- •Қазақ экономика, қаржы жәнЕ халықаралық сауда университеті
- •Студентке арналған пәнді оқыту бағдарламасы (Syllabus)
- •6.Күнтізбелік тақырыптық жоспар
- •7. Семинар сабағының жоспары, соөж, сөж тапсырмалары
- •7.2.Соөж тапсырмаларының орындалу кестесі
- •7.3.Сөж тапсырмаларын орындалу жоспары
- •8. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •8.1. Негізгі әдебиет:
- •8.2. Қосымша әдебиет
- •7.5 Білім сапасын бағалау
- •7.6. Курс бойынша бағалау саясаты
Қазақ экономика, қаржы жәнЕ халықаралық сауда университеті
Студентке арналған пәнді оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Пән атауы:______Қазақстан тарихы ___
Мамандықтар(шифры, атауы): 5В050600 Экономика, 5В051100 Маркетинг, 5В050700 Менеджмент, 5В051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару, 5В090400 Әлеуметтік мәдени сервис, 5В090500 Әлеуметтік жұмыс, 5В090200 Туризм, 5В051300 Әлемдік экономика 5В030400 Кеден ісі, 5В050900 Қаржы, 5В050800 Есеп және аудит, 5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету, 5В070300 Ақпараттық жүйе, 5В090800 Бағалау, 5В051200 Статистика мамандықтарын игеретін студенттер үшін
Пәннің коды:КТ IK-1101.
Оқыту түрі:Күндізгі,сырттай
|
Күндізгі оқу түрі |
Сырттай |
Барлық кредит/сағат |
3/135 |
3/135 |
Курс |
1/2 |
1/3 |
Семестр |
1/2 |
1 |
Дәрістер (сағат) |
30 |
9 |
Тәжірибелік (семинар) сабақтар (сағат) |
15 |
18 |
Зертханалық сабақтар (сағат) |
- |
- |
Аралық бақылау саны |
2 |
- |
СОӨЖ (сағат) |
30 |
18 |
СӨЖ (сағат) |
60 |
90 |
Емтихан (семестр) |
1/2 |
1 |
Әлеуметтік жұмыс кафедрасы
Астана – 2014
«_Қазақстан тарихы_» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен (ПОӘК) Қазақстан республикасыМемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, типтік бағдарлама (ҚР БжҒМ 2011ж. 12-тамызындағы №359 бұйрығымен Әл-Фараби ат. ҚазҰУ.,) және осы пәннің оқу жоспары негізінде жоғары оқу орындарының барлық мамандығына арнайы құрастырылды.
Жұмыстық оқу бағдарламасы «Әлеуметтік жұмыс» кафедрасында қайтадан қарастырылып (хаттама №_ __, «____»_______ 20___ ж.), бекітілген.
Кафедра меңгерушісі ___________п.ғ.д.,профессор Қ.О. Шайхеслямова
(қолы)
Жұмыстық оқу бағдарламасы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің оқу-әдістемелік кеңесінде қаралды
(хаттама № __, «____»_______ 20___ ж.).
Қазақ экономика, қаржы және
халықаралық сауда университеті
Оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы _____С. С. Сағынтаева
1.Курс оқытушысы: Нығмет Алтайбек, “Әлеуметтік жұмыс” кафедрасының аға оқытушысы
Телефон:37-39-05 * 187
Электрондық адресі: altaibek_nigmet@mail.ru
Ғылыми қызығушылығы: Қазақстанның ортағасырлық тарихының мәселелері.
Ғылыми мектеп: Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігінің Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Т.О. Омарбековтың жетекшілігімен аспирантурада оқыдым.
2. Курстың атауы: Қазақстан тарихы Курстың коды: КТ IK-1101.Кредит саны:3.
3. Уақыты: Семестр: 1, 2 Аудитория: кесте бойынша
4.Оқу пәнінің деректемелері:
Қазақстан тарихы пәнін игеру үшін әлеуметтанудан, тарихи экономикадан, философиядан, халықаралық қатынастардан жалпы теориялық-методологиялық мәселелерін білу қажет.
Пререквизит:.Қазақстан тарихы курсы Қазақстанның экономикалық тарихы кезеңдерімен, Батыс және шығыс елдерінің экономикалық тарихымен, философия, саясаттану, әлеуметтану дінтану, мәдениеттану пәндерімен тығыз байланысты.
Постреквизит Қазақстан тарихы Қазақстан Республикасының ЖОО-ғы негізгі пәндердің бірі болып саналады. Бакалавриат мамандығын дайындауда бұл пән басқада қоғамдық және экономикалық пәндермен (философия, саясаттану, әлеуметтану, Қазақстанның экономикалық тарихы) қатар негізгі пән болып табылады.
5. Курстың сипаттамасыОқу пәні болашақ мамандарда тарихи сананы қалыптастыру, Отан және әлем тарихына деген қызығушылықты арттыру, тарихымыздың ақтаңдақ беттерін ғылыми тұрғыдан зерттеуге бағыт беру мақсатында оқылады. Пәннің хронологиялық шеңбері ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
5.1. Оқу пәнінің бағыты:
Қазақстан тарихы пәні Экономика, Қаржы, Есеп және аудит, Туризм, Ақпараттық жүйе, Маркетинг, Менеджмент, МжЖБ, ТҚҚжС, Әлеуметтік қызмет мамандықтарын игеретін студенттер үшін міндетті оқу пәні болып табылады. Пәнді оқыту барысында Қазақстан тарихының өте маңызды мәселелері қарастырылады. Оның ішінде: Қазақ хандығының құрылуы мен күшеюі, қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы, «қазақ» этнонимінің мәні, ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының тарихы, Қазақстан Ресей империясының құрамында, ұлт-азаттық, ХХ ғасыр басындағы Қазақстан, Кеңес үкіметі тұсындағы Қазақстан, Тәуелсіз Қазақстан сынды маңызды мәселелер жатады. Бұл пәннің болашақ жас мамандарды қызықтырар мәселелері де, берер тағылымы да мол.
5.2. Курстың мақсаты:Қазақстан тарихы пәнін оқытудың мақсатына Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейін негізгі кезеңдері туралы оның этногенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру. Отан тарихын үйрету арқылы студенттерді Отан сүйгіштік қасиеттерге, адамгершілік қасиеттерге, халықтың тарихи дәстүрлі болмыстарын қадірлеуге баулу жатады.
5.3. Міндеттері
•Қазақстанның қазіргі тарих ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып хронологиялық тұрғыдан студенттерге мол фактологиялық материалдармен таныстыру;
•Қазақстандағы ортағасырлардағы тарихи, этномәдени процестердің негізгі кезеңдерін және өзіндік сипатын анықтау;
• “көшпелі өркениет” феноменінің мазмұнын ашу;
• Егеменді Қазақстан мемлекетінің қалыптасып, нығаю міндеттеріне жауап бере алатын теориялық, әдіснамалық, тұжырымдамалық мәселелерін меңгеру;
•қазақ халқының этногенезінде маңызды рөл атқарған қыпшақ және оғыздардың этникалық және саяси тарихын көрсету;
• Тәуелсіздіктің орнығуы жылдарындағы Қазақстандық даму моделінің мазмұнын, ақиқаттың ғылыми-тарихи біліммен толықтырып, осы арқылы Қазақстанның империялықтан кейінгі кезеңнен ойдағыдай шығуына әсер еткен басты себептер мен факторларды анықтау.
Біліктер мен дағдылар. Қазақстан тарихы және Әлем тарихының мәселелерін салыстыру.Тарихи дамудың жалпы және негізгі қағидаларын айыра білу,Студенттік конференцияларда реферат, баяндамалар жасау арқылы ғылыми тұрғыда тұжырым жасай білу.Алған білімі негізінде ой-тұжырымдарын өзіндік ортада қолдана білуі, алған теориялық білімін практика жүзінде қолдана білу тиіс.
