, консульді-бұрылу кілтінің басқару пулті орналасады.
БУ-3000 ЭУК – шоғырлама бұрғылауға арналған.
БУ – 4000 ДГУ Т – тропикті жерлерде шартты бұрғылауға арналған.
Уралмаш 6000 ПЭМ – жүзбелі бұрғылау қондырғыларына арналған.
Уралмаш 6000/60 ПБУ теңіз тереңдігі 60м-ге дейінгі жүзбелі бұрғылау қондырғыларына арналған.
Уралмаш 6000/200 ППЭМ – теңіз тереңдігі 200м-ге дейінгі жүзбелі жартылай жүктелген БҚ-на арналған.
БУ 6500 ДГ-СП – тұрақты теңіз платформасы.
БУ 15000 - өте терең барлау ұңғыларын бұрғылауға арналған қондырғы.
