Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус 3Д каз_новый_2015-16.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.91 Mб
Скачать

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015

3 басылым

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Оқу-әдістемелік кешені

Ф.4.09-26

28.05.2015 ж.

Физика-математика факультеті Ақпараттық технологиялар кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік

және студенттік сұрақтар бойынша

проректор, п.ғ.д, профессор

М.Ж.Мальтекбасов ______________

«_____»_________________2015 ж.

3D MAX-те модельдеу негіздері пәнінің

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Мамандықтар: 5В070300-«Ақпараттық жүйелер», 5B060200-Информатика

Оқу формасы: күндізгі

Талдықорған 2015 ж.

Оқу-әдістемелік кешенді оқу бағдарламасы негізінде 5В070300 – Ақпараттық жүйелер, 5В060200-Информатика мамандықтарына аға оқытушы А.У.Елепбергенова құрастырған.

____________________________

(оқытушының қолы)

Ақпараттық технологиялар кафедрасының отырысында қарастырылды.

« » 2015 ж. № хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________п.ғ.к., доцент А.О.Алдабергенова

(қолы)

«_____»__________ ___2015 ж. №______ хаттама

Физика-математика факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

Әдістемелік бюроның төрайымы ________________ С.С.Сламжанова

(қолы)

ТҮСІНІКТЕМЕ

3ds max бағдарламасы - қазіргі танда күн санап дамып келе жатқан ең үздік бағдарламаның бірі. Бұл бағдарламаның атқаратын қызметтері шексіз, ал мүмкіндіктері өте ауқымды деп айтуға болады. 3ds max үш өлшемді компьютерлік графика бағдарламаларының тобына кіреді, немесе оны 3d-графика (3 dimensional-үш өлшемді) деп те атайды. Сонымен қатар, осы бағдарламаның көмегімен жекелеген суретті синтездеуге және нақты немесе ойдан шығарылған өмірдегі суреттік қойылымдарды ықшамдап көрсетіп, осындай суреттік кадрлар тізбегін анимация деп аталатын объекттің қозғалысы түрінде байқауға болады

3ds max сияқты аса күрделі бағдарламамен танысуды, оның жекеленген кескіндер мен анимацияны жасауға арналған мүмкіндіктерінен бастайық. Олар мыналар:

•Сфера, цилиндр және тікбүрышты параллелипипед сияқты ең қарапайым геометриялық денелерден бастап, жануарлардың денесі, ағаштар сияқты күрделілеріне дейін кезкелген үш өлшемді геометриялық дененің пішінін модельдеуге болады.

•Жылтырату, мөлдірету, жарқылдату, шушылдату немесе көпдэрежелі шағылысу қүбылысы мен жарық сэулесінің құйылуы, түтін немесе тұман тәрізді ауалық қүбылыстар жэне қар, жаңбыр, от тәрізді табиғи қүбылыстар сияқты, объект материалының физикалық қасиеттерін үқсатып жасауға болады.

•Үшөлшемді көріністің жарықтануын кез-келген жағдайда өзгертуге болады: сонау космостан бастап күн сәулесі төгіліп түрған ең ашық күнге дейін. Осыған қоса модельденген объектің көлеңкесін нақты фотографиялық фонға түсіп тұрғанын көрсетуге болады.

•Объектің кез-келген параметрін анимациялауға болады: олардың пішінін, өлшемдерін, кеңістіктегі жағдайын, түсін жэне материалының қасиетін жэне тағы басқалары.

•Қозғалыстың кезкелген түрін өзгертудің мүмкіндігін қамтамасыз ететін орын ауыстыруды басқарудың эртүрлі эдістерін жүзеге асыруға болады немесе объектің анимациалану процессінде қасиетін өзгертуге болады.

•Объекттердің иерархиялық байланысқан тізбегін жасау жэне оларды бір объектің қозғалысы сәйкесінше тізбектің қалған объектілерінің орын ауыстыруына алып келетіндей тура және кері анимациялауға болады.

•Біртіндеп, пішіні мен сыртқы келбеті ерекшеленіп түратын бір объекттің басқа объектке айналуын моделдеу (морфинг).

•Қозғалыстағы объектің динамикалық қасиеттерін, яғни, тартылыс күші, кері итерілу, тығыздық немесе желді есепке ала отырып моделдеу.

•Фото немесе видеокамера объекттердің айқындылықтың тереңділігі немесе линзаның шағылысуы сияқты қасиеттерін ықшамдау арқылы синтезделген кескіндерге эртүрлі сүзгілерді қолдануға болады.

Курстың мақсаты:

  • 3D Studio Max туралы қалыптастыру;

  • 3D Studio Max программасының фундаментальды түсініктерімен танысу;

  • анимацияға жасалатын барлық жұмыстар этаптарының эдістері және негізгі құралдарын оқып білу;

  • бөлімдері бойынша білімді тереңдету

Курстың негізгі міндеті:

  • 3D Studio Max негізгі түсініктерін меңгеру;

  • 3D Studio Max негізгі жұмыстары мен үшөлшемді моделдеуде жэне анимацияда оның мүмкіндіктерін меңгеру;

  • объектілерді белгілеу және басқа түрге келтіру;

  • объектілерді редакторлау жэне модификациялауды үйрету;

  • материалдарды құру жэне қолдануы;

  • қазіргі ортаның эртүрлі салаларында 3D Studio Max програмасының эдістерін жэне тәсілдерімен танысу.

Курсты оку нәтижесінде студенттер:

  • 3D Studio Max туралы жалпы түсінік, ғылым жүйесінде жэне қазіргі заманда алатын орның біліп шығады;

  • бөлек суреттер және анимацияларды құра білуді үйренеді;

  • құрлымды көру терезесі және эртүрлі типті подобъектілер деңгейіндегі объектілерді модификациялайтын жаңа қүралдар туралы түсінік;

  • кез - келген үшөлшемді объектілердің геометриялық формаларын моделдеу түсінігі;

  • объектілердің барлық параметрлері бойынша анимацияны құру эдістемесін меңгеру: олардың формалары, көлемі, кеңістікте орналасуы, түсі және материалдар мінездемесі;

  • объектілер материалдарының физикалық қасиеттер бейнесінің (имитация)формальды түсініктемесін біліп шығады;