Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
нейропсихология жане нейрофизиология негиздери.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
628.74 Кб
Скачать
    1. 2. Есту анализаторының құрылысы мен қызметі.

Есту анализаторының шеткі бөлімдеріне - ішкі құлақта орналасқан Корти мүшесі, өткізгіш бөліміне – дыбыс жүйкесі, қыртыс бөліміне бас миының үлкен жарты шарларында орналасқан есту орталықтары жатады. Құлақтың үш бөлімі: сыртқы, ортаңғы ішкі құлақ. Есту анализаторының ми қыртысындағы самай тұсындағы сенсорлық (41 аймақ) және ассоциативтік (22,42 аймақтар) зоналардағы қыртыс бөлімдері. Осы ми қыртысындағы аймақтардың зақымдалуы кезіндегі бұзылыстар. Сыртқы құлақ. Дабыл жарғағы. Үш дыбыс сүйектері: балғаша, төсше, үзеңгіше. Ортаңғы құлақтың қуысын мұрын-жұтқыншақ қуысымен байланыстыратын Эвстахи түтігі. Ішкі құлақтағы вестибулярлық аппарат, ұлу сүйегі-есту мүшесі. Ұлу сүйегінің үш каналдары. Корти мүшесінің түкті клеткалары. Дыбысты қабылдау. Балалардың есту анализаторларының жасқа сай ерекшеліктерінің сипаттамалары.

Есту анализаторы. Есту анализаторының шеткі бөлімі - есту мүшесі. Есту мүшесінің үш бөлімі бар: сыртқы (сыртқы қүлақ), ортаңғы (ортанғы қулақ) және ішкі (ішкі қүлақ). Құлақтың сыртқы бөлімі- құлақ қалқанынан және сыртқы есту түтігінен турады. Құлақ қалқаны шеміршек ұлпасынан түзілген, оның сыртын тері қаптап турады. Құлақ қалқа­ны дыбыс толқындарын қалқалап құлақтың сыртқы тесігіне бағыттайды, ол тесік арқылы дыбыс толқындары есту жарғағына жетеді. Адам екі құлағымен тындау арқылы естілетін дыбыстардың қай жақтан шыққанын (дыбыс бағытын) анықтайды. Құлақтың сыртқы тесігінен басталған түтіктің орташа ұзындығы ересек адамдарда 24 мм, онын түбі дабыл жарғағы, аталынған түтіктің диаметрі 0,6-0,9 мм. Түтік түзу емес, біршама иректеле жатады. Түтіктің ішкі бетіндегі тері майда түкті.

Құлақтың ортаңғы бөлімі самай сүйегінде орналасқан, ол екі бөлімнен турады: дабыл қуысы және евста­хий (есту) түтігі. Дабыл қуысының көлемі 1 см3. Дабыл қуысында есту сүйектері (балға, төс және үзеңгі), еттер байланыстырушы тканьдер, қан тамырлары және нервтер болады. Балға өзінің сабы арқылы дабыл жарғарымен біріккен және оның орталық бөлімін ішке қарай тартып турады. Балғаның басы буын арқылы төс сүйегінің денесімен қосылған. Ал төс сүйегінің узынша үзеңгі денесімен ұштасқан. Үзеңгінің табаны кіреберіс терезеге тіреледі.

Дабыл қуысы евстахий түтігі арқылы мұрын-жүтқыншақ қуысымен жалғасады. Евстахий (есту) түтігінің ұзындығы 3,5 см, ені 2 мм-лі канал. Бүл түтік арқылы жутыну қезінде мұрын-жүтқыншақ қуысынан дабыл қуысына ауа барады да, ол жердегі қысым атмосфера­лық ауа қысымымен теңеседі. Қалыпты жағдайда аталмыш түтіктің мұрын-жүтқыншақтық ауызы қабысып турады: есінеу және жутыну кезінде оның аузы ашылады.

Құлақтың ортаңғы бөлімі мен ішкі бөлімі арасында­ғы суйекте екі тесік болады: дөңгелеқ терезе және сопақша терезе. Мұның біріншісі жарғақпен, үзеңгімен жабылып түрады.

Құлақтың ішкі бөлімін көбіне ішкі қулақ, ал кейде құлақ лабиринті деп атайды. Бүл самай сүйегінің пира­мидалы бөлімінің тереңіндегі қуыста орналасқан ішкі құлақ сүйекті және жарғақты лабиринттерден турады. Сүйекті лабиринттің қабырғасы самай сүйегінің тканінен түзіледі. Жарғақты лабиринт сүйекті лабиринттің ішінде орналасып оның пішінін толық қайталайды. Бұл екі лабиринттің арасындағы саңылау қуыста мөлдір суйықтық болады. Оны перилимфа деп атайды. Қүрамы жөнінен ол жулын суйықтырына ұқсас. Жарғақта лабиринттің қуысын толтырып туратын суйықтықты эндолимфа деп атайды. Құрамы жөнінен перилимфадан өзгеше.

Лабиринт үш бөлімнен турады:

1) кіреберіс бөлім;

2) кіреберіс бөлімнің алдыңғы жағындағы иірімді канал;

3) кіреберіс бөлімнің арт жағындағы иірімді каналдар.

Иірімді канал есту анализаторының шеткі бөлімі. Мұнда дыбысты қабылдайтын рецепторлар орналасқан. Сүйекті иірімді канал атына сай иірімделе жатады. Иірімнің саны 2,5. Сүйекті каналдың бастама бөлігін-деп диаметрі 0,04 мм, ал жоғарғы ұшындағы диа­метрі 0,5 мм. Иірімді канал ортасындағы баған конус тәрізді сүйекті ткань. Баған денеге горизонталь бағытта жатады. Оның кемігінде жатқан тақташалардың арасында қан тамырлары және нерв клеткалары болады. Бүл клеткалар спиральды ганглий түзеді. Сүйекті каналдың қуысы узына бойы үш сатылы бөлікке бөлінген. Төменгі сатына дабыл сатысы, жоғарғы сатыны вести­булярлық саты, ал бул екеуінің арасындағысын жарғақты канал дейді. Вестибулярлық саты мен жарғақты каналды бөліп жатқан пердені - вестибулярлық мембра­на деп атайды. Ал жарғақты канал мен дабыл сатысы арасындағы пердесін негізгі мембрана деп атайды.

Иірімді каналдың вестибулярлық сатысы кіреберістің сопақша терезе мембранасынан басталады да иірімді каналды бойлай келе оның жоғарғы ұшындағы гелкотерм арқылы дабыл сатысымен жалғасады. Ал дабыл сатысы перилимфа сүйықтығымен, ал жарғақты канал эндолимфа сүйықтығымсн толып турады. Жарғақты каналдың сыртқы қабырғасы қан тамырымен шоғырланған. Бүл қабырғаның ішкі беткейінде безді клеткалар бірнеше қатар түзш жатады. Негізгі мембрананың бетінде дыбысты қабылдайтын аппарат -корти мүшесі орналасқан. Корти мүшесінің құрылысы күрделі. Бір қатарлы талшықты клеткалардың (ішкі клеткалар) иірімді каналдың букіл бойындағы саны 3500, ал үш-бес қатарлы алшықты клеткалардың саны 12000-20000 шамасында. Талшықты клеткалар тірек клеткаларының арасында орналасқан. Талшықты клеткалардың бірі сопақша мидың булардың жоғарғы бетінде узындығы 4-5 мкм талшықтар болады. Ішкі клеткаларда талшық саны 30-60, ал сыртқы клеткаларында 100-ге жуық. Талшықты клеткалардың талшықтарына жабын тақтасы (текторальды мембрана) жанаса жатады. Жабын тақтасының тірегі негізгі мембрананың сүйекті бөлгінің басталар жеріне ұштасады. Жабын тақтасы ирімді каналдың басынан ұшына қарай қалыңдайды әрі жалпаяды.

Спиральды мүшеден талшықты клеткалар - рецепторлық клеткалар, демек булар есту анализаторының шеткі бөлімі. Рецептордағы қозу спиральды ганглий клеткаларына беріледі. Бүл клеткалардың талшықтары кіреберіс іирімді каналдық нервті яғни есту анализато­рының өткізгіш жолын түзеді. Аталынған анализатордың орталық бөлімі үлкен жарты шарлар қыртысының самай бөлігіне барады.

Есту механизмі. Есту мүшесін фуикциялык тұрғыдан екі топқа бөледі: 1- дыбысты өткізуші аппарат; 2 – дыбыстарды қабылдаушы аппарат. Дыбысты өткізүші аппаратқа құлықтың сыртқы бөлімі, құлықтың ортаңғы бөлімі және ішкі құлақтағы эндолимфа мен перилимфа жатады. Дыбысты қабылдаушы аппаратқа спиральды мүше жатады.

Есту өткірлігі - бір заттың дыбысын естуге болатын ең үлкен қашықтық. Белгілі бір дыбыстың ұзақ уақыт әсері етуі кезінде есту мүшесінің ол дыбысқа сезгіштігі төмендейді, яғни адаптацияланады. Адаптацияның дәрежесі дыбыстың күшіне, толқынының ұзындығына және жиілігіне байланысты. Бұған есту анализаторының орталық бөлігінің де қатысы бар.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1,3,4,6.

Қосымша әдебиеттер:12,13,16,17,18.

    1. 5 дәрістің тақырыбы:

«Сипап-сезу анализаторының сенсорлық және гностикалық қызметтері»

Жоспары:

  1. Тері сезімдері туралы жалпы түсініктеме.

  2. Терідегі ауруды сезгіш (ауырсыну) сезімдері.

  3. Терідегі тактильді сезім және оның жас ерекшеліктері.