Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК фил 2014 (1) каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.45 Mб
Скачать

Ь

А.К.АБДИНА

Т.М.САДЫКОВА

Д.В.НИ

ФИЛОСОФИЯ

ПӘНІНЕН ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

барлық мамандықтарға арналған

Астана, 2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. СЕЙФУЛЛИН атындағы ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

А.К.АБДИНА

Т.М.САДЫКОВА

Д.В.НИ

ФИЛОСОФИЯ

ПӘНІНЕН ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

барлық мамандықтарға арналған

Астана, 2015

C.Сейфуллин атындағы «Бекітемін»

Қазақ агротехникалық университеті Басқарма төрағасының

оқу-әдістемелік кеңесінде бірінші орынбасары

қарастырылып қабылданған _________Әбдіров А.М.

«13» ___мамыр_____ 2011 ж. «__» _________ 2011ж.

Философия пәніне арналған оқу-әдістемелік кешені

Құрастырғандар: Абдина А.К., Садыкова Т.М., Ни Д.В.

Пікір жазған: Кульжанова Ж.Т.

ПОӘК-нің аннотациясы: Философия пәнінің оқу-әдістемелік кешенінде философия тарихы мен оның теориясындағы негізгі түсініктер мен мәселелер, тұжырымдар қарастырылған. Сонымен қатар, философияның қазіргі кезеңінің дамуындағы методологиялық және дүниетанымдық мәселелерді шешуге арнайы бағытталған әдіснамалық нұсқаулар мен философия дамуының тарихи үрдістері баса айтылған. Әр түрлі философиялық мектептер мен бағыттарға жататын негізгі философиялық ойлау жүйесімен танысу Оқу-әдістемелік құралдың басты мақсаты болып табылады. «Философия» оқу-әдістемелік құралының мазмұнына философияның жалпы даму заңдылықтары, оның шығу тарихы, құрылымы және философиялық білімнің дәрежесі мен Көне Шығыстан бастап қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын тарихи-философиялық теориялар кіреді.

Философия кафедрасының отырысында 2011 жылдың « » ақпанында қаралып, басылымға ұсынылған, № хаттама

Әдістемелік комиссияның отырысында 2011 жылдың «13» наурызында қаралып, басылымға ұсынылған, №7 хаттама

Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................... Пән бағдарламасы.................................................................................

Дәріс материалдары...............................................................................

Семинар тапсырмалары............................................................................. СОӨЖ тапсырмалары................................................................................

Студенттің білімін тексеруге арналған тест тапсырмалары..............

Негізгі түсініктер (глоссарий)....................................................................

Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................................

Кіріспе

Философия дегеніміз не және философияны жоғары оқу орнында қалай оқыту керек ?

Біріншіден, философия студентті абстрактілі ойлауға үйретеді және шығармашылық қабілетін арттыруға көмектеседі.

Екіншіден, философия орасан зор теоретикалық базаны иеленеді, ондағы көтерілген философиялық мәселелерді талдау барысында өздерінің ішкі рухани жан дүниесін байыта отырып, өмірде өзіндік позициясы мен көзқарасын дұрыс қалыптастыра алады.

Философияны оқи отырып, адамзат тарихы жолында қордаланып жинақталған барлық білімді негізге алып қарастыратын, философия тарихын қозғамау мүмкін емес.

«Философия» пәніне арналған оқу-әдістемелік кешен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің барлық мамандықтарының студенттеріне арналған. Бұл оқу-әдістемелік кешен дәріс материалдары, семинар сабағына арналған тапсырмалар, өзіндік жұмыс тапсырмаларынан тұрады. Сонымен қатар, «Философия» курсы бойынша ОӘК-де бақылау материалдары да қамтылады.

СИЛЛАБУС ҚҰРЫЛЫМЫ

1.Оқытушы туралы мәлімет:

2. Кеңес күндері: кафедраның жұмыс кестесі бойынша

2.Пән туралы мәлімет

Пән: философия 3-кредит

дәріс-15 сағ., машықтану -30 сағ., СОӨЖ -22,5 сағ., СӨЖ-97,5 сағ.

ОҚУ УАҚЫТЫН БӨЛУ

Семестр апталары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Барлығы

Дәріс

тер

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

15

Семи

нар

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

30

СОӨЖ

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

22,5

СӨЖ

6,5

6,5

6,5

6,5

6,5

6,5

6,5

6,5

6,5

6,5

6,5

6,5

6,5

6,5

6,5

97,5

Барлы

ғы

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

135

3. Курс пререквизиттері

Философияны оқу үшін студентте мәдениеттану, қоғамтану, дінтану, логика, этика, эстетика және т.б. пәндерден білімі болуы тиіс.

