- •Еңгізу параметрлерін есептеу
- •Сығу процесінің параметрлерін есептеу
- •1 Сурет. Қозғалтқыш шынайы циклының сығу процесінің өту сипаттамасы
- •Сығу процесі орташа көрсеткіші n1 тең политропты процесі бойынша өтеді деп қабылдасақ, диаграмманың а-с аралығы үшін температура мен қысымды политроптық процес теңдеуімен анықтауға болады.
- •Қозғалтқыш жұмысын сипаттайтын параметрлерді есептеу
- •2 Сурет. Индикаторлық диаграмма
- •1 Секундтағы тиімді жұмысқа эквивалентті жылулық:
- •3 Сурет. Жылулық тепетеңдік құраушыларының гистограммасы
- •Құрама қозғалтқыштарының үстеме үрлеу көрсеткіштерін есептеу
- •4 Сурет. Құрама қозғалтқышының сұлбасы
- •5 Сурет. Кең тараған үстеме үрлеу жүйелері бар құрама қозғалтқыштарының сұлбалары
- •Суыту жүйесінің есебі
- •Майлау жүйесінің есебі
- •Қозғалтқыштың сыртқы жылдамдықты сипаттамасын есептеу және салу
- •Әдебиеттер
Сығу процесінің параметрлерін есептеу
Төртырғақты қозғалтқыштарда еңгізу клапаны жабылған соң немесе екіырғақты қозғалтқыштарда газалмасу процесі аяқталып, піспек ЖӨН бағытында қозғалу барысында цилиндрде сығылу процесі жүреді.
Сығылу кезінде зарядтың температурасы мен қысымы артады. Олардың соңғы мәндері сығылу дәрежесінен тәуелді. Сығылу дәрежесінің шамасы өсуімен циклдың тиімділігі артып, жылуды пайдалану жақсарады. Теориялық циклдарда сығу процесі адиабаталық болып қарастарылады. Шынайы циклда а-с сығу процесінің сипаттамасы күрделі болып, жылу беру бағыты жұмыс денесі мен қабырға арасында өзгерумен жүреді (Сурет 1).
1 Сурет. Қозғалтқыш шынайы циклының сығу процесінің өту сипаттамасы
Тзар – жаңа зарядтың температурасы, Тст, - цилиндр қабырғаларының температурасы
Сығу процесі орташа көрсеткіші n1 тең политропты процесі бойынша өтеді деп қабылдасақ, диаграмманың а-с аралығы үшін температура мен қысымды политроптық процес теңдеуімен анықтауға болады.
Сығу қысымы
(10)
Сығу температурасы
(11)
Бұл формулаларда:
- төртырғақты қозғалтқыштар үшін геометриялық сығу дәрежесін қабылдаймыз -e
- екіырғақты қозғалтқыштар үшін шынайы сығу дәрежесін қабылдаймыз - ev.
Сығу дәрежесін таңдау қозғалтқыш түрі, қоспа түзу, үстеме үрлеудың бар немесе жоқ болуымен анықталады.
Сығу процесін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер келесілер:
- сығу дәрежесі – e ;
- сығу процесінің қысымы – Рс;
- сығу процесінің температурасы – Тс;
- сығу политропасының көрсеткіші – nс.
Параметрлердің жуықты мәндері 2 кестеде келтірілген.
2 кесте.
Сығу процесі параметрлерінің жуықты мәндері
Параметрлер |
Белгіленуі |
Қозғалтқыш түрі |
||||
Бензиндік қозғалтқыштар |
Газдық қозғалтқыштар |
Дизелдер |
||||
Үстеме үрлеусіз |
Үстеме үрлеумен |
|||||
сығу дәрежесі |
e |
6¸9(до 11) |
5¸10 |
15¸23 |
12 ¸18 |
|
сығу қысымы |
Рс |
0,9¸1,5 |
0,7¸1,4 |
2,8 ¸6 |
4 ¸ 8 |
|
сығу температурасы |
Тс |
550¸750 |
480¸650 |
700 ¸900 |
800¸1100 |
|
сығу политропасының орташа көрсеткіші |
пс |
1,3¸1.37 |
1,32¸1,4 |
|||
Қарапаймдатылған есептеулерде сығу политропасының орташа көрсеткіші– пс мәнін 3 кестедегіндей қабылдайды.
Шынайы циклдарда сығу политропасының орташа көрсеткіші иінді біліктің айналу жиілігі өсумен келесі тәуелділікпен ұлғаяды:
(12)
мұнда: п – қозғалтқыш иінді білігінің айналу жиілігі, айн/мин (қозғалтқыштың айналу жиілігін бос жүрістен бастап номиналдық тәртіпке дейін 1 кестесінен алу керек). Есетеуді кестеде жүргізу керек
Кесте 4.
Сығу процесінің параметрлерін есептеу
nx,
|
|
|
|
|
|
Мпа |
К |
nх.х |
|
|
|
…. |
|
|
|
…. |
|
|
|
…. |
|
|
|
nн |
|
|
|
Жүргізілген есептеулер нәтижесі бойынша сығу процесінің параметрлеріне иінді білік айналу жиілігінің әсеріне баға беру керек.
№ 3 тәжірибелік сабақ
