- •Коммутация жүйелері
- •5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының студенттеріне арналған дәрістер жинағы
- •1 Дәріс. Электрлік байланыстың негiзгi ұғымдары
- •2.1 Сурет – Каналдар коммутациясы
- •3 Дәріс. Уақыттық коммутация принциптері
- •4 Дәріс. Кеңістіктік коммутацияның қағидалары
- •5 Дәріс. Цифрлы коммутация жүйесін (цкж) басқару жүйесі
- •5.10 Сурет – кө арқылы бқ байланысын ұйымдастыру
- •6 Дәріс. Цифрлы коммутация жүйесінің құрылымы
- •7 Дәріс. Цифрлық атс интерфейстері
- •8 Дәріс. Цифрлық коммутациялар жүйелеріндегі сигнализациялар
- •8.4 Сурет – Телефондық аппарат клавиатурасы
- •9 Дәріс. Цифрлық коммутациялар жүйелеріндегі сигнализациялар
- •10 Дәріс. Цифрлық коммутация жүйелері
- •11 Дәріс. Цифрлық коммутация жүйелері
8 Дәріс. Цифрлық коммутациялар жүйелеріндегі сигнализациялар
Дәріс мақсаты: студенттерге сигнализация туралы негізгі ұғымды оқып үйрету.
Мазмұны:
- Сигнализация туралы негізгі түсінік.
- Абоненттік сигнализация.
- Абоненттік желі арқылы абонент нөмерін жіберу.
Сигнализация туралы негізгі түсінік.
Сигнализация – байланыс сеансы аралығындағы желі басқаруымен байланысқан, хатттармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламаның жиынтығы [2, 3, 5, 9].
Қабылдау, жіберу, желілік және басқару сигналдарын өңдеу коммутациялық станциялардың өзара арақатынас кезінде бір-бірімен, коммутациялық жүйелер құрылғысын басқаруын орындайтын, байланыс орнату үрдісінің негізгі мазмұны болап табылады.
Сигнализация хаттамасы – басқару желісіндегі сигналдардың алмасуын жүзеге асыратын ережелер жиынтығы.
Қызмет көрсету қоңырауы сигнализацияның үш аймақта қолдануын қамтамасыз етеді (8.1 суретті қара):
- абоненттік – шеткі құрылғы мен коммутациялық жүйе арасындағы аймақта;
- станцияішілік – ішкі коммутация жүйесіндегі айнымалы блоктар арасында;
- станцияаралық – желідегі айнымалы коммутациялық жүйелер арасында.
Телефондық каналдар арқылы жіберілетін сигналдар өзінің функционалды көрсеткіші бойынша үш топқа бөлінеді:
- желілік – байланыс орнатылу этапын (орындау, жауап, қайтарып тастау) анықтайтын сигналдар;
8.1 сурет – Телефон желісіндегі сигнализация түрлері
- басқарылатын (регистрлік немесе маршрутизация сигналы) – белгіленген орынға қоңырау маршрутизациясы үшін мекенжайлық ақпаратты жіберу сигналдары (шақырылып отырған абонент нөмері туралы ақпарат, шақырып отырған абонент нөмірі мен категориясы туралы ақпарат және т.б);
- акустикалық ақпаратттық – байланыс орнату үрдісінің (станция жауабы, қоңырау жіберілуі, бос емес және т.б.) қай этапта орналасқанын абонентке хабарлайтын сигналдар.
Кез келген хабар төмендегі белгілермен сипатталады:
- жіберілу әдісімен немесе физикалық тасымалдаушысымен (хабар көрсетілген электрлік сигналдар түрімен);
- семантиктік – код ұсынылған мағыналы мазмұнымен.
Сигнализациялар жүйелердегі қолданылған кодтарды анықтауға болады:
- декадты кодта (ДК), сигнал мағынасы ондық есептеу жүйесіндегі импульс санына қатысты анықталады;
- атақты-цифрлық (АСК), сигнал мағынасы қарапайым жіберілімдердің (тұрақты ток импульстері) саны мен атақтылығына қатысты анықталады;
- көпжиілікті код (КЖК), сигнал мағынасы жиілік құрамы арқылы анақталады (мысалы, «6-дан 2» коды, DTMF(«8-ден 2»)коды).
Абоненттік сигнализация
Абоненттік сигнализация коммутациялық жүйелермен шеткі құрылғылардың арасындағы аймақта қолданылады [2, 6, 9]. Берілген аймақта келесідей сигналдар берілуі мүмкін:
- желілік:
1) станция шақыруы, абоненттік шлейфтің абоненттің телефон тұтқасын көтерген кездегі жабық (замкнутый) күйден ашық (разомкнутый) күйіне ауысуымен сәйкестенеді;
2) абонент жауабы, абоненттік шлейфтің шақырылып жатқан абоненттің телефон тұтқасын көтерген кездегі ашық күйден жабық күйіне ауысуымен сәйкестенеді;
3) қайтарып тастау (отбой) – абоненттік шлейфтің телефон аппаратының рычагына тұтқаның қайта қайтарылуы кезіндегі ашық күйіне ауысуымен сәйкестенеді;
- басқарушы – мекнежайлық сигналдар;
- акустикалық ақпараттық:
1) станция жауабы (СЖ) – абоненттің нөмірді теру мүмкіндігін хабарлайды (үздіксіз тональді сигнал жиілігі (425+25) Гц);
2) қоңырау жіберілуі (ШЖ) – кіріс қоңырауы туралы шақырушы абонентке хабарлайды ( қоңырау жіберілуінің тогы (25+2) Гц жиілікті периодтық жіберу сигналы түрінде, периоды 5 секунд және кернеуі (95+5) В);
3) қоңырау жіберілуін қадағалау (ҚЖҚ)– шақырушы абонентке шақырылып отырған абонент желісінің бос екендігін хабарлайды (тональді сигнал жиілігі (425+25) Гц, периоды 5 секунд);
4) бос емес – абонентті қарама-қарсы жақтағы абоненттің тұтқаны қоя салғанын немесе қайта орнату кезінде байланыстың әртүрлі салдарға байланысты сәтсіз аяқталғандығын хабарлайды (үздікті тональді сигнал жиілігі 425 Гц, периоды 0,3 секунд);
5) ақпараттық сигналдар абонентке қызметтің қосымша түрі (ҚҚТ) көрсетілген кезде жіберіледі (мысалы, кіріс қоңырауы туралы хабарлау сигналы).
8.2 - суретте станцияішілік қоңырау қызметі үрдісіндегі тізбекті ауысуының диаграммасы көрсетілген.
Абоненттік желі арқылы абонент нөмерін жіберу.
Қазіргі кезде телефондық желіде шақырылып отырған абонент нөмірін терудің екі әдісі қолданылады: импульстік теру (декадтық кодпен) және тональді теру (копжиілікті кодпен) [1, 2, 6, 7, 9].
Импульстік теру кезінде импульстер секундына 10 импульс жылдамдықпен абоненттік шлейфтің (тұрақты тоқ тізбегінде) кезекті тұйықталу және тұйықталмау жолдары арқылы жіберіледі. Тұйықталмау ұзақтығы (тоқсыз жіберілу) 60 мс тең, ал тұйықталу ұзақтығы (токтық жіберілу) 40 мс тең. Бір санның соңы мен келесісінің бастамасын анықтау үшін серияаралық интервал 200 мс болуы керек. Серияаралық интервалына дейінгі тұйықталу немесе тұйықталмау саны нөмір санымен сәйкес келеді. 8.3 - суретінде импульстік нөмір теру кезіндегі 2 және 4 санының уақыттық жіберілу диаграммасы көрсетілген.
Тональді теруде мекенжайлық ақпаратты жіберу үшін «8-ден 2» копжиілікті коды пайдаланылады. Сигналдық жиіліктер дыбыстық диапозон жиіліктерінің екі жеке топ түрімен таңдалады (8.4 суретті қара):
- төменгі топ - 697, 770, 852, және 941 Гц;
- жоғарғы топ- 1209, 1336, 1477 және 1633 Гц.
Әрбір сигнал екі сигналдық жиіліктен тұрады. Оның бірінші жиілігі төменгі топтан таңдалады, екіншісі - жоғарғы топтан. 1633 Гц жиілігі (А, В, С, D батырмалары) қосымша теру функциясын орындау үшін қолданылады (мысалы, кішірек АТС-та) .
8.2 сурет - Станция ішілік қоңырау қызметі үрдісіндегі тізбекті ауысуының диаграммасы
8.3 сурет - Импульстік нөмір теру кезіндегі 2 және 4 санының уақыттық жіберілу диаграммасы