4. Курс постреквизиттері

Философиядан алған білімдер ғылым тарихы және философиясы, саясаттану, әлеуметтану, психология және т.б. оқу пәндерімен тығыз байланыста болады.

5. Курстың қысқаша сипаты

Қазіргі таңда философиядан сабақ беру барысында философияның өзі адам мәдениетінің өзіндік және ерекше аумағы, қазіргі әлеуметтік мәдени контекстке енген «тірі ағза» екенін ескеру қажет.

Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны философиялық кезеңдер, онтология, гносеология, аксиологияның жалпы теоретикалық философиялық сұрақтары сабақтастығына жаңаша қарауды мүмкін етеді. Құндылықтарды қайта бағалау барысында басты құндылық - адам мәселесін қарастыру да жаңаша бағдарға ие болды. Философияны зерттеу ақиқаттың барлық бейнелерінің ара қатынасын аша алатын, қандай да бір пікірге сын айтып, оны негіздей алатын, түсініктермен жұмыс жасай алатын көп жылдық тәжірибемен апробацияланған зерделі ойлаудың ең керемет мектебі.

Курс мақсаттары. Оқытудың дәстүрлі және интерактивті тәсілдерін қолдану арқылы өзіндік шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, рухани-интеллектуалды мағынасы бар философия тарихын үрдіс ретінде жүйелі түрде сипаттау болып табылады. Философияның негізгі теоретикалық мәселелерін бүтіндей, жүйелі түрде сипаттау арқылы студенттерде адам болмысының мәні туралы мәселелерге келгенде дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру қажет.

Күтілетін нәтижелер. Философияны зерттеу барысында студент философияның дүниетанымдық және гуманитарлы мәнінің негіздерін, оқу және ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау қабілетіне ие болуы, ғылыми реферат, баяндамаларды өзіндік құрастыру, іздену барысында қызықтырған мәселелерді тауып оларды өзіндік пайымдау арқылы да, философиялық ой-толғаныстар арқылы да аша білуі қажет, қоғамдық өмір заңдылықтары мен негізгі принциптерін, философиялық антропология және тұлға концепциясы мәселелері, адам өмірі, бостандығы секілді іргелі құндылықтар жайында түсініктері болуы қажет.

Пәнді үйрену барысында студенттер білуі тиіс:

A. Білуі және түсінуі тиіс: философияның пәнін, мақсаттары мен міндеттерін; философияның зерттеу мәселесінің негізгі аумағын; мәдениет контекстіндегі философиялық көзқарастың ерекшеліктерін және оның адамның өмірлік таңдау бағдарына ықпалын білуі тиіс.

B. Нақты мәдениет контексіндегі дүниетанымдық мәселелерін анықтай алуы; дүниетанымдық мәселелерді шешуде және қоюда басқа да тәсілдерін білуі қажет.

С. Негізгі терминдер және философиялық мәселелерді аша білуі тиіс.

D. Мәдениет контекстіндегі дүниетанымдық сұрақтарды шешудің негізгі философиялық тәсілдері жайында түсінігі болуы қажет.

F.Білім алу аумағындағы біліктілік – маңызды мәселелерді сараптай алу қабілеті, қоғамның мәдени кеңістігінде бағдары бола білу.

6. Курстың мазмұны

6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі

Тақырыптар атауы

Көлемі, сағ.

Әдебиеттер

Ағымды бақылау, балл

1

Философия мәдениет феномені ретінде.

Пәнді оқып үйренудің әдістері және объектісі. Бұл пәннің басқа пәндер арасындағы статусы мен құрылымы, орны мен рөлі.Философия пәні және қызметтері. Философияның мәдени-тарихи сипаты.

1

Н.Ә.: 1,2,3,4,5,6,7,11, 12

Қ.Ә.: 2

0,6

2

Шығыс мәдениетіндегі философия феномені.

Көне үнділік мәдениеттегі діннің мәртебесі және оның философияда қалыптасуы мен дамуына әсері.

Үнділік философия қарсаңындағы негізгі дүниетанымдық идеялар.

Қытайлық философия қарсаңының негізгі мазмұны. Конфуцийшілдік, моизм, легизм, даостық философия.

1

Н.Ә.: 1,2,3,4,5,19

Қ.Ә.: 2, 14,17

0,6

3

Антикалық мәдениеттегі философия.

Көне грек философиясының қалыптасуы мен дамуының мәдени-әлеуметтік контексті. Көне грек философиясының әрі қарай дамуындағы софистер мен Сократтың рөлі. Платон мен Аристотель философиясы. Жеке бас Бақытты қамсыздандыру жайлы философиялық ізденістер. (эпикуршілдік, киниктер, стоиктер)

1

Н.Ә.: 1,2,3,4,5, 10,11,19

Қ.Ә.: 2,8,14,17

0,6

4

Орта ғасырлық мәдениеттгі философия феномені.

