Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Туберкулезді анытау. 2 сабак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.47 Кб
Скачать

Аймақтық лимфаденит;

тері астылық суық абсцесс;

беткей жара;

келоидты тыртық;

сүйек жүйесінің зақымдануы (оститтер).

БЦЖ вакцинасына жанама әсерлер байқалған балаларда осы Нұсқаулыққа 11-қосымшасына сәйкес ем жүргізіледі.

150. БЦЖ вакцинациясынан кейінгі асқынуларда «ДИАСКИНТЕСТ®»-ке реакция теріс болады.

151. Фтизиатр вакцинацияның жанама әсерлерін жан-жақты клиникалық, рентгенологиялық, зертханалық тексеру және ДИАСКИНТЕСТ®»-ке теріс реакция негізінде анықтайды. БЦЖ вакцинасын енгізгенге реакция анықталған соң, медицина мекемесінің бастығын анықталған жанама әсерлер туралы хабардар етіп, аумақтық Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне, облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансеріне (бұдан әрі - ОТҚП), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Туберкулез проблемалары ұлттық орталығына (бұдан әрі – ТПҰО) хабарлама жолдау керек.

152. Реакцияның сипаттары туралы ақпарат 063/е, 026/е, 112/е есепке алу үлгілерінде тіркеледі. Реакциясы бар барлық балаларға карта толтырылады.

153. БЦЖ вакцинасына жанама әсерлері байқалған балалар III В диспансерлік есеп тобында 1 жыл бойы бақыланады.

154. Есепке алу және есептен шығару кезінде келесі тексерулерді жүргізу қажет: қан мен зәрдің жалпы талдамасы, кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы, қосымша (есептен шығару кезінде) – Манту сынамасы мен «ДИАСКИНТЕСТ®».

155. Туберкулезге қарсы профилактикалық екпелер (БЦЖ вакцинациясы мен ревакцинациясы), 2 ТБ Манту сынамасы және «ДИАСКИНТЕСТ®» оларға қоса берілген нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі.

18 Жасқа дейінгі аитв-инфекциясы бар балаларда арнайы профилактика жүргізу

156. АИТВ-инфекциясы бар аналардан туған нәрестелер АИТВ-инфекциясының клиникалық белгілері болмаған және басқа қарсы айғақтар болмаған жағдайда күнтізбелік мерзімге сәйкес БЦЖ вакцинасының стандартты мөлшерімен тері ішіне бір рет егіледі.

157. АИТВ-инфекциясы бар аналардан туылған және күнтізбелік мерзімге сәйкес егілмеген нәрестелер өмірінің 4 аптасы ішінде (жаңа туылған нәресте кезеңіде) алдын ала Манту сынамасын жүргізбей-ақ егіледі. Төрт апта өткеннен кейін БЦЖ вакцинасын егуге болмайды, өйткені генерализацияланған БЦЖ инфекциясы дамуы мүмкін. Вакцинациядан кейінгі белгі (тыртық) пайда болмаған балаларға 12 айға толғанға дейін, кейде 15-18 айға дейін (АИТВ жұққандығы толық анықталғанға дейін) БЦЖ вакцинасы қайта егілмейді. АИТВ-инфекциясы болмаған жағдайда 12 айында, кейде 15-18 айында Манту сынамасы теріс нәтижелі болса, БЦЖ екпесі жасалады.

158. АИТВ-инфекциясы бар балалар мен жасөспірімдерде үдемелі иммундық тапшылық аясында генерализацияланған БЦЖ инфекциясының даму қаупі болғандықтан БЦЖ ревакцинациясы жасалмайды.

159. Егер бала АИТВ-инфекциясы бар анадан туылса, бірақ өзінде АИТВ-инфекциясы болмаса, БЦЖ ревакцинациясы календарлық мерзімде 6 жаста (1-сынып) алдын ала жүргізілген Манту сынамасы теріс нәтижелі болса ғана жасалады.

АТА-АНАЛАРҒА ЖАДЫНАМА

Бцж екпесі

БЦЖ вакцинациясы – бұл, жаңа туған нәрестенің организмінде туберкулезге қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған екпе.

БЦЖ вакцинацияланбаған бала, науқаспен байланысқан кезде туберкулезбен тез арада сырқаттанады. Бұл ретте, өлімге әкеп соқтыратын туберкулездің ауыр нысаны (туберкулез миненгиті және диссеминацияланған өкпе туберкулезі) тез дамиды.

БЦЖ вакцинациясы жаңа туған нәрестелерге өмірінің бірінші 4 күнінде перзентханаларда медициналық қарсы айғақтар болмаған кезде жүргізіледі.

БЦЖ вакцинациясынан кейін баланың анасы БЦЖ екпесінің орнын бақылауы тиіс және инфильтрат пайда болған кезде учаскелік дәрігерді ескерту қажет. Одан әрі дәрігер жергілікті вакциналды әсердің ағымын және перифериялық лимфа жолдарын бақылайды, ол балада туберкулезге қарсы иммунитетті қалыптастыруға қатысады.

БЦЖ екпесін жаңа туған нәресте қанағатты түрде бастан өткереді.

Отбасы мүшелері мен БЦЖ вакцинациясын алмаған жаңа туған нәрестелер шығарылатын жақын жуықтары туберкулезге қаралып тексерілуі тиіс. БЦЖ вакцинациясын алмаған балалардың ата-аналары туберкулез бен басқа да инфекциялық ауруларды профилактикалау үшін басқа адамдармен байланысуға жол бермеуі тиіс.

Перзентханаларда БЦЖ вакцинациясын алмаған балалар, емхана жағдайында медициналық бұрулакр алынғаннан кейін Манту алдын ала сынамасы жоқ 2 айға дейінгі жаста; ересектер Манту 2 ТЕ сынамасының теріс нәтижесі болған кезде тез арада екпе алады.

БЦЖ вакцинациясы баланы туберкулез миненгитінен және диссеминацияланған өкпе туберкулезінен сақтайды, ал жұқтырған жағдайда тиісті ем болған кезде жағымды аяқталулары бар туберкулездің жеңіл нысандары дамиды.

Ата-аналардың балалар денсаулығы үшін жауапкершіліктері және туберкулезге өарсы міндетті профилактикалық екпе төменде санамаланған Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілермен регламенттеледі:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс, 156-бап «Профилактикалық екпелер жүргізу» - ҚР азаматтары инфекциялық ауруларға қарсы профилактикалық екпелерді алуға міндетті;

ҚР Қылмыстық кодексі 138-бап «Бала өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша»;

«ҚР-дағы бала құқықтары туралы» ҚР Заңы, 8-баптың 1-тармағы –«Әрбір баланың денсаулығын сақтауға құқықғы бар».