- •Туберкулезді анықтау
- •Туберкулез ауруын зертханалық анықтау туралы
- •234. II деңгейдегі зертханалар:
- •2 Тб туберкулинді Манту сынамасы
- •Бцж вакцинасын қолдану
- •Аймақтық лимфаденит;
- •18 Жасқа дейінгі аитв-инфекциясы бар балаларда арнайы профилактика жүргізу
- •Бцж екпесі
- •Бцж вакцинациясынан кейінгі асқынулар: анықтау, емдеу, диспансерлік бақылау
- •Вакцинациядан кейінгі асқынулардың пайда болу себептері:
- •Бцж вакцинациясынан кейінгі асқынулардың жіктелуі
- •3. Бцж вакцинациясынан кейінгі асқынуларды диагностикалау
- •4. Бцж вакцинациясынан кейінгі асқынуларды емдеу
- •5. Бцж вакцинациясынан кейінгі асқынулары бар балаларды диспансерлік бақылау
4. Бцж вакцинациясынан кейінгі асқынуларды емдеу
1. Вакцинациядан кейінгі лимфадениттерді емдеу
Инфильтрация сатысы (ем Амбулаториялық немесе шипажай жағдайында жүргізіледі):
Ауыз қуысы арқылы – изониазид (Н – 10 мг/кг).
Жергілікті – аппликациялар: рифампицин (0,45 г) + 10% немесе 20% димексид ерітіндісі (10 мл немесе 20 мл препаратқа + 90 мл немесе 80 мл тазартылған су) күніне 2 рет 1 ай бойы. Лимфа безі ұлғаюға бейім болса, этамбутолды тағайындауға болады (Е–15 мг/кг) + витамин А (1 жасқа дейін – майлы ерітіндінің 1 тамшысын күн сайын, 1-7 жаста – 1 тамшысын күнделікті), жасы үлкен балаларға – жасына сәйкес мөлшерде аевит.
Ем ұзақтығы – 2-4 ай (жекеше, үрдіс динамикасын ескере отырып).
Казеозды-некрозды саты (ем Амбулаториялық, шипажай немесе стационар жағдайында жүргізіледі):
Ауыз қуысы арқылы бастапқы 2 ай бойы: изониазид (Н – 10 мг/кг)+ этамбутол (Е-20 мг/кг) + А дәрумені.
Жергілікті – лимфа безінің пункциясы, аптасына 1-2 рет, курсы - 5-6 инъекция, үрдіс динамикасын ескере отырып.
Оң динамика байқалса, емді бір дәрімен (Н), баяу динамика болса – екі дәрімен (Н+Е) жалғастыру керек.
Хирургиялық ем нақты көрсеткіштер бойынша жүргізіледі: бір ай бойы жүргізілген ем нәтижесіз болса немесе лимфа безі 5 см-ге дейін және одан да үлкен болып ұлғайса. Хирургиялық емнен кейін химиотерапия жалғыз изониазидпен жалғастырылады + жергілікті 10% немесе 20% димексид ерітіндісі мен рифампицин – бір ай бойы.
Емнің жалпы ұзақтығы - 3-4 ай.
Кальцинация/әктену сатысы:
Лимфа бездерінің көлемі 10 мм және одан үлкен болса – хирургиялық жолмен алым тастау (көрсеткіштер бойынша).
Аймақтық лимфа бездерінде кальцинаттар анықталған жағдайда, олардың көлеміне қарамастан, БЦЖ ревакцинациясы– қарсы көрсетілген!
2. Вакцинациядан кейінгі абсцесстерді емдеу
Ауыз қуысы арқылы – изониазид (10 мг/кг) 2- 4 ай бойы.
Жергілікті – 10% немесе 20% димексид ерітіндісі мен римфампицин аппликациялары. Флюктуация анықталса, 2-3 күнде бір рет казеозды массаларды шприцпен сорып алу керек, №5-6, үрдіс динамикасын ескере отырып. Оң динамика байқалмаса (сорылу) – капсуласымен қоса хирургиялық жолмен алып тастау. Хирургиялық емнен соң бір ай бойы жалғыз изониазидпен (Н) емді жалғастыру керек.
3. Келоидты тыртықтарды емдеу
Үлкен келоидты тыртықтарды емдеу қажет.
Жергілікті –0,5% гидрокортизон эмульсиясының ерітіндісі және 0,5% новокаин ерітіндісімен аптасына 1 рет туберкулинді инелермен келоидтың 5-6 жерінен шаншу керек. Шприцке 1 мл-ден гидрокортизон эмульсиясы мен новокаин ерітіндісі алынады (келоид беті мен шетіндігі тері алдын ала спиртпен және йодпен сүртіледі). Емдеу курсы 5-10 рет инемен шаншу.
Келоидты гидрокортизон эмульсиясымен шаншуды лидазамен шаншумен кезектестіруге болады (мөлшері – 12 жастан асқан балаларға 64 бірлік және 7-11 жас аралығындағы балаларға - 32 бірлік).
Егер жүргізілген ем курсы нәтижесіз болса немесе келоид қайтып өсе бастаса, пирогенал, лидаза және гидрокортизонмен емдеу керек. Пирогеналды 25 минималды пирогенді дозаны (МПД) күнделікті бұлшық етке салудан бастап, 10 күн ішінде бірте-бірте балаларда 150 МПД-ға, жасөспірімдерде - 200 МПД-ға дейін көбейтеді. Бұдан әрі ең жоғары дозаны жалпы ем курсы аяқталғанша 30 инъекцияға дейін салады да, 3 аптаға үзіліс жасайды. Содан кейін тыртықты 64 бірлік лидазамен күнара шаншу керек, барлығы – 10 рет. 1, 4, 7, 10-күндері лидазамен бір шприцте 25 мг гидрокортизонды қоса егеді.
Келоидтарды хирургиялық емдеуге болмайды, өйткені 1-3 айдан кейін көлемі операцияға дейінгіден 2-3 есе үлкен келоид қайта пайда болады.
Ревакцинациядан кейін келоидтар пайда болмау үшін медициналық қарсы көрсеткіштерді ескеріп, БЦЖ егу техникасын қатаң сақтау қажет.
4. Беткей жараны емдеу
Жергілікті – изониазид ұнтағын себу. Екіншілік инфекцияның алдын алу үшін жараның шетіне антибактериалды майларды жағу керек.
Эпидемиологиялық жағдайлардан басқа БЦЖ вакцинациясынан кейінгі асқынуларды емдеу барысында басқа профилактикалық екпелерді жасау қарсы көрсетілген.