Батысеуропалық ортағасырлық философия қалыптасуының мәдени-әлеуметтік контексті. Негізгі қайнар көздері. Философия мен теология интеллектуалдық қызметтің негізгі түрлері ретінде. Мәдени таңдаудың басты стратегиясын қалыптастырудағы А.Августиннің рөлі. Томизм римдік католиктік шіркеудің философиясы. Томизм римдік католикалық шіркеудің философиясы хақында.

1

Н.Ә.: 1,2,3,4,5,9,11,19

Қ.Ә.: 1,2,14,16

0,6

5

Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық- мұсылмандық философия.

Арабтық-мұсылмандық философияның мәдени-әлеуметтік және рухани контексті. Дүниенің исламдық моделі. Ислам мәдениетіндегі суфизмнің орны мен рөлі. Түрік тілдес философияның қалыптасуы.

1

Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18.

Қ.Ә.: 2,14,16,17,18,22

0,6

6

Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия.

Ренессанстық дүниетанымның антропоцентризмі. Ренессанс және білімнің секуляризациялануы. Н.Макиавеллидің саяси философиясы.

1

Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,6, 14,16

0,6

7

Жаңа Уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия.

Жаңа Уақыт бас кезіндегі мәдени-әлеуметтік ахуал. Ағартушылық және Романтизм идеяларының Гегельдің философиялық ілімінің қалыптасуына әсері. Л.Фейербахтың антропологиялық ілімі. Батыс адамының белсенді іс-әрекетінің қалыптасуына неміс философиясының әсері.

1

Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,14,16

0,6

8

XIX ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия.

XIX ғ. екінші жартысының мәдениетіндегі дәуірлік оқиғалар. Адам туралы эпистемологиялық айтыстар. Қоғамдық ғылымдардың дамуы. «Өмір» философиясы.

1

Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,7,10,14,16

0,6

9

XIX ғ. - XX ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы.

Орыс философиясының мәдени-әлеуметтік контексті мен идеялық алғы шарттары. Ерік, махаббат, соборлық ұғымдары және олардың Ресей діни философиясы дамуына әсері. Славянофилдер мен батысшылдар. Кеңестік мәдениет контекстіндегі марксистік философия.

1

Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,14,16

0,6

10

Қазақ мәдениетіндегі философия феномені.

Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы. Ш.Уалиханов, Абай және Шәкәрімнің философиялық көзқарастары. XX ғ. қазақ зиялы қауымы шығармашылығындағы рационалистік идеялар. Диалектикалық логиканың қазақстандық мектепте қалыптасуы және жетістіктері.

1

Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,14,16і

0,6

11

XX ғ. - XXI ғ. қарсаңындағы медениеті контекстіндегі батыстық философия.

XX ғ. Батыс Еуропа елдеріндегі мәдени трансформациялар және мәдени-әлеуметтік дағдарыс. XX ғ. батыстық мәдениетінің құндылықтары мен дүниетанымдық негіздемелерін сыни қайта ойластыру. Мәдени талықсытпа жөне адамның одан шығу жолын іздестіруі. Философия мен ғылым мәртебесінің сыни қайта ойланылуы. Постмодернизм рухани күй, өмір салты және философия ретінде.

1

Н.Ә.:.2,3,7,14,17

Қ.Ә.: 3,4,9,11-13,15

0,6

12

Болмыс пен таным философиясы.

Онтология болмыс туралы ілім ретінде. Эпистемология түсінігі. Адам өмір сүруінің дихотомиялары. Бейболмыс феномені және өлімді рәміздеу.

1

Н.Ә. : 1-10, 12-16, 18

Қ.Ә.: 2,14,16, 19,20,21

0,6

13

Мәдениет философиясы.

Философиялық антропология. Әлеуметтік философия. Махаббат философиясы. Дін философиясы.

1

Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.:, 2,14,16,19,20,21

0,6

14

Диалектика теориясының меселелері.

Әдіс мәселелері. Танымның негізгі әдістері. Тарих философиясы. Саясат философиясы. Білім философиясы.

1

Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.:2,14,16,19,20,21

0,6

15

Жаһандық мәселелер философиясы.

Жаһандық мәселелер және олардың пайда болуының себептері. Жаһандық мәселелерді зерттеудің негізгі бағыттары. Футурологиялық мәселелердің қалыптасуы. Модернизацияның Қазақстандық үлгісінің әлеуметтік-мәдени негіздері.

1

Н.Ә.: 1-10, 12-16, 18 Қ.Ә.: 2,14,16, 19,

20,21

0,6