- •Астана, 2015
- •Астана, 2015
- •Мазмұны
- •6.2. Семинар сабақтарының тізбесі
- •7.Пән бойынша сөж орындау және тапсыру кестесі
- •Емтиханда білімін бағалау сызба нұсқасы
- •Студенттердің білімін бағалау шкаласы
- •Дәріс материалдары
- •Көне Үнді философиясының категориялық жүйесі
- •Ортодоксалды мектептер (астика)
- •Ортодоксалды емес мектептер (настикалық)
- •Көне Қытай философиясы
- •3 Тақырып. Антикалық мәдениеттегі философия
- •XviiIғ. Батыс Еуропадағы ағартушылық философия
- •Семинар сабақтарының тапсырмалары
- •Тема 4. Ортағасыр мәдениетіндегі философия феномені
- •1 Әдебиеттер:
- •Соөж тапсырмалары
- •Көне Қытай философиясы
- •Тест тапсырмалары
- •Глоссарий
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
Көне Қытай философиясы
Қытайда философия әлемнің дәстүрлі-мифологиялық әлем бейнесін теріске шығармай, табиғи, тұрмыстық тілді пайдалануды жалғастыра отырып дамыды және пайда болды. Дәстүрлі қытай сенімі, аңызы және салтының бірыңғай топтамасына философияның органикалық қосылуы болды. Қытайда философия б.э. дейінгі VIII-VII ғ. жазылған «У-цзинь» ге жазылған, бітпейтін комментарийден басталды.
Қытайлық дүниетаным мен мәдениеттің қалыптасуы үшін үш мектептің бәсекелестігінің үлкен мән болды: даосизм, конфуцийшілдік және легизм. Қытай философиясының тарихы, тіл құрылымы, түсінігі, негізгі категориялар тарихы неғұрлым сай. Мысалы, қытай философиясының басты түсініктері «Дао» (жол), «Дэ» (игілік, мәдениет), «Инь», (әйел), «Ян» (ер), «Ци» (эфир немесе бес алғашқы элемент), «Цзинь» (канон, қасиетті мәтін), «Жэнь» (адамгершілік, мейірімділік), «Ли» (әдеп, салт, мінез-құлық ережесі), «Фа» (заң), «И» (борыш), «Чжи» (ақыл, сана), «Сяо» (үлкенге құрмет) және т.б. Оларды барлық философиялық мектептер пайдаланады. Бір жағынан осы бейне - түсініктердің қандай да бір алғашқы, дәстүрлі мәнді сақтауды тұспалдайды, екінші жағынан, философиялық шығармашылық еркіндігінің өте үлкен деңгейін білдіреді.
Даосизм (VI—V ғғ. б.д.д.). Бұл ілімнің негізін қалаушы аты аңызға айналған, б.д.д. VI ғ. өмір сүрген Лао-цзы болып табылады. Лао-цзы ұзақ уақыт бойы мемлекеттік қызметте, Чжоу династиясының мұрағатын сақтаушы болды. 1973ж. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Мавандуедегі зираттан Лао-цзы жазған «Даоцзин» және «Дэцзин атты қол жазбасы жасырылған. Осы екі трактат «Дао-дэ цзинь» деген атаумен белгілі. Шығарма 81 тараудан, 5000 иероглифтан тұрады. Синологтердің айтуынша, трактат Лао-цзы өлгеннен соң 200 жылдан кейін оның ізбасарлары жазған деп болжайды.
«Дао дэ цзин» ілімінде біз кейбір диалектика элементтерімен де кездесіп жатамыз. Лао-цзы даоға анықтама беру үшін, оны алдымен қарама-қайшы жақтарына қарай бөліп алады. Өзгермеушілік пен үнемі қозғалыс, жалғыздық пен көпшілік, іссіздік пен іс қимыл деген сияқты т.б. біршама керағарлық заттарды атап өтеді. «Дао дэ цзинде» бір-біріне ауысатын қайшылықтар туралы айтылады, - жарты бүтінге, қисық-түзуге, бос-толыға, ескі-жаңаға айналады. Инь және ян ұстанымына сәйкес, ғаламда барлығы тұрақсыз және барлық заттар өзгерісте, қозғалыста. "Барлық мәнде инь мен ян бар, цимен толтырылған әрі үйлесімді». Күнделікті тіршілікте дао өз кезегінде дэ-ні қостайды. "Дао заттарды тудырады да, дэ болса ол заттарды әрі қарай тамақтандырып, өсіреді", кемелдендіреді.
Бәлкім, дэ - екіншілік ұстаным. Сол арқылы дао заттарда көрініс табады. Бұл - жекелеген заттардың дербес нақтылануы. Өкінішке орай, инь мен ян туралы ілім аксиомалық. Оларды зерттеу тұсында Лао-цзы көбінесе «Өзгерістер кітабына», сонымен қатар өте ежелгі ақпарат көздеріне сүйенген деген ойлар бар.
«Дао» категориясы Универсумның жалпы қамтушы заңы, барлық заттардың субстанциясы ретінде ұғындырылды. «Адам жерге тәуелді, жер - аспанға, аспан - даоға, дао - өз-өзіне», яғни, дао барлығының түп тамыры, бір тұтас. Дао Шань-диден де (аспаннан да) көне, оның бастамасы жоқ, аяғы, шегі де жоқ. «Қалай, неден туғанын білмеймін, - делінген «Дао дэ цзинде". - Бірақ ол аспан иесімен сабақтасады» Немесе "Міне, хаостан пайда болған зат, аспан мен жерден жаралған. Ол дыбыссыз! Ол пішінсіз! Жалғыз және өзгермейді. Барлығына ықпал - әрекет етеді, кедергіні білмейді. Оны Аспан астының анасы десе болғандай. Мен оның атауын (есімін) білмеймін. Иероглиф пен белгілеп отырып мен оны дао деп атадым, Ұлы - ол шексіз қозғалыста».
Барлық дүние табиғи жолмен жүруі тиіс. Данышпан даоға да, басқаларға да бөгет жасамауы керек. Сондықтан Лао-цзының әлеуметтік мұраты өткенге, білім табиғаттың барысына кедергі келтірмей, адам табиғатпен бірегей болған кезең. Адамның өмірдегі басты міндеті даомен қосылу. Әр адамның бойында даоның бөлшегі бар, тек осы рухани көзді аша білу керек, адамды тәннің қажеті емес рух қажетін өтеу үшін өмір сүруге үйреткен абзал. Ол үшін имандылықпен өзін-өзі жетілдірудің ұзақ жолынан өту қажет. «Дао дэ цзинде» Лао-цзы у-вэй ұстанымына негізделген осы жолды көрсетеді. Саясатқа қатысына келсек, этикаға бағындырылған және дао мен у-вэйді тірек ретінде алады.
Мемлекетте барлығы өзінің табиғи жолымен жүруі тиіс, басшылар халықтың қамын ойлауы, олардың шектен тыс тілек талаптарын ауыздықтай білуі, көршілермен жақсы қарым-қатынас орнатуы, бірінші болып соғыс бастамауы керек.
Лао-цзының ілімін дамытушылар Чжуан-цзы мен Вэн-цзы болды. Даосизмнің даму барысында 3 ағым ерекше көзге түсті: философиялық (дао цзя), діни (дао цзяо), мәңгілік жасалатындар даосизмі (сянь) қытай мәдениетінің өркендеуіне едәуір үлес қосты.
Конфуцийшілдік. Бұл мектептің негізін салушы Кун-фу-цзы (Конфуций) (шамамен 551-479ж.ж.г. б.д.д.). Конфуцийдің басты еңбегі - «Лунь-юй» (Әңгіме мен кеңес) », ол 6 кітаптан тұрады. Ескіні елеп, жаңаға жақындау - қытайдың көне дәстүрі. Ескіні дәріптеу конфуций дәуірінде өзіндік мақсатқа айналады. Оның басты сұрағы, бұл кім үшін жазылған шығарма: «Адамдарды қалай басқаруға болады: күшпен бе, әлде қайырымдылық негізінде ме?».
Нағыз,Конфуцийдің көзқарасы, кейіпсіз, өйткені арман өткен заманның еншісіңде кетті. Оның бір амалы - өткенді осы шаққа айналдыру. Ал бұл үшін баршаға түсінікті сөздермен қара, оларға алғашқы, ескі мағынада қарау керек, бұл Конфуцийдің аталған «есімдерді өзгерту» деген ұғымы болды.
Ілімдегі теориялар Конфуций ілімінде қоғам – «қайырымды мырзалар» мен «қауқарсыз адамдар» болып екіге бөлінеді, кішілердің үлкендерге құрметі – тәрбиенің ең басты іргетасы, басқару - түзету деген сөз. Конфуций ілімі бойынша қоғамдағы алғашқы топта бес қасиет болуға тиіс. Олар: адамгершілік (жэнь), парызды өтеу (и), әдептілік пен сыпайылық (ли), зейінділік пен білімділік (чжи), берілгендік (синь). Данышпанның атақты теориясының бірі – мемлекетті «адамгершілікпен басқару». Осы орайда ол: «Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке-әке, ал ұл-ұл болу керек», деген. Және де ол «Билікке қалай жетуге болады?», - деген сұраққа: «Халықтың сүйіспеншілігіне қол жеткізу», - деп жауап қайтарған. Ежелгі Қытайдың бес классикалық шығармасын «Шуцзин (тарих кітабы), «Шицзин» (әндер мен гимндер кітабы), «Лицзин» (рәсімдер туралы жазбалар), «Юэцзин» (музыка туралы кітап), «Ицзин» (өзгерістердің канондық кітабы) жинастырып, қайта әңгімелеп, оларға түсіндірмелер берген де Конфуций. Зерттеушілердің пайымдауынша, «Көктем мен Күздің, Лу мемлекетінің тарихы кітабына» түсіндірмелері оның жеке басына тиесілі. Ең бастысы, «Конфуций ілімінің өзіндік сипаты антропоцентризммен, яғни, адамды ға-ламдық ғимараттың кіндігі және ең жоғарғы мақсаты деп білетін көзқараспен ай-қындалады. Конфуцийдің ой пікірінің негізгі мазмұны табиғат заңдарына сәйкес келетін, адамдардың бірлесіп өмір сүруіндегі парасатты реттілікті, тәртіпті қамтамасыз етудің аса маңызды шарттары болып табылатын қарапайым да ғаламат зор 5 ізгілікті ұғындыруға арналған. ... Конфуцийдің саяси-этикалық маңызды ұғымы – адамшылық, адамның әділ, ақжүрек болуы (жэнь). Ұлдың кішіпейіл болуын, ата-ананы, жалпы, үлкен кісілерді сыйлап жүруін анықтайтын «сяо»тұжырымдамасы да осы қатарда. Ол «текті ерлерді» (цзюнь цзы) шешімді түрде «ұсақ пенделерге» (сяо жэнь) қарсы қойып отырған». Ең ғажабы, Конфуций ілімі (трактаттар мен канондар) – жасырын дәстүр, белді әулеттердің «меншігі» болды да. Ол атадан балаға мирас болып қалдырылып келді.
Легизм. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері - Шан Ян и Хань Фей-цзы.
Бұл мектеп өкілдерінің басты сұрағы, конфуцийшілдік ілім негізінде құрылды, атап айтсақ: «Халықты қалай басқару керек: мінез құлықтың этикалық ережелеріне сүйеніп па(ли), немесе заң талаптарын қатал орындау арқылы (фа) және жазалаумен ба?» – деген сұрақ легистердің алдында тұрды. Легистер байырғы рулық қатынастарды, оның тірегі – ақсүйектік тұқым қуалаушылықты сынады. Олар елді басқарудың рулық дәстүрі мен рәсімдерін қабылдамады. Осыған орай бастапқы Конфуций ілімімен тай-таласта қалыптасты. Конфуцийдың этикалық талаптарын «ойын» сөзге жатқызды.
Конфуций басқару идеясын жэнь және ли принципіне сүйеніп жалғастырса, легистер оның орнына заңға (фа) сүйенген мемлекеттік реформаны жасады, басқару теориясын ұсынды. ГуаньЧжун: «Заңдар – халықтың әкесі де, шешесі де... Билеуші мен шонжар да, мәртебелі мен төменгілер де, байлар мен кедейлер де – бәрі де заңға бағыну керек. Басқарудың түп өнері осында»,- дейді.
