Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СК конспект2 каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
732.36 Кб
Скачать

10 Дәріс. Цифрлық коммутация жүйелері

 

Дәріс мақсаты: студенттердің EWSD типіндегі цифрлық коммутация жүйелерін меңгеруі.

Мазмұны:

-   EWSD типіндегі цифрлық коммутация жүйелерінің сипаттамасы.

-   Жүйе құрылысы, құралдар құрамы, техникалық мәліметтер.

 

EWSD типіндегі цифрлық коммутация жүйелерінің сипаттамасы.

EWSD коммутация жүйесі Siemens фирмасымен (Германия) құрылған [2,3,7,10]. СКЖ EWSD соңғы, транзиттік, қалааралық және халықаралық ретінде телефонды желілердің иерархиясының кез келген деңгейінде қолданылуы мүмкін. EWSD бағдарламалық және аппараттық құралдардың модульдік құрылысына ие, ISDN, мобильді және стационарлы абоненттерге негізгі және қосымша қызметтер спектрін қамтамасыз етеді, АТС-тің түрлі типтерін қосуға мүмкіндік береді. EWSD интеллектуалды желінің коммутация қызметі түйінінің функцияларын орындай алады. EWSD бөлінген сигналды арна және ОКС№7 бойынша сигнализация жүйесін қолдайды. Станцияаралық байланыс ИКМ-трактат стандарты бойынша орындалады.

 

Жүйе құрылысы, құралдар құрамы, техникалық мәліметтер.

СКЖEWSD негізгі құрылысы 10.1-суретте көрсетілген [2,3,7,10].

СКЖEWSD аппараттық құралдардың 4 түрімен қамтылған:

1)             Қатынауқұралы:

- DLU (Digital Line Unit) – өшірілген концентратор және станциядағы абоненттік құрылғы ретінде қолданыла алатын цифрлық абоненттік блок. Блок құрамына  кірісінде 952 ААЖжәне 475 ОАЛ, шығысында 2 және 4 ИКМ трактісінен тұруы мүмкін. Блок келесі негізгі функцияларды орындайды: BORSCHT (абоненттік комплект), сканерлеу АЛ, топтық процессорына (LTG  блогындағы GP) АЛ жағдайы өзгерісі туралы мәлімет беру, нөмір теру импульстерін цифрлық формаға түрлендіру. Сенімділік үшін әр блок LTG  екі желілік топқа қосылады;

- LTG (Line Trunk Group) – SN коммутациялық өрісіне интерфейс. Мультиплекстеу функцияларын орындайды. LTG-SN аймағындағы мәлімет тарату жылдамдығы 8192 кбит/с (64 кбит/с-тегі 128 арна). Әр желілік топ екі жазық дубликаттық коммутациялық өріске қосылады. LTG-ға қосылуы мүмкін: 2B+D қатынауымен цифрлық және аналогтық АЛ, цифрлық БЛжәне 30В+D қатынау желілері, аналогтық СЛ мультиплексор арқылы (SC-MUX – Signaling Converter Multiplexer);

- топтық құрылғылар;

- SN (Switching Network)- цифрлық коммутациялық өріс. Модульдік құрылысы бар және сыйымдылық бойынша 2 түрлі құрылады: T - S - T (уақыт-кеңістік-уақыт) или T – S – S – S – T (уақыт-кеңістік-кеңістік-кеңістік-уақыт). Коммутациялық өріс әр түрлі LTG арасында, коммутациялық процессор СР және LTG арасында коммутация орындайды. Өрістің екі жазықтығы болады және әр қосылым 2 жазықтық арқылы да орнатылады, алайда мәлімет біреуінен ғана қолданылады. СР координаттық процессорынан бұйрық алатын SCG(Switch Group Control) процессоры байланыс орнатумен айналысады.

 2) Орталық басқару құрылғысы.

- CP (Coordination Processor) келесі функцияларды орындайтын координаттық процессор:

1) мәліметтер базасын басқару;

2) бүкіл бағдарламаларды, станциялық және абоненттік мәліметтерді басқару;

3) келген мәліметті маршруттауға, бағыт таңдауға және шақырыс бағасын есептеуге қайта өңдеу;

4) техникалық эксплуатация орталықтарымен байланыс;

5) ''адам-машина'' интерфейсін басқару;

6) барлық жүйеішілік тестілеу, авариялық сигнализацияны қайта өңдеу.

                              10.1 сурет - EWSD  СКЖ-нің негізгі құрылымы

 

Координаттық құрылғыдан өзге орталық басқару құрылғысы келесілерден тұрады:

- МВ (Message Buffer)- координаттық процессор, коммутациялық өріс, желілік топтар және сигнализация желісін басқару арасындағы ішкі хабарламалар алмасудың координациясы үшін қолданылатын хабарлама буфері.

- ССG (Central Clock Generation) – жүйенің жеке құрылғыларының тактілік импульстерінің генераторларын синхронизациялауға қолданылатын орталық тактілік және синхро-импульстер генераторы;

-    SYP (System Panel) – жүйеішілік апаттық сигналдарды шығару және жүйе қалпын үздіксіз бақылауға арналған жүйелік панель;

-    EM (External Memory) – координаттық процессорде әрдайым болмайтын бағдарламалар және мәліметтерді сақтауға және шақырыс бағасын есептеу және жүктемені есептеу мәліметтерін сақтауға арналған сыртқы есте сақтау құрылғысы;

-    OMT (Operation and Maintenance Terminal) – техникалық қызмет көрсету және эксплуатацияға арналған терминал.

 

ЖКС №7 Жалпыканалдық сигнализация жүйесінің құрал-жабдықтары:

- CCNC (Common  Channel Network Control) – ЖКС №7 жүйесін басқару құрылғысы. ССNC SNE жылдамдығы 8Мбит/с мен ИКМ тракттары арқылы қосылады. ЖКС каналдарымен жылдамдығы 64 кбит/с болатын SN 2 жазықтығы арқылы желілік топтарға сигнализация мәліметтері беріледі. Аналогтық сигналды трактаттар модем арқылы қосылады.

EWSD СКЖ әрі қарай дамуы 2 бағытта жүреді: мәліметтер трафигіне қызмет көрсетуге үйрену және дәстүрлі қызметтер түрін көрсетуге өткізгіштік қасиетін көбейту. Қазіргі таңда EWSD құрылысы негізінде жаңа платформалар пайда болған:

-   EWSD жіңішке жолақты ISDN (EWSD.V15) үшін;

-   EWSD internet node, internet – күйін құруға мүмкіндік беретін;

-   EWSD broadband node АТМ технологиясын және жіңішке жолақты ISDN технологиясын интеграциялау;

-EWSD.V10 және EWSD.V15 жалпылама техникалық мәліметтері 10.1-кестеде келтірілген.

 

10.1 кесте - EWSD СКЖ техникалық мәліметтері

Параметр

Параметрлердің мәндері

EWSD.V10

EWSD.V15

Абоненттік желі саны

250000 дейін

600000 дейін

Байланыс желілер саны

60000 дейін

240000 дейін

Өткізгіш қабілеті

25200 Эрл дейін

100000 Эрл дейін

ЖЖУ-дағы байланыс орнатуға сынақтар

1000000 дейін

4000000 дейін

Желіні басқаратын құрал ОКС№7

254 сигналдық каналдарға дейін

1500 сигналдық каналдарға дейін

Координациондық процессор:

 

 

- ЗУ сыйымдылық

64 Мбайт дейін

64 Мбайт дейін

- адрестеу сыйымдылығы

4 Гбайт дейін

4 Гбайт дейін

Жұмыс кернеуі

- 48В немесе – 60В

- 48В немесе – 60В

Қолданылатын қуат

1,5 Вт/желіде

1 Вт/желіде азырақ

Тактілік генераторлардың тұрақтылығы:

 

 

- плезиохронды

10-9

10-9

-мәжбүрлі синхронизациялау

10-11

10-11

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]