Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СК кур на каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
320.31 Кб
Скачать

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ  ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Автоматты электрбайланыс кафедрасы 

 

 

 

Коммутациялық жүйелер

5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының күндізгі бөлімінде оқитын студенттер үшін курстық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқау

 

 

 

Алматы 2010

Құрастырушылар: А.Д.Мухамеджанова, К.С.Асанова. Коммутациялық жүйелер. 5В071900-Радиотехника, электроника және телекомуникация мамандығының күндізгі бөлім студенттері үшін курстық жұмысқа арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар. - Алматы: АЭжБУ, 2010, -28б. 

 

Әдістемелік нұсқау курстық жұмысты орындауға арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулардан тұрады, сонымен қатар негізгі жобалау тапсырмаларын шешу принциптерін түсіндіретін материалдар және қолданылатын мәліметтер көрсетілген.

Әдістемелік нұсқау радиотехника, электроника және телекомуникация мамандығының күндізгі бөлімінде оқитын студенттерге арналған.

 

Кіріспе

Байланыс жүйесінде цифрлық және есептеу техникасын кең енгізілу қажеттілігі ескертілді және перспективалық коммутация техникасына және басқаруға, микропроцессорлардың коммутация жүйесіне жетілдірулерге студенттер дайындау. Берілген бағыт коммутацияның цифрлық техникасы, басқару, ақпараттарды үлестіру және байланыс желілер, ондағы өте маңызды негіз болатын  сұрақтар, яғни коммутацияның цифрлық жүйесінің негізін құру және техника мен ғылымның жаңартылған жетістіктерімен байланыс желілер аймағында маманданған білім қамтылған.

Коммутацияның бағыт жүйесі және электробайланыс желісі студенттерді желі байланысы және коммутация жүйелер мамандығын тереңдетіп дайындауға арналған. Курс ертеректе оқылған пәндерден құралған: Цифрлық коммутацияның техникасы, Ақпараттарды үлестіру теориясы. Курс жоспарлау үшін теориялық негіз құруға және электробайланыс желісін техникалық эксплуатациялау үшін бағытталған.

Бағдарламалаумен сәйкес, курста әртүрлі комутациялық жүйелерде  коммутациялық жолдар құру, сигналдар жүйесі, басқару құрылғыларын құру, жоспарлау негіздері және автоматикалық коммутацияның цифрлық жүйесін есептеу, байланыс желісінің жалпы мінездемесіне қатысты сұрақтар,  талдау сұрақтары және коммутациялық және коммутациялық емес желілерді талдау, желілерді оптималдау әдісі, қызметтердің интеграциясымен желілерді табу принципі, желілердің техникалық эксплуатациялық сұрақтары кеңінен қарастырылған.

Курсты оқудың негізгі тәсілі оқулық жәрдемақылармен және оқулықтармен өзіндік жұмыс болып саналады. Курс бойынша курстық жұмысты орындау қарастырылған. Студенттің білімін анықтау үшін теориялық және практикалық түрде курс бөлімінде емтихан тапсырылады.

 

1 Жалпы көрсеткіш және нұсқа таңдау

 

Курстық жұмысты орындау Цифрлық коммутацияның техникасы және Ақпараттарды үлестіру теориясы пәндерін оқу кезінде алған білімдерін, сонымен қатар “Курстық жұмыстың мазмұны” параграфында көрсетілген нақты тапсырмаларды шешу бойынша алған дағдыларды одан әрі дамытуға арналған.

Курстық жұмыс телефондық желілеріндегі цифрлық АТС-ті коммутациялық жабдықтауды жоспарлау өзіне берілген нұсқа бойынша. Студент дербес немесе жеке өзі станса түрін таңдау қажет. Сәйкесінше өзіне берілген нұсқа бойынша АТСЭ-ні желіге енгізу кезінде түсіндірулер жүргізу керек.

Жұмыстың орындалу тізбегі және тапсырмаларға түсіндірмелер әдістемелік нұсқауларда берілген. Түсіндірілетін жазбалар әрбір беттің бір жағында жазылады, ақ қағазда(сызықсыз).

Курстық жұмыста қажетті түсіндірулер келтірілген, яғни қабылданған шешімдер, орындалған есептеулер, функционалды сұлбалар, кестелер және графиктер. Жобада оқулықтарда және оқу әдістемелерінде бар суреттеме материалдарды орналастыру қажет емес. 

Әрбір студент курстық жұмысты өз нұсқасымен орындайды, нұсқа нөмірі студенттік билеттің соңғы екі номерімен анықталады. Дәл осы мәліметтер 2 және 5 кестелерінде таңдалады, ал 3 және 4 кестесінен мәліметтер ең соңғысының алдыңғы саны бойынша таңдалады. 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]