Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЗЭУТТ каз (Восстановлен).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.41 Mб
Скачать

Майлау жүйесінің есебі

Қозғалтқыштың майлау жүйесі келесі қондырғылырдың жиынтығынан тұрады: жағармайды сақтау, оны үйкеліс беттеріне беру, майды ластағыш заттардан тазарту, салқындату, сонымен бірге майлауды және май күйін бақылау. Қозғалтқышты майлау өте жоғары желінудің, қызудың және үйкеліс беттері тозуының алдын алу үшін, қозғалтқыштың индикаторлық қуатының үйкеліске кететін шығынын азайту, сонымен бірге үйкеліс беттерінен жылуды әкету үшін қажет.

Көлік қозғалтқыштарының басым бөлігі құрама майлау жүйесімен жабдықталған. Бұл жүйеде жауапты түйіндердің үйкеліс беттеріне май қысыммен беріледі. Қозғалтқыштың майлау жүйесін есептеген кезде уақыт бірлігінде жүйеде айналатын майдың мөлшері, май радиаторының суыту беті және май сорғысының бір қатар конструктивтік және пайдалану параметрлері анықталады.

Майдың циркуляциялық шығыны -Vц оның қозғалтқыштан әкететін жылулық мөлшеріне байланысты. Бұл шама тәжірибелік деректер бойынша қазіргі заманғы көлік қозғалтқыштары үшін отынмен бірге қозғалтқышқа енетін жалпы жылудан 2-2,5% құрайды:

(70)

мұнда: QО – жылудың жалпы мөлшері, .

Берілген шамадағы циркуляциялық шығын

(71)

мұнда: (Qm - қозғалтқыштың жылулық тепетеңдігіне қара, салыстыру керек).

ρм – май тығыздығы. Есептерде ρм = 900 қабылдау керек;

см – майдың орташа жылусыйымдылығы, см = 2,094 ;

ΔТм - қозғалтқыш майының қызу температурасы ΔТм =10 ÷ 15 К.

Жүйедегі май қысымын тұрақтандыру және саңылаулардан майдың ағып кетуін ескеру үшін сорғының өнімділігі келесі формуламен анықталады:

(72)

Беру коэффициентінің шамасы ηH 0,6 ÷ 0,8 аралығында өзгереді. Май сорғысының жетегіне жұмсалатын қуат:

кВт (73)

мұнда: Vp – май сорғысының есептік өнімділігі, ;

Рм – жүйедегі майдың жұмыстық қысымы (бензиндік қозғалтқыштарда Рм =0,3 ÷ 0,5 МПа; дизелдерде Рм =0,3÷0,7 МПа);

ηмн = 0,85÷0,90 — май сорғысының механикалық ПӘК.

Радиатордың есебі

Май радиаторы қозғалтқыш жүйесінде айналатын майды суыту үшін арналған жылуалмастырғыш аппараты.

Радиаторлардың екі түрі бар:

- ауамен салқындайтын ауалық-майлы;

- сумен суытылатын сулы-майлы.

Көп жағдайларда конструкциясының және қызмет көрсетуінің қарапайымдылығына байланысты ауалық-майлы радиаторлар қолданады. Сондықтан бұл жұмыста осы радиаторлардың есебі жүргізіледі.

Радиаторды есептеу оның суытатын бетінің тиімді ауданын анықтауда:

м2 (74)

мұнда: Тср.м – радиатордағы майдың орташа температурасы, Тср.м =350÷365 К;

Тср.в – радиатор алдындағы ауаның температурасы, Тср.в =300÷315 К.

км – майдан суытқыш ауаға берілетін жылулықтың коэффициенті (км=23÷72 ).

8 тәжірибелік жұмыс