- •Коммутация жүйелері
- •5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының студенттеріне арналған дәрістер жинағы
- •1 Дәріс. Электрлік байланыстың негiзгi ұғымдары
- •2.1 Сурет – Каналдар коммутациясы
- •3 Дәріс. Уақыттық коммутация принциптері
- •4 Дәріс. Кеңістіктік коммутацияның қағидалары
- •5 Дәріс. Цифрлы коммутация жүйесін (цкж) басқару жүйесі
- •5.10 Сурет – кө арқылы бқ байланысын ұйымдастыру
- •6 Дәріс. Цифрлы коммутация жүйесінің құрылымы
- •7 Дәріс. Цифрлық атс интерфейстері
- •8 Дәріс. Цифрлық коммутациялар жүйелеріндегі сигнализациялар
- •8.4 Сурет – Телефондық аппарат клавиатурасы
- •9 Дәріс. Цифрлық коммутациялар жүйелеріндегі сигнализациялар
- •10 Дәріс. Цифрлық коммутация жүйелері
- •11 Дәріс. Цифрлық коммутация жүйелері
4 Дәріс. Кеңістіктік коммутацияның қағидалары
Дәріс мақсаты: студенттердің кеңістіктік коммутация қағидаларын меңгеруі.
Мазмұны:
- Кеңістіктік коммутация қағидалары.
- Кеңістіктік коммутатор.
Кеңістіктік коммутация қағидасы.
Цифрлық коммутация жүйесіндегі (СКЖ) кеңістіктік коммутация коммутация өрісінің [3,5] сыйымдылығын көбейту үшін қолданылады. Кеңістіктік коммутацияның негізі болып берілген каналдық иинтервалды екі желінің де циклінің құрылымындағы каналды интервалдың зерттелу ретін сақтай отырып, бір цифрлық желіден екіншісіне орын ауыстыру болып табылады (4.1 суретті қара). Басқа сөзбен айтқанда, цифрлық сигналдардың кеңістіктік коммутациясы кезінде тек аттас (бірдей нөмірлі) каналдар КСЖ және ШСЖ коммутацияланады. Бұл кезде бір уақыттық интервалдан екіншісіне цифрлық сигналдың тасымалы болмайды. Кіріс және шығыс цифрлық желінің нөмірлері ғана ауысады.
4.1 сурет – Кеңістіктік коммутацияның қағидаларын түсіндіру
Кеңістіктік коммутатор.
Кеңістіктік коммутаторлар ішкі кілттемелері арқылы өте төмен өткізгіштік қасиеттерге ие, себебі тек аттас каналдар [3,5] ғана коммутациялана алады. Кеңістіктік коммутатордың 16х1 жалпы құрылымы 4.2-суретте келтірілген.
КК құрылғыларының белгілемелері:
а) электронды түйіспелердің матрицасы ЭТ аттас каналдардың уақыттық коммутациясына арналған. ЭТ саны кіріс цифрлық желілерінің көлеміне байланысты. ЭТ функциялары көп кезде мультиплексор М орындайды. Себебі, КК тек синхронды коммутацияны орындайды, кез келген і кіріс цифрлық желісінің уақыттық каналы тек і кіріс цифрлық желісінің уақыттық каналымен коммутациялана алады. Сигнал уақыттық координаталарын өзгертпей кеңістікте коммутацияланады (СЖ нөмірлері ауысады).
4.2 сурет – КК 16х1 кеңістіктік эквиваленті
Кодтық комбинацияны тасымалдаудың параллель түрінде бір түйіндегі электронды түйіспелердің минималды саны – 8, тізбектіде – 1 (үнемдірек). ЭТ ретінде мультиплексор, логикалық элементтер, оптрондар қолданылуы мүмкін. Электронды түйіспе бір каналды интервал кезінде ашылады. 4.3-суретте логикалық элементтегі түйіспелер матрицасы мен кеңістіктік коммутатор құрылымы мысалы келтірілген.
4.3 сурет - Логикалық элементтегі түйіспелер матрицасы мен кеңістіктік коммутатор құрылымы
б) дешифрлеуіш ДШ АЕСҚ2-ден мәліметтерді оқуға және тактілі сигналы берілген ЭТ-ны таңдауға қолданылады.
в) АЕСҚ2 электронды түйіспенің нөмірі және коммутацияланушы каналдың нөмірі туралы мәліметтерді жазуға арналған. АЕСҚ2 жады ұяшығы саны ШСЖ-дағы каналдар санымен анықталады. АЕСҚ2 жады ұяшығы құрамы – бұл КСЖ нөміріне сәйкес ЭТ нөмірі. АЕСҚ2 жады ұяшығы нөмірі ШСЖ-дағы уақыттық интервалдың нөміріне сәйкес және КСЖ-дағы уақыттық интервалдағы нөмірімен міндетті түрде бірдей. АЕСҚ2 үшін мәліметтер ОКӨ басқарушы құрылғымен байланыстырушы жолды іздеу кезінде түзіледі.
Мультиплексорларда құрылған КК 8х16 СЖ құрылымы 4.4-суретте келтірілген. Матрица М 16 мультиплексордан (16 ШСЖ) тұрады [5]. Әр мультиплексорды индивидуалды дешифрлеуіш және АЕСҚ2 басқарады. Мультиплексор және АЕСҚ2 саны бір шығыс цифрлық желідегі уақыттық каналдар санымен анықталады. АЕСҚ2 жады ұяшығы разрядтығы бір мультиплексордағы кіріс цифрлық желісінің максималды нөмірімен анықталады.
8х16 КК-да мультиплексор және АЕСҚ2 саны 16-ға тең (0-ден 15-ке дейінгі нөмірлеу). Бір мультиплексордың 8 кірісі бар (0-ден 7-ге дейін). АЕСҚ2-нің бір матрицасындағы жады ұяшығы саны 32-ге тең. АЕСҚ2 жады үяшығы разрядтығы 3-ке тең.
4.4 сурет - 8х16 КК СЖ кеңістіктік эквиваленті
